Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі


-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшін себептер мен негiз



бет40/45
Дата12.06.2016
өлшемі3.56 Mb.
#129862
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

802-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшін себептер мен негiз

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:

1) осы баптың үшінші бөлiгiнiң ережелерiн ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы;

2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;

3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;

4) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен автоматты режимде жұмыс iстейтiн және жолдағы жағдайды фото-, бейнетүсiрiлiм арқылы көлiк құралының жүру жылдамдығы мен бағытын, жол жүрiсiне басқа да қатысушылардың iс-қимылдарын айқындау арқылы автомобиль көлiгi және жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуын тiркейтiн бақылау аспаптарының көрсеткiштерi себептер болып табылады.

2. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын, осы Кодекстің 741-бабында көзделген мән-жайлар болмаған кезде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiз болып табылады.

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi тексерілетін субъектіге қатысты осы баптың бiрiншi тармағының 1) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiз болып табылады.

Осы бөліктің күші «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3, 4-тармақтарында және 12-бабының 3-тармағында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау және қадағалау жүзеге асырылған кезде және мемлекеттік кіріс органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.

4. Осы Кодекстің 785-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы бірінші хаттама жасалған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы тұлғаның тарапынан сотты құрметтемеушiлiк фактiсiнiң белгіленгені туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған деп есептеледі.



Егер әкімшілік құқық бұзушылықты автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары тіркеген жағдайда, сондай-ақ істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі хабардар ету (хабарлау) тиісті түрде жеткізілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі.

 

803-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама



1. Осы Кодекстiң 807-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы оған уәкiлеттiк берілген лауазымды адам жазбаша нысанда жасайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жазбаша нысанымен бірге электрондық нысаны да пайдаланылуы мүмкін.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада:

1) хаттама жасалған күнi мен орны;

2) хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;

3) өзіне қатысты ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса); заңды тұлғалар үшін - атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелері, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса);

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi;

5) осы Кодекстiң 2-бөлімінің Ерекше бөлiгiнiң осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер куәлар және жәбiрленушiлер болса, олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайлары;

6) өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемесi; метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және тіркеу кезiнде техникалық құрал пайдаланылса, оның көрсеткіштері;

7) iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса беріледі.

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде іс жүргізудің тілі анықталады. Өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл жөнінде хаттамада белгi жасалады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде қорғаушыға немесе өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотқа, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот болмаған кезде, аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға (тұлғаның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды.

5. Өзіне қатысты іс қозғалған, тиiстi түрде хабарланған адам болмаған немесе келмеген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға, өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны жасаған адам қол қояды.

6. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiнде хаттамаға қолхатпен қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны жасаған адам тиiстi жазба жүргізеді.

7. Өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған тұлғалар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктемелер беруге және ескертулер жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту уәждерін баяндауға құқылы, бұлар хаттамаға қоса беріледі. Осы адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жүргізіледі. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттамаға қол қою фактісі аталған тұлғаның хаттамамен танысқандығын куәландырады және әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда өз кінәсін мойындау болып табылмайды.

8. Осы бөлiкте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.

9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстiң 802-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші және алтыншы бөлiктерiнде көзделген негiздер бойынша өзiне қатысты iс қозғалған тұлға болмаған кезде жасалған жағдайларда, өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға хабарлана отырып, ол жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде тапсырыс хатпен пошта арқылы жiберiледi. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде оны қайтармау фактісі оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, бұл жөнінде хаттама көшірмесінде тиісті жазба жасалады.

 

804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар



1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



1) iшкi iстер органдарының (73, 85, 100, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 149, 150, 154, 160 (екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 191, 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 398, 416 (азаматтық және қызметтiк қаруларға және олардың патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 422, 423 (екінші бөлігі), 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 442, 443 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 445 (бірінші және оныншы бөліктері), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450, 453, 461, 462, 463, 469 (екінші бөлігі), 470 (екінші бөлігі), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 496 (екінші бөлігі), 506, 512 (екінші бөлігі), 513 (екінші бөлігі) 514 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері), 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 604 (екінші бөлігі), 605 (үшінші және төртінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 604, 605, 606, 607, 608, 609, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 662, 663, 665, 669, 674, 675-баптар);

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2) азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (299-бап (екiншi бөлiгi) (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 312-бап (екінші бөлігі), 314, 410-1, 416 (өрт және жарылу қаупi бөлiгiнде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);

3) жекелеген жерлер комендатураларының (476, 478-баптар);

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) осы баптың 5) және 6) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының - әскери қызметшiлер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасы басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 73, 154, 434, 436, 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 444 (бірінші бөлігі), 479, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 506, 590 (төртінші бөлiгi), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 651, 652-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 680-бабы бойынша әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлеріне (бастықтарына) қатысты;

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді



5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің әскери полициясы органдарының - осы Кодекстiң 590 (төртінші бөлiгi), 596 (үшінші және бесiншi бөлiктерi), 603 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген, арнаулы мемлекеттiк органдардың көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 506, 652-баптары бойынша өзге де адамдарға, 680-бабы бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне қатысты;

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді



6) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының - осы Кодекстің 506, 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 652-баптарында көзделген, әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 680-бабы бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне қатысты;

7) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (299 (екінші бөлігі) (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), 360 (бірінші бөлiгi), 462, 463-баптар);

8) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тағамдық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша);

9) орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың (160 (екiншi бөлiгi), 382 (екінші, үшiншi бөлiктерi), 383 (үшiншi және төртінші бөлiктерi), 385 (екiншi бөлiгi), 389, 392 (үшінші бөлігі), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екінші бөлiгi), 398, 462, 463-баптар);

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (139 (екiншi бөлiгi), 326 (үшінші және төртінші бөліктері), 333 (екiншi бөлiгi), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екiншi бөлiгi), 397 (төртінші бөлiгi), 399 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 416 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);

11) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдарының (416, 462-баптар);

12) мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның (75 (бірінші, екінші, бесінші және алтыншы бөліктері) 145-баптар);

13) туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның (187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері), 462, 465-баптар);

14) ойын бизнесi және лотерея қызметі саласындағы уәкiлеттi органның (214, 444 (бірінші бөлігі), 445-баптар);

15) өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөнiндегi органдардың (400 (екінші бөлігі), 416 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);

16) тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы органдардың (462-бап);

17) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның (169-бап (екiншi, жетiншi, он үшiншi бөлiктерi (биоотын өндiрiсi бөлiгiнде);

18) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның (169-бап (оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi (биоотын айналымы бөлiгiнде), он төртiншi бөлiктерi);

19) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (407 (екiншi және үшінші бөліктері), 463-баптар);

20) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша);

21) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (312 (екiншi бөлiгi), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгi), 317 (төртінші бөлiгi), 319, 462, 463-баптар);

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

22) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (151 (екiншi бөлiгi), 193 (екінші және үшінші бөлiктерi), 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 312 (екінші бөлiгi), 314, 413, 416 (тағамдық өнiмге, ойыншықтарға, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 425 (екiншi бөлiгi), 426 (екінші және үшінші бөліктері), 430 (екінші бөлiгi), 462, 476-баптар);

23) байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның (416 (байланыс құралдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 464 (екінші бөлiгi), 636 (екiншi бөлiгi), 637 (төртінші бөлiгi), 638 (екінші бөлігі)-баптар);

24) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның (462, 564 (бесінші бөлiгi), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктері)-баптар);

25) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның (416 (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 563 (екінші бөлігі)-баптар);

26) көлiктік бақылау органдарының (462, 463, 464 (екінші бөлігі), 583 (екiншi бөлiгi), 613 (екiншi бөлiгi), 618, 629 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтардан басқа)-баптар);

27) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының (185 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 214 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 216, 219, 233 (үшінші бөлігі), 235, 236, 237, 245, 246-баптар);

28) iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның (462-бап);

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



29) акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерi), 281 (төртiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерi), 283, 463, 464 (екінші бөлігі)-баптар);

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің (154, 158, 173, 174 (екінші бөлігі), 357, 465, 654, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677, 678, 679, 681-баптар);

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



31) мемлекеттік кіріс органдарының (150, 151 (екінші бөлігі), 153, 154, 158, 174 (екінші бөлігі), 176, 182, 183, 190 (үшінші және төртінші бөліктері), 246 (бесінші және алтыншы бөліктері), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктері), 283, 357, 398, 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 467, 489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 528 (бірінші бөлігі), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктері), 544, 545, 548 (екінші бөлігі), 549, 550, 551 (екінші бөлігі), 552 (екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 654, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667-баптар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған, 400 (екінші бөлігі) және 425 (екінші бөлігі)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



32) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның (305 (газбен жабдықтау жүйелерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306 (үшінші, төртінші және бесінші бөлiктері), 307, 308, 312 (екінші бөлiгi), 314, 416 (өрт және жарылыс қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);

33) әдiлет органдарының (158, 214, 462, 467, 668-баптар);

34) заңнамаға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдар (312 (екінші бөлігі), 313, 314, 316 (екінші бөлігі), 319, 392 (үшінші бөлігі), 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 465, 467, 621 (үшінші бөлігі)-баптар);

35) табиғи монополиялар салаларында және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның (171 (бірінші және үшінші бөліктері (мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын асыру бойынша), 462-баптар);

36) кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (175, 462, 465-баптар);

37) техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (193 (екінші бөлігі), 415 (екінші бөлігі), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктері), 419 (екінші бөлігі), 445 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері), 462, 463, 638 (екінші бөлігі)-баптар);

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38) мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың (462, 463-баптар);

39) индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге, ойыншықтарға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша));

40) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлерi жасаған кезде), 214-баптар);

41) заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (184, 185 (Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу бөлігінде), 462, 463-баптар);

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

42) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның (170, 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын асыру бойынша), 356 (он төртінші бөлігі), 463-баптар);

43) атом энергиясы жөнiндегi органдардың (413, 414, 416 (машиналар мен жабдыққа қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша)-баптар);

44) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің (382 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 383 (үшінші және төртінші бөлiктерi), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екiншi бөлiгi), 506, 512 (екiншi бөлiгi), 513 (екiншi бөлiгi), 514 (екiншi бөлiгi), 516, 517 (екiншi, төртiншi, алтыншы және жетінші бөлiктерi)-баптар);

45) ұлттық қауіпсіздік органдарының (453 (екінші және үшiншi бөлiктерi) (мемлекеттiк құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 462, 477-баптар);

46) күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің (149, 425 (екiншi бөлiгi), 436, 477, 482, 485 (екiншi бөлiгi), 488, 506, 606 (екінші бөлігі)-баптар);

47) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (216, 219, 233 (үшiншi бөлiгi), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлiгi), 405 (бiрiншi бөлiгi), 462-баптар);

48) мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдарының (86 (төртінші бөлігі), 416 (химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);

49) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның (409 (жетiншi бөлiгi), 462, 463-баптар);

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 50) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

50) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының (199 (екінші бөлігі), 320 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 401 (алтыншы және жетінші бөліктері), 402 (төртінші бөлігі), 404 (тоғызыншы бөлігі), 451, 452 (үшінші, төртінші, алтыншы бөліктері және тоғызыншы бөліктің 4), 5) және 6) тармақшалары), 453, 454 (екінші бөлігі), 455 (төртінші бөлігі), 456, 463, 464 (екінші бөлігі), 490-баптар);

51) монополияға қарсы органның (159, 160 (екінші бөлігі)-баптар);

52) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі органдардың (80 (төртінші бөлiгi), 81 (екiншi бөлiгi), 82 (екінші бөлігі), 409 (жетінші бөлігі), 424 (үшінші және бесінші бөлiктерi), 462, 463-баптар);

53) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы органның (426 (екінші және үшінші бөліктері) және 463-баптар);

54) ғарыш қызметi саласындағы уәкiлеттi органның (310, 311-баптар);

55) дiни қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (490-бап (екінші, алтыншы және сегізінші бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);

56) мемлекеттік сот орындаушыларының (663, 666, 669, 673-баптар);

57) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлеттік берген сот приставтарының және соттардың басқа да қызметкерлерiнің (653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 663, 664, 666, 667, 673-баптар);

58) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерi уәкiлеттік берген лауазымды адамдарының (656-бап);

59) пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (214-бап);

60) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (99-бап);

61) түзеу мекемелерінің немесе тергеу изоляторларының (481-бап);

62) ақпарат саласындағы уәкілетті органның (451 (екінші бөлігі), 452 (тоғызыншы бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшалары), 509-баптар);

63) жерді пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (462-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.

2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (86 (төртінші бөлігі), 185, 211 (бірінші бөлігі), 214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 245, 251, 252 (екінші бөлігі), 462 (бірінші, екінші, үшінші (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), төртінші және бесінші бөліктері), 463, 464 (екінші бөлігі), 467-баптар).

3. Осы Кодекстiң 685 - 735-баптарында көрсетiлген органдардың құзырына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Бұдан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:

1) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (230 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 581 (екінші бөлігі), 582, 583 (үшінші бөлігі), 586, 621 (төртінші бөлігі), 622, 623, 625 (автомобиль көлiгiнде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн)-баптар);

2) орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (138, 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382, 383, 385 (бірінші бөлігі), 392 (екінші бөлігі), 394 (бірінші және екінші бөліктері), 395 (бірінші бөлігі), 396 (бірінші бөлігі)-баптар);

3) жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (382, 383 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



4) күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң лауазымды адамдарының (297, 504, 614, 675-баптар);

5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары лауазымды адамдарының (437, 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 441, 444 (екінші бөлігі) 484, 485 (бірінші бөлігі) құқығы бар.

 

805-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғауы



1. Прокурор осы Кодекстің 74, 75, 76, 77, 78, 79, 81, 82, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 129, 130, 173, 189, 214, 361, 362, 363, 439, 451, 452, 453, 455, 456, 457, 465, 490, 498, 507, 508, 653, 660, 666, 675, 680-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс қозғау жөнінде қаулы шығарады.

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Прокурор іс қозғау туралы және өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулы шығаруға құқылы.

3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы қаулысында осы Кодекстiң 803-бабында көзделген мәлiметтер қамтылуға тиiс.

 

806-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi



1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады.

2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.

3. «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистік қызметті, жосықсыз бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда, хаттама тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдағаннан кейін дереу жасалады.

4. Салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда, хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.

5. Осы Кодекстің 897-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда, хаттама осы Кодекстің көрсетілген бабында белгіленген мерзім өткеннен соң бір тәулік ішінде жасалады.

6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстiң 210, 217, 218, 220, 222, 227 (бірінші және екінші бөліктерінде), 239 (үшiншi және төртінші бөліктерінде), 243, 244, 251, 252, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 571, 572, 573, 574, 575, 576, 593 (бiрiншi бөлiгiнде - бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылған кезде; екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде) және 609-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған тұлға табылған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.

7. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған кезден бастап екі тәулiк iшiнде жасалады.

8. Осы Кодекстің 324 (бiрiншi бөлiгi), 337 (бiрiншi бөлiгi), 344, 347, 394 (екiншi бөлiгi)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiн белгiлеу талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерi белгiленген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.

9. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке тұлғаның анықталмауына байланысты орындалуы мүмкiн емес жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.

 

807-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар



1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама:

1) ескерту түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайларда, егер тұлға құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса;

2) егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, жасалмайды. Айыппұл арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралының немесе аспабының көрсеткіштері қоса беріліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, бұл жөнінде көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісті түрде хабардар етіледі;

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3) егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған және жазаның қолданылуымен келіскен, сондай-ақ осы Кодекстің 897-бабына сәйкес айыппұлды төлеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары қарайтын істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде;

4) жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арызбен жүгінген кезде осы Кодекстiң 74, 75, 76, 78, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 128, 130 және 132-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай қарайды;

5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалса және судья (сот) тікелей соттың қарауы барысында осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотты құрметтемеушілік фактісін анықтаған кезде жасалмайды.

2. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны оған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi.



Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға ескерту жасау туралы қаулының екiншi данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзiнiң келiсімiн растайды.

 

808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу



Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жiберiледi.

Жасалғаны үшiн жауаптылық әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн судьяға дереу жiберiледi.

 

809-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн тоқтату



Осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған кезде, жүргiзуінде iс жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы шығарады.

 

 



42-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу

 

810-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері



1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу, егер құқық бұзушылық фактісін лауазымды адам оның жасалу орнында анықтаса, 44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес ол үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген, оны жасаған, өз кінәсін мойындаған жеке тұлға анықталған және салынған айыппұл мөлшерімен келіскен жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу:

1) баптың санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;

2) құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адам жасаған;

3) құқық бұзушылықты артықшылық берілген немесе иммунитеті бар адамдар жасаған;

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4) олар бойынша істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;

5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс iстейтiн сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайларда қолданылмайды.

 

811-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі



2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Әкімшілік құқық бұзушылық табылған және оны жасаған тұлға белгіленген кезде, лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы оның жасалу орнында жасайды және тұлғаға көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшеріндегі айыппұлды жеті тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді.

Лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін адамға белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге тапсырады.

2. Көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшеріндегі айыппұл жеті тәулік ішінде төленген жағдайда, іс мәні бойынша қаралды деп есептеледі.



Осы тараудың қағидалары бойынша қаралған істі қайта қарау осы Кодекстің 46-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

43-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет