ӘОЖ 334.726. 338. (574)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН КӘСІПКЕРЛІК: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Жусупов Айболат Ертаевич, аға оқытушы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қызылорда қаласы
Бірлескен кәсіпкерліктің мәні мен маңызын айқындау бойынша түрлі көзқарастарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. бірлескен кәсіпкерліктің мәні мен маңызын айқындау бойынша түрлі көзқарастарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Осы мәселе бойынша экономистердің теориялық көзқарастарын зерттеу барысында шаруашылық ету тәжірибесі сүйенетін базисті бүгінгі күні бір мәнді бағалауға болмайды.
Біріншіден, бұл дамудың сол немесе басқа тарихи кезеңінде ел өзінің экономикалық жүйесіне БК түріндегі жаңа құрылымдарды қосады, ал олардың шаруашылық ету тәжірибесінен мәлім болғандай түрлі құндылықтары бар.
Екіншіден, көптеген түрлі көзқарастардан бірлескен кәсіпкерліктің түрлі көріну шектері бар күрделі құбылыс екендігін көруге болады. Қазақстан өз дамуы барысында сыртқы әлеммен ынтымақтастық етуінің жаңа әдістерін қарастыра бастады, соның ішінде бірлескен кәсіпкерлік аса маңызды мәселелердің бірі ретінде ерекше орынды алды. Бұнда ұлттық экономикалардың қазіргі даму кезеңі ашықтық пен ауқымдандыруды күшейту жағдайында бірлескен кәсіпорындарға басқаша көзқарас тұрғысынан қарауға итермелейді. Қорланған экономикалық жүкке сүйене отырып, автор бұл мәселені біртұтас, бірақ көп қырлы құбылыс ретінде кешенді түрде қарастырады және ол мыналардан тұрады:
Ең алдымен, біз бірлескен кәсіпкерлікті батыстың бірнеше ғалымдарының зерттеулерінде «екі немесе одан да көп серіктестермен құрылған экономикалық бірлік-кәсіпорын, бұнда тараптар ақшалай капитал түріндегі салымдардан басқа осы кәсіпорынды басқаруға ықпал ететін шешімдерді қабылдауға құқылы болады» деп берілген анықтамасына назар аударамыз 1.
Басқаша айтқанда, бірлескен иеліктегі кәсіпорын деп аталатын бірлескен кәсіпорын (joint venture) құрылады.
Бірлескен кәсіпорын халықаралық капиталдар миграциясымен тығыз байланыста болып, халықаралық инвестициялық ынтымақтастықтың едәуір күрделі нысаны болып табылады. Осындай кәсіпорындарды ұйымдастыру кезінде оның қатысушылары тек тауарды ғана емес, өз капиталдарын да салады, сондықтан белгілі бір жағдайларда оның қайтарылуына қоса, салынған капиталдың қорғалуын қамтамасыз ететін кепілдемелер талап етіледі. Бұл жағдайлар біруақытта бірлескен кәсіпорындарды шетелдік инвестициялау үдерістерін іске асыру нысанына айналдырады. Бірінші кезекте, олар тікелей шетелдік инвестицияларды жүзеге асырудың ұйымдастырушылық нысандарының бірі болып табылады [2].
Бірлескен кәсіпорындарды құру кезінде түрлі мемлекеттердің субъектілерінің өзара байланыстарының жаңа нысаны пайда болады. Бұған себепкер болатын жағдайлардың бірі – ол елдердің халықаралық еңбек бөлінісін (ХЕБ) дамытудың арқасында халықаралық экономикалық қатынастарға қатысудың барлық мәселелерді шешу мүмкіндігі. Әлемдік экономикадағы интеграциялық процестердің қарқыны мен даму бағыты едәуір көлемде өнім өндіру саласын қамтып, осыған байланысты аймақтық нарықтың өндірістік құрылымын жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асыруды талап етуде 3.
Халықаралық еңбек бөлінісін тереңдету тұрғысынан БК мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықтың күрделі нысаны бола отырып, түрлі елдердің шаруашылық серіктестерінің тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз, бірлескен кәсіпорын – біртұтас мемлекетаралық экономикалық ортақтық дегенді білдіреді, оған ортақ капитал, бірлескен басқару, пайданы бөлу тән болып табылады. Бұнда өзара тиімді мақсаттарға жету үшін коммерциялық та, өндірістік те қызметпен айналысуға тура келеді. Бұл жөнінде отандық экономист-ғалымдардың еңбектерінде: «бірлескен кәсіпорынның шеңберіндегі кез келген қызмет өндірісті кооперациялауға жатпайды: бірлескен кәсіпорындар бір уақытта қаржылық та, коммерциялық та қызметпен айналыса алады» деп әділдікпен көрсетілген 4.
Бірлескен кәсіпорындар бір уақытта халықаралық экономикалық ынтымақтастық нысаны болып табылады. Олар келесідей кең көлемді қызметтерде жүзеге асырылады:
- халықаралық өндірістік ынтымақтастық;
- халықаралық тауарлар мен қызметтер айырбасы;
- өнімді жасау сатысындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық; тікелей өндіріс үдерісіндегі, жөндеу кезінде техникалық қызметтер көрсету және объектіні іске қосу мен оның әрекет етуі барысында техникалық қызмет көрсетудегі өндірістік ынтымақтастық және құрамдастық және басқалары 5.
Заңды нысан тұрғысынан бірлескен кәсіпорындар акционерлік қоғамдар нысанында, серіктестіктер нысанында және өзара шарттық кәсіпорындар нысанында құрыла алады.
Экономикалық әдебиеттерде, көп жағдайда, бірлескен кәсіпкерлікті түрлі белгілеріне қарай топтайды, олардың арасынан мынадай белгілерді бөліп көрсетуге болады: қатысушылар құрамы, қатысу үлесі, қызмет саласы мен түрі, кәсіпорынның орналасу орны, әрекет ету тәртібі, ескерілетін шектеулер әдістері, заңды рәсімдеу нысаны, байланыс сипаты және т.б. Олардың көптеген нысандарын төменде келтірілген 1-кестеден көруге болады.
Кесте 1 - Бірлескен кәсіпкерліктің нысандарын топтау
Белгілері
|
Атауы
|
Мазмұны
|
Ынтымақтастықтың кешенділігі
|
Әділетті БК
|
Құқықтық мағынасында дербес бірлескен кәсіпорындар. Оларға қабылданатын басқару шешімдеріне ортақ жауапкершілік тән, әрекет етудің кең көлемді мәселелеріне ортақ қаржылық тәуекелділікте болады
|
Орналасу орны
|
Келісімді БК
(келісім-шарт негізінде)
|
Кәсіпорындар ынтымақтастық туралы келісім жасасады, онда шығындар, тәуекелдер мен пайданы бөлу ескеріледі
|
Отандық БК
|
Серіктестер бір елден (қабылдаушы елден) тұрады. Жобалардың бір мемлекеттің аясындағы жергілікті, аймақтық немесе ұлттық сипаты болады
|
Экономикалық кезеңдердің байланыс түрлері
|
Халықаралық БК
|
Серіктестер түрлі елдерден тұрады
|
Сатылас БК
|
Тізбектелген өндірістік немесе сауда кезеңдерінің интеграциясы
|
Деңгейлес БК
|
Бірдей өндірістік немесе сауда кезеңдерінің интеграциясы
|
Диагоналды БК
|
Түрлі салалардың немесе өндіріс пен сауданың түрлі кезеңдерінің
Кәсіпорындарын қауымдастыру
|
Басқаруға әсері
|
Тепе-теңдікті БК
|
БК тепе-теңдікті басқару. Кәсіпорындар шешімдер қабылдауға әсер етуде тең құқылы болады
|
Симметриялы емес БК
|
Кәсіпорынды басқару мәселелерінде шешімдер қабылдау барысына серіктестердің бірінің әсері басым болады
|
Ескертпе - Автордың құрастыруы бойынша.
|
Бұдан басқа бірлескен кәсіпкерлік нысандары бойынша мыналарға бөлінеді:
1) біртұтас ұйымдастыру нысанына (заңды тұлға құрумен) қатысушыларды біріктіру, яғни бірлескен кәсіпорынды (БК) құру;
2) бірлескен қызмет туралы келісім-шарттың немесе кооперациялық келісімнің негізінде (заңды тұлға құрусыз) қатысушыларды біріктіру.
Институционалды көзқарас тұрғысынан БК-ды үш кезеңге бөлуге болады:
а) өнеркәсібі дамыған елдерден екі немесе одан да көп қатысушылардан БК құру («Батыс - Батыс» қатынасы). Осындай кәсіпорындар қатарына Парсонз Энерджи и Кэмикалз (АҚШ) и Флюер Даниель (АҚШ) компанияларын жатқызуға болады. Олар Қазақстанда 2001 жылдың наурызында тіркелген “Парсонз Флюер Даниель” (ПФД) БК құрды;
б) дамыған және дамушы елдердің компаниялары құрылтайшылар болып табылатын бірлескен кәсіпорындар құру («Солтүстік – Оңтүстік» қатынасы). Мысалы, «Бехтель Интернэшнл» (АҚШ) и «Энка» (Түркия) 1996 жылы «Бехтель – Энка» (BEJV) бірлескен кәсіпорнын құрған болатын, ол оффшорлық аймақта тіркелген болатын, ал содан кейін бұл кәсіпорын 2000 жылы Қазақстан аумағында тіркеліп, «Сенімді Құрылыс» деген атауға ие болды;
в) посткеңестік кеңістік елдерінің және дамушы елдердің серіктестерінен БК құру. Сонымен, РэйнхольдМахла (Венгрия) және ТенгизНефтеСтрой (Қазақстан) компаниялары капиталдарын біріктіру арқылы 1999 жылы «ТенгизТехноСервис» (ТТС) БК құрды.
Әлемнің дамыған елдерінде интернационалдықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгендіктен, әрине келісімшарттардың көп мөлшері, өз табиғаты бойынша ірі көп ұлтты фирмалар мен корпорациялардың арасында жасалады, соның ішінде салыстырмалы түрде батыстың аз санды елдерінің шеңберінде. Бұл халықаралық ұйымдардың бақылауларымен мақұлданады. Мысалы, ИНСЕАД мәліметтері бойынша, біріккен кәсіпкерлік құрылымы келесі түрде көрінеді. 6.
Бірінші орында ЕО елдері тұр. Бұл аймақтың ішіндегі фирма аралық қатынастардың үлесіне олдардың жалпы санының 30,8 % келеді. Содан кейін: келісім-шарттар ЕО – АҚШ -20,8%, ЕО – Жапония-10,1% , АҚШ- Жапония -8,4%, АҚШ шеңберінде-8,4%, ЕО -әлемнің басқа елдері- 7,0% , АҚШ – басқа елдер-4,2% [5].
Халықаралық кәсіпкерлікті дамыту процесінде Батыс Еуропа елдері ең үлкен белсенділік көрсетуде. Мысалы, барлық келісімшарттардың шамамен 74%-ында кемінде осы аймақтан әріптес қатысады. Бірақ мұндада, Батыс елдерінің шеңберінде халықаралық кәсіпкерлік процесінде елдердің қатысу және даму теңсіздігі байқалады. Мысалы, Батыс Еуропалық елдеріндің ішінде ең белсендісі Франция, ал ГФР-нің келісімшарттарға қатысуы оның өндірістік потенциялын есепке алғанда, әлде қайда аз Ұлыбританияға келсек, фирмаларына келісішарттар саны бойынша ол процесс кейінгі екінші орында тұрса да, оның ЕО елдерімен келісімшарттарының меншікті салмағы салыстырмалы түрде көп емес -34% .Бұл ел үшін АҚШ-пен, достастық елдерімен және Жапониямен байланыстардың өсу ағымы тән. Екі жақты, үш жақты және төрт жақты келісімшарттарды қолдану деңгейі де бірдей емес. Мысалы, біріккен кәсіпкерлік бойынша келісімшарттардың басым көпшілігі - 81%- екі әріптестің арасында, 9%-үшеудің арасында және 5% -төрт фирманың арасында жасалады.
Дамушы елдердің ірі мемлекеттік компанияларының басында тиісті министірлік басшылары тұрады. Мұндай компаниялардың экономика үшін мәнділігін ескере отырып, дамушы елдер оларға айтарлықтай жедел тәуелсіздікті беруге, соның ішінде біріккен кәсіпкерлік туралы шешімдерде де мүмкіндік бермейді.
Дамушы елдердегі біріккен кәсіпкерлікті қалыптастыру және дамыту жағдайы басқаша қалыптасқан. Дамушы әлемдегі өзара біріккен кәсіпкерлікті дамыту орталықтарымен әлемдік шаруашылық перифериясының арасындағы технологиялық бөліністі тереңдету процесінің белгілі бір тежегіндегі ролінде көрінеді.(кесте 2)
Кесте 2 - Дамушы мемлекеттердегі біріккен кәсіпкерліктің бірлесе дамуы
Белгілері
|
Дамушы мемлекеттер
|
Салалық бағыты бойынша
|
Негізгі шикізатқа
|
Меншік кәсіпорын түрі бойынша
|
Көптеген мемлекеттерде – мемлекеттік кәсіпорын (ҒЗЖ) басқасы
|
Мотив құруы бойынша
|
Қажетті тәжірибе алу, біліктілік деректеме капитал қаражаты
|
Мінез-құлқы бойынша басқару
|
Негіз - жанұялық әулет, санімді адамдар, үкіметпен атаулы тығыз байланыс
|
Масштабпен және мінез-құлқы мигранттық факторларды шығару бойынша
|
Импорттық технология
Экспорт шикізаты
|
Кәсіпкерлікті қайта құруы бойынша
|
Орташа және кіші
|
Кәсіпорынның, әсіресе технологиялық ерекшеліктері бойынша
|
Бейімделуі, еңбек етуі және капиталды үнемдейтін технология
|
Үлесі бойынша қатысуы
|
Ішкі үлеске қатысуына деген қызығушылықтың артуы
|
Шетелдік кәсіпорындардың орналасуы бойынша артықшылығы
|
Көршілес дамушы мемлекеттердегі бағдарланудың артықшылығы
|
Нарық сараланымы мақсаты бойынша
|
Бағдарланудың сараланымының ең төменгі бағасы
|
Жарнама және тауарлардың таңбасы
|
Жарнаманың ең төменгі дәрежеде қолдануы және өзіндік тауарлық таңбаларында
|
Құқық негізі бойынша
|
Заңның тұрасыздығы шетелдік қатысушыларға деген толығымен құқықтық көмектің болмауы
|
Үйлестірімділік жетістіктің қызығушылығы бойынша
|
Үкіметтің бақылаудың жүзеге асырылуы
|
Әлеуметтік және ұлттық мәдени ерекшелігі бойынша
|
Қазіргі процесте маңызды роль атқарады.
|
Ескертпе - Автордың құрастыруы бойынша.
|
1990 жылы Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған 15 бірлескен кәсіпорын болды. 1991 жылы олардың саны 225 болғанын, ал 1993 жылдың басында 374 кәсіпорын тіркелгенін көруге болады. 1992 жылы әрекет етуші БК 14 млрд рубльге өнім өндіріп, қызметтер көрсетті.
1994 жылы Қазақстанда тіркелген бірлескен кәсіпорындардың саны 491 құрады, ал 1995 жылы олардың саны 736-ға жетіп, 1996 жылы ол 995 кәсіпорынға артты.
2000 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 1865 бірлескен кәсіпорындар, ал 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы БК саны 10110 бірлікке жетті. 7.
Сонымен қатар бұндай мемлекеттік стратегия БК құруға мүдделі болған шетел кәсіпкерлері үшін таптырмайтын шарт болады. Бірлескен кәсіпорындардың даму үрдісіне мемлекеттік бақылау оларды ұйымдастыруымен айналысатын бірнеше шаруашылық түрін белгілеуге мүмкіншілік береді.
БК құруда да сол сияқты оның қызмет ету үрдісінде де байқалатын төменгідей төрт мәселелерді көрсеткен тиімді. Бұларға төменгілерді жатқызуға болады: саяси – заңдылық, ұйымдастыру – құрылымдық, экономикалық, әлеуметтік – психологиялық мәселелер.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. В.Я. Горфинкеля, Швандара В.А. Экономика предприятия. ЮНИТИ, Москва 2004. - C. 8.
2. Хусаинов Б.Д. Международная миграция капитала и развитие национальных экономик. «Экономика». Алматы. - 2005. – С.5.
3. Гарретт Бернард, Пьер Дюссож. Стратегические Альянсы. ИМФРА-М, Москва - 2002. – С. 26.
4. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения Москва. - 2000. – С.26
5. Савкевич О.С., Литвякова Л.И, Бабинцев Н.С. «Прогресс». – Москва. – 1990. – 469с.
6 Яновская О.А., Никифорова Н.В.. Корпорациялық басқару. «Экономика», Алматы. – 2006.
7. Внешняя торговля и совместное предпринимательство Республики Казахстан. Статистический сборник / Под ред.Б. К. Тортаева. – Алматы, 2011. – 200 с.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается найти применение в процессе совершенствования экономического механизма развития СП в странах транзитной экономики, при решении вопросов использования потенциала СП.
RESUME
This article discusses find application in the course of perfection of the economic mechanism of development of the joint venture in the countries of transit economy, at the decision of questions of use of potential of joint business.
Достарыңызбен бөлісу: |