Әгп кафедрасының сениор-лекторы Жумабаева К. Ж



бет1/4
Дата23.11.2023
өлшемі0.88 Mb.
#484177
  1   2   3   4
Презентация 8 Дәріс. Саясаттану.pptx


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
https://atu.kz/
«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
«Әлеуметтік –гуманитарлық пәндер» кафедрасы
«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
ӘГП кафедрасының сениор-лекторы Жумабаева К.Ж.
Раб.тел.:8 (727) 296-71-52 (вн. 107)
№ 8 Дәріс. Саяси режимдер.
Дәріс жоспары:
1.Саяси режимдер.
2. Тоталитаризм. Авторитарлық режим.
Демократия.
Саяси режим – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы.
“Режим” терминін нақтырақ түсіндірсек французша regime, латыншасы regimen – тәртіп, ережелер жүйесі, басқару дегенді білдіреді . “Саяси режим” түсінігі ғылыми сөздікте ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды..
Мемлекеттің белгілі бір түріне тән билік жүргізудің тәсілдерінің жиынтығын саяси режим деген түсінік арқылы білдіруге болады. Ең бастысы – саяси режим қоғамдағы саяси бостандық деңгейін бейнеледйді. Саяси режим белгілі бір елдегі белгілі бір мемлекеттік басқару нысанымен, қоғамдағы сан алуан саяси күштердің ара салмағымен және мемлекет билігін ұйымдастырудың қалыптасқан дәстүрлерімен сипатталады.
Саяси режимнің мәнін анықтауда азаматтық қаоғам мен мемлекеттің ара қатынасы шешуші роль атқарады. Бұл тұрғыда үш түрлі жағдай қалыптасуы мүмкін :
  • 1) Мемлекет азаматтық қоғамның өмір сүруіне, дамуына жағдай туғызады. Азаматтық қоғамның мәртебесі жоғары, қуаты үстем.
  • 2) Мемлекет билігі күшті болады, азаматтар саяси жүйенің толық ықпалында болады.
  • 3) Азаматтық қоғам мен мемлекет арасында тепе-теңдік орнатылады.

Міне, осы үш жағдайға байланысты тарихи режимдердің келесі түрлері қалыптасқан:
  • а) демократиялық;
  • б) либералдық (жартылай демократиялық);
  • в) авторитарлық, тоталитарлық;
  • г) жартылай феодалдық-теократиялық.

  • Демократиялық режим – мезгілімен еркін және әділетті түрде өткізіліп отыратын сайлаудан көрініс табатын халық еркіне, сондай-ақ, адамның жеке қасиеттерін құрметтеуге және заңның құдіреттілігін мойындауға негізделген. Терминнің өзі болса гректің demokratia, ол өз кезегінде demos – халық және kratos – билік, басқару деген екі сөзінен құралған. Сол себепті де , “демократия” сөзбе сөз аударғанда “халық билігі” деген мағынаны білдіреді.
    Демократиялық режимдерге тән белгілер:
  • бұқара халық референдумдар мен өкілетті демократия (сайланбалы өкілетті мекемелер) арқылы мемлекеттік биліктің қалыптастыруы мен жүзеге асырылуына қатысады;
  • шешімдерді азшылықтың мүддесін ескере отырып көпшілік қабылдайды;
  • дамыған құрылымы бар азаматтық қоғамның болуы;
  • құқықтық мемлекеттің іс жүзінде жүзеге асырылуы;
  • мемлекеттің орталық және жергілікті мекемлерінің ауыспалы және сайланбалы болуы және олардың сайлаушылардың алдында есеп беріуі;
  • мемлекеттік биліктің легитимділігі;
  • “күштеу” құрылымдары (қарулы күштер, полиция, қауіпсіздік мекемелері) қоғамның демократиялық бақылауында болуы, олардың тек заң шеңберінде ғана өздерінің тікелей міндеттерін атқаруы;
  • сендіру, келісу, мәмілегершілік тәсілдерінің басымдығы, зорлық, мәжбүрлеу, тиым салу тәсілдерінің шектелген болуы;
  • қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңның үстемдігі;
  • адам және азамат құқықтары жарияланады һәм өмірде нақты жүзеге асырылады;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтар “заңмен тиым салынбағанның бәріне де рұқсат” қағидаты (принципі) бойынша әрекет етеді;
  • саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялық та, саяси партиялардың бәсекелестігі, парламентте, сондай-ақ оның сыртында да оппозицияның ресми – заңды түрде болуы (оппозиция балама бағдарламалар ұсынады, билікті жіберген қателіктері үшін сынайды, оның қызметін парламенттегі өздерінің фракциялары мен блоктары және баспасөз арқылы бақылап отырады);
  • жариялылық, бұқаралық ақпарат құралдары цензурадан азат болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет