Әдістемелік нұсқау Ұ сф пму 18. 2/05



Дата02.07.2016
өлшемі126.76 Kb.
#173081

Әдістемелік нұсқау




Ұ СФ ПМУ 7.18.2/05

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
«Экономикалық теория» кафедрасы

«Макроэкономика» пәні бойынша

050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттері үшін
пәнді зерделеуге арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар


Әдістемелік нұсқауды

бекіту парағы


Ұ СО ПМУ 7.18.1/05




БЕКІТЕМІН

ҚЭФ деканы

__________Эрназаров Т.Я.

«___»___________20__ж.


Құрастырушы: аға оқытушы __________ Жанат Мырзабек


«Экономикалық теория» кафедрасы

«Макроэкономика» пәнінен
050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттері үшін
пәнді зерделеуге арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Кафедра отырысында ұсынылды

«___»_____________20__ж., хаттама №___
Кафедра меңгерушісі ________________ Байтаева Г.Р.

(қолы)


ҚЭФ оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___»___________20__ж., хаттама №___


ОӘК төрайымы ___________________ Сидорова Л.А.

(қолы)


1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Экономика ғылым ретінде қадағалаанатын экономикалық құбылыстар мен фактлерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде бір жүйеге келтіруге тырысады. Макроэкономика экономиканы бір тұтас бірлік ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызметтердің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді.

Макроэкономика курсы мемлекет экономикасында орын алатын ғалами экономикалық құбылыстарды зерттеу тұрғысынан алғанда маңызы зор. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерге ерекшелейді. Макроэкономика ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемін, жұмыспен қамтылудың өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімдегі ауытқуларын да зерттейді. Осы пәнді оқып-білу Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуының тұрақтылығы мен әрі қарай дамуының қажеттілігінен туындайды. Сондықтан, макроэкономика курсын оқыпбілгеннен кейін білім алушы практикалық және теориялық материалды ойлап талдауға мүмкіндік алады, әрі алған білімді басқа іргелес экономикалық пәедерге дайындалу кезінде олар тиімді әсерін тигізуі сөзсіз. Соған қоса, берілген ғылымды оқып үйрену алдағы экономикалық құбылыстарды болжау және талдауға үйренуге және де қажетті қортындылар мен ұсыныстарды кезінде жасауға мүмкіндік береді.

Макроэкономика курсында студенттер экономикада болып отыратын үрдістерді түсінуге көмек беретін білім алуы қажет. Атап айтқанда, олар мынадай келелі сұрақтардың шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с.

Өнеркәсібі дамыған елдердің тағылым-тәжірибесі белгілі бір саясатты жүргізудің барлық – алыс-жақын – болжамдарын ескеру маңызын ашып береді, сондықтан да макроэкономиканың келелі міндеті - өспелі бюджет тапшылығы мен теңгермелі кірісті қысқа және ұзақ мерзім тұрғысынан сипаттау және ғылыми болжау жасау болып табылады.

Келесі бір міндет – шәкірттердің алған білімдерін микро және әсіресе макродеңгейде табысты қолданып, тәжірибеде ұштастыра алуында. Ол үшін, олар экономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланыстарға және де осы курста берілетін экономикалық-математикалық үлгілерге сүйене отырып, нақты жағдайларды талдаудың негізгі тәсілдерін игеруі тиіс.

«Макроэкономика» пәнін игеруден бұрын студенттің «Экономикалық теория», «Экономикалық ілімдер тарихы», «Экономикадағы математика», «Экономикалық-математикалық әдістер», «Жалпы статистика теориясы», «Информатика» «Микроэкономика» пәндерін игеруі тиіс.

Аралас пәндер. Макроэкономика, кәсіпорын экономикасы, экономикалық процестерді модельдеу және болжау, инвестициялық жобалау, салықтар және салық салу, экономиканы мемлекеттік реттеу, банк ісі.

«Макроэкономика» курсын зерделеуге келесі әдебиеттер тізімі ұсынылады:


Негізгі

  1. Мамыров Н.К., Тлеужанова М.А. Макроэкономика. – Алматы, 2003

  2. Агапова Т.А. Макроэкономика. – М.: МГУ, 2004

  3. Агапова Т.А. Макроэкономика для преподавателей. Учебно-методическое пособие. Выпуск 1. – М.: «Дело и сервис», 2003

  4. Селищев А.С. Макроэкономика. – СПб.: Питер, 2005

  5. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамадиева Б.М. – Алматы, 2004

  6. Киселева Е.А. Макроэкономика – М.: Эксмо, 2005

  7. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций. – М.: Эксмо, 2006

  8. Макроэкономика./под ред. М.И.Плотницкого. – М.: Новое знание, 2004

  9. Задоя А.А. Макроэкономика. – Москва, 2004

  10. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. – М.: Изд-во МГУ, 1997

  11. Сакс Д. Макроэкономика: глобальный подход. – М.: Изд-во МГУ, 1998

  12. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – С-Пб.: Питер, 2005

  13. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. – М.: МГУ, 1994

  14. Микро-макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации . – СПб.,1994

Қосымша

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Білім, 1997

  2. Назарбаев Н.А. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации. Послание Президента РК Назарбаева Н.А. народу Казахстана. – Алматы, 20005

  3. Экономическая теория: Микро и макроэкономика. Учебное пособие./под ред. М.И.Плотницкого. – Минск: КН. Дом, 2005

  4. Учебные программы заочного отделения по дисциплинам кафедры макро-микроэкономики. / КазНУ им. Аль-Фараби, ФЭБ, Кафедра макро-микроэкономики. – А.: Учебная лаборатория, 2006

  5. Соболева И.Я. Маркетинг. Маркетинг. Микроэкономика. Макроэкономика. – Алматы, 2006

  6. Туманова Е.А. Макроэкономика. Элементы продвинутого подхода. Москва, 2004

  7. Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс. Т1. – М., 2003

  8. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. – М.: Дело,2001


2 КУРСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫН ЗЕРДЕЛЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
2.1 тақырып. Макроэкономикаға кіріспе

Макроэкономикалық теорияның басты сұрақтары. Негізгі ұғымдары. Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді және эндогенді айнымалылар. Экономикадағы ағындар мен қорлар. Статистикалық ақпарат. Жалпы ішкі өнімді қосылған құн бойынша, шығыстар бойынша және кірістері бойынша есептеу. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). Атауы және нақты айнымалылар. ЖҰӨ дефляторы және баға индекстері. Ұлттық есепшоттар жүйесінің өзге көрсеткіштері. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, қолда бар табыс. Кірістер мен шығыстардың ауыспалы толассыз айналымы. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Макроэкономикалық негізгі ұғымдар

  • Экзогенді және эндогенді айнымалылар. Ағындар мен қорлар

  • Жалпы ұлттық өнім. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, қолда бар табыс

  • Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік

Істей білуі қажет:

  • Экономикалық үлгілер

  • Жалпы ішкі өнімді қосылған құн бойынша, шығыстар бойынша және кірістері бойынша есептеу

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,17, 20, 22)
2.2 тақырып. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі

Жабық экономикадағы жиынтық сұраныс (АD) және оның анықтауыш факторлары. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары. Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық үлгілері. Икемді еңбек ақы. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік. Қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі. Тұрақтандыру саясаты.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Жиынтық сұраныс. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары

  • Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық үлгілері

  • Тұрақтандыру саясаты

Істей білуі қажет:

- Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісі

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,18, 20, 21)


2.3 тақырып. Өндіріс және еңбек нарығы

Өндіріс факторы. Өндіріс функциясы. Нақты жалақы және нақты капитал бағасы. Өндіріс факторлары арасында ұлттық табысты бөлу. Еңбек нарығы. Еңбекке деген сұраныс. Жиынтық ұсыныс қисығын тұрғызу. Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық көзқарас. Икемсіз еңбек ақы. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Өндіріс факторлары арасында ұлттық табысты бөлу

  • Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық көзқарас

  • Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі

Істей білуі қажет:

  • Нақты жалақы және нақты капитал бағасы

  • Жиынтық ұсыныс қисығын тұрғызу

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,14, 19, 21, 22)
2.4 тақырып. Игіліктер нарығы

Тұтыну функциясы. Тұтынуға деген шекті бейімділік. Пайыздық мөлшерлеме және инвестициялық функция. Мемлекеттің кірісі мен шығысы.

Жоспарланған және нақты шығындар. Кейнстік крест. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Табыстың тепе-теңдік деңгейі. Кейнстің мемлекеттік шығыстар мультифликаторы мен салық мультифликаторы. Игіліктер нарығындағы тепе-теңдік. Игіліктер нарығы және IS қисығы. Салық-бюджет саясатының әсері.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:



  • Тұтыну функциясы. Тұтынуға деген шекті бейімділік

  • Пайыздық мөлшерлеме және инвестициялық функция

  • Жоспарланған және нақты шығындар

  • Табыстың тепе-теңдік деңгейі. Кейнстің мемлекеттік шығыстар мультифликаторы мен салық мультифликаторы

  • Игіліктер нарығындағы тепе-теңдік

Істей білуі қажет:

  • Мемлекеттің кірісі мен шығысы

  • Кейнстік крест

  • Игіліктер нарығы және IS қисығы

  • Салық-бюджет саясатының әсерін анықтау

  • Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдікті анықтау

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,19, 21)
2.5 тақырып. Ақша нарығы

Ақша функциясы. Ақша агрегаттары. Ақшаның сандық теориясы. Ақша айналысының жылдамдығы. Ақша нарығы. Нақты және атаулы пайыз бағамдары. Фишер теңдеуі.

Ақшаға сұраныстың кейнсиандық және классикалық теориялары. Өтімділікті қалау теориясы. Ақшаға деген сұраныс функциясы. Баумоль-Тобин үлгісі. Ақша массасы және ақша базасы. Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультифликаторы. Ақша саясатының құралдары. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM қисығы.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:



  • Ақша функциясы. Ақша агрегаттары. Ақшаның сандық теориясы

  • Ақша нарығы. Ақшаға сұраныстың кейнсиандық және классикалық теориялары

  • Өтімділікті қалау теориясы. Ақшаға деген сұраныс функциясы

  • Ақша массасы және ақша базасы. Ақша мультифликаторы. Ақша саясатының құралдары

Істей білуі қажет:

  • Ақша айналысының жылдамдығы

  • Нақты және атаулы пайыз бағамдары. Фишер теңдеуі

  • Баумоля-Тобин үлгісі

  • Ақша ұсынысының үлгісі

  • Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM қисығы

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,18, 19, 21)
2.6 тақырып. IS-LM үлгісі

Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі. Жиынтық сұраныс қисығын шығару әдісі. AD-AS және IS-LM үлгілері арасындағы байланыс. Инвестицияны ығыстыру нәтижесі. Кейнстік отылу механизмі. Салық-бюджет саясаты және оның IS-LM үлгісіне ықпалы. IS-LM үлгісіне салық-бюджет саясаты және қаржы-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі. Жабық экономикадағы жиынтық сұранысқа макроэкономикалық саясаттың ықпалы.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік

  • Инвестицияны ығыстыру нәтижесі

  • Кейнстік отылу механизмі

  • Жабық экономикадағы жиынтық сұранысқа макроэкономикалық саясаттың ықпалы

Істей білуі қажет:

  • IS-LM үлгісі

  • AD-AS және IS-LM үлгілері арасындағы байланыс

  • IS-LM үлгісіне салық-бюджет саясаты және қаржы-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,14, 21, 22)
2.7 тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары. Инфляция

Экономикалық циклдер және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы. Инфлияция және ұсыныс тітіркенімдері. Бағалар серпіні. Жұмыссыздық нысандары және оның табиғи деңгейі. Оукен заңы. Нақты жалақы және жұмыссыздық деңгейі. Эмпирикалық байқаулар және Филлипс қисығы.

Сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы. Күтілген және күтілмеген инфляция. Бейімді және ұтымды күтулер. Бюджеттік тапшылық және оны қаржыландыру. Салық түсімдерінің жиыны үшін Лаффер қисығы. Сеньораж және инфляциялық салық.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:



  • Экономикалық циклдер

  • Инфлияция және ұсыныс тітіркенімдері

  • Жұмыссыздық нысандары және оның табиғи деңгейі. Оукен заңы

  • Сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы. Күтілген және күтілмеген инфляция. Бейімді және ұтымды күтулер

  • Бюджеттік тапшылық және оны қаржыландыру. Сеньораж және инфляциялық салық

Істей білуі қажет:

  • Бағалар серпіні

  • Эмпирикалық байқаулар және Филлипс қисығы

  • Салық түсімдерінің жиыны үшін Лаффер қисығы

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,13, 17, 18, 19, 20, 22)
2.8 тақырып. Ашық экономика

Шағын ашық экономика. Төлем балансы. Ағымдағы есепшот, капитал қозғалысының есепшоты, ресми резервтер. Айырбас бағамы. Сатып алу қабілетінің паритеті.

Ашық экономикадағы жиынтық сұраныс. Экспорт пен импорт тәуелділіктері. Сіңісу және сауда балансы. Ашық экономика үшін IS-LM үлгісі. Капитал жұмылдырылғыштығы. Айырбас бағамы мен басқа факторлардың IS және LM қисықтарының орналасуына ықпалы.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:



  • Шағын ашық экономика

  • Төлем балансы. Ағымдағы есепшот, капитал қозғалысының есепшоты, ресми резервтер

  • Ашық экономикадағы жиынтық сұраныс

  • Сіңісу және сауда балансы.

  • Капитал жұмылдырылғыштығы

Істей білуі қажет:

  • Айырбас бағамын анықтау. Экспорт пен импорт тәуелділіктері

  • Ашық экономика үшін IS-LM үлгісі

  • Айырбас бағамы мен басқа факторлардың IS және LM қисықтарының орналасуына ықпалы

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,13, 15, 16, 20)
2.9 тақырып. Айырбас бағамының түзілімі және жиынтық сұраныс

Айырбас бағамдары тіркелген жағдайдағы ашық экономикадағы тепе-теңдік. Капитал жинақылығының икемділігі. Толық капитал жинақылығы жағдайындағы бюджет және ақша саясаты.

Айырбас бағамы құбылмалы жағдайдағы ашық экономика. Жиынтық сұраныс қисығын тұрғызу. Фискалдық экспансия мен ақша саясатының өндіріс пен айырбас бағамына ықпалы. Айырбас бағамдары тіркелген және құбылмалы жағдайлардағы макроэкономикалық саясатты салыстыру. Күту және айырбас бағамының динамикасы.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:



  • Айырбас бағамдары тіркелген жағдайдағы ашық экономикадағы тепе-теңдік

  • Толық капитал жинақылығы жағдайындағы бюджет және ақша саясаты

  • Айырбас бағамы құбылмалы жағдайдағы ашық экономика

  • Фискалдық экспансия мен ақша саясатының өндіріс пен айырбас бағамына ықпалы

Істей білуі қажет:

  • Капитал жинақылығының икемділігі. Айырбас бағамдары тіркелген және құбылмалы жағдайлардағы макроэкономикалық саясатты салыстыру

  • Күту және айырбас бағамының динамикасы

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,18, 19, 21)
2.10 тақырып. Экономикалық өсу

Экономикалық өсу түсінігі мен әсер ететін факторлар. Солоудың ұзақ мерзімді өсу үлгісі. Ауқым қайтарымдылығы. Экономикалық өсу үлгісінің сызбалық бейнесі. Жинақ ақша қорлары мен инвестициялар. Капиталдың қорлануы. Тиімді еңбек бірлігі. Қорлану мөлшері берілген жағдайда капиталмен қамтамасыздандырудың тұрлаулы деңгейі. Қорланудың «Алтын ережесі». Экономикалық жағдай және капитал қорының деңгейі. Халық санының өсуі мен технологиялық ілгерлеушіліктің ықпалы.



Бұл тақырыпта студент білуі қажет:

  • Экономикалық өсу түсінігі мен әсер ететін факторлар

  • Ауқым қайтарымдылығы. Жинақ ақша қорлары мен инвестициялар.

  • Капиталдың қорлануы. Тиімді еңбек бірлігі

  • Қорланудың «Алтын ережесі»

  • Халық санының өсуі мен технологиялық ілгерлеушіліктің ықпалы

Істей білуі қажет:

  • Солоудың ұзақ мерзімді өсу үлгісі

  • Экономикалық өсу үлгісінің сызбалық бейнесі

  • Экономикалық жағдай және капитал қорының деңгейі

  • Қорлану мөлшері берілген жағдайда капиталмен қамтамасыздандырудың тұрлаулы деңгейі

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,15, 16, 17, 19, 22)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет