Егіншілік семей -2013 Аннотация


Топырақтың коректік заттар режімі және оны егіншілікте реттеу



бет3/16
Дата09.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#124423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2.5 Топырақтың коректік заттар режімі және оны егіншілікте реттеу

Топырақта өсімдіктерге қажет су, ауа, жылумен қатар коректік заттардың болуын оның коректік режимі дейді.

Көптеген анализдердің нәтижесінде өсімдіктер организмдерінде әртүрлі элементтердің болатыны анықталды. Олардың ішіндегі басым көпшілігі C, H, O, N, P, K, Ca, Mg, Fe макроэлементтер. Бұл элементтерді өсімдіктер жеке молекула түрінде емес, олардың қосылыстары түрінде пайдаланылады. Өсімдіктер үшін әр элеметтің өз орны бар.

Макроэлементтермен қатар өсімдіктерге микроэлементтерде қажет. Оларға B, Mn, Zn, Cu, Mo, Al, J және басқалары жатады.

Өсімдіктерге ең көп қажет азот, фосфор және калий (N,P,K). Көптеген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда аталған элементтердің қоры топырақта жеткілікті. Мысалы, Кравцовтың деректері бойынша қара топырақтардың бір гектарында N–12 тонна, P -6 тонна, ал K -20 тонна екен. Осы келтірілген қорды өсімдіктер топырақтан алып пайдаланылатын мөлшермен салыстырсақ, ешқандай тыңайтқыш енгізбей-ақ жыл сайын жоғары өнім алуға болады екен деп ойлауға болады. Бірақ, істің мәні басқаша. Бұл келтірілген қордың көбін өсімдіктер пайдалана алмайды, өйткені олар көбіне органикалық қосылыс түрінде кездеседі, ал оларды өсімдіктер тікелей ала алмайды. Азоттың топырақта органикалық (10,4 т/га), нитратты (60 кг/га) және аммиакты (110 кг/га) түрлері кездеседі.

Өсімдіктер нитратты және аммиакты азотты сіңіре алатындықтан жоғарыда келтірілегн барлық азот қорының (12т/га) әр гектардан тек 170 кг ғана пайдаланады.

Фосфор топырақта аналық тау жыныстарында (аппатит, сильвенит), органикалық (көңде, қида –0,2-0,3%) және жылжымалы түрлерде кездеседі.

Калий аналық тау жынысы құрамында (ортоклаз, далалық шпат және т.б.), органикалық (қи, көң -0,6) және жылмалы минералдық түрде болады.

Қазақстан топырақтарында фосфор аз, ал калий көп мөлшерде кездеседі.

Өсімдіктерге қажет азот тұздарына NH4NO3, Ca(NO3)2, KNO3, NaNO3 жатады. Азот тұздары пайда болу үшін топырақта нитрификация процессі жүру керек. Ол екі фазада өтеді. 2 NH3 + 3 O2 = 2 HNO2 + 2H2O және 2 HNO2 + O2 = 2 HNO3+ 43200 кал

Көптеген бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадан бос азоттты сіңіріп, оны өздеріне қажетті коректік заттарға айналдырады, біраз бөлігін топырақта қалдырады. Топырақтың коректік заттар режімін реттеу үшін оған ораникалық тыңайтқыштар (қи, көң, құстың саңғырығы, қорда) және жасыл тыңайтқыштар беру, танапта сабан қалдыру керек.

Минералдық тыңайтқыштарды (азот, фосфор, калий тұздары) пайдалану топырақтың коректік заттар режімін реттеудің басты жолдарының бірі.

Микротыңайтқыштар мен бактериалдық (азот бактерин, фосфоро бактерин) тыңайтқыштарды пайдаланудың өсімдіктер үшін үлкен мәні бар.



Топырақтағы микроорганизмдердің тіршілік қабілетін артыру үшін оларға қолайлы жағдай туғызу (оптималды температура +25-30С, ылғалдылық -45-60%, бейтарап топырақ ортасы, оттегінің топыраққа тұрақты келуі және тағы басқа) керек.
Тақырып 2.6 Егіншілік заңдылықтары және оларды мол өнім алу үшін өндірісте қолдану

Егіншілікті қарқынды жүргізіп, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін оның заңдылықтарын дұрыс пайдалана білу керек. Ашылу мерзіміне байланысты егіншіліктегі бірінші заң – жасыл өсімдіктердің автотрофтылық заңы. Онда жасыл өсімдіктер ғарыштан күн сәулесі энергиясын, ауадан көмір қышқыл газын, топырақтан минералдық қосылыстарды пайдалана отырып өздеріне қажет органикалық заттарды түзеді делінген. Сондықтан өнімді көп алу үшін егістік алқапта оптималды мөлшерде мәдени өсімдік өсіріп, ал топырақта жеткілікті мөлшерде ылғал мен минералдық коректік заттар қорын жасау керек.

Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті факторлардың өзара тепе-теңділігі мен бірі мен бірі айырбасталмайтындығы заңының мазмұны: “Өсімдік тіршілігіне қажетті факторлар бір –бірімен айырбасталмайды”. Бұл өсімдікке барлық факторлар қажет деген сөз. Осыдан барып өсімдіктер тіршілігіне керекті факторлардың теңмағыналылық заңы шыққан. Оны былай түсіндіруге болады. “Өсімдік өміріне (тіршілігіне) қажетті факторлар тең мағыналы”, яғни өсімдіктер үшін жарықтың, жылудың, ауаның, қоректік заттардың және ылғалдың маңызы бірдей.

Минумум, оптимум, максимум заңы. Оны бірінші рет неміс ғалымы Сакс ашқан болатын. Оның айтуынша “Ең жоғарғы өнім факторлар оптималды мөлшерде болғанда ғана алынады, ал егер олар минималды (аз) және максималды (көп) мөлшерде болса өнім төмендейді”. Бұл заңды 1840 екінші неміс ғалымы Ю.Либих толықтырады.

Қайтарым заңын XІX ғасырдың орта кезінде Ю.Либих ашқан. Оның анықтамасы бойынша: “Өсімдіктер өнімі құралғанда пайдалынылған барлық заттар (азоттан басқа) толығымен қайтадан топыраққа тыңайтқыштар түрінде артығымен қайтарылуы керек.” Бұл заңды бұзу, ерте ме кеш пе топырақ құнарлылығының жоғалуына әкеліп соқтырады. Осы заңның нәтижесінде минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауттар салынды.

Тұқым алмастыру заңы бойынша «өзінің биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы жағынан алшақ тұрған дақылдарды жыл сайын, немесе белгілі бір уақыт ішінде ауыстырып отыру арқылы алынатын өнім мен топырақтың құнарлылығын арттыруға болады». Осы заң негізінде егіншілікте ауыспалы егіс жүйесі пайда болған.

Топырақ құнарлығының кеми беру “заңын XVІІІ ғасырда француз экономисі А.Р.Ж.Тюрго шығарған болатын. Оның мәні мынада еді. “Өнім өндіруге сәйкес келмейтін еңбек пен шығынды көбейте бергенмен, әрбір қосымша өнімнің нәтижесі бірте-бірте кемиді, сондықтан жұмсалған шығынның ақталуы өте баяу болады, тіпті ақталмауы да мүмкін”. Осы аталған заңдарды егіншілікте қолдану өнімді молайтуға зор мүмкіншілік береді.

Қазақстан егіншілігінде аталған заңдарды пайдалана отырып өте жоғары рекордтары өнім алған дихандар бар. Мысалы, Шығанақ Берсиев (1881-1944ж) Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы Құрман ұжымшарында 1943 жылы тарының әр гектарынан 201 центнер өнім жинап әлемге атағы әйгілі болған.

Ыбрай Жахаев (1891-1981жж) Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қызыл-Ту ұжымшарында күріштің әр гектарынан 171 центнер өнім жинап, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері мәртебесіне ие болған.

Бұрынғы Талдыкорган облысының, Талдықорған ауданындағы “1-Май” ұжымшарында 3 гектар қант қызылшасының әр гектарынан Ольга Гоноженко 936 центнер өнім жинаған, сөйтәп ол да Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған.

ТМД елдерінде де жоғарғы өнім алған дихандарда аз емес. Мысалы, 1960 жылдары Ташкент облысындағы “Полиотдел” ұжымшарында Любовь Лидің звеносы әр гектар жерден 1975 центнер сүрлемдік жүгерінің көк массасын жинаған. Сөйтіп, егіншілік заңдылықтарын өндірісте қолдану үлкен табыстарға жетуге мүмкіндік туғызады.

2 тарау Арамшөптер және олармен күрес шаралары

2.1 Арамшөптер туралы түсінік және олардың ауылшаруашылығына келтіретін зияндылығы.

Егістік жердерде өніп-өсіп, ауыл шаруашылығына зиян келтіретін өсімдіктерді арамшөптер деп атайды. Олар тек егіс алқабында ғана емес, сонымен қатар жайылымдықтар мен шабындықтарда, орман алқаптарында да кездеседі.

Егер негізгі ауылшаруашылығы дақылдары егісінде басқа мәдени өсімдіктер кездессе, оларды арамшөп қоспасы дейді. Мысалы, бидай егісінде арпа, сұлы, не болмаса басқа мәдени өсімдіктер өссе олар арамшөп қоспасы болып есептеледі.

Кейбір арамшөптердің мәдени дақылдарға бейімділігі соншалық олардың даму кезеңдері, тұқымдарының көлемдері (ені, ұзындығы) бірдей болып келеді. Сондықтан, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын осындай арамшөптерден тазалау қиынға түседі. Мысалға сұлы егісіндегі қарасұлы, тары егісіндегі итқонақ арамшөп тұқымдарын келтіруге болады. Мұндай арамшөптерді маманданған, немесе айырылмас серіктес арамшөптер деп атайды.

Кейінгі кезде кеңшарлар мен ұжымшарлардың таратылып, олардың орындарына пайда болған ұсақ шаруашылықтарда агротехникалық шаралардың орындалмауына, ауыспалы егістіктердің жойылыуына, гербицидтердің шамалы қолданылуына, жердің дұрыс және дер кезінде өңделмеуіне байланысты ауылшаруашылық дақылдарының егістерінде арамшөптер етек алып жайылып кетті. Әсіресе, республиканың астықты солтүсітік өңірде қарасұлы және атпатамырлы арамшөптер (егістік сары қалуен, далалық шырмауық тағы басқалары ) қайтадан қаулап өсе бастады.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағындағы жағдай дәл осындай.

Мәдени егіншіліктің ең басты көрсеткіші танаптың арамшөптерден тазалығы, кері жағдайда олар ауыл шаруашылығына орасан зиян келтіреді. Олардың ең бастыларының ішінен мыналарға тоқтауға болады.

Көптеген арамшөптердің тамыр жүйелері өте күшті дамыған. С.А.Воробьевтің деректері бойынша қарасұлының тамыры 2,0 метр, ал егістік калуендікі бірінші жылы 3,5 метр, екінші жылы 5,75 метр, үшінші жылы 7,2 метр тереңдікке дейін өседі. Сондықтан, олар тіпті топырақтың терең қабатында жатқан ылғалды, коректік заттарды жақсы пайдаланылады.

Тамыр жүйелернің күшті дамуына байланысты арамшөптер мәдени өсімдіктерге қарағанда ылғалды әлдеқайда көп жұмсайды. Бұған арамшөптер мен ауылшаруашылық дақылдарының транспирациялық коэффиценттерін салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. Мысалы, бидай 1 грамм құрғақ зат құруы үшін 400 грамм, тары 250 грамм ылғал жұмсаса, ал осы астық тұқымдастарына жататын қарасұлыға 600 грамм ылғал керек, яғни ол ылғалды бидайға қарағанда 1,5 есе, ал тарымен салыстырғанда 2,1 есе көп жұмсайды.

Академик А.И. Мальцевтің деректері бойынша жылдық жауын-шашын қорының 20 пайызынан астамы арамшөптердің өніп-өсуіне жұмсалады. Мұның өзі жауын-шашын мөлшері аз Қазақстан Республикасы үшін өте зиян. Міне, сондықтанда арамшөптермен күрес – ылғал үшін күрес.

Арамшөптер өсіп-дамуына тек ылғалды емес, сонымен бірге қоректік заттарды ауылшаруашылық дақылдарына қарағанда жылма-жыл топырақтан әлдеқайда көп әкетеді. Соның салдарынан топырақтың құнарлылығы төмендейді. Мысалы, егістік калуен арамшөбі 36 центнер көк балауса түзу үшін әр гектардан 14 кг азот, 30 кг фосфор және 120 кг клий сіңіріп алады. Осы жұмсалған коректік заттар әрбір гектар жерден 31,8 центнер күздік бидай, немесе 250 центнер қант қызылшасын өндіріуге жетер еді.

Арамшөптер топырақтың коректік заттарын ғана емес, сонымен бірге танапқа берілген минералдық тыңайтқыштардың 25-30 пайызын пайдаланады.

Ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптердің арасында жарық үшін де күрес жүреді. Биік бойлап өсетін арамшөптер мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп, фотосинтез процесін баяулатады, осының салдарынан өсімдіктердің көмір қышқыл газын сіңіруі нашарлайды және оларда органикалық заттардың түзіліуі төмендейді, яғни алынатын өнім азаяды. Биік өскен арамшөптер топырақтың беткі қабатын көлеңкелеп оның температурасын 2-40С-қа төмендетеді, сондықтан себілген тұқым көпке дейін өнбей топырақта жатып шіриді, немесе әртүрлі ауруларға шалдығуы мүмкін және кешігіп шыққан егін дәл уақытында пісіп жетілмей күзгі суыққа ұрынады. Бұл әсіресе жазы қысқа, күзі ерте түсетін Қазақстанның солтүстік облыстары үшін өте қауыпты жағдай.

Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерін тарататын мекені болып табылады. Мысалы, қант қызылшасының қауіпті зиянкесі қант қызылшасы бізтұмсығының мекені алабота болса, ал егістік шырмауықта шалғындық көбелек дамып, ол кейіннен мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді.

Кейбір арамшөптердің жемістері, тұқымдары улы болып, адамдарды және малдарды уландырады (қырықбуын, сарғалдақ, қара меңдуана, үйбидайық, кәдімгі қарамықша), ал жекелеген арамшөптердің жағымсыз иісі малдардан алынатын өнімдерді бүлдіреді. Мысалы, ермен, жуа сүтке ащы, кермек дәм береді. Жусан жапырақтары ойран шөп тозаңдары адамдарда пішен қыздырмасын қоздырады.

Арамшөптер және олардың тамырлары топырақ өңдегенде ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының кедергісін 30 пайызға дейін арттырады. Осының нәтижесінде де еңбек өнімділігі төмендейді, жанар-жағар майдың шығыны көбейеді. Мысалы, арамшөбі басым 1 гектар жерді өңдеуге 29,6 литр жанармай жұмсалса, ал олар аз жерде бұл көрсеткіш 17 литрге тең.

Паразитті арамшөптер мәдени өсімдіктердің бойындағы шырынын сорып, олардың өніп-өсуіне кедергі жасайды, тіпті опат болуына әкеп соқтырады. Мысалы, күнбағыс сұңғыласы, арамшырмауық көкөніс дақылдарын, темекіні, картопты осындай жағдайға душар етеді.

Арамшөптер тамырынан бөлініп шығатын улы заттар мәдени дақылдардың дамуына кедергі жасайды. Мысалы, итқонақ арамшөбінің тамырынан бөлініп шығатын улы зат жүгерінің биіктігін кемітесе, ал татар ақсүттігені тамырынан бөлінетін зат жазғы бидай тұқымының өнгіштігін кемітеді. Ошаған, қарасұлы сияқты арамшөптер тікенектер, қылқандары, ілгіштері арқылы малдарға зақым келтіріп, олардан алынатын өнімдердің, әсіресе жүннің сапасын төмендетеді.

Арамшөптер басым болған алқапты бірнеше рет өңдеуге тура келеді, ол топырақтан үгітілуіне және ылғалдың жоғалуына әкеліп соғады. Жел эрозиясы қауіпі бар және жауын-шашын мөлшері аз Қазақстан Республикасы үшін бұл өте зиян.

Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының өнімін күрт төмендетеді. Орыс агрономиясының классигі А.П.Костычевтың айтуынша арамшөптер алынатын өнімнің тең жартысын, қала берсе 30 пайызын төмендетеді екен.

П.П.Колмаковтың деректері бойынша республиканың астықты Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында әр жылы орта есеппен тек қарасұлының кесірінен 170 млн. пұттан астам астық кем жиналады екен.

Л.Т.Шалдаевтың мәлметі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтарында арамшөптер жаздық бидай өнімін әр гектардан орта есеппен 3,8 центнерге кемітеді.

Арамшөптердің ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін тигізетін зиянын анықтау үшін республиканың үш аймағында арнайы тәжірибе жүргізіліп төмендегідей нәтиже алынды (кесте 1)

Кесте 1 Ауылшаруашылық дақылдарының түсіміне арамшөптердің тигізетін кері әсері


Топырақ аймақтары


Дақыл аттары


Арамшөп саны, дана/м2


Түсім, ц/га



Бір өсімдіктегі көсек саны, дана

Қаратопырақты аймақ (Солтүстік Қазақстан облысы)

Жаздық бидай

8

60

190



14,0

5,5


2,9

-

-

-



Қарақоңыр топырақ аймақ (Батыс Қазақстан облысы)

Тары


0

4

9



20,0

12,0


5,8

-

-

-



Сұр топырақты аймақ (Оңтүстік Қазақстан облысы)

Мақта


5

45

90



-

-

-



17

8

2




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет