«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ
2022-2023 оқу жылы
Жобаның атауы: «ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ» жобасы
Жобаның мазмұны: Кіріспе
І. Дайындық кезеңі 2022-2023 оқу жылы
ІІ. Негізгі кезең 2023-2024 оқу жылы
ІІІ.Қорытынды кезең 2024-2025 оқу жылы
Жобаны әзірлеуші:
«Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ
І. КІРІСПЕ:
Әке шаңырағы – теңдесі жоқ тұңғыш өмір мектебі.
Қазіргі кезде балаларға қоғамның ықпалы барған сайын күшейе түсуде, олардың тәрбиесіне түрлі мекемелер мен ұйымдар қатысады. Ал, отбасы ше? Оның тәрбие берудегі рөлі қандай? Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай?
Қазіргі уақытта жұмыс басты аналар мен әкелердің барлығының бірдей балаларды тәрбиелеуге уақыттары бола бермей, соңында отбасындағы тәрбиеге жұмсалатын еңбек өте өнімсіз еңбекке айналуда.
Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету, отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау сынды міндеттерді шешуде тәрбие саласында «Әкелер мектебі » жобасы қолға алынды. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, «тегіне тартқан» дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектеп те бере алмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізе отырып, оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыра білу маңызды. Осы талапқа сай мектебімізде құрылған «Әкелер мектебі» жобасы төмендегідей мақсат-міндеттерді басшылыққа алады:
Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру;
Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету;
Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау;
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру.
Мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға, іс-шараларға белсенді атсалысу.
Достарыңызбен бөлісу: |