Егінсу ауылдық округы әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі» туралы Жарлығын іске асыру мақсатында, жыл сайын әкімдердің есеп беру кездесулері өткізіледі.
Бұл жұмыс тұрғындарды елде болып жатқан әлеуметтік – экономикалық, саяси реформалармен хабардар етуді жоғарлатуға бағытталған.
Елбасының тапсырмасына сәйкес жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында өткізетін есептік кездесулері үкімет пен халық арасындағы дәстүрлі сұхбаты болып табылады, ол өз қатарынан біздің жүргізіп жатқан жұмыстарымыз туралы халықты ақпараттандырып қана қоймай, сондай-ақ өзекті мәселелер мен тапсырмалардың шешімі жөнінде өз жоспарларымызға уақытында түзетулер енгізу болып табылады.
Бүгінгі менің есебіме аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы Рахимбаев Естай Секен ұлы, «Нұр Отан» ХДП Ұлан ауданы филиалы төрағасының орынбасары Асылбаев Серік Шаяхмет ұлы, аудандық «Ұлан таңы» газетінің редакторы Исина Гүлнар Құрманқызы қатысып отыр.
Жыл бойында сіздермен әртүрлі сұрақтар бойынша бірнеше кездесулер өткізіліп, проблемалық сұрақтар талқыланып, олардың шешілу жолдары қаралды. Бүгін біз соларды қорытындылаймыз. Жетістіктермен бірге бір қатар мәселелер шешімін таппай отыр: ауызсу мәселесі әлі де өзекті күйінде тұр. Ауызсу мәселесі біздің ауыл үшін ең маңыздысы болып отыр. Бүгінгі күні ауылды сумен қамтамасыз ету жүйесін жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 186 млн. теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары әлі де жүргізілуде.
Ауылдың ішкі жолдары және инфрақұрылымдар, әлеуметтік-мәдени жағдайлар айтарлықтай материалды ресурстарды талап етеді.
Алматы тас жолынан Ұлан ауылына дейінгі жолды жөндеуге жоба жасалынып, экспертизадан өтті. Бірақ, өкінішке орай республикалық бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2013 жылға қаражат бөлінген жоқ.
Бүгінгі күнде округімізде бас дәрігер – терапевт маманы, лаборант маманы жоқ болып отыр. Осы мәселе бойынша аудандық денсаулық сақтау бөліміне сұраныс берілген. Сондай – ақ ауылда дәріхана жоқтығы туралы сұрақ көтерілген. Бұл мәселе облыс көлемінде оң шешімін тауып, бүгінгі күні медициналық кызметкерлер тестілеуден өтіп, дәрі – дәрмек сату үшін сертификат алды.
Ұлан ауылында Почта пункті аптасына 3 күн жұмыс істейді. Барлық төлем ақы, газет журналдарға жазылу жұмыстары толық көлемде жүргізіледі.
Ауылдық округтің елді мекендері телефон байланысымен қамтылған. Ұлан ауылында 199 нөмір, Жанұзақ ауылында 30 нөмір, Борсақ ауылында 1 нөмір жаңа сандық автоматтандырылған телефон стансасымен іске қосылуда. ACTIV, BELLEIN, KCELL ұялы байланысы бар.
Ауылда электрик жоқ, бұл сұрақ толық көлемде әлі шешімін тапқан жоқ.
Борсақ, Жанұзақ ауылдарының көшелерін жарықтандыруға 2012 жылға тапсырыс беріліп, Жанұзақ ауылының орталық көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жарық берілді. 2013 жылға бюджеттен Ұлан, Борсақ ауылдарының көшелерін жарықтандыруға қаражат бөлінді. Көктем айларында көше жарықтандыру жұмыстары басталады.
Сондай – ақ Ұлан ауылымыздағы клубқа ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық бюджеттен 4 486 мың теңге қаражат бөлінді.
Аудан, облыс орталығына қатынасу үшін автобус қажет болғандықтан аудандық коммуналдық шаруашылық бөліміне сұраныс жасалынып, тендер өткізілді. Биылғы жылы өздеріңіз көріп жүргендей бұл сұрақтың шешімі табылды. Қазіргі уақытта облыс орталығынан аудан орталығы арқылы Ұлан, Жанұзақ ауылдарына күніне екі уақыт микроавтобус қатынайды.
Шағын ауылдың шағын бизнесі де күн сайын шарықтап келеді. Бүгінге дейін округ бойынша 5 сауда нүктелері мен 5 дүкен тұрғындарды қажетті азық-түлік, керек-жарақтармен қамтамасыз етуде.
2012 жылы ауылдық округ әкімдігі меншіктің барлық түрлері басшыларымен бірігіп біздің селолық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыстар атқарды.
Ауыл шаруашылығы
Округтің экономикалық негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауылдың негізгі күнкөрісі саналатын мал шаруашылығында да ілгерілеу бар. Округ көлемінде ірілі – ұсақты 86 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Оларда барлығы 1697 бас ірі қара мал, олардың ішінде – 781 бас сиыр, 5913 бас қой, 1438 бас жылқы, 251 бас ешкі бар. Жеке қосалқы шаруашылықтарда 2356 бас ірі қара мал, олардың ішінде – 957 сиыр, 4746 бас қой, 843 бас жылқы, 600 бас ешкі бар.
Шаруа қожалығымен – 3697 центнер ет, 19063 центнер сүт өндірілді.
Тұрғындармен барлығы – 4374 центнер ет, 28156 центнер сүт, 128100 дана жұмыртқа өндірілді.
Ауылдағы «Көрпебай», «Бүркіт», «Жандос», «Тоғанас», «Жанарбек» шаруа қожалықтары облыс орталығындағы аудан көлемінде өткізілетін демалыс күнгі жәрмеңкелерге белсене қатысып, өз өнімдерін арзандатылған бағамен сатады.
Округте барлығы 76200 га жер учаскесі бар, оның ішінде – 9447 га егістік жер, шабындық – 3748 га, жайылым жерлер – 34641 га, орташа балл бонитет – 22.
Тұрғындардан сүт жинау «Шығыс сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестік арқылы жүргізілуде. Биылғы жылғы қысқа шөп толық көлемде жиналды.
Оралман ағайындар жер алуға аудандық жер комитетіне өтініштерін берді. Оларға бөлінген жерге картоп, көкөніс егіп суару, түптеу жұмыстарын жасап осының арқасында картоптан мол өнім алынды.
Ауылдық округ бойынша 2012 жылы салынған егістік көлемі және алынған өнім
Дәнді дақылдар
|
бидай
|
арпа
|
күнбағыс
|
картоп
|
көкөніс
|
шөп
|
|
300 га
|
1350 ц
|
580,6 га
|
2390 ц
|
577 га
|
2185 ц
|
100,2 га
|
9525 ц
|
7 га
|
846 ц
|
2881,2 га
|
14367 ц
|
Әлеуметтік сала.
2012 жылы округ бойынша 29 отбасы немесе 62 бала 956 700 теңге көлемінде балаларға арналған көмек алды, Ұлан ауылынан 25 отбасы 49 бала 767 400 теңге, Борсақ ауылынан 4 отбасы 13 бала 189 300 теңге.
16 отбасы 171 400 теңге тұрғын үй жәрдемақысын алды, Ұлан ауылынан 15 отбасы 150 100, Жанұзақ ауылынан 1 отбасы 21 300 теңге.
Округте бір әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Ол 6 жалғызбасты зейнеткер мен мүгедектерге көмек көрсетеді.
Жыл басынан 21 адам қоғамдық жұмысқа қатысты. 21 адамға 662 209 мың теңге төленді. Бүгінгі күні жұмыссыздар саны – 3 адам.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 4 адам несие алуға өз өтініштерін және бизнес жобаларын тапсырды. Өкінішке орай тапсырылған 4 жобадан ішінде 1 жоба ғана қабылданды. Қабылданған жоба осы ауыл тұрғыны, азамат Мырзагалиев Русланның наубайхана ашу жобасы. Наубайхананы ашу жобасына 3 млн. теңге қаражат бөлінді. Наубайхананың құрылыс, және т.б. жұмыстары толығымен аяқталды. Наубайхана жұмысы толықтай іске қосылу үшін аз уақытта «Шэғысэнерготрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен шешілетін жұмыстар қалды. Ашылу рәсімі осы жылдың наурыз айында жоспарлануда. Наубайхананың ашылуы біз үшін, ауыл тұрғындары үшін өте тиімді. Наубайхана Ұлан ауылының тұрғындарын ғана емес, сондай-ақ Жанұзақ ауылының тұрғындарын нан және ұннан жасалынған т.б. өнімдерімен қамтамасыздандырады.
Білім беру саласы.
Егінсу ауылдық округіне қарасты Ұлан ауылындағы С. Аманжолов атындағы орта мектепте 129 оқушы оқиды. 12 комплект сыныптары, 2 – жаңа технология, 1 – физика, 1 – химия, пәндік және 1 – мультимедиялық кабинеттер бар, 21 ұстаз қызмет етеді. Бірыңғай Ұлттық тестілеудің нәтижесі орташа 87.6 балды құрады.
Жанұзақ ауылының Ш. Бәшіков атындағы негізгі мектепте 1 – 9 сынып аралығында 39 оқушы оқиды, 12 ұстаз қызмет етеді.
5 жылда 1 рет болатын аттестациялық тексеруден округке қарасты С. Аманжолов атындағы орта, Ш. Бәшіков атындағы негізгі мектептері жақсы көрсеткіштермен тексеруден өтті.
Борсақ ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы бастауыш мектепте 1 – 4 сынып аралығында 8 оқушы оқиды, 5 ұстаз қызмет етеді.
1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасының балалары толығымен ыстық тамақпен қамтылып, облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында, күнделікті балалардың рационына бал енгізілген.
Барлық мектептерде 1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасының балаларына тегін тамақ беру ұйымдастырылған. Демеушілік жасап отырған азаматтар бар, олар – Сулейменов Мырзахан, Ахметжанов Турсынбек, Бухарбаев Қайрат, Кунафин Орал, Мухамадиев Құмарғазы, Сабырова Зинаят апай ет, сүт, бал өнімдерімен көмек көрсетті.
С. Аманжолов атындағы орта мектебінің қасында 20 орындық интернат жұмыс істейді. Бүгінгі күні онда 13 бала тұрып білім алуда. Интернат барлық қажетті жабдықтармен қамтылған.
Сондай-ақ 20 орындық шағын балалар орталығы жұмыс істеуде.
Денсаулық саласы
Ауыл тұрғындарының денсаулығын қадағалаумен 3 мекеме айналысады. Ұлан ауылында дәрігерлік амбулатория; Жанұзақ, Борсақ ауылдарында фелдшерлік-акушерлік пункт. Онда 5 медициналық маман тұрғындарға қызмет атқарады. Жыл көлемінде 25 нәресте дүниеге келген, қайтыс болған адамдар саны – 9.
Алдын ала емдеу жұмыстары және профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Кезекшілік ұйымдастырылған.
Салық
Округ бойынша тұрғындардан жер салық төлемі – 116 041 теңге, мүлік салығы – 31 362 теңге жиналды. Біржолғы талондардан жоспар бойынша жиналатын сома 60 000 теңге болса 2012 жылы 67 600 теңге жиналды. Салық жинау бойынша жоспар 2012 жылы 100 пайызға орындалды.
Көші – қон
Көшіп келген адамдардың саны – 74,
Көшіп кеткен адамдардың саны – 56.
Негізінен Қазақстанның ішіндегі оқу, жұмыс істеу үшін көшіп-қонулар.
Құқық қорғау
Округте учаскелік полиция қызметкері Бердігожаев Болат жұмыс істейді. Қызмет көрсету аумағында 1715 адам тұрады, Ұлан ауылында 1263 адам, Жанұзақ ауылында 297 адам, Борсақ ауылында 155 адам тұрады.
Жыл көлемінде 9 арыз тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Профилактикалық тіркеуде 54 адам тұр. Оның ішінде дәреже бойынша: – 53 адам ішімдікпен қиянат көретіндер;
- 1 адам мерзімнен бұрын шартпен босатылған.
8 адам 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімде ішімдіктен мәжбүрлеп емделу орталығына Өскемен қаласына жіберілді.
8 адам үстіне ұсақ бұзақылық және жанұя шырқын бұзғаны үшін құжаттар жиналып Ұлан аудандық сотына жолданып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ауылдық округте қоғамдық тәртіпті бақылау бойынша 7 адамнан құрылған 2 бірлестік ұйымдастырылған.
Азаматтардың арыз-өтініштерімен жұмыс
Барлық түскен арыз-өтініштер – 6.
-
жер мәселелері жөнінен – 6;
Арыз-өтініштер уақытында қаралып қойылған талап-тілектер шешімін тауып, арыз иелеріне хабарланды.
Ауылды көркейту және көгалдандыру.
Еліміздегі ауылды көркейту мақсатында жүргізіліп жатқан кешенді шаралардың, бағдарламалардың арқасында ауылдағы біраз жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жарлығы бойынша 2 айлық санитарлық тазалық жұмыстары кезінде округте қыстай жиналған қоқыстарды жинау бойынша сенбіліктер және «Таза бейсенбі» күндері өткізілді. Бұл іс-шараларға «Тоғанас» шаруа қожалығының техникалары мен оралман ағайындардың шағын тракторлары жұмылдырылып, бұзылған ғимараттардың орындары тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Мектептің, ескерткіштің маңайлары тазаланып, гүлзарлар жасалды, сонымен қатар 100 түп ағаш отырғызылып, қоршаулары боялды.
Бюджет
2012 жылғы ауылдық округтің әкімі аппаратының бюджеті 9 574,3 мың. теңгені құрады, оның 7 176,3 мың. теңгесі ауылдық округтің қызметін қамтамасыз ету үшін.
Ауылдық тазалығына 100,0 мың. теңге, көріктендіру жұмыстарына – 120,0 мың теңге, жарықтандыру – 1 786,0 мың теңге бөлінді.
2013 жылдың бюджеті 12 млн. 815 мың теңге, оның ішінде 7 792 мың. теңгесі ауылдық округтің қызметін қамтамасыз ету үшін, көшелерді жарықтандыруға – 4 млн.783 мың теңге, тазалыққа – 110 мың теңге, көріктендіру жұмыстарына – 130 мың теңге бөлінді.
Құрметті жерлестер!
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында негізгі 7 бағытты атап көрсеткен.
Елбасы ұсынып отырған жаңа стратегиялық бағыт мемлекетті әрі қарай нығайту, оның қауіпсіздігі мен азаматтарының әл-ауқатын арттырудың кешенді шараларын, қазақстандық қоғамды жаңғыртудың жаңа белесіндегі стратегиялық басымдықтарды анықтайды. «Қазақстан – 2050» бағдарламасының түпкі межесі – еліміздің XXI ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан орын алуы.
2013 жылы округ тұрғындарының өмірін жақсарту мәселелері бойынша алдымызда бірқатар жұмыстар бар. Қорытындылай келе, алға қойылған әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жаңарту мәселелерін жұмыла шешу міндеттері тұр.
Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты халықтың тұрмысын, әлеуметтік жағдайын жоғарлату үшін жұмыс жасайды. Әрбір қызметкер, әрбір еңбек етуші ұжым, әртүрлі мамандық иелері аулдық округтің дамуына және отанымыз Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенім білдіремін. Қазақстан әлемдегі игілікті, берекелі елдердің қатарында болатындығына сенімдіміз деп айта аламын. Бүгінгі күні бізге керегі – бұл бірлік пен келісімдік, алға қойған айқын міндеттерді жауапкершілікпен орындау.
Баяндамамның соңында сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Еліміз бейбітшілікте болып, экономикасы өсе берсін!
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |