Әдебиеттер: ҚР «Білім туралы» заңы. Астана. 2007. Гсршунский Б. С. Философия образования для XXI века. М. 1998. Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік //Ғыл жетекш жасаған және жалпы ред



бет1/5
Дата24.09.2023
өлшемі30.54 Kb.
#478450
түріУчебное пособие
  1   2   3   4   5
педагогика


. Педагог тұлғасына қойылатын заманауи талаптар қандай?

Әдебиеттер:
1. ҚР «Білім туралы» заңы. Астана. - 2007.
2. Гсршунский Б.С. Философия образования для XXI века. - М. 1998.
3.Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік //Ғыл.жетекш. жасаған және жалпы ред. Басқарған проф. Ш.К.Беркімбаева, проф А.Қ.Құсаинов. - Алматы; 2007. - 248 бет.
4. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика: учебное пособие. -СПб., 2007. - 304 с.

Дәріс №3. Жеке тұлға педагогиканың негізгі мәселесі ретінде.
Мақсаты: студентердің қазіргі білім беру кеңістігіндегі жеке тұлға мәселесі және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, жалпы адамзаттық құндылықтар, ұлттық құндылықтар, көпмәдени тұлға, толеранттылық.

Жоспары:
1. Жеке тұлға ұғымы және оның қысқаша сипаттамасы.
2. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің концепсиясы.
3. Мұғалім тәрбие мен білім беру саласындағы тәжірибелік жұмысты жүргізуші тұлға ретінде.
4. Студенттердің болашақ мамандығының маңыздылығын саналы түсінуі мен қызығушылығы негізінде жеке тұлғаның өсуі үшін мұғалімдік мамандықты таңдауы.
Жеке тұлға ұғымы және оның педагогикадағы сипаттамасы. Адам мәселесі барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі. Адам мен қоғам өзара қатынастарының нәтижесінде жеке тұлға ұғымы ерекше орынға ие. Адам деген ұғыммен қатар индивид, даралық, жеке тұлға ұғымдары жиі қолданылады.


Индивид деген ұғым адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырғанда қолданаылады. Индивид- жекелік, яғни көп адамдардың бірі. Индивид деген терминді қолданғанда адамның жеке қасиеттері ескерілмейді. Индивид деп жаңа туған баланы да, қарт адамды да атауға болады. Себебі олардың барлығы адамзат тұқымының өкілдері.

Даралық- адамды басқа адамдардан ерекшелендіріп тұратын айрықша қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, оның қайталанбастығы. Адамның даралығы оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан бөлек, әдеттерінен, қызығушылықтарынан, танымдық процестерінің сапаларынан (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял), қабілеттіліктерінен, өзіндік іс-әрекет стильдерінен байқалады. Дүниеде психологиялық ерекшеліктері бірдей екі адамды табу мүмкін емес. Адамдардың тіпті физиологиялық жағынан да бірі-бірін қайталамайтындығы анық. Мысалы 19ғ. сонында ашылған ғылыми жаңалық жер бетіндегі адамдардың бас бармақтарының үлкейтілген суреттерінің бірдей болмайтындығының өзі әр адамның физиология тұрғысынан да қайталанбас жан екендігінің дәлелі. Барлық адамдардың саусақтарының құрылымы бірдей болса да, барлығыныкі капиллярлардан, теріден, клеткалардан, бұлшық еттерден, нерв талшықтарынан құралсада сыртқы терісіндегі суреттері әр адамдыкі әр түрлі болып келетіні ғажап.
Адамның қайталанбастығы- оның даралығында. Даралық пен жеке тұлға тең мағыналы ұғымдар емес. Даралық ұғымда көбінесе индивидтің табиғи, туа біткен қасиеттері ескеріледі (темперамент т.б), ал тұлға- адамның әлеуметтік сипаты. Жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыра алуына, жетістіктерге қол жеткізуіне, іс-әрекетіне қарап оған баға беріледі. Даралық адамның жеке тұлғасының бір ғана көрінісі, көп қырының бір жағы. Мысалы адамның жүйріктігі, шапшандығы, оның даралық қасиеттеріне жатады, бірақ оның жеке тұлғалық сипаттамасына кірмейді, себебі ол қасиет индивидтің араласатын адамдарының іс-әрекет және қарым-қатынас түрлерінде маңызды роль атқармайды.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- жана-жакты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психологиялық-педагогиялық әдебиеттерде К.К.Платонов, Л.С.Выготский, А.Н.Лентев т.б ғалымдар еңбектерінде жеке тұлға ұғымына түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалары берілген.
Жеке тұлға- қоғамдық өмірдегі күрделі, көп жақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға- қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет