Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021


-тәжірибе. Гетерегенді жүйедегі реакция жылдамдығы



бет12/27
Дата27.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455787
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Химия лаб

2-тәжірибе. Гетерегенді жүйедегі реакция жылдамдығы
Екі пробиркаға көлемінің 2/4 бөлігіндей етіп тұз қышқылының ерітіндісін құйыңыз. Бордың екі бірдей бөлшектерін тауып, оның біреуін ұнтақтап, қағазға салып, содан соң бір мезгілде бір пробиркаға ұнтақталған борды, ал екіншісіне ұнтақталмағанын салыңыз. Қай пробиркада реакция тез жүреді, неліктен?
3-тәжірибе. Реакцияның жылдамдығына катализатордың әсері. Екі пробиркаға тамшыдан 0,5 н калий роданидін және 1 тамшыдан 0,5 н темір (111) хлориді ерітіндісін құйыңыз Не байқадыңыз? Бір пробиркаға
1 тамшы 1н мыс сульфатының ерітіндісін қосыңыз. Екі пробиркаға да 10 тамшыдан натрий тиосульфатының ерітіндісін құйыңыз. Темір (111) темір (11) –ге дейін натрий тиосульфатымен тотықсызданады. Түссізденудің жылдамдығы әртүрлі екенін аңғарып қорытынды жасаңыз.
4-тәжірибе. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы.
А) Химиялық тепе-теңдікке әрекеттесуші заттардың концентрациясының әсері.
Темір (111) хлоридінің 10 тамшы 0,01 м ерітіндісіне аммоний роданидінің 10 тамшы 0,02 м ерітіндісін қосыңыз. Аз диссоциацияланатын молекуласына тән қою қызыл түсті ерітінді түзіледі. Реакция қайтымды:
FeCl3.+ 3NH4SCN Fe(SCN)3 + 3NH4Cl
Алынған ерітіндіні теңдей етіп төрт пробиркаға бөліңіз. 1-і пробирканы салыстыру үшін сақтап қойыңыз, 2-і пробиркаға темір (111) хлоридінің қаныққан ерітіндісін, 3-і пробиркаға аммоний роданидінің қаныққан ерітіндісін құйыңыз. Пробиркалардағы ерітінділерді араластырыңыз. Екінші және үшінші пробиркаларда ерітіндінің түсі қоюлана түседі. Төртінші пробиркаға аммоний хлоридінің кристалдарын салып, шыны таяқшамен тез араластырыңыз. Тұз еріген сайын ерітіндінің түсі ашаңдай түседі. Химиялық тепе-теңдіктің тұрақтылығының формуласын пайдалана отырып, 2,3,4 пробиркалардағы ерітінділердің түстерінің өзгеруін түсіндіріңіз. Қайтымды реакцияны іс жүзінде ақырына дейін қалай жүргізуге болады?
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет