Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/11
Әдістемелік нұсқау
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С. Торағыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Экономика және кәсіпорындағы басқару кафедрасы
ӘДІСТІМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
пәнді оқұға арналған
« Инновациялық менеджмент » пәні бойынша
050506 «Экономика», 050508 «Есеп және аудит», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050509 «Қаржы» мамандықтарының студенттеріне арналған
Павлодар
Әдістемелік нұсқаудың
бекіту беті
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/11
Бекітемін
Қаржы-экономикалық факультетінің деканы
________Т.Я. Эрназаров
200___ж. «___»_________
Құрастурышы: КЭБ кафедрасының доценті А.Б. Утебаева
Экономика және кәсіпорындағы басқару кафедрасы
ӘДІСТІМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
пәнді оқұға арналған
« Инновациялық менеджмент » пәні бойынша
050506 «Экономика», 050508 «Есеп және аудит», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050509 «Қаржы» мамандықтарының студенттеріне арналған
Кафедра отырысында ұсынылған 200_ж. «__» __________ №_____хаттама
Кафедра меңгерушiсi________С.К. Кунязова
Қаржы–экономикалық факультетінің оқу- әдiстемелiк кеңесiмен мақұлданған
200_ж. «___» ____________№____ хаттама
ОӘК төрайымы_______ Л. А. Сидорова
1 тақырып Ғылыми-техникалық прогресспен және инновациялық процесстерді басқарудың теориялық негізі
Оқылған сұрақтар:
-
инновация түсінігі, инновацияларды жіктеу;
-
инновациялық процесс түсінігі;
-
инновациялық процесстерді үйымдастыру түрлері.
Ұсынылған әдебиеттер [4,5,6,12]
Негізгі түсініктемелер
«Инновация» сөзі innovation деген ағылшын сөзінен шыққан, соңғысының негізінде латын сөзі «innovato» жатыр, яғни жаңғырту, жақсарту. Ағылшын сөзінен аударғанда «жаңалықтарды енгізу» немесе біздің түсінігімізде «жаңа енгізілімдер» дегенді білдіреді. «Инновация» терминімен бірге «жаңа енгізілімдер» және «жаңалық» сияқты терминдер кездеседі
Үлкен экономикалық сөздікте инновацияның келесі анықтамалары келтірілген. Инновация – а) техника мен технологияның ауыстырылуын қамтамасыз ететін экономикаға қаражаттардың салымы; б) ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа техника, технология.
Тақырып 2. Инноватика теориясының қалыптасуы және оның қазіргі кездегі концепциялары
Оқылған сұрақтар:
- Р.Солоудың, Е.Домардың, Р. Харродтың экономикалық өсу модельдері;
- әлеуметтік-экономикалық институттарының технологиялық өзгерістерге әсері;
- инновациялық белсенділіктің бір қалыпты еместігі макроэкономикалық ауытқулардың факторы ретінде.
Ұсынылған әдебиеттер [6,7,12]
Негізгі түсініктемелер
Инновациялық менеджмент - бұл әр түрлі деңгейлердегі объектілерде жаңашылықтарды әзірлеу және еңгізу үрдістерін ұйымдастыру және жоспарлау (оған мотивация мен бақылау кіреді), және олар осы объектілердің инновациялық мақсаттарына жетуге бағытталған.
Инновациялық қызметтің тиімділігіне бірқатар факторлар әсер етеді:
- нарыққа бағытталу;
- инновациялық жобаларды іріктеу мен бағалаудың тиімді жүйесі;
- жобаларды тиімді басқару және оларды бақылау;
- шығармашылық ойлардың көзі;
- ұйымның жаңа еңгізілімдерге бейімделуі, қабылдауы;
- жаңа еңгізілімдерге қарсы тұру (топтық, жеке).
Тақырып 3. Мемлекеттік ғылыми – техникалық тәуелсіздік
Оқылған сұрақтар:
-
инновациялық технологиялар менеджментдегі басқару, үйымдастыру, бақылау және ынталандыру құралдары.
Ұсынылған әдебиеттер [ 4,5,12]
Негізгі түсініктемелер
Инновациялық қызметті қолдаудың деңгейі және формасы бойынша дүниежүзілік тәжірибеде келесіге бөлу қабылданған:
-
белсенді қатысатын мемлекеттік стратегиялар;
-
орталықсыздандырылған реттеу;
-
аралас.
Тақырып 4. Инновациялық салада қызмет етуші құрылымдардың көп түрлілігі және инновациялық бизнестің түрлері
Оқылған сұрақтар:
- инновациялық қызметтің дамуындағы бөгет етуші факторлар;
- инновациялық қызметтің дамуына әсер етуші факторлар
Ұсынылған әдебиеттер [4, 5]
Негізгі түсініктемелер
Инновациялық орта – бұл инновациялық қызметтің дамуын қамтамасыз ететін немесе тоқтататын, белгілі құрылған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және саяси орта.
Инновациялық орта ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Виоленттік стратегия – өндірістің шығындарын төмендету ставкасына негізделетін, бәсекелестік күрес стратегиясы. Оған салыстырмалы арзан, бірақ жоғары сапалы тауарларды массалық шығару арқылы қол жеткізіледі. Фирманың үш негізгі түрлері – виоленттер өздерінің өте ірі өлшемдері мен экономикалық қуаттары үшін ғылымда келесідей атауларға ие болған: «тәккапар жолбарыстар», «мықты пілдер», «қопал сусиырлар». Фирманың ұраны: «Арзан, бірақ жақсы» (бірақ «Қымбат және жаман» емес). Мысалы: «Тоета», «Шевроле» автомобильдері, «Сименс», «Электролюкс» тоғазытқыштары. «Мальборо», «Кэмел» сигареттері және т.б.
Патиенттік стратегия – бәсекелестік күрес стратегиясы, ол жоғары сапалы аз мамандандырылған өнімнің шектеулі санын шығаруында көрінісін табады. Өзінен де мықты бәсекелестерді күшпен емес, ал фирманың біліктілігі арқылы жеңе білу қабілеттері үшін, бұл стратегияны қолданушылар «алдамшы түлкілер» атағына ие болған. Отандық фирмалар үшін бұл стратегия кәсіпкерлік философия ретінде қабылдануы мүмкін. Ол алдыңғы қатарлы корпорациялармен тура күресуге шақырмайды, ал олар үшін қол жеткіліксіз болатын қызмет салаларын іздестіруге ұсыныс береді. Бұндай тәсіл әлсіздің күштімен бәсекелесінде мүмкіндігі арттырады.
Коммутанттық стратегия – бәсекелестік күрестің стратегиясы, ол бойынша көлемі бойынша шағын болатын (жергілікті) нарықтың қажеттіліктерін максималды иілгіштенген қанағаттандыруын жүзеге асыруға болады. Бұл стратегияны ұстанушы ұсақ фирмалардың, әдетте, тиімді құрал-жабдықтары, ғылыми-техникалық бөлімшелері мен арнайы облыстағы ерекше білімдері болмайды. Сондықтан оларды әдетте «сұр тышқандар» деп атайды, бірақ, бұл атау олардың көбіне нарықта дамуына бөгет етпейді.
Эксплеренттік стратегия – радикалдық жаңалықтарға бағытталған бәсекелестік стратегия. Бұндай тәуекелді бизнеспен айналысушы фирмаларды жиі «алғашқы қарлығаштар» деп атайды. Олардың ішінде персоналды компьютерлерді шығарушы фирмалар (ЭППЛ, «Зенит», «Осборн» және т.б.), биотехнологиялар («Джинентек») және басқалар.
Тақырып 5. Инновациялық және технологиялық стратегиялар
Оқылған сұрақтар:
- инновациялық жобаның қатысушыларының ролдерін анықтау: антрепренер, интрапренер, ойлар генераторы, алтын жағалар, іскер періштелер, ақпараттық;
- кәсіпорынның инновациялық саясатының маңызы;
- стратегиялардың негізгі мақсаттары. Мақсаттарды қою кезінде қойылатын талаптар.
Ұсынылған әдебиеттер [6,7,12,32]
Негізгі түсініктемелер
Инновациялық стратегия дегеніміз кәсіпорынның жалпы корпоративтік стратегиясын бағынатын функционалдық стратегияны білдіреді, ол инновацияларды әзірлеудің негізгі бағыттары мен артықшылықтарын анықтайды.
«Стратегия» ұғымының жеткілікті көп анықтамалары бар. Тар мағынада стратегия шешімдерді қабылдау үшін ережелер жинағы ретінде анықталады; ұйымға баланстану және өсудің жалпы бағытын қамтамасыз ететін жүйелік тәсіл; фирмаға тұрақсыздық жағдайында көмек көрсететін құрал.
Тақырып 6. Инновациялық проектерді басқару және инновациялардың экономикалық тиімділігін бағалау
Оқылған сұрақтар:
- инновациялық жобаларды жүзеге асыруды басқару;
- автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу.
Ұсынылған әдебиеттер [6,7,9,12]
Негізгі түсініктемелер
Инновациялық қызметтің нәтижелері болып әзірленген инновациялық жобалар алынуы керек.
Инновациялық жоба – ғылымның және техниканың дамуының приоритеттік бағыттарының нақты мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған, өзара шарттасқан, өзара байланысқан жүйе.
Жоба бөліміндегі қимадағы шаралар ресурстармен, мерзімдермен және орындаушылармен өзара байланысты болуы мүмкін.
Тақырып 7. Инновациялық қызметті қолдаудың дүниежүзілік тәжірбиесі
Оқылған сұрақтар:
- Технологиялар трансферті;
- Лизинг;
- Форфейтинг.
Ұсынылған әдебиеттер [22,30]
Тақырып 8. Шағын инновациялық бизнестің түрлері
Оқылған сұрақтар:
- венчурлік қаржыландырудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
- кәсіпкерлік теориясының пайда болуы (Р. Кантильон, Жан Батист Сэй, Й. Шумпетер, В. Зомбарт).
Ұсынылған әдебиеттер [6,78]
Негізгі түсініктемелер
Инновациялық ортадағы шағын кәсіпкерлік – өнеркәсібі дамыған елдердегі нарықтық инновациялық потенциалдың массивтілігі бойынша және динамикалылығы бойынша ең бірінші болып келетін құрылымдық бөлімі
Инновациялық кәсіпкерлік келесі функцияларды орындайды:
- өндірістің техникалық деңгейін әрқашан толық жетілдіру;
- жаңа игіліктерді дайындау;
- толмаған немесе потенциалдық сұранысы бар жаңа нарықтарды ашу, бұл кәсіпкерге уақытша монопольдік табыс алуына көмектеседі.
Инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік ынталандыру дамыған нарықтық экономикасы бар барлық елдерде жүзеге асырылады:
- тура қаржыландыру (субсидилер, займдар), олар жаңа өніммен технологияны құруға кеткеен шығындардың 50% құрайды (АҚШ, Франция және т.б.);
- ссудаларды ұсыну, сонын ішінде пайыздарды төлеусіз (Швеция);
- дотациялар (тәжірибелі түрде барлық қнеркәсіптік дамыған елдерде);
- инновацияларды енгізу қорларын мүмкін тәуекелді есепке алып құру (Ұлыбритания, Франция, Швеция, Голландия);
- жеке кәсіпорындар үшін мемлекеттік пошлиналарды төмендету (АҚШ, Австрия, Германия);
- инновацияларды енгізу үшін шығындардың 50% құрайтын қайтарылымсыз ссудалар (Германия);
- егер ойлап табу энергияны үнемдеумен байланысты болатын болса, онда пошлиналарды төлеуді шегеру немесе тіпті олардан босату (Австрия);
- ойлап табушылардың тапсырыстары бойынша іс-қағаздарын төлемсіз жүргізу, патенттік сенімді төлемсіз қызметтері, пошлиналар төлемінен босату (Германия, Голландия).
Тақырып 9. Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы
Оқылған сұрақтар:
- Қазақстан Республикасының инновациялық қызметін реттеудің нормативтік-құқықтық базасы;
- 2005-2015 жылдарға арналған ҚР ұлттық инновациялық жүйесін құру мен дамыту бойынша бағдарлмасы.
Ұсынылған әдебиеттер [10,18,28]
Негізгі түсініктемелер
Индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асырудың үш кезеңін бөліп көрсетуге болады: бірінші кезең – 2003-2005 жылдары, екінші кезеңі – 2006-2010 жылдары, үшінші кезеңі – 2011-2015 жылдары.
Индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясының бірінші кезеңінің негізгі міндеті болып дамудың инновациялық кезеңіне өтудің экономикалық, инфрақұрылмдық және институтционалдық негіздеріне өту саналды. Іргелік зерттеулердің бес негізгі бағыттары анықталған: физика, химия, биология облыстарындағы кешендік ғылыми зерттеулер, жанармай-энергетикалық кешеннің, мұнайхимиясының және минералдық ресурстар облысындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер.
Қазіргі кезде Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының екінші кезеңін жүзеге асыруы өтуде, Үкіметтің іс-әрекеттері бұл кезеңде келесідей механизмдерді құру мен толық жетілдіруге бағытталған:
-
«адам факторын» белсендіру;
-
жеке меншік инвестицияларын үлкен масштабта қарату;
-
интеллектуалдық жеке меншіктің объеектілерін қорғауды және қолдануды реттеу;
-
инновациялық даму инфрақұрылымының функциялануын құру және реттеу;
-
ғылым мен өндірушінің өзара байланысы.
Аймақтық деңгейде келесідей технопарктер қызмет етеді:
- «Технопарк UniScienNech» ЖШС (Қарағанды облысы);
- «Технопарк «Алгоритм»» ЖШС (Уральск қ.);
- «Алматы аймақтық технопаркі» ЖШС (Алматы қ);
- «К. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі» АҚ (Алматы қ.).
Қазақстанда даму институттары болып келесілер саналады:
-
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ;
-
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ;
-
«Несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ;
-
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ;
-
«Маркетингтік-аналитикалық зерттеулер орталығы» АҚ;
-
«Инвестицияларға көмек көрсету бойынша қазақстандық орталығы»ЖШС.
Әдебиет
Негізгі
1 Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент. - СПб: Питер, 2004
2 Абдыгаппарова, С.Б. Инновационный менеджмент.- Алматы: Экономика, 2003.
3 Афонин, И.В. Инновационный менеджмент. - М.:Гардарики,2005
4 Инновационный менеджмент [Электронный ресурс].-Корпорация «Диполь», 2005.-1 CD; 35,6 МБ.-(Вузовская серия)
5 Василевская, И. В. Инновационный менеджмент. - М.:РИОР, 2005
6 Евдокимова, Т. Г. Инновационный менеджмент.- СПб.:Вектор, 2005.
7 Инновационный менеджмент.- М.: ВЗФЭИ,2006.
8 Инновационный менеджмент. Под ред. Л. Н. Оголевой.- М.:ИНФРА-М, 2006
9 Медынский, В. Г. Инновационный менеджмент..- М.: ИНФРА-М, 2005
10 Мухамедьяров, А. М. Инновационный менеджмент.- М.: ИНФРА-М, 2006
11 Основы инновационного менеджмента: теория и практика. Под ред. А. К. Казанцева, Л. Э. Миндели. Изд. 2-е, перераб. и доп.- М.: Экономика.-519 с
12 Переходов, В. Н. Основы управления инновационной деятельностью.- М.: ИНФРА-М, 2005.
13 Хотяшева, О. М. Инновационный менеджмент. - СПб.: Питер, 2006
14 Кирьяков, А. Г. Основы инновационного предпринимательства. -Ростов н/Д:Феникс, 2002
15 Хотяшева, О. М. Инновационный менеджмент. - СПб.: Питер, 2006
16 Барышева, А. В. Инновационный менеджмент.- М.: Дашков и К, 2009.
17 Чернышева, Б. Н. Инновационный менеджмент и экономика организаций (предприятий): практикум: учеб. пособие для студ. вузов под ред. : Б. Н. Чернышева, Т. Г. Попадюк. - М.: ИНФРА-М; Вузовский учебник, 2009
18 Гугелев, А. В. Инновационный менеджмент. - М.: Дашков и К,2008
19 Шемякина, Т. Ю. Система управления инновационной деятельностью предприятия.- М.: Флинта, 2007
20 Бовин А. А. Управление инновациями в организациях.- М.: Омега-Л, 2006.
Қосымша
21 Голиченко, О. Г. Национальная инновационная система России : состояние и пути развития. - М.: Наука, 2006.
22 Дандон, Э. Инновации: Как определять тенденции и извлекать выгоду.- М.; СПб.,2006.
23 Инновационный менеджмент: Многоуровневые концепции, стратегии и механизмы инновационного развития. Под ред. В. М. Аньшина, А. А.Дагаева.-М.: Дело, 2006.
24 Коновалов, В. М. Инновационная сага.- М.: Вильямс, 2005.
25 Маренков, Н. Л. Инновации в России. - М.: Флинта, 2005
26 Такер, Р. Б. Инновации как формула роста: Новое будущее ведущих компаний. - М.: Олимп-Бизнес, 2006.
27 Сабден, О. Инновационная экономика. - Алматы: Эксклюзив, 2008
28 Еспаев, С. С. Инновационная экономика Казахстан и Китая: опыт и перспективы.- Алматы: Эксклюзив, 2008
29 Инновации в бизнесе: пер. с англ./[ред. Л. Мордвинцева].-М.: Альпина Бизнес Букс, 2007
30 Перерва, О. Л. Экономика и управление инновационными процессами на промышленном предприятии: теория, методология, практика. -М.: МГТУ им. Н. Э. Баумана, 2005
31 Гончаренко, Л. П. Менеджмент инвестиций и инноваций. - М.: Кнорус, 2009
32 Гражданский кодекс Республики Казахстан от 27 декабря 1995 г. - Алматы, 2000.
\
Достарыңызбен бөлісу: |