Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


Тавтология (грекше: tauto-бірдей, logos–сөз) –анықтауыш сөздің



Pdf көрінісі
бет35/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

Тавтология (грекше: tauto-бірдей, logos–сөз) –анықтауыш сөздің 
анықталушы сөздің мағынасын қайталауы.
Мысалы: қараңғы түн деген сияқты. 
Оксюморон (грекше: oxymoron–аңғырт тапқырлық) –бір–біріне 
қайшы ұғымдардан құралып, образды ұғым тудыратын сөз тіркесі.
Мысалы: тірі өлік, қорқақ батыр, жақсы өлім. 
 
 
10 Әдеби тілді айшықтау тәсілдері 
 
Фигура (латынша келбет, бейне) - әдеби тілдің әсерлігі үшін қажет 
тәсіл, яғни сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу 
ораммен, айрықша айшықпен құру.
Мақсаты: сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру арқылы олардың 
оқырманға әсерін күшейту.
Айшықтаудың бірнеше түрі бар.
Арнау – адамның, яғни ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы 
жұртқа арнайы тіл қатуы, олармен іштей кеңесуі.
Арнауды А.Байтұрсынов үш түрге бөлген: жарлай арнау, сұрай арнау
зарлай арнау.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, 
Ұстарасыз ауызыңа түсті мұртың. 
Жақсы менен жаманды айырмадың, 
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың… 
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, 
Аузымен орақ орған өңкей қыртың. 
Өзімдікі Дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың… 
Бас-басына би болған өңкей қиқым, 
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын. 
(Абай) 


43 
Бұл - жарлай арнаудың үлгісі: ақын жеке адамға емес, жалпы жұртқа 
қайырыла сөйлеп, жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңескен.
- Шырағым-ay, шашың неге ағарды? 
Әлде біреу кемітті ме бағаңды? 
Сенің қара тұлымыңды сипаған,
Сарғайдың ба ойлап мендей ағаңды? 
- Тентегім-ay, мұртың неге қыраулы
Көрдің бе әлде көп бейнетті, сынауды?... 
(Қ. Бекхожин). 
Бұл – сұрай арнаудың үлгісі: ақын немесе ақын жырға қосып отырған 
адам өз ойын өзгеге арнап сан-сапа сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол 
сауалдарға жауап күтеді.
Мұның өзі қиял ма, әлде елес пе? 
Ескерткіштер қирап жатыр дөңесте. 
Құлыптасқа қол көтеру, қарағым, 
Аруақтарға дүре соғу емес пе?
Бұл да – сұрай арнаудың үлгісі; бірақ мұндағы өзгешелік – арнауда 
қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ 
түсінікті, арнаудың өн бойында өзінен-өзі анықталып жатыр. Сұрай арнаудың 
мұндай түрлерін шешендік, яки риторикалық (грекше ділмар) – айшық деп 
атайды.
Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы. 
Жылқысын көптігінен баға алмайды. 
Өлгені Төлегеннің pac болса, 
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?! 
(«Қыз Жібек») 
Мен айтсам деп, 
Айтсам деп сөзін көктің, 
Мұнара ішек тағып, Безілдеттің. 
Бірінші боп үлгермей өлең жырда,
Бірінші боп арадан өзің кеттің.
Батыр едің ешкімге бермес кегін.
Ақын едің, өнерде төрлес едің. 
Бақытсызбыз - біз сені жерлеп қайттық, 
Бақыттысың - ешкімді жерлеспедің!
Керек еді - бел емес -Тау асқаның, 
Жарқыратып жырыңмен дала аспанын. 
Бақытсызбыз - біз мүше бөлісе алмай,
(Қадыр Мырза Әли) 
Бұл - зарлай арнаудың үлгілері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет