Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет32/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Синекдоха, мегзеу - аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыс- тырып, немесе бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекеше ұғымның орнына көпше ұғымды алу, алмастыру тәсіліне жатады.
Қанша жүрек түбінде тұрақ тептің, Қанша жанның жүзіне шуақ септің? Қаншама рет қуанып бардың-дағы,
Қанша адамның алдынан жылап кеттің (М.Мақатаев) Ж.Әбдірашевтың «Махаббат» өлеңінде көз арқылы, адам-
дарды яғни жеке бөлшек арқылы жалпыны мегзейді: Күтпеген жерде кез болдың,
Сен мынау қара бұрымсың! Телмірген талай көздердің, Түбіне жеткен зұлымсың!..
Ирония (грекше eironeia – келеке, сықақ, мазақ) ойды бүк- пелеп, сыпайылап, сөзді тура мағынада айтылғандай қолдана отырып, бірақ оған қарама-қайшы мағына беру, сөйтіп ойды жеңіл әзіл-қалжыңмен, кекесінмен жеткізу тәсілі. Ж.Әбдірашев
«Ақын ініге» өлеңінде інісінің жастарға тән максималистік ары- нына, адуын мінезіне әдемі әзіл айтады:
«Ұқсамаймын ешкімге! Өзім болам!» -
Дейсің дәйім...
Ұнайды сөзің маған!
Сырсың ғой сен, өйткені шертілмеген, Жырсың ғой, сен, өйткені жазылмаған!..
«Еш нәрсеге ермеймін!
Еркін болам!» - дейсің тағы... Ұнайды сертің маған!
Мисың ғой сен, өйткені мүжілмеген, күйсің ғой сен, өйткені тартылмаған! Сыртымыздан, әйтеуір күлмейсің бе, білесің бе себебін,
білмейсің бе?..
боламын деу – оңай ғой, болу – қиын,
болмайын деп біздерді жүр дейсің бе?!
Сарказм – ащы кекесінді көбінесе бүкпелемей, сыпайыла- май, ашық, тура айту, әзілден әшкерелеудің, мысқылдың басым болуы. Абайдың «Болыс болдым, мінеки», С.Торайғыровтың
«Сымбатты сұлуға» өлеңдерінде сарказм басым.
Литота – кішірейте суреттеу. Мысалы, мына шумақта ұл- ғайту мен кішірейту бірге берілген:
Аспанға алты жерден тіреу қойдым, Той қылып, мың масаны сонда сойдым. Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп, Нансаңыз өмірімде бір-ақ тойдым.
Әдетте гипербола мен литотаға фольклор мен ауыз әде- биеті мұраларынан, батырлар жырынан көптеп мысал келтіруге болады. Сонымен қатар әсірелеудің осы түрлері жазба әдебиетте де молынан кездеседі. Қ.Мырзалиевтің домбыра туралы өлеңінде литотаның әдемі үлгісіне куә боламыз:
О, құдірет, о, ғажап! Отырмын мен қасында:
Бүкіл өнер бармақтың ілулі тұр басында!
Домбырадан төгілген әсем күйге тамсанып, риза болғаны соншалық, ақын бүкіл өнерді сол күйді тартып отырған адамның бармағына литота тәсілі арқылы ұтымды жинақтаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет