Егемен Қазақстан 2009 №133-134 14 сәуір Ордамыз да, ортамыз да, орман бақберген амалбек



Дата23.02.2016
өлшемі51.49 Kb.
#9314
Егемен Қазақстан 2009 №133-134 14 сәуір

Ордамыз да, ортамыз да, ОРМАН



Бақберген АМАЛБЕК

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанның орман қоры 26,2 миллион гектарды алып жатыр. Жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған республикамыз үшін бұл аз ба, көп пе деген сұрақ тастаудың өзі қисынсыз. Таратып айтар болсақ, ой сілемі қалыңдай түседі. Сексеуіл бүталары мен жасыл желекті қосып есептегенде, ел аумағының 4,6 пайызында ғана таза орман тербеледі екен. Ал, облыстардағы орман қүрылымы 0,1-16 пайыз аралығында құбылады. Соған қарамастан, қазір қоғамды "орман емес, орманшы аз" деген мәселе толғандыруда.

Шынтуайтына келсек, атқарылып жатқан жұмыстар да жоқ емес. Қазақстанда орман шаруашылығы мамандары 9 жоғары оку орнында, 24 колледж бен 3 көсіптік-техникалық училищелерде білім алады. Жалпы, 2004-2008 жылдар аралығында елімізде 3789 маман даярланды. Қарышты Қазақстан үшін мулдем аз, әрине. Әйткенмен, оқу орындарының материаддық -техникалық базасының жұтаңдығы, оқытушы кадрлардың жетіспеушілігі озық танымдағы орманшылар қатарын толықгыруды тежеуде. Әсіресе, салалық, оның ішінде қазақ тіліндегі оку және әдістемелік құралдардың тапшылығы өткір күйінде тұр. Бұл рас. Бірақ, толғандыратын басқа мәселелер бар. Мамандардың айтуынша, соның ең бастысы дипломды орманшылардың орман рухын сезінбеуі.

— Қазақстанда қайталанбас көркем табиғатымен, өскін түрлерінің молдығымен көз тартатын қойнаулар көп, — дейді Қазақтың агротехникалық уни-верситетінің ректоры, профессор Айтбай Бұлашев. Олардың қатарына Щучье-Бурабай курортты аймағындағы, Ертіс жолақтарындағы, Іле және Жоңғар Алатауындағы, тағы басқа барқыт бақтарды қосуға болады. Демек, бізде орман әлемінің шынайы тамыршыларын тәрбиелеуге мүмкіндік молынан жетеді. Осыларды ескере келіп Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Астана қаласының 2005 жылғы өлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және қала қүрылысы мен көркейту ісін дамытудың 2006 жылға арналған міндеттері туралы" мәселе қараған келелі жиында университетіміздің Щучье қаласында филиалын ашу қажеттігін міндеттеген еді. Межіліс хаттамасы талаптарына сөйкес, 2006 жылдың 24 ақпанында Щучье қаласында оку орнының "Сарыарка" оқу ғылыми-өндірістік кешені қүрылса, сол жылдың 1 қыркүйегінен агрономия факультетінің "Орман шаруашылығы ісі" бөлімі жүмыс істей бастады. Мүнда жоғары курс студенттері дәріс алып, өндірістік тәжірибеден етуде.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2007 жылдың жазында жүмыс бабындағы сапармен Бурабайға келгенінде "Қазақтың орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС дендробағы мен арбаретумында ғылыми ізденіс жұмыстарын атқарып жатқан студенттермен әңгімелесіп, табыс тілегенінің куөсі болғанбыз. Университет кешенінде екі оку корпусы, қонақ үй үлгісіндегі жатақхана бар екен. "Орман шаруашылығы ісі" мамандығын игеріп жатқан 31 студент мемлекет қамқорлығына үздік үлгірімімен жауап беретіндігіне сендірген. Солай болып шықты да. Бурабай кешенінің алғашқы, яғни 2007-2008 оқу жылындағы 16 түлегі диплом жұмысын ойдағыдай қорғап, барлығы да орман саласы бойынша қызметке орналастырылды. Реті келгенде айта кетейік, сол 2007 жылдың тамызында Қазақтың орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының 50 жылдығына арналған халықаралық конференция өткізілген болатын. Осынау беделді басқосуда көптеген ғалымдар, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері Сөбит Байзақов пен Эрвин Госсен С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ орман шаруашылығы мамандарын даярлауда болашағы зор орда екендігін мөлімдегені есімізде.

Көңілімізде жақсы бір із қалдырған осынау кездесу бізді Бурабайға тағы да бастап келді. Мұндағы үйлестіру жұмыстарының бәрі факультет деканының орынбасары Нүрым Данияровтың қарауында екен. Бүгінгі таңда тәлім алып жатқан 71 студенттің 62 пайызы мемлекеттік грантпен, ал 34 жастың қазақ тобында оқитыны бөлім қызметінің жақсы жолға қойылғанын делелдейді. Бұл осындағы тек қана орман саласы бойынша маманданған 16 оқыту-шының жоғары біліктілігінің де жемісі деп білдік. Ауыл шаруа-шылығы ғылымдарының докторы Болат Мұқанов басшылық ететін Қазақтың орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұжымына үлкен ризашылық білдірді. Студенттер оқу – тәжірибелік жүктеменің 70 пайызын осынау елімізге белгілі орданың базасында өткізеді екен. Өзара ынтымақты келісім шарт мінсіз орындалады. Университет таңдауының сөттілігін мыналардан-ақ аңғаруға болады. Институттың сирек кездесетін дендробағы мен арбаретумы, заман талабындағы зертханалары, қолға түспейтін басылымдарға бай кітапханасы студенттер игілігінде. Сондай-ақ сегіз ғалым сабақ береді. Бүлар өзгелердегідей "сағатшылар" (по-часовик) емес, бүкіл ғүмырын орман әлеміне бағыштаған ғүламалар десек, еш артықтығы жоқ. Сабақ кестесіне көз жүгірткенде, олардың "орманды қорғау", "екпе ормандар", "орман экономикасы", "орманды орналастыру мен басқару", "орман энтомологиясы мен пирологиясы", "Жасыл аймақ" қалай қалыптасады?" деген тақырыпта лекция оқитының білдік. Бүл студенттерді ғана емес, жалпы көпшілікті тартып түратын мәселелер.

Нүрым Жүсіпұлымен бірге № 3 дәрісхананың есігін қақтық. Студенттер дүр түрегеліп, қүрмет көрсетті. Жағдай сүрағанымызда, арнайы дайындалғаны ма екен, қазақ тобының 3 курс студенті Олжас Өтенов айрықша белсенділік танытты. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының тумасы өзінің осы оқуға түскенін даңқты жерлес атасы Ғабит Мүсіреповпен байланыстырады. "Жазушының 100 жылдығына орай "Егемен Қазақстаннан" сіздің Ғабит Мүсіреповтің Бурабай орман шаруашылығы техникумында сабақ бергені туралы мақалаңызды оқығанмын,— дейді Олжас. —Орманшы мамандығын қалауым осыдан. Сіздің келгеніңізді пайдаланып, бас газет ұжымын биыл атап өтетін 90 жылдығымен құттықтаймын. Ғабит атамыздың осы басылымның басшысы болғанын мақтан етеміз".

Келесі дөрісханада 4 курс студенті Жанболат Адаханов сөз сұрады. Ол бірінші курстан кейін осында екен, Бурабайдың орман алқабын"' түгел' аралап, көп нөрсені көкейге түйгені көрініп тұр. Диплом тақырыбын "Бу-рабай ұлттық табиғи бағындағы қарағайларды санитарлық кесіп өңдеу" тақырыбында қорғамақ. Жетекшісі Боранбай Жұмағұлдың пайымдауынша, Жанболаттың жұмысы үздік бағадан үміткер.

Қос қабатгы жатақханада да студенттік өмір қайнап тұр. Дайындық бөлмесінде 3 курс студенттері Арайлым Жетпісбаева мен Аякөз Құдайбергенова "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" тақырыбындағы са-бақты тиянақтауда. Ертең курс жетекшісі Надежда Байтақованың өзі тексеретін керінеді. Қорғалжындық қос қүрбы әлемге әйгілі қорықтың болашағына қызмет етуді перзенттік парыз санаймыз дейді.

Асханада Самат Тұлымшақов ас камдап жүр. Бөлменің бүгінгі кезекшісі Астанада туып өскен. Сондықтан, оның басты мақсаты — елордамызды жасыл желекке бөлеп, қаланың көгілдір келбетін көркемдеу.



Осы орайда, университет ректоры Айтбай Кабыкешұлының Астананың жасыл белдеуін қалыптастырудағы білім ордасы қолға алған жүмыстар туралы әңгімесі ойға оралады. Елорда төңірегінде 2010 жылға дейін 25 мың гектар тал-шыбық отырғызылуы керек. Оған көшеттер дайындау үшін Қараөткел кентінде 30 гектарлық орман питомнигі пайдалануға берілді. Астана мен оның айналасын көкмайсаға бөлеуде салмақты орын алатын Қосшы питомнигі толық қуатына (110 гектар) қосылатын күн де алыс емес. Тельман кентінде дендробақ орнату мақсатымен 50 гектар жер бөлінді. Ол ғылыми-зерттеулер жүргізудің стационарлық кешені ғана емес, астаналықгардың әсем табиғатпен қауышу орталығына айналмақ.

Бурабайдағы кешенде болғанда ұқканымыз, әлемдік стандарттар сертификаты бойынша қызмет атқаратын университет орман шаруашылығының жаңа көзкарастағы мамандарын даярлауға ден қойғандығы дер едік. Қазір орман әлемі тұтыну құндылығының шеңбері анағүрлым кеңейді. Ол дәстүрлі емес өнімдер беруге икемделді. Бүл бағытта биотехнология мен гендік инженерлік саласы алға шығуда. Бақтар, гүлзарлар, ландшафттық дизайн құрылысы, экологиялық қызықты жобалар жас толқын мамандардың шығармашылық қуаты мен қиял кеңістігін кеңіте бермек. Жарты ғасырдан астам бай төжірибесі бар білім ордасының қадамдарына сәттілік тілегіміз келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет