Әдістімелік нұСҚаулық


-тақырып. Айналым капитал



бет2/3
Дата16.06.2016
өлшемі453 Kb.
#140648
1   2   3

6-тақырып. Айналым капитал

Оқылған сұрақтар:

- Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы. Айналым капиталды қаржыландыру көздері;

- Айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдету факторлары;

- Кәсіпорын жүмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдетудің мәні;

- Айналым қаржылар қажеттілігін анықтау: өндірістік қор, аяқталмаған өндіріс және дайын өнімді қалыптасу үшін;

- Кәсіпорындағы айналым қаржылардың элементтерін үнемдеу;

- Кэсіпорын жүмысының нәтижесіне айналым капиталды басқаруының әсері. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.



Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7-14]

Негізгі түсініктемелер

Айналым қорлары – құндық түрдегі өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорлары жиынтығын сипаттайтын активтер, кәсіпорын мүлігінің бір бөлігі. Бұл өндірістегі, қоймалардағы өндірістік запастарды жинақтау, жабдықтаушылармен, бюджетпен есеп айырысу, еңбек ақыны төлеу үшін кәсіпорынға қажетті ақша қаржылары. Айналым қорларының құрамы оны құраушы элементтердің жиынтығын сипаттайды.

Айналым қорлары - өндіріс үрдісінің міндетті элементі, өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Өнім бірлігіне шаққандағы шикізат, материалдар, жанармай мен энергия шығындары аз болған сайын, оның өндірісіне шығындалатын еңбек үнемді шығындалады, соншалықты өнімнің құны да төмен болады.

Өндірістік запастар - өндірістік үрдісті жүргізу үшін дайындалған еңбек құралдары. Оларға жататындар: шикізат, негізгі және қосымша материалдар, жанармай, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен бұйым бөлшектері, негізгі қорларды жөндеуге қажетті бөлшектер.

Болашақтағы шығындар – сол кезеңде жүзеге асырылатын, бірақ болашақ кезеңдегі өнімге жататын, жаңа өнімді дайындау, оны игеру шығындарын қамтитын айналым қорларының мүліктік емес элементтері. Мысалы, бұйымның жаңа түрінің технологиясын дайындау және оны жасақтау, құрастыру шығындары, құрал-жабдықтар орнын ауыстыру шығындары және т.б.

Айналыс қорлары айналым аясын қамтамасыз етеді, оған жататындар: қоймадағы дайын өнім, жолдағы тауарлар, ақша қаржылары және тұтынушылармен есеп айырысу қаржылары, соның ішінде көбіне дебиторлық қарыз.


7 тақырып. Еңбек ресурстары

Оқылған сұрақтар:

- Енбек нарығы: мәні және қызмет ету механизмі;

- Қазақстан Республикада халықты әлеуметтік қорғау түжырымдамасы;

- Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері. Кадрлардың құрамы және құрылымы;

- Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттігін анықтау;

- Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс;

- Кәсіпорынның қызметін тиімді істеу үшін ұймдастырушылық мінез-қүлықтың мэні жэне маңызы.



Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7-14]

Негізгі түсініктемелер

Кәсіпорын кадрлары – бұл кәсіпорында қызмет ететін және тізімдік құрамына енетін түрлі кәсіби-біліктілік топтар қызметкерлерінің жиынтығы. Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке құрамы мен категорияларының құрамдық және сандық ара қатынасы кадрлар құрылымын сипаттайды.

"Кадрлар", "персонал", және "кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсініктері де әр түрлі. "Кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсінігі оның потенциалды жұмыс күші, "персонал" – тұрақты және уақытша жұмыс жасайтын біліктілігі бар және біліктілігі жоқ қызметкерлердің барлық жеке құрамы. "Кадрлар" деп кәсіпорынның көп жағдайда біліктілігі бар негізгі (штаттық, тұрақты) қызметкерлер құрамы.

Қызметкерлер санының нормасы (Нс) – нақты өндірістік, басқарушылық қызметтерді немесе нақты жұмыс көлемін орындау үшін қажетті кәсіби-біліктілік құрамындағы қызметкерлердің бекітілген саны. Қызметкерлер санының нормасы бойынша кәсіби, мамандығы, жұмыс түрлері мен топтары, толықтай кәсіпорын, цех немесе оның құрылымдық бөлімшелері бойынша еңбек шығындары анықталады.

Тәжірибеде кадрлады есепке алу және жоспарлауда олардың тізімдік, келгендер және орташа тізімдік құрамы қолданылады.

Тізімдік сан – нақты күндегі қызметкерлердің тізімдік құрамының саны, онда сол күні жұмысқа қабылданған және шығарылған қызметкерлер есепке алынады.

Келгендер саны – нақты күні жұмысқа келгендердің, соның ішінде іс-сапардағы қызметкерлердің тізімдік құрамының санын сипаттайды.

Ай ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны әр күнгі тізімдегі барлық қызметкерлер санының қосындысын сол айдағы календарлық күндер санына қатынасы арқылы анықталады.

Қызметкерлердің демалыс және мейрам күндеріндегі тізімдік саны деп оның алдыңғы күніндегі саны есепке алынады.

Кәсіпорындағы персоналға деген қажеттілік өнеркәсіпті-өндірістік және өнеркәсіптік емес персонал топтары бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Персоналға деген сандық қажеттілікті есептеудің негізгі тәсілдері:

- өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығы бойынша;

- өндіру нормасы бойынша;

- қызмет ету нормасы бойынша;

- жұмыс орындары бойынша.

Өнімділіктің екі түрі бар: тірі жан еңбегінің өнімділігі және қоғамдық еңбек өнімділігі. Тіріжан еңбегінің өнімділігі әрбір жеке өндірістегі жұмыс уақытының шығындарымен анықталады, ал қоғамдық (жиынтық) еңбек өнімділігі тіріжан және затқа айналдырылған еңбек шығындарымен анықталады.

Барлық халық шаруашылығына қытасты қоғамдық (жиындық) еңбек өнімділігі материалды өндіріс саласындағы жұмыспен қамтылған – бір адамға шаққандағы ұлттық табыс ретінде есептелінеді.


8-тақырып. Еңбек ақы төлеу

Оқылған сұрақтар:

- Еңбек мотивацияның формалары және мәні;

- Еңбек ақы төлеудің мэні жэне қағидалары, еңбек ақыны дифференциациялаудың экономикалық негіздері;

- Тарифтік жүйе, оның мазмүны және еңбек ақыны ұйымдастырудағы мәні;

- Жүмысшылардың еңбек ақы жүйелері және формалары;

- Еңбек ақыны үйымдастырудың шетелдік тәжірибесі;

- Еңбек ақының тарифсіз жүйесі;

- Кәсіпорынның пайдасымен зиянда қатысу жүйесі. Кәсіпорынның капиталында қатысу жүйесі.

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 14, 12]

Негізгі түсініктемелер

Кәсіпорындағы қызметкерлердің табысы өндіріс шығынының құрамына енетін еңбекақыдан, әлеуметтік және еңбек жеңілдіктері бойынша төленетін ақша төлемдері, пайдадан төленетін сыйақыдан, акциялар бойынша төленетін дивидендтерден және еңбек ұжымы мүшелерінің кәсіпорын мүлігіне салған салымдарынан, натуралды түрдегі өнім құнынан және басқа да табыстардан құралады. Еңбекақы – материалдық игіліктер мен қызмет түрлерін жеке тұтыну қорының бір бөлігі болып табылады, осының негізінде қызметкерлерге олардың еңбегінің сапасы мен санына сәйкес, сонымен бірге оның нәтижелігіне (ұжым еңбегінің нәтижесінде қосқан үлесіне) сәйкес беріледі. Еңбекақы еңбек шарты бойынша орындалған жұмыстары үшін натуралды ақы құны мен ақшалай төлемдердің қосындысы.

Шаруашылық етудің қазіргі заман жағдайында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру бірнеше қағидаларды ескеру арқылы құрылады:

- еңбекақы төлеуді ұйымдастыруда қызметкерлерге еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйесін және мөлшерін анықтаудағы кәсіпорынның дербестігі;

- еңбекақы төлеуді мемлекеттік реттеу;

- еңбекақыны еңбек жағдайы мен мекендеген жеріне байланысты дифференциялау;

- еңбектің соңғы нәтижелері жоғары болу үшін қызметкерлердің еңбекке деген материалдық қызығушылықтарын туғызу;

- еңбек өнімділігі өсу қарқынының жалақы өсу қарқынынан артық болуы.

Нақты еңбекақы мөлшеріне сұраныс пен ұсыныс маңызды ықпал жасайды. Жұмыс күшіне сұраныс жоғары болған сайын, нақты жалақы да жоғары болады, ал еңбек ұсынысы жалақы динамикасына кері пропорционалды байланыста болады.

Қазіргі кезде кәсіпорындағы жалақы қорын мемлекеттік реттеу ретіндегі құрал әлеуметтік салық болып табылады. Оны кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер, жеке кәсіпкерлер, жеке адвокаттар мен нотариустар төлейді.

Өнеркәсіпте қолданылатын еңбекақы төлеу жүйелері мен нысандары. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің екі нысаны қолданылады: кесімді және мерзімді, әрқайсысы өз алдына бірнеше нысандаға бөлінеді.

Кесімді еңбекақы төлеу нысаны кеңінен қолданылады. Ол қызметкерлерде еңбек нәтижесіне, оның өнімділігіне деген материалдық жағынан қызығушылық тудырады, қызметкер біліктілігін жоғарлатуға ынталандырады, жұмыс уақыты мен қондырғыны толықтай пайдалануға жағдай жасайды.

Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны төмендегі жағдайларда тиімді болып табылады:

- шығарылымның натуралды өлшемдердегі сандық көрсеткіштері мен еңбек нәтижелерін дәл есепке алу мүмкіншілігі болған жағдайда;

- еңбекті нормалаудың ғылыми түсініктемесі болған жағдайда;

- технологиялық процесті бұзбай нормалардың артығымен орындалуы үшін мүмкіншіліктер құрылған жағдайда;

- тоқтап қалуларды болдырмайтын жұмыс орындарына қызмет көрсетуді нақты ұйымдастырған жағдайда;

- өндіріске сапалы және уақытында техникалық жағынан дайындық жүргізілсе.

Кәсіпорын алдында тұрған технико-ұйымдастырушылық жағдайлар мен міндеттердің ерекшеліктеріне байланысты кесімді нысанның бірнеше жүйесі қолданылады: тікелей жеке, кесімді-прогрессивті, кесімді-сыйақылы, жанама, ұжымдық және аккордтық.

Еңбекақы төлеудің жанама-кесімді жүйесі өнім өндірісімен айналыспайтын, бірақ өз еңбегімен негізгі жұмысшылардың еңбек нәтижелеріне әсерін тигізетін жұмысшыларды еңбек өнімділігін ынталандыру үшін қолданылады. Бұл жүйе бойынша станок наладчиктерінің (жөндеушілердің) еңбегі, зауытішілік транспорттық, қондырғыға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар еңбегі төленуі мүмкін.

Негізгілердің еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызғанда жанама кесімді ақыны қолданған тиімді.

Жанама бағаны анықтау үшін жанама кесімді жүйе бойынша төленетін жұмысшының күндік тарифтік ставкасын оған бекітілген қызмет көрсету нормасына немесе қызмет көрсететілетін жұмысшылардың күндік шығарылым нормасына бөлінеді.

Ұжымдық (бригадалық) кесімді еңбекақы ұйымның ұжымдық нысанында қолданылады, онда өндірістік процесс бірнеше жұмысшымен немесе бригадамен жүзеге асырылғанда және еңбектің толық бөлінісі жоқ және бірнеше мамандықтардың қызметтерін бірдей атқарғанда жүргізіледі. Ұжымдық жалақы жеке мөлшері арасында олардың қосқан үлестеріне байланысты бөлінеді.

Жеке жалақыны есептеудің бірнеше тәсілі бар. Ағымдық желілерде жалақы жеке баға мен соңғы операциядағы бригадамен шығарылған өнім көлеміне қатысты есептелінеді. Жеке баға шығарылымның бригадалық нормасы мен бір жұмысшының тарифтік ставканың негізінде есептелінеді.

Екінші бір тәсіл – жұмысшының жалақысы бригаданың жалпы жалақысының, жұмысшының біліктілік деңгейі мен оның жұмыс жасаған уақытының негізінде анықталады.

Жұмысшының бригада еңбегінің нәтижесіне қосқан жеке үлесін толықтай есепке алу үшін бригада мүшелерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенті қолданылуы мүмкін.

Еңбекке қатысу коэффициенті (КТУ) бригаданың әр жұмысшының қосқан еңбегін бағалаудың жалпылама сипаттамасы, ол жеке еңбек өнімділігіне және жұмыс сапасына, күрделі жұмыстарды орындауына, қызмет көрсету аймақтарының арытуына, бригаданың басқа жұмысшыларының жұмысына көмек көрсетуге, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға байланысты. Бұл коэффициент арқылы кесімді жалақы, сыйақы, персоналды жұмыспен босату нәтижесінде алынған жалақы қоры бойынша үнемдеуді бөлу үшін қажет. Еңбекке қатысу коэффициентін анықтау және қолдану тәртібі бригаданың жалпы жиналысымен анықталады және кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып, кәсіпорын басшысымен бекітіледі.

Келесі түрі – аккордты еңбекақы жүйесінің мәні: жұмысшыға немесе топқа нақты жұмыс көлеміне берілетін жалақының көлемімен байланысты болады.

Жалақының мерзімдік нысаны бойынша жұмыс жасаған уақыты есепке алынады, және жұмсаған уақыты мен біліктілік деңгейіне байланысты болады. Қызметкерлерге жалақысының тарифтік ставкасына сәйкес немесе нақты жұмыс жасаған уақытына бекітілген ақы бойынша есептелінеді. Оны кеңінен қолданатын жағдайлары: еңбекті детальды түрде нормалау мен есепке алу экономикалық жағынан тиімсіз болса, шығарылым қабылданған технологиялық режим бойынша анықталып, бастысы - өнімнің жоғары сапасы болған жағдайда қолданылады.

Мерзімдік ақының екі түрі бар – қарапайым және мерзімді-сыйақылы. Қарапайым мерзімді жүйесі бойынша жалақы біліктілік деңгейін ескеру арқылы жұмыс жасаған уақытына төленеді. Мамандар мен қызметкерлер – лауазымдық жалақы, ал жұмысшылар – тарифтік ставка алады.


9-тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инноциялық саясаты

Оқылған сұрақтар:

- Инвестициялар: мәні мен түрлері;

- Мемлекеттік даму институттар;

- Инвестицияларды талдау бағыттары. Жобалық талдаудың тұжырымдамасы;

- Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы: мәні және әзірлеу қағидалары;

- Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі;

- Инвестицияларды қаржыландыру көздері;

- Қаржы инвестициялар. Лизинг - өндірістік инвестициялау қүралы;

- Кэсіпорындардың инновациялық менеджменті: мәні және міндеттемелері.



Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7, 16, 18]

Негізгі түсініктемелер

Инвестиция – табыс (пайда) алу мақсатында инвесторлармен кәсіпкерлік объектілеріне және басқа да қызмет түрлеріне салынатын қаржылық, материалдық және басқа да құндылықтардың барлық түрлері. Инвестициялық көрсеткіштер динамикасы ел дамуының әлеуеті мен жақсы жағдайын сипаттайтын басты макроэкономикалық индикатор болып табылады.

Инвестицияға арналған ресурстар шартты түрде төмендегі бағыттарға бөлінеді:


  • жаңа өнімді игеру және шығару;

  • техникалық жағынан қайта жарақтау;

  • өндірісті кеңейту;

  • қайта құру;

  • жаңа құрылыс.

Кәсіпорында техникалық жағынан қайта жарақтау – ескі өндірістік техника мен технологияны жаңаға ауыстыру. Өндірісті кеңейту – жаңа қосымша цехтардың құрылысы мен басқа да бөлімшелерді құру арқылы өндіріс көлемін арттыру мақсатындағы инвестициялау. Жаңартуға моралды жағынан ескірген және физикалық жағынан тозған машиналар мен қондырғыларды ауыстыру және құрылыс пен ғимараттарды жетілдіру, қайта құру шаралары жатады. Жаңа құрылыс – жаңа өнеркәсіпті кәсіпорындардың құрылысы, толықтай жобалық қуатына енгізілгеннен кейін аяқталған деп есептелінеді.

Кәсіпорынның техникалық жағынан қайта жарақтануы мен қайта жаңартылуында басты негізгі қорлардың белсенді бөлігі ғана жаңартылады.

Инвестициялау объектісіне байланысты инвестиция түрлері:

- айқын инвестиция (кәсіпорынның физикалық капиталына салынған қаржылар, мысалы, жаңа негізгі қорларды құру, ескі қорларды жаңартуға немесе оларды қайтадан техникалық жағынан жарақтау);

- қаржылық инвестиция (инвестордың қаржылық капиталын арттыру мақсатында акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да қаржылық құралдарды пайдаланудағы салымдар);

- ғылыми – техникалық өнім инвестициясы;

- материалдық емес инвестиция (мүліктік құқықтарға, интеллектуалды жеке меншік құқығына салынатын салымдар).

Инвестициялау үрдісіне қатысу сипатына байланысты бөлінуі:

- тікелей инвестиция (инвестициялау объектісін таңдауға инвестордың тікелей қатысуы);

- тікелей емес инвестиция (үрдісті инвестициялық компания және басқа да қаржылық делдалдар жүргізеді).

Кәсіпорынның инвестициялық саясатының негізгі бағыттары:

1) кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарлатуға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестиция мақсаты – ескірген қондырғыларды ауыстыру, персоналды қайта оқыту немесе өндірістік қуатты өндіріс және өтім шарттары өте тиімді аймақтарға ауыстыру арқылы кәсіпорын шығындарын төмендету үшін жағдайлар туғызу;

2) өндірісті кеңейтудегі инвестиция. Бұл инвестициялар мақсаты - әрекеттегі өндіріс негізінде қалыптасқан нарыққа арналған тауарлар мен қызмет түрлерінің өндіріс көлемін кеңейту;

3) жаңа өндірісті құрудағы инвестиция. Бұл инвестициялар кәсіпорынмен бұрын өндірілмеген тауарлар мен қызмет түрлерін шығару үшін жаңа технологияларды игеру және тіптен жаңа қуаттарды құруға арналған;

4) мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандырудағы инвестициялар (жаңа экологиялық нормалар немесе қауіпсіздік стандарттары).

Осы әдістемелік нұсқауға сәйкес инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда қолданылатын түсініктер:

- коммерциялық (қаржылық) тиімділік жобаға тікелей қатысушылар үшін жобаны жүзеге асырудың қаржылық салдарын анықтайды;

- бюджетті тиімділік жобаның аймақтық және жергілікті бюджетіне қосатын үлесінің қаржылық салдарын көрсетеді;

- экономикалық тиімділік жобаны жүзеге асыруға байланысты шығындар мен нәтижелерді есепке алады, олар инвестициялық жоба қатысушыларының тікелей қаржылық мүдделері шегінен шығып кетуі мүмкін және құндық өлшемді қажет етеді.

Инвестициялық жоба тиімділігі инвестициялық үрдіске қатысушылардың мүдделерін ескере отырып шығындар мен нәтижелердің арақатынасын көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.

Инвестициялық жоба тиімділігін бағалау кезінде қарастырылған көрсеткіштерді салыстыру кезіндегі құнға келтіру (дисконттау) керек, өйткені түрлі уақыт кезеңдеріндегі шығындар мен қаржы түсімдері бір мәнді болмайды (бұл салыстыруды жүргізгенде қиынға соқтырады), яғни алдыңғы кезеңде алынған табыс құны соңғы кезде алынған табыс мөлшерінен жоғары болады.

Есепті баға – базистік бағаны жалпы инфляция индексіне сәйкес келетін дефляторға, яғни экономикадағы немесе нақты ресурс, өнім, қызмет түрі бағасының орташа деңгейін жоғарлату индексіне көбейту арқылы анықталады.

Жобалық және есепті баға инвестициялық жобаның техника-экономикалық түсініктеме беру кезеңінде қолданылады. Техника-экономикалық түсініктемеде есептеулер отандық базисті, керек жағдайда - әлемдік баға бойынша жүргізіледі.

Егер шығындар мен нәтижелердің ағымдағы мәні болжамдық бағамен есептелген жағдайда тиімділіктің интегралды көрсеткіштерін анықтауда есепті баға пайдаланылады. Бұл инфляцияның түрлі деңгейінде алынатын нәтижелерді салыстыру үшін қажет.

Базисті, болжамдық және есепті баға теңгемен есептелуі немесе тұрақты шетел валютасымен есептелуі мүмкін (АҚШ доллары, герман маркасы, экю және т.б.)

Инвестициялық жобалар тиімділігін бағалаудағы есептеулерде сату көлемі өзгерісі әсерінен болатын өнім және тұтынылатын ресурстар бағасы өзгерісінің әсерін міндетті түрде ескеру керек (тауарлар мен қызмет түрлері нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қанағаттандырылуына әсері).

Инновациялық қызмет – аяқталған ғылыми зерттеулер мен өңдеулер немесе нарықта өткізілетін жаңа немесе қасиеттері өзгертілген, яғни жаңартылған өнімнің, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістің ғылыми-техникалық жетістіктерін, және осылармен байланысты болатын қосымша ғылыми зерттеу мен өңдеу нәтижелерін таратуға бағытталған үрдіс.

Инновация (жаңалықтар енгізу) – нарықта өткізілетін жаңа немесе жаңартылған өнім, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдісі түрінде нарықта өткізуге болатын инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.

Инновация бұл тек өндіріске енгізілген ғана емес, сонымен бірге тиімді және жоғары пайда әкелетін объект. Инновацияны жүзеге асыру үрдісінде жүргізілетін ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиындығын инновациялық үрдіс деп атауға болады, ал жаңа енгізулерді жасауға, таратуға және оны пайдалануға кеткен уақытты инновациялық кезең деп атайды.

Зерттеу объектісіне байланысты инновацияны келесідей қарастыруға болады:

а) инновация – үрдіс ретінде (Б. Твисс, А. Койре, И.П. Пинингс, В. Раппопорт, Б.Санта, В.С. Кабаков, Г.М. Гвишиани, В.Л. Макаров және басқалары);

б) инновация – жүйе ретінде (Н.И. Лапин, Й. Шумпетер);

в) инновация – өзгерістер ретінде (Ф. Валента, Ю.В. Яковец, Л. Водачек және басқалары);

г) инновация – нәтиже ретінде (А. Левинсон, С.Д. Бешелев, Ф.Г. Гурвич).


10-тақырып. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары

Оқылған сұрақтар:

- Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, түрақты және өзгермелі шығындар;

- Кәсіпорынның шығындарын құрайтын шығындар жіктелуі;

- Кэсіпорындағы шығындар құрамы;

- Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары;

- Калькуляциялаудың үрдістік, шекті және тапсырмалық әдістері;

- Қосымша шығындар, олардың құрамы және бөлу белгілері. Қосымша шығындарды бөлуәдістемесі;

- Өндіріс шығындарын толықтаудағы шет елдер тәжірибесі. Өнімнің өзіндік құнын азайтуының мэні, көздері және факторлары.

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 9, 14]

Негізгі түсініктемелер

Шығындар - нақты уақыт ішінде өнім өндірісі мен оны өткізудің материалдық, еңбек, қаржы, табиғи, ақпараттық және басқа да ресурстар құнының ақшалай бағасы. Анықтамаға сәйкес шығындардың 4 сипатын атап өтуге болады:

- ресурстардың ақшалай бағасы – барлық ресурс түрлерін бір өлшемге келтіру;

- мақсатқа бағыттылығы - өнім өндіруге немесе өнімді өткізуге толықтай кәсіпорын немесе құрылымдық бөлімшелері бойынша, толықтай үрдіс немесе оның белгілі бір кезеңдеріндегі мақсаттарға бағыттылығы;

- нақты уақыт кезеңінде болуы керек;

- қор сіңіргіштік қасиеті – егер шығындар өндіріске жұмылдырылмаса, немесе тізімнен шығарылып тасталмаса, шығындар қорларға айналады, шикізат қорына, материалдар қорына, аяқталмаған өндіріс қорына, дайын өнім қорына айналады. Бұл жағдайда шығындар кәсіпорын активтеріне жатқызылады.

Шығындар түсінігімен бірдей өнімнің өзіндік құны көрсеткіші қолданылады. Өнімнің өзіндік құны – ақшалай түрдегі кәсіпорынның өнім өндірісі мен оны өткізудегі ағымдық шығындары.

Нарықтық экономика жағдайында өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің басты көрсеткіші болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау басқарушылық есепте көрсетіледі. Оның негізгі мақсаты – мамандарға, басқарушылық персонал мен кәсіпорын бөлімшелеріне өнімнің өзіндік құнын басқару үшін ақпараттармен қамту.

Өнімнің өзіндік құны калькуляциясы. Калькуляция – барлық тауарлы өнім мен оның бөліктерінің өзіндік құнын, нақты бұйым түрінің өзіндік құнын, өнім өндірісі мен оны өткізудегі кәсіпорын бөлімдерінің шығындарын есептеудегі жүйе.

Калькуляцияның жеке баптары бойынша шығындарды анықтау тәртібі:

бұйымды дайындаудағы тікелей шығындардың нормативін есептеу;

жанама шығындарды жеке бұйымдардың өзіндік құнына бөлу.

Калькуляциялық баптар бойынша өзіндік құн құрылымы өнімнің толық өзіндік құнындағы шығындар арақатынасын, не шығындалғандығын, қайда шығындалғандығын, қаржылар қандай мақсаттарға бағытталғандығын көрсетеді. Ол кәсіпорынның әр цехының немесе бөлімшесінің шығындарын бөліп көрсетеді.

Өндіріс шығындарының сметасы тек шығындардың экономикалық біртекті элементтерін бірлестірсе, калькуляция баптарында кейбіреулері ғана біртекті, ал қалғандары шығындардың әр түрлерін қамтиды, яғни кешенді құрайды. Қолдануға байланысты калькуляция түрлері бірнешеге бөлінеді.

Жоспарлы калькуляция – жоспарлы кезеңде өнімді дайындауға қажетті шығындардың максималды мүмкін болатын мөлшерін қамтиды және жоспарға енгізілген өнімнің барлық түріне жасалады.

Сметалық калькуляция – жоспарлы сияқты жұмыстың бір түріне және сырттан келген тапсырыс бойынша өнім өндірісіне жасалады. Тапсырыс берушілермен есептесу кезіндегі бағаның негізі болып табылады.

Нормативті калькуляция – шикізат, материалдар, энергия шығындарының нормасы бойынша бұйымның өзіндік құнын есептеу.

Жобалық калькуляция - өнім өндірісіне дайындық кезінде анықталады және жобаланған жаңа өндіріс пен технологиялық үрдістердің тиімділігіне түсініктеме беру үшін қажет.

Есепті калькуляция - өнім бірлігінің нақты өзіндік құнын көрсетеді, онда бұйымға кепілдік жөндеу және кепілдік қызмет көрсету шығындары, дұрыс жасалмаған бұйымдар шығыны және т.б. ескеріледі.

Өнім өндірісі мен өткізу шығындар сметасы. Өнім өндірісі мен оны өткізудегі шығындар сметасы кәсіпорынның жалпы шығындарын анықтау мақсатында есептелінеді. Шығындар сметасын құрудағы әрекеттер:

1) қосымша цехтар шығыны сметасын анықтаумен басталады, өйткені олардың өнімдері кәсіпорынның негізгі цехтарымен пайдаланылады және бұл цехтар шығындары негізгі өндірістік цехтар өнімінің өзіндік құнына енеді;

2) содан соң кәсіпорынның негізгі цехтары бойынша шығындар сметасы есептелінеді, оның негізінде шығындардың өндірістік (зауоттық) сметасы қалыптасады және тауарлы, өткізілген өнімнің өзіндік құн көрсеткіштері анықталады.

Шығындар элементі:

1) материалдық шығындар;

- шикізат және негізгі материалдар;

- сатып алынатын бұйымдар;

- қосымша материалдар;

- сырттан сатып алынған жанармай;

- сырттан сатып алынған энергия;

2) өнеркәсіптік-өндірістік персонал еңбегін төлеу шығындары;

- жұмысшылардың еңбекақысы;

- инженерлі-техникалық қызметкер еңбекақысы;

- қызметкерлер еңбекақысы;

3) әлеуметтік мұқтаждықтарға төленетін аударымдар;

- әлеуметтік сақтандыру;

- зейнетақы қоры;

- медициналық сақтандыру;

- салалық сақтандыру тарифі;

4) негізгі қорлар амортизациясы;

- негізгі өндірістік қорларды толықтай қалпына келтіруге аударымдар (үдемелі амортизацияны ескереді);

5) басқа да шығындар;

- салықтар, жарналар, бюджеттен тыс арнайы қорларға аударымдар;

- мүлікті міндетті сақтандыру бойынша төлемдер;

- байланыс, есептеу орталықтарының, банктердің қызметін төлеу;

- кадрларды дайындау және қайта дайындықтан өткізу, іс-сапар шығындары;

- негізгі қорларды жалға алу төлемдері;

- басқа да төлемдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет