ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ:
ОТБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ:
Отбасындағы сенімділік
Дәстүрлерді сақтау
Үлкенге құрмет , кішіге ізет
Туысқандық қатынастағы отбасы
Еңбексүйгіштік
Сүйіспеншілік
Жомарттық
Отбасында балаңызды құрметтеуге бірнеше кеңес түрлері
Қорлау мен теріс белгілерді қолданбаңыз.
Сабырлы болыңыз және ешқашан дауыс көтермеңіз.
Балаңызды құрметтеңіз.
Егер сіз қателессеңіз, кешірім сұраңыз.
Күтілетін нәтиже:
Ата-ана мен бала арасындағы алшақтық жойылып, өзара ынтымақтастық орнауы, әкенің бала тәрбиесіне көңіл бөлуінің жақсаруы, отбасылық тәрбиеде әкенің рөлін ұғынуы.
«ӘКЕ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
№
|
Іс-шара атауы
|
мерзімі
|
жауаптылар
|
1
|
«Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы аясында «Әкелер мектебін» құру, жұмыс жоспарларын бекіту
|
қыркүйек
|
Совет Е
Ахметжанова А.Қ.
|
2
|
«Ата кәсібі- бала кәсібі» жұмыс орынға бару.
|
қазан
|
Совет Е
Ахметжанова А.Қ.
|
3
|
Отбасының тәрбиелік әлеуетін, мектепте білім алушылардың ата-аналарымен қарым-қатынасын үйлестіру және отбасылық тәрбиені жақсарту мақсатында «мектептегі бір күн» жобасын «ашық есік» күнін іске асыру.
|
тоқсанына бір күн
|
СоветЕ
Ахметжанова А.Қ.
|
4
|
«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» әке тәрбиесінің маңызы жайлы пікір сайыстар өткізу
|
қараша айында
|
Совет Е
Ахметжанова А.Қ.
Тлеукулов Д.М.
|
5
|
«Сенің өміріңдегі әкенің рөлі қандай?» тақырыбында видеоролик түсіру
|
желтоқсан
|
5-8 сыныптар
Сынып жетекшілер
|
6
|
«Жеті атаңды білесің бе?» тақырыбында мектепішілік танымдық сайыстар өткізу
|
қаңтар
|
1-4 сыныптар
Сынып жетекшілер
|
7
|
«Отбасындағы әке орны», «Отбасындағы әкенің беделін қалай арттыруға болады» тақырыбында тәрбие сағаттарын, дөңгелек үстел өткізу
|
ақпан
|
Совет Е
Ахметжанова
Сынып жетекшілер
|
8
|
«Әке шаңырағы –теңдесі жоқ өмір мектебі» туған үйі туралы естелік эссе байқауын өткізу
|
наурыз
|
Молдағалиева Д.Ш.
Турсункулова С.Л.
Хуатхан М
|
9
|
«Әкем және мен» атты отбасылық спорттық сайыс
|
наурыз
|
Омаров Д.Д.
Доспай Ж.М.
|
10
|
«Қамшы ұстарды тәрбиелеу» ат ерттеу өнері
|
сәуір
|
Совет Е
Тлеукулов Д.М.
|
11
|
« Әке –тірек, бала-жүрек» «Білімгерлер» интеллектуалды сайыс әке мен баланың қатысуымен
|
мамыр
|
Совет Е
Ахметжанова А.Қ.
|
Әкелер кеңесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1.1. Мектеп Әкелер кеңесінің ережесі ҚР «Білім беру» Заңы, ҚР «Бала құқығы» Заңы, ҚР «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» Заңдарын негізге ала отырып жасалды.
1.2. Әкелер кеңесі қызметі Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативті-құқықтық актілерімен іске асады.
1.3. Әкелер кеңесі мектептің ата-аналар жиналысының бөлімі болып табылады.
2. Мақсаты мен міндеттері
2.1. Әкелер кеңесін құрудың мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.
2.2. Өз қызметінде Әкелер кеңесі келесі міндеттерді шешеді:
2.2.1. Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету.
2.2.2. Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау
2.2.3. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру.
3. Әкелер кеңесінің құзіреті
Әкелер кеңесі құзіретіне кіреді:
- оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру;
- өмірлік қиын жағдайға тап болған ата-аналармен, оқушылармен қоғамға жат әрекеттер мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсініктеме жүргізу;
- педагог қызметкерлерге ішімдікке, темекі тартуға, қоғамға қарсы жат мінез құлықтар көрсетудің алдын алу шараларын ұйымдастыруда көмек көрсету;
- кеңеске жергілікті басқару мекемесінен, қоғамдық ұйымдардан өкіл, жеке кәсіпкерлерді, бұқаралық ақпарат қызметкерлерін шақыру;
4. Әкелер кеңесінің құқығы мен жауапкершілігі
4.1. Әкелер кеңесінің құқығы:
-жасөспірімдердің қоғамға қарсы әрекеттерімен, қиын отбасылармен жұмыс істеуге, шешімдер шығаруға;
-жасөспірімдердің құқығы мен заңды қызығушылықтарын қорғауда өз көзқарастарын кіргізе алады;
-жасөспірімдерді қоғамға жат мінез құлық көрсетуге, құқық бұзуға тартатын ұйымдарды, жеке адамдарды жауапкершілікке тарту мақсатында мемлекеттік орындарға шағым жасауға;
-сұрақтарға жауап беру үшін әкелер кеңесі құқық қорғау қызметкерлері, қамқоршы және қорғаншы орындарынан сұрақтарға жауап беру үшін қызметкерлер шақыра алады;
- әкелер кеңесі қабылдаған шешіммен барлық қызығушы адамдар мен жергілікті өзін-өзі басқарушы мекемелер таныса алады.
5. Әкелер кеңесі мүшелері
5.1.Әкелер кеңесі мүшесі болып ата-аналар ұсынған (заңды өкілдері) әкелер бола алады.
5.2. Әкелер кеңесі шақыруымен әкелер кеңесі жұмыстарына жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері, балалар инспекторы, қамқоршылық бөлімінен қызметкерлер қатыса алады.
5.3. Әкелер кеңесінде дауысты тек әкелер кеңесі мүшелері, инспекторы, қамқоршылық бөлімі өкілі бере алады.
5.4. Отырысты бірінші жиналыста көп дауысқа ие болып сайланған председатель жүргізеді.
5.5. Хаттама жазу үшін кеңес мүшелері ішінен хатшы сайланады.
6. Әкелер кеңесі жұмысын ұйымдастыру және жүргізу
6.1.Әкелер кеңесі отырысы жылдық жоспар бойынша өткізіледі немесе кезектен тыс мәселелерді шешуде жылына 2-ден кем емес.
6.2.Әкелер кеңесі мүшелері мектеп бұйрығымен бекітіледі.
6.3.Әкелер кеңесі отырысы мүшелерінің 2/3 бөлігі жиналғанда өкілетті болып табылады.
6.4.Әкелер кеңесі шешімін мүшелерінің 50 пайызы дауыс берілгенде қабылданады.
6.5.Әкелер кеңесі хаттамамен рәсімделеді, онда уақыты, қанша адам жиналғаны және қаралған мәселелер көрсетіледі
6.6.Әкелер кеңесі отырысының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |