41
мүмкін қырық рулы елге жайылатын шығар, оны есептеп шығарған ешкім де
жоқ. Әйтсе де, отыз деп кесіп айтады. Абай бір өлеңінде былай дейді:
Қысқа күнде
қырық жерге қойма қойып
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын, –
Осы келтірген үзінділерде әр нәрсені сан
жағынан кесіп айтушылықтар
бар, брақ сол сандардың қайсысын болсын ақындар санап алып, сосын жазып
отырған жоқ. Бір құбылыстың бейнесін көзге елестетіп оқушыға тұжырымды
ұғыныс беру үшін, ретіне қарай бір санды кесіп айтады.
Есте болатын нәрсе, синекдоха мен метонимияның арасына үзілді-кесілді
шек, айырым қою қиын. Мысалы: «
Тиеді ep пайдасы сасқан жерде, Етегін ep
жаңылып басқан жерде» деген үзіндідегі «
етегін басқан» деген сөз бір жерде
синекдоха болса, екінші жерде метонимия болуы мүмкін.
Егер бұл сөз, ердің
ісінің теріс келгендігі орнына қолданылса, метонимия бо лады да, ал
оның
киімінің бір бөлшегінің орнына қолданылса, онда бүтіннің орнына бөлшекті
қолдану синекдохаға жатады. Синекдоха метонимияның бір бөлшегіне
ұқсайды, екеуінің арасында үзілді-кесілді. айырым
қоюға болмайды дейтін
себебі осы.
Достарыңызбен бөлісу: