Слайдқа түсірілген балалар жауаптары.
Оқушы хаттарынан…
«Менiң әкемнiң мiнезi қаталдау. Менiң әкемнiң қолынан бәрі келедi. Тамақ пiсiрудi де бiледi. Өз әкемдi мақтан тұтамын. Ол бізге әрдайым қамқор болып жүредi. Оның жүрегi таза, жомарт адам.
Маған әкемнiң ғана айқайлағаны ұнамайды»
«Әкемнiң енбекқорлығы, байсалдығы ұнайды. Жазда әкем екеумiз өзенге шомылуға барамыз. Ол маған мотоцикл айдауды үйреттi. Сол сәт өте қызықты. Папа математик, екеумiз доспыз. Әкемдi жақсы көремiн. Папамды көрмей жүрмiн — сол жаныма батады»
«Маған әкемнiң күлгенi, бiзбен ойнағаны ұнайды. Ол ешкiмнiң қолын қайырмайды. Маған барлық затты алып бередi.
Әкемнiн анама ұрысқаны ұнамайды
«Әкемнiң ойнағаны, маған есеп шығарысқаны ұнайды. Менiң әкем дүниедегi ең жақсы адам.
Маған әкемнiң ішімдік iшкенi ұнамайды. Конаққа барғанын ұнатпаймын. Менiң әкем арақ iшпесе –жақсы адам
«Маған әкемнiң мейiрiмдiлiгi, кеңпейiлдiлігi ұнайды. Ол шебер адам. Ол менi әрқашан түсiнедi. Ол менiң кеңесiмдi тындайды. Ол өте ,өте, өте жақсы адам.
Әкемнiң ұнамайтын жерi, ол жаңа зат алған кезде көп ойланады. Оған жаңа заттың пайдасын түсiндiру киын. Бәрібір ол өте жақсы»
Жүргізуші: Иә, өзіңіз байқап тұрсыз, бала жұрегінде тіпті ,,осал,, әкелерге де орын табылады. Әкесіз өскен баланың даму деңгейі төмен, оларда уайымшылдық және неврология синдромдары көп кездеседі. Әкенің жоқ болуы баланың сабағына, белсенділігіне әсерін тигізеді. Әсіресе ер балалардың. Оларға ержүрек болу, жалпы ер адам стилін ұстанып жұру қиындау соғады. Бұның бәрі, әрине, агрессияға және қатыгездікке әкеліп соқтырады. Нағыз бетке ұстар /идеальный отец/ әке болу үшін ешқандай жаттығулар, дайындықтар қажет емес, бір нәрсе ғана керек. Ол-ұмтылыс.
Балаға тек әкесінің қасында болғаны жетік. Әкемен әңгімелесу, сыр бөлісудің өзі, факт жүзінде,оте пайдалы.
Барлығыңызға бала тәрбиесінде сәттілік тілеймін!
Жүргізуші:- Ал енді,сіздер қандай әке екеніңізді білгіңіз келеме? Олай болса, мына тест сұрақтарына назар аударайық?
Тест сұрақтары
Сіз өзіңіздің ата-анаңызға көмектесесізбе?
Сіз қайың жұртыңызбен жиі араласасызба?
Балаңыз сұраған заттардың бәрін алып бересізбе?
Балаңыздың көзінше жұбайыңызбен ұрыспауға тырысасызба?
Сіз балаңыздың \қызыңыздың\ дене бітімінің, ой ұшқырлығының дамуына ат салысасызба?
Балаға берген сертіңізді үнемі орындайсызба?
Балаңыздың \қызыңыздың\ үй шаруасында белгілі бір міндеті бар ма?
Балаңыздың \қызыңыздың\ досы кім екенін білесізбе?
Балаңыз \қызыңыз\ сізге сырын айтама?
1о. өзіңізді жақсы әке деп есептейсізбе?
Достарыңызбен бөлісу: |