Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті Аударма теориясы және практикасы кафедрасы



Дата25.06.2016
өлшемі364.68 Kb.
#157314

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІ УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

№1 басылым

2015



ПОӘК 042-18.17.1.28./01-2015

«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

Аударма теориясы және практикасы кафедрасы

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша

5В020700 «Аударма ісі» мамандығына арналған

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



Семей

2015

Мазмұны


1 Глоссарий

2. Практикалық сабақтар

3. Студенттің өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ

1.1 Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы


1.2 Ассимляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы
1.3 Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім
1.4.Дивергенция – ажырасу деген сөз бойынша жасалған термин
1.5 Конвергенция – бірдейлесу сөзі бойынша жасалған термин
1.6 Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілім
1.7 Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы
1.8 Лингвистика – тіл туралы ғылым
1.9 Лингвист – тіл маманы
1.10 Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім
1.11 Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі
1.12 Ономасиология – заттың аталу себебін, аталуы мен белгіленуін зерттейтін ілім
1.13 Омофон – грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен жасалған термин
1.14 Омограф - грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен жасалған термин
1.15 Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала
1.16 Просодия – сөйлеу легін мүшелеу принциптері мен құралдары туралы ілім
1.17 Проклитика-өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айту құбылысы
1.18 Семиотика – таңбалар жүйесі
1.19 Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді
1.20 Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі
1.21 Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы
1.22 Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала
1.23 Синхрония – гректің бір кездегі
1.24 Супплетивизм – итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілі
1.25 Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі
1.26 Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім
1.27 Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы
1.28 Фузия – аглютинацияға қарама-қарсы құбылыс
1.29 Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім
1.30 Энклитика - өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту құбылысы

Негізгі бөлім. Практикалық сабақтар мазмұны

1 Адам және өнер

1.Қазақстанның шет елдермен мәдени байланыс

2.Тілдері оқытылатын елдердің дәстүрі мен әдет-ғұрпы

3.Тілдері оқытылатын елдердің жастар қозғалысы мен ұйымдары Қазіргі заман жастарының субмәдениеті

4.Жастардың жұмысқа орналасуы және жұмысбастылығы



Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша қайталау және білімді кеңейту. Грамматикалық материалдарды бекіту. Жазу дағдыларын дамыту, тәжірибелік грамматикалық материалдарды бекіту.

Әдістемелік нұсқаулар: Оқу техникасын дамыту, Қазақша сөйлей алу және түсіну. Бақылау сұрақтары:



  1. Қазақ халқының ұлылығы неде?

  2. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде қандай өзгерістер болды?

Негізгі әдебиет: 1,4

Қосымша әдебиет: 4,5

2 Аударма әлемі және аудармашы

1.Менің мамандығым - аудармашы

2.Тілдері оқытылатын елдердегі және Қазақстандағы аудармашы мамандығының болашағы

3.Шетелдік аударматанушылар мен аударматану мектептері

4.Ресейде және Қазақстанда аударманың дамуы



Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша қайталау және білімді кеңейту. Грамматикалық материалдарды бекіту. Жазу дағдыларын дамыту, тәжірибелік грамматикалық материалдарды бекіту.

Әдістемелік нұсқаулар: Оқу техникасын дамыту, Қазақша сөйлей алу және түсіну. Бақылау сұрақтары:

1. Аудармашы мамандығын неге таңдадыңыз?

2. Қазақстанда аударманың дамуы қай кезден басталды?

3. Шетелдік аударматанушылар кімдер?

Негізгі әдебиет: 1,4

Қосымша әдебиет: 4,5
3 Жаһандану жағдайындағы халықаралық коммуникация және инновациялық технология лексикасы

1.Әлемдік мәндегі ашылған ғылыми жаңалықтар

2.Тілдері оқытылатын елдердегі инновациялық технология

3.Қазіргі әлемдегі бұқаралық ақпарат және байланыс құралдырының рөлі мен орны

4.Коммуникацияның ерекше құрылымы - ғаламтор және жарнама

5. Әр түрлі саладағы ИКТ тілі. Интернет лексика


Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша қайталау және білімді кеңейту. Грамматикалық материалдарды бекіту. Жазу дағдыларын дамыту, тәжірибелік грамматикалық материалдарды бекіту.

Әдістемелік нұсқаулар: Оқу техникасын дамыту, Қазақша сөйлей алу және түсіну. Бақылау сұрақтары:

  1. Аударманың маңыздылығы неде?.

  2. Әлемдік мәндегі ашылған қандай ғылыми жаңалықтарды білесіз?

Негізгі әдебиет: 1,4

Қосымша әдебиет: 4,5

4 Әлемдік қоғамдық-саяси ұйымдар және



ауызша аударманың іскерлік саласындағы өзара қарым-қатынас құралы ретінде алатын орны

1.Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы орны мен рөлі

2.Әлемдік халықаралық ұйымдар (БҰҰ,ЕҚҰҰ,ШЫҰ...)

3.Мемлекеттік құжаттар, басқармалар мен ұйымдардың лингвистикалық ерекшеліктері

4.Іскерлік өзара қарым-қатынастағы тілдік бірлік,іскерлік кездесу тілі, тұсаукесер, конференциялар,іскерлік қарым-қатынас саласында жағдаяттық сөйлесу мәнері, іскерлік сұрақнамаларда қолданылатын тілдік бірліктер

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша қайталау және білімді кеңейту. Грамматикалық материалдарды бекіту. Жазу дағдыларын дамыту, тәжірибелік грамматикалық материалдарды бекіту.

Әдістемелік нұсқаулар: Оқу техникасын дамыту, Қазақша сөйлей алу және түсіну. Бақылау сұрақтары:

1. Әлемдік халықаралық қандай ұйымдарды білесіз?

2. Мемлекеттік құжаттар, басқармалар мен ұйымдардың лингвистикалық ерекшеліктері қандай?

Негізгі әдебиет: 1,4

Қосымша әдебиет: 4,5
5 Заң, ғылыми-техникалық лексика,

және аударманың лексико-семантикалық, грамматикалық мәселелері

1.Заң тілінің өзіндік ерекшелігі.

2.Заң тілі, іс жүргізу актсі,сот тілі

1. Ғылыми-техникалық тіл: жаратылыс ғылымдары (физика,математика,биология,химия,экология және т.б), әлеуметтік -қоғами салалар (тарих,жағрафия),

2.Мазмұндау тілі және курстық, дипломдық жобалары,есеп және дессертация, техникалық құжаттар, ғылыми мәтіндер

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша қайталау және білімді кеңейту. Грамматикалық материалдарды бекіту. Жазу дағдыларын дамыту, тәжірибелік грамматикалық материалдарды бекіту.

Әдістемелік нұсқаулар: Оқу техникасын дамыту, Қазақша сөйлей алу және түсіну.

Бақылау сұрақтары:


  1. Заң тілінің өзіндік ерекшеліктері қандай?

  2. Жаратылыс ғылымдары пәндерін атаңыз?

Негізгі әдебиет: 1,4

Қосымша әдебиет: 4,5
6 Екі жақты аударма және Саясат, экономика мен бизнес лексикасы

1.Маркетинг, менеджмент, қаржы, банк ісі, экономика салаларындағы терминологиялық лексика

2.Іскерлік қарым қатынас пен экономикалық және қаржы мәселелері бойынша келіссөздерге қажетті актив лексикалар

3.Саяси лексика (арнайы саяси тіл, саясаттың функциялы стилі).

4.Саяси терминология

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша қайталау және білімді кеңейту. Грамматикалық материалдарды бекіту. Жазу дағдыларын дамыту, тәжірибелік грамматикалық материалдарды бекіту.

Әдістемелік нұсқаулар: Оқу техникасын дамыту, Қазақша сөйлей алу және түсіну.

Бақылау сұрақтары:

1. Маркетинг, менеджмент, қаржы, банк ісі салаларына тән лексиканы атап шығыңыз.

2. Іскерлік қарым қатынасты қалай түсінесіз?

Негізгі әдебиет: 1,4

Қосымша әдебиет: 4,5
7 Жазбаша аударма, көркем әдебиет тілі және кеден ісі мен елшілік қызметі

1.Қазіргі замандағы дипломатиялық және елшілік құжаттары мен жазбаларының лексикасы мен тұрақты сөз тіркестері.

2. Дипломатиялық құжаттар мен жазбалар: а) қайта шақырып алу, жіберілетін және сенім грамоталары, агреман сұранысы; ә) жеке, сенім циркулярлық ноталар; б) естелік хаттар, меморендумдар ; в) ресми мәлімдеме, мазмұндама, келісімдер, конвенциялар; г) жолдама және т.б хаттар , телефонхаттар; ғ) жартылай ресми сипаттағы жеке хаттар .

3.Елшілік құжаттар (экзекватура, ие құжат және т.б.). Елшілік мәселе бойынша ноталар мен хаттар», «Қазіргі замандағы дипломатиялық және елшілік құжаттары мен жазбаларының лексикасы мен тұрақты сөз тіркестері.

4.Кеден ісінің терминологиялық лексикасы

5..Көркем әдебиеттің тілдік көп түрлілігі

6.Тілдің бейнелеу құралдары

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша қайталау және білімді кеңейту. Грамматикалық материалдарды бекіту. Жазу дағдыларын дамыту, тәжірибелік грамматикалық материалдарды бекіту.

Әдістемелік нұсқаулар: Оқу техникасын дамыту, Қазақша сөйлей алу және түсіну.

Бақылау сұрақтары:

1. Жолдама және т.б хаттар , телефонхаттардың жазылу ерекшеліктері қандай?

2. Кеден ісінің терминологиялық лексикасының қолданылуындағы ерекшеліктер қандай?

Негізгі әдебиет: 1,4

Қосымша әдебиет: 4,5



    1. НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТ

1. Зейнулина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман Ә.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. 2009.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. Алматы: Рауан, 2004.

3.Белботаев А., ТукебаеваЖ.Казахский язык для начинающих /1-3 книги/ Алматы: Қазақстан, 2004.

4. Оралбаева Н. Қазақ тілін үйренеміз. Алматы: «Мектеп» 2004


ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ:

1. Тургамбаева Б., Линко Т. Вы говорите по казахски? /Самоучитель казахского языка/ Алматы: Балауса, 2001.

2. Сейіт Кенжеахметов. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: «Ана тілі» 2001.

3. Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған Ж. Малайсарин. Алматы: «Ана тілі», 2003.

4. Г.Әлімбек. Кәсіби қазақ тілі. Алматы, Триумф «Т»2007.

5 Г.Тұрсынова. Кәсіби қазақ тілі. Алматы 2012

6. Жанұзақов Т. (бас ред.) Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1 томдық, Алматы: Дайк-Пресс, 2008. - 968 б.


7. Қазақша-орысша сөздік (50 мыңға жуық сөздер) Алматы «Дайк Пресс», 2002

8. Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008



9. «Қазақ тілінің әмбебап сөздігі» 2002-2011
Студенттердің өздік жұмысына арналған лексикалық жаттығулар:

  1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҚЫН ЕЛДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Қазақ халқының ұлылығы – оның қарапайым мінезінде, сұлулығы кіршіксіз жүрегінде, елінің күш-қуаты бауырмал бірлігінде. Қазақ әдебиеті мен өнері Абай, Шәкәрім, Әуезов шығармаларында, Құрманғазы, Тәттімбет, Динаның домбырасының шанағында. Қазақтың ұлылығы оның кеңпейілдігінде. Қазақ халқы бұрын құлыптың не екенін білмеген, оны есігіне ілмеген, иесі жоқ үйге бас сұғып ешкім кірмеген. Қазақтың ұлылығы оның меймандостығында. Тамағының дәмдісін қонағына сақтаған. Қазақтың ұлылығы оның төзімділігінде. Таудай қайғы басқанда да иілген, бірақ сынбаған. Талай рет тәні жаралы болды, жүрегі налалы болды, жалалы болып жаны сыздады, қаралы болып, қайғыға батты, сонда да елдігін жоғалтқан жоқ.
Қазақтың байлығы – кең жазира, ұлан-байтақ даласы мен асқар таулары, жарқыраған өзен-көлдері, еңбексүйгіш адамдары мен мәрт жігіттері, сұлу қыздары.
Бұрын-соңды қазақ жастарынан әлемнің өркениетті елдерінде білім алғаны бірен-саран еді, енді жыл сайын 3 мыңдай жас шет елдің ең озық оқу орындарында оқиды. Басқалармен салыстырғанда, қазақ жастарының қабілеті жақсы екенін атақты ғалымдар жасырмай айтуда.
Әлем тарихында өз елінің іргесін қалап, дамудың мұндай жолына салып жіберген тұлғалар саусақпен санарлық. Солардың бірі Нұрсұлтан Назарбаев екені біз үшін зор абырой.
Қазақтың қазанына ешқашан ешкім ас салып бермеген. Өзіне сенген, егінін салған, шөбін шапқан, малын баққан, жан азығын тапқан. Халқымыздың бір дана сөзінде: “Әр көргеніңді қыдыр деп біл, әр мезетіңді қызыр деп біл”, дейді екен. Қыдыр қонып, қызыр жайлаған Қазақстан иншалла, бақ-дәулеті жақсы болады. Қазақстанның болашағы жарқын.
“Бегі әділ болса, елі бақытты, халқы түзу болса, бегі бақытты”, деп Баласағұн бабамыз айтқандай, қазақ елінің бақыты Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығында болса, өз басшысының айтқанын құп көріп, соңынан ерген Қазақстан халқы Елбасының да бақытын арттырып отыр. Қазақстан халқы әр түрлі тілде сөйлесе де, мемлекеттік тұтастық, бауырмалдық арқылы бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқаны қуантады.
Қазақстанда бір жаңалық болса, елең етіп құлағымызды тосамыз. Күні кеше ғана 24 тамызда Президент Н.Назарбаев тікелей эфир арқылы Қазақстан халқымен дәстүрлі жүздесуі кезінде өзбекстандық қазақтар қазақтың теледидарының алдына келіп жайғасты. Ауылда тұратын қазақтар Ташкент, Самарқанд, Бұқара қалаларында тұратын тамыр-таныстарының үйіне келіп, тыңдап көрісті. Екі сағатқа жоспарланғанымен, 3,5 сағатқа созылды. Көнекөз қариялар “Айналайын шаршады-ау, демалыңыз дейтін бір адам жоқ па”, деп жиналғандарға қарады. Өздерінің көкейде жүрген ойларын жеткізіп жатты. Өткенде Өзбекстан қазақтарына 10 мың отбасына квота бөлгенін естігенде, қуаныштан көздеріне жас алып еді.
Көпті көрген 90-нан асқан Нұралы атамыз, қуанышын жасыра алмай, Қазақстан деген түбіміз, тіреушіміз бар екенін айтып, біздерді тәнті қылды. Қазаққа Құдайдың көзі түзу болып, қойны-қонышы байлыққа толы жерді сыйға тартқан ғой. О шеті мен бұ шетіне жеткенше ат тұяғы тозып, құс қанаты талатын жер ата-баба қанымен суарылған. Тәуелсіздік алғалы Қазақстан үлкен дамуды бастан өткізді. Елбасымыз қазақ жеріндегі атом, сутегі бомбаларын Семей жерінде сынауды біржолата тоқтатты. Қазақ елінің жеке ақшасы айналымға түсті. Алыс-жақын шет елде жүрген қандас бауырларымызды атамекенге шақырып, жағдай туғызып жатыр. Елдің экономикасы көтеріліп, жалақы, зейнеткерлердің зейнетақысы, студенттердің шәкіртақысы көбейіп жатыр. Сарыарқа төсінен жаңа Астана аққу қаздай таранып, бой көтерді. Автокөлік жолдары, теміржолдар салынып, ел игілігіне беріліп жатыр. Қазақстанның әлеуметтік жағдайы күн сайын жаңарып, өсіп келеді.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақ халқының ұлылығы неде?

  2. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде қандай өзгерістер болды?


1. Мәтінді оқып, 1,2,3 абзацтарды аударыңыз.

Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық проблемалар

Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық қазіргі заманның әлеуметтік, экономикалық, психология-педагогикалық, медицина-биологиялық проблемалардың ең маңызды және өзектісі болып отыр. Ғалымдардың есептеуі бойынша маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық тек еркектердің ғана арасында емес, балалардың, жасөспірім, жеткіншектердің, әйелдердің де арасында ең басты дерт болып отыр.

Ішімдіктерді, нашаны қолдану және темекі шегуге құштарлық - әсіресе бала жасында қауіпті, ол баланың өзін-өзі билеу психикасы мен мінез-құлқын реттеу  өзегінің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Темекі, анаша, ішімдікке әуестік – тек қолданушының ғана денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, қоршаған ортадағы адамдардың да өміріне зиянын тигізеді. Темекі шегушілер өз жақындарының денсаулығын ойламайды, былайша айтқанда оларды да өзімен бірге «темекі шегулеріне» мәжбүрлейді, ал нашақорлар мен маскүнемдер өздерінің қылықтары мен әрекеттерін қадағалай алмай, жауапкершілік сезімдерін жоғалту арқылы қоршаған ортаға әлеуметтік зиян тигізулері мүмкін.



Темекінің түтіні арқылы асқынатын аурулардан жыл сайын әлемде 1,5 миллионға жуық адам өледі екен. Шылым шегу адам иммунитетін төмендетеді, еңбекке жарамсыздыққа ерте ұшырауға әкеліп соқтырады. Темекінің жануынан туған көміртек тотығы адам ағзасына тамырдағы қан арқылы тарап, ағзаны оттегімен қамтамасыз етуші эритроциттердің өміршеңдігін төмендетеді, сол арқылы қанайналым жүйесі бұзылып, көптеген аурулар туады: қан ұйығы пайда болып, аяқ-қолдағы қан айналым жүйесін бұзады. Уақыт өте келе аяқтың ұстамалы ақсауы және буынның, тамырдың басқа да аурулары асқынады.

Темекені үнемі шегетін адамның сырт бейнесіне де өзгерістер енеді: тырнағы, тісі сарғайып, шашының талы жұқарып, сынғыш келеді, табиғи жылтырауын жоғалтады.

Темекі шегуші тек өзіне ғана емес, өз жақындарының да денсаулығына қауіп төндіреді. Темекі шегуші темекі түтінінің 25%-ын жұтатыны белгілі, ал қалған төрттен үш бөлігі сол түтінді жұтуға мәжбүр болғандарға бұйырады, осылайша олар «ырықсыз темекі шегушілер» қатарына жатады.

Ырықсыз темекі шегуші үнемі темекі шегілетін бөлмеде болса, бір сағаттың өзінде жарты темекі шеккенде алынатын зиянды заттарды қабылдайды екен. Осылайша ол да темекі шегушіде болатын денсаулық ақауларына ұшырайды. Сондықтан, темекі шегу жеке бастың ісі деп қана қарауға мүлдем болмайды.

Темекі шегу – адамның ең жаман әдеттерінің бірі. Соңғы жылдары темекі шегушілер саны артып отыр.

Нашаның адам ағзасына әсер етуі қолданылатын препараттың түріне, мөлшеріне және енгізілу жолына байланысты.

Әсер ету нәтижесі: масаңсудың қысқа фазасы, оның артынан ұйқыға тарту фазасы басталады; жүрек соғысы ақырындап, тыныс алуы бәсеңсиді; мидың жұмыс істеу қабілеті азаяды; тәбеті, рефлексі, жыныстық құштарлығы, ауыруды сезу қабілеті  төмендейді.

Лас инені пайдалану, бір ине арқылы егілу нәтижесінде ЖҚТБ, гепатит, түрлі қан аурулары және бұдан да басқа қауіпті дерт тууы мүмкін. Сондай-ақ тазартылмаған героин, т.б. қоспалары жоғары нашаларды қолданғаннан кейін, көп мөлшерде қолданғаннан кейін адам бірден өліп кетуі де мүмкін. Героинге тәуелді болу, өз денсаулығына немқұрайды қарау, өз өмірін бағаламаудың салдарынан тәбет бұзылып, жұқпалы аурулармен жиі ауыратын болады.

Халық арасында ішімдіктің арқасында бойды еркін ұстау, босаңсу, ширығу, мазасыздықтан құтылуға болады деген сияқты жалған түсінік бар. Алайда ол дұрыс емес. Ішімдіктің салдарынан босаңсу мен көңіл-күйдің уақытша көтерілуінің астарында адам ағзасы биохимиялық табиғаты бар жаңа залалға ұшырайды. Көп мөлшерде ішімдік пайдалану, сондай-ақ оның ағзада құрылатын өнімі сіркесулы альдегид ми мен жүрек қызметіне қысым көрсетеді: ағза тіндерінде оттегі жетіспеушілігі туып, адам әлсізденіп, шаршап, әлсірейді. Көңіл-күйі бірден төмендейді. Бұндай жағдайдағы адам сабырсыздыққа бой алдырып, ес-түсінен айырылып, өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындай жағдайға душар болады.

Жоғарыда айтылғандардың тобықтай түйінін айтатын болсақ, өз денсаулығын ойлаған, өзіне жақсылық тілеген, салауатты өмір салтын ұстанғысы келген, өзінің, туған-туыстарының, қоршаған ортаның жағдайын ойлаған адам өзінің зиянды қылықтарынан бас тартуы керек! Темекімен қоштасып, ішімдікке, нашаға бой алдырмай, оларды өз проблемаларын шешуші құрал ретінде қарамай, ішімдікті мүлдем қойып кетуі абзал.


  1. Мәтінді оқып аударыңыз.

Менің мамандығым аудармашы

Аударма –бұл өте күрделі және көп салалы адами іс -әрекеттің бір түрі. Күнделікті ауызекі тілде  аударма ісі туралы “бір тілден екінші тілге аудару делінеді”,бірақ шындығында аударма ісімен айналысқанда тек бір тілді екінші тілге аудару ғана көзделмейді. Аударма ісінде әр түрлі деңгейдегі мәдени ағымдармен,әртүрлі дәрежедегі  ой толғау, әртүрлі әдебиеттер, әртүрлі дәуір тынысы, әртүрлі салт-дәстүр, ұстанымдармен танысып жұмыс істеуге мәжбүр боласың.

Аудармашылықпен мәдениеттанушылар, этнографтар, психологтар, тарихшылар, әдебиеттанушылар айналысады. Аудармашылық қызметтің әр жақтылығы басқа да ғылыми жұмыстырдың қайнар көзі болуы әбден мүмкін. Сондықтан да аударма ісі туралы ғылымнда- аудармашылықта әртүрлі мәдени когнитифті, психологиялық, әдеби және де басқа аспектілер бөлініп шығуы мүмкін.

Тіл білімінің аудармамен кездесуі ХХ ғасырдың ІІ жартысының басында жүзеге асты. Бұған бірнеше обьективті және субьективті факторлар әсер етті, бұл факторлар аударма ісіне де , лингвистикаға да өзінің түбегейлі өзгетістерін енгізді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін айтарлықтай ақпараттық жарылыс деп аталған дүмпу болып өтті. Адамдар мен халықтар арасында бір-бірімен ақпараттық алмасу қатынасы күрт көбейді. Бұл құбылыс “аудармашылық жарылыспен” қатар жүрді де, дүние жүзінде аударма ісі қызметінің қолданылу аясын кеңейтті.



Аударма ісінің жаңа түрлері пайда болды: синхронды аударма, кинофильмдерді дыбыстау, радиохабар, телехабарлама  аудармалары. Көп мөлшерде аударылған кітаптардан басқа, ауызша және жазбаша аударылған материалдар жиынтығы әртүрлі ұйымдар мен мекемелерде қолданыла бастады. Аударма ісімен тек кәсіби аудармашылар ғана айналыспады, бұл іспен басқа да мамандық иелері, шетел тілдерін білетін инжинер, кітапханашылар, елшілер, хатшылар (референттер), мұғалімдер, ақпараттық орталық мамандары да айналыса бастады. Осыдан кейін аудармашылардың үлкен армиясын даярлап шығарудың қажеттілігі туды. Ендігі жерде кәсіби аудармашыны бұрынғыдай “жекелеп оқыту” деп аталатын әдіс (методикасы) бойынша даярлау қажеттігі болмай қалды. Бұрынырақ аталған әдіс бойынша бір тәжірибелі маман бірнеше оқушыны даярлай алушы еді, осылайша оны аудармашы шеберлігінің қыр-сырымен таныстыратын. Дүние жүзінің барлық елдерінде  аударма ісі, аудармашылар мектептері ашыла бастады. Арнайы факультеттер университеттерде бөлімшелер тағы да басқа  оқу орындары пайда болды. Енді осыған сай  оқу жоспары мен бағдарламалар жасаудың қажеттігі туындады. Аудармашылық қызметтің бұрын-сонды болмаған аясының кеңеюі және кәсіби аудармашы мамандарды даярлаудың қажеттілігі аударма құбылысына (феноменіне) жаңаша көзқараспен қарауды, оны жан-жақты оқып үйренуді қажет етті. Лингвистердің назарын аударма мәселесіне (проблемасына) бұруда үлкен роль атқарған жайт — аудармашылық қызметтің сапасы жағынан өзгеруі болатын. Әлі де болса әлем бойынша ең көп аударылған көркем әдеби шығармалар болса да, бірінші орынға сан жағынан да, сапа жағынан да көркем-әдеби емес ақпараттық аудармалар шықты. Оларға ғылыми-техникалық, қоғамдық–саяси, экономикалық, заң ісіне байланысты аудармаларды жатқызуға болады. Егер көркем шығармаларды  аударуда аудармашылық  ең негізгі мәселесі (пороблемасы) түпнұсқаның әдеби-эстетикалық көркемдігінің және автордың өзіне ғана тән ерекшелігін сақтап аудару болса, ақпараттық аудармада қиындықтар кездесті, атап айтқанда қиындықтар лингвистика жағынан болды. Бұл жерде аударылған мәтіндер жиі анонимді (жасырын) түрде аударылды, жалпы стандарттық тілде жазылды, жеке авторлық ерекшеліктері ескерілмеді, аударма мәселелері (проблемалары) негізінен екі тілдің бірлігіндегі ерекшеліктері мен маңыздылығы жағынан анықталды.

  1. Мәтінді оқып аударыңыз.

Аударма ел мен елді жақындастырады

        Аудармашы – аса қиын мамандық. Тәуелсіз еліміздің бүгіні мен келешегіне қажетті мамандық. Қазақстанның барлық құрлықтағы мемлекеттермен қарым-қаты­насы артып келе жатқан кезде әртүрлі байланыстардың жасалуы аударманың қай түрінің де маңыздылығын айқындай түседі.
        Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың фило­ло­гия, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі аударма ісі бөлімі талап­кер­лердің аудармашы болу арманын жүзе­ге асыруына толық мүмкіндік жасауда. Соңғы уақытта ауызша аударма түрінен (синхрон­ды және ілеспе аудармашы) маман даярлау қолға алынуда. Қазіргі заманғы техникалар­мен, аппаратура­лармен жабдықталған кабинеттер бар. Мұндағы пәндер мен курс­тардың мазмұны аударманың бұл түрінен мамандануына толық сәйкес келеді.
      Тәржіме – талай ғасырдан бері халық­тар арасындағы қарым-қатынастың, сан алуан байланыстардың алтын арқауы. Бұл – мәңгілік үзілмес мықты арқау. Ел мен елдің арасындағы түсіністік пен туыстықтың қуаты, тірегі. Халықтар арасындағы сан салалы қатынастың қолдаушысы аударма­шы мамандығы екенін айтсақ, аудармашы болу – әрбір саналы, білімді жастың асыл мұраты. Сол асыл арман-мұратты іске асы­рар білім мен ғылым ордасы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма ісі бөлімі. Ол қазіргі уақытта халықаралық коммуникацияның аса қажетті буыны – аудармашы деген қадірлі мамандықты даярлайды. Мұнда студенттер қазақ, орыс бөлімдерінде ағылшын тілін оқумен бірге аударманың барлық түрін меңгеріп шығады.

1. Мәтінді оқып, 1,2, абзацтарды аударыңыз.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ


«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Жаңашылдық – нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттыдықты қажет етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бұл жаңа технологиялар шығармашыл қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр  мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс.

Сабақты тартымды өткізу және оқушылардың оқуға деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп, арттыруы шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін пайдалану артық етпесі анық. Сабақта мәселелік оқыту технологиясының басты мақсаты –оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдылығы мен шығармашылық икемділіктерін дамыту. Ерекшелігі: оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу.Инновация көпсалалы,кең қолданыста.Педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмаса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениет танушылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады. Сонымен инновациялық технология дегеніміз – педагогтың білімі, білігі, иннтеллектуалдық, кәсіби әдіс-тәсілдер жүйесін қолданудағы шығармашылық қабілет жиынтығы, мұндағы қажеттілік,қабілет,мүмкіндіктентуындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Білім беруді дамыту үрдісінің әлемдік үрдіске кірігуі,дамыған елдердің стандартына деген ұмтылыс қоғам дамуындағы қажеттіліктерді туындатып отыр. Педагогикалық технология жетілдірілген оқыту мен тәрбие жүйесін құру және оқу-тәрбие үрдісін жобалаумен айналысады. Педагогикалық технология басқарылатын қайта жаңғыртылатын оқу тәрбие үрдісін жобалауды көздей отырып , білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыдан негізделген амал тәсілдердің жүйесін құрайды.

Сұраққа жауап беріңіз.

Инновациялық технология дегеніміз не?



1. Мәтінді оқып, 1,3, абзацтарды аударыңыз.

ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ



Бұқаралық ақпарат құралдары туралы түсінік және оның маңызы.
Бұқаралық ақпарат құралдары - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған ақпараттар.Біз дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтар мен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидиарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атаймыз.
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін «information» экономика, физика, математика, информатика тағы басқа салаларында кеңінен қолданылады. Бірақ әр бір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар. Олардың ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор.
Наполеон: « Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор»,-деген.1840 жылы француз жазушысы О. Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атаған. Қазіргі электронды ақпарат құралдарының пайда болуы мен бұқаралық ақпарат құралдарының биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жібереді.
Сонымен: бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызыметі әр түрлі, олардың аса маңыздыларына мынылар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, жұмылдыру және т.б.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қызыметі азаматтарға, қоғамға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процестер жайлы мағұлматтарды таратудан тұрады. Бұл қызыметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. Біз теледидардан жаңалықтарды көреміз, радиодан естиміз, бір- бірімізден қызықтырған нәрселерді сұраймыз, яғни ақпарат аламыз. Бұл мысалдардан біз «ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтың, өткен оқиғаның мазмұнын білдіретінін көреміз. Мысалы: археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған бұйымдар бізге сол кездегі тұрмыс- тіршілік туралы, адамдар жөнінде, қандай жағдайда өмір сүргендері туралы аса бағалы ақпарат береді.
Тас бөктерлерінде, жер қатпарларында ертеден сақталып қалған хайуанаттар сүйектерін, өсімдіктер жапырақтарын зерттеу нәтижесінде де біз жер бетінде көне заманда өмір сүрген жануарлар, өсімдіктер туралы көп мәлімет аламыз. Шексіз алыс әлемді, физиканың жұлдыздар жүйесін зерттеу барысында физиктер, астраномдар олардан жерге жетіп жатқан электромагниттік сигналдар арқылы олардың құрылысы, шығуы жөнінде көп мағлұматтар алады.
XIX- XX ғасырларда телеграфтың, радионың пайда болуы, ақпаратты кез- келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығы мен жеткізуге, ал теледидардың шығуы үйде отырып- ақ, дүние жүзінде не болып жатқанын көріп білуге мүмкіндік туады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының білімдік қызыметі азаматтарға әр түрлі ғылым саласынан қоғамдық- гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алады.
Бұқаралық ақпарат құралдары адамдардың бойына әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары жүйелі түрде күнделікті хабарламасы жалпы әлемдік процестердің бір бөлігі ретінде өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысты көрсетеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары мүдделерді тоғыстырушы қызыметі: бұқаралық баспасөз бен теледидар арқылы алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады,ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарын жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді. Сондай – ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешеуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.

1. Мәтінді оқып, 4,5 абзацтарды аударыңыз.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР

Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал етуде.

Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.

1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.

Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.

БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінде.

Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады.

Біздің еліміздің қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен өзара іс-қимылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осындай құрылымдардың қызметіне Қазсқатнның қатысуы әлемдік рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық ресурстар тартудың перспективасын жақсартады.

Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар


1. Мағыналас сөздердің қатарын белгілеңіз.
А) арыз, шағым
В) арман, бақыт
С) қызыл, жасыл

2.Дұрыс нұсқасын табыңыз.


Дәулеткерей – дарынды күйші. Ол ескіше хат ... .
А) танытты
В) таныған
С) танымақ

3. Дұрыс жауабын табыңыз.


- Қанат мырза, ... мәжіліс бар, ұмытпаңыз.
А) былтыр
В) кеше
C) бүгін

4. Дұрыс нұсқасын белгілеңіз.


Білім - ... кен.
А) таусылар
В) таусылған
С) таусылмайтын

5. «Беті» сөзін қай сөздің орнына қоюға болатынын белгілеңіз.


- Бұл жігіттің жүзі маған таныс сияқты.
А) жігіт
В) жүзі
С) маған

6. Қажетті сөзді белгілеңіз.


Есіл ... сол жағалауында жаңа ғимараттар салынып жатыр.
A) өзені
B) өзен
c) өзенінің

7. Қажетті сөзді белгілеңіз.


Маған көк папкадағы ... әкеліп беріңіз.
А) құжаттардың
В) құжаттарға
С) құжаттарды

8. Дұрыс нұсқасын табыңыз.


Жападан ... .
А) екеу
В) жалғыз
С) үшеу

9. Дұрыс нұсқасын табыңыз.


Балқаш Алакөлден ... .
А) тереңірек
В) тереңдік
С) тереңдігі

10. Дұрыс жауапты табыңыз.


1930 жылдары Қарағанды өнеркәсіпті ... айналды.
А) қаланы
В) қала
С) қалаға

11. Мағыналас сөздерді табыңыз.


Мұғалімдер бүгін кеште ана-аналар жиналысы болатындығын хабарлады.
А) жарсалу, шақырмау
В) айту, шақыру
С) құлақтандыру, жариялау

12. Мағыналас сөздерді табыңыз.


Кеше парламентте депутаттардың алғашқы мәслихаты болып өтті.
А) кеш, апталық, кеңес
В) концерт, жиын
C) жиналыс, мәжіліс

13. Дұрыс жауапты табыңыз.


Қазір біз «Абай» қойылымын ... .
А) көрейін
В) көрейік
С) көрсін

14. Дұрыс жауапты табыңыз.


Жақсы бала - ... мақтанышы.
А) ата-ананың
В) ата-анамның
С) ата-анасы

15. Дұрыс жауапты табыңыз.


... бала кезінде құмартқан өнерінің бірі – сурет салу болған.
А) Шоқанның
В) Шоқанда
С) Шоқанға

16. Асты сызылған сөздің баламасын көрсетіңіз.


Қазақстанның табиғаты - әсем.
А) бай
В) таза
С) сұлу

17. Асты сызылған сөздің баламасын көрсетіңіз.


Қу түлкі ұстатпады.
А) айлакер
В) аңқау
С) ақымақ

18. Диалогті аяқтаңыз.


- Ғалия, сен аудармашысың ба? – Иә, мен ... .
А) аудармашысың
В) аудармашы
С) аудармашымын

19. Асқар – қаланың қонағы. Оған көмектесу үшін қандай ұсыныс жасар едіңіз?


А) – Онда мен сізді қыдыртайын. Қаламен таныстырайын.
В) – Кешіріңіз, қазір менің қолым бос емес. Жұмысым көп.
С) - Өкінішке орай, мен де қонақпын. Сағат жетіде пойызға шығамын.

20. Сөйлемді толықтырыңыз.


Отан - ... ыстық (қазақ мақалы).
А) жалыннан да
В) оттан да
С) шоқтан да

21. Сөйлемді толықтырыңыз.


Бурабай көлінің суы тұщы ... мөлдір.
А) мен
В) және
С) шейін

22. Қарсы мағынадағы сөзді табыңыз.


Ашу - ..., ақыл - ... . (мақал)
А) жаны, қасы
B) жақсы, жақсылау
C) дұшпан, дос

23. Қарсы мағыналы сөзді табыңыз.


Ең тәтті де – тіл, ең ... да – тіл. (мақал)
А) жақсы
В) ұзын
C) ащы

24. Асты сызылған сөзді мағынасы жақын сөзбен алмастырыңыз.


Қиындыққа шыдамды бол!
А) төзімді
В) ұстамды
В) қайратты

25. «Барлық» сөзімен мағынасы бірдей сөздер.


А) ортақ, жалпы
В) күллі, барша, бәрі
С) әдемі, сұлу, көркем

26. «Даңқты» сөзінің мағыналас сөзін табыңыз.


A) атақ
B) атқосшы
C) атақты

27. B Қажетті сөзді қойыңыз.


Мен кезектің ... .
А) соңынан
В) соңымын
С) соңынан

28. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз.


Айнұр – сымбатты қыз.
А) ажарлы
В) мейірімді
С) ажарсыз

29. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз.


Бағдарламаның өз ерекшелігі бар.
А) өзгешелігі
В) жетіспеушілігі
С) кемшілігі

30. Сөйлемді толықтырыңыз.


Мен тез, ... сөйлеймін.
А) баяу
В) ақырын
С) жылдам

31. Сөйлемді толықтырыңыз.


Құда түсу - ... келе жатқан жақсы дәстүрлердің бірі.
A) ертеден

В) бағанадан


С) былтырдан

32. Қажет мысалды табыңыз.


... әңгіме басталып кетті.
А) Қызық
В) Қызыл
С) Кең

33. «Оқушы сөзінің орнына қолдануға болатын мысалды көрсетіңіз.


А) жас
В) бала
С) шәкірт

34. «Шаһар сөзін қай сөздің орнына қоюға болатынын белгілеңіз.


Суретте шағын қала бейнеленген екен.
А) шағын
В) қала
С) суретте





35 . Синонимдік қатарды көрсетіңіз.




A.Сұлу, керек, ақ.




B.Бақ, айла, жер.




C.Шыдам, сабыр, төзім.
















36 A Антоним сөздерді табыңыз.




  1. Ақ ниет - жауыз.




  1. Көреген - қыран.




  1. Серуен - сейіл.













37. Сөйлемді толықтырыңыз.

Менің досым бүгін бастықтың ... жазылмақшы.

A) қабылдау

В) қабылдауы

C) қабылдауына

38. Сөйлемді аяқтаңыз.

-Тауарларды жеткізу мәселесін шешу жөнінде менеджермен ... .

A) қолдаңыз

B) ақылдасыңыз

C) ұсыныс жасаңыз

39. Адамның қалауын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

A) Нәтиже жақсы болу үшін реформа жүргізу керек.

B) Жүргізілген реформалардың нәтижесін көріңіздер.

C) Жүргізілген реформалардың нәтижесін көргіміз келеді.

40. Сөйлемді аяқтаңыз.

Жаңадан ашылған қорға екі миллиондай ақша ... .

A) алынды

B) жасалды

C) жиналды

41. Қажетті сөзді табыңыз.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл екен, ..., оны еліміздің әр азаматы білуге міндетті.

A) егер


B) демек

C) себебі

42. Көптік мәнін білдіріп тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) Достарыммен кездестім.

B) Айнаштар қайтып кетті.

C) Кешкі сегіздерден кейін кел.

43. Сөйлемді жалғастыратын сөзді табыңыз.

Мен сізге аздап көмектесейін ... заңгермен кеңесіңіз.

A) та

B) онда


C) өйткені

44. Тиісті сөзді қойыңыз.

Компанияның президенті жобаның жасалғанына риза ... .

A) қалды


B) болды

C) айтты


45. Асты сызылған сөздің мағынасын көрсетіңіз.

-Бұл мектепке тек үздік оқитындар қабылданады, - деп хабарлады.

A) қабылданады

B) тыңдады

C) айтты

46. Тиісті сөзді табыңыз.

Қазақстанның ... жері – Көкшетау аймағы.

A) өте биік

B) ең көрікті

C) тым аласа

47. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Бізде ... үзіліс сағат 13.00- ден 14.00-ге дейін.

A) түскі

B) түнгі


C) кешкі

48. Диалогты аяқтаңыз.

- Бақыт, ауылдан қашан келдің?

- Мен ауылдан ... келгенмін.

A) кеше

B) кеште


C) осы күн

49. Сұраққа жауап беріңіз.

Қазақстан экономикасының дамуына ненің ықпалы күшті болды?

A) мұнай өнеркәсібі

В) мұнай өнеркәсібін

C) мұнай өнеркәсібінің

50. Екі түстің кезектесіп келетін сөйлемді табыңыз.

A) Алакөл толқындары біресе ақ, біресе көк болып өзгеріп жатады.

B) Алакөл толқындары әр түрлі болып өзгеріп жатады.

C) Алакөлдің суының өте шипалы екенін халық біледі.

51. «Өте суық» сөзімен алмастыруға болатын сөзді көрсетіңіз.

A) Ең суық жер осы екен.

B) Қатты қорыққан бала сұп-сұр болып кетіпті.

C) Есікті ашқанда сұп-суық ызғар лап етті.

52. «Жиналыс» сөзіне мағыналас (синоним) қатарды көрсетіңіз

A) жиын, үкімет, жұрт

B) мәжіліс, мәслихат, кеңес

C) мекеме, ұйым, хабар

53. Сөйлемнің жалғасын табыңыз.

Қар көп жауып, жер ылғалды болса, ... .

A) астық мол болады

B) ауа ластанады

C) құрғақшылық болады

54 . Адамның өзіне қатысты істейтін әрекетін көрсетіңіз.

A) бояу, тазалау

B) бояну, тазалану

C) бояту, тазалату

21. Сөйлемді толықтырыңыз.

Жағдай бақылауға ..., қар көшкіні қаупін жоюға болады.

A) қайталанса

B) алынса

C) сақталса

55. Сөйлемді толықтырыңыз.

Айыпкер деп танылған жігіт өз кінәсіздігін ... .

A) көмек көрсетті

B) дәлелдеп шықты

C) беріп жіберіпті

56. Қажетті сөзді қойыңыз.

Кездесу алдында ол ұзақ ... .

A) сәнденді

B) сәндедік

C) сәндегендер

57. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Егер жәбірленуші кешірсе, ... .

A) сен түсіндірді

B) онда сот болмайды

C) сондықтан ол білді

58. Сөйлемнің жалғасын табыңыз.

Менің ертең уақытым жоқ, ... .

A) сол себепті демаламыз

B) себебі мақала жазамын

C) әйтпесе қонаққа барамыз

59. Сөйлемді мағыналас сөйлем түрімен аяқтаңыз.

Әлия күні бойы үй жинады, бірақ ... .

A) таңертеңнен сабақта болды

B) тамақ пісіруге уақыты жетпеді

C) күні бойы кітапханада отырды

60. Қалай? сұрағына жауап беретін сөзді табыңыз.

A) Құрылыс жағдайы туралы рет-ретімен айтып шықты.

B) Құрылыс жағдайы туралы ешкім ешнәрсе айтпады.

C) Құрылыс жағдайы туралы білмедік.

61. Толықтырыңыз.

Қандай бала болмасын ата-анасына ... келеді ғой.

A) қалқан алғысы

B) қалқан жасатқысы

C) қалқан болғысы

62. Қажетті сөзді қойыңыз.

Ата-анасын шипажайға орналастырып ..., еліне қайтты.

A) бол

B) деп


C) болып

63. Іс-әрекеттің кезекпен істелінгенін білдіретін сөзді көрсетіңіз.

Баланы біресе құшақтайды, біресе шашынан сипайды.

A) біресе

B) баланы

C) шашынан

64. Асты сызылған сөзге мағыналас сөзді табыңыз.

Ол жұмысқа кейде жаяу келетін, кейде қала көлігіне отыратын.

A) бірде

B) дегенмен

C) бірақ

65. «Амалсыздан» сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.

A) жоққа, бекерге

B) лезде, зорға

C) лажсыздан, шарасыздан

66. «Біртіндеп» сөзіне мағыналас сөзді көрсетіңіз.

A) бірден

B) әрең-әрең

C) бірте-бірте

67. Сөйлемді толықтырыңыз.

Бұл дүкендегі тауарлардың бағасы орталықтан ... .

A) көп


B) арзандау

C) азырақ

68. «Мұншама» сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.

A) осыншалық

B) бірен-саран

E) сараң


69. Тиісті сөзді қойыңыз.

Журналистерге жобаның жабылуы туралы ... айтты.

A) көптеген

B) әдейі


C) тым

70. «Қымбат» сөзіне мағыналас (синоним) сөздерді табыңыз.

A) шексіз, татымды

B) анық, нақты

C) құнды, бағалы

71. «Сүттен ақ, судан таза» тіркесінің мағынасын анықтаңыз.

A) ойсыз

B) кінәсіз

C) тәрбиесіз

72. Пусть исполнятся пожелания! сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

a) Тілек қабыл болсын!

b) Арманыңызға жетіңіз!

c) Той тойға ұлассын!

73. Аударыңыз: Культура, легенда

а) Қаржы, негіз;

в) Мәдениет, аңыз;

с) Ел, символ;


    74. Қысқарған сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.

а) АҚШ-қа

в) медбикеге

с) ТМД-на

75. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

а) 18


b) 42

c) 26


76. «Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң!» тіркестерінің орыс тіліндегі аудармасы қандай?

а) Добрый вечер! Как вы доехали?

b) Здравствуйте! Доброе утро!

c) Я рад вас видеть! Удачи вам!



77. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

а) 15


b) 12+

c) 25


78. «Сізбен танысуға бола ма? Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын!» тіркестерінің қазақ тіліндегі аудармасы қандай?

а) Представьте, пожалуйста, меня! Очень приятно!

b) Сколько вам лет? Кто вы по национальности?

c) Можно с вами познакомиться? Очень рад знакомству!



79. «Счастливого пути! Передайте привет!» тіркестерінің қазақ тіліндегі аудармасы қандай?

а) Сау бол! Көріскенше!

b) Қош бол! Жақсы барайық!

c) Сәт сапар! Сәлем айтыңыз!



80. Көптік жалғауды көрсетіңіз.

а) –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.

b) –мен, -бен, -пен.

c) –ды, -ді, -ты, -ті.



81. «Шақыру. Сізді түскі асқа шақырамын» тіркестерінің орыс тіліндегі аудармасы қандай?

а) Садитесь. Проходите к столу.

b) Приглашение. Я приглашаю вас пообедать.

c) Пойдемте. Идемте с нами в театр.

82. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.

a) қиын, ашшы, сыйлық

b) қыйын, ащы, силық

C) қиын, ащы, сыйлық

83. Көріскенше күн жақсы болсын! тіркесінің орыс тіліндегі аудармасы қандай?

a) Прощайте!

B) До скорой встречи!

C) До свидания



84. Аударыңыз: Мен достарыммен бірге саябақта қыдырғанды ұнатамын.

А) Я люблю ходить по магазинам вместе с друзьями.

В) Мне нравиться гулять вместе с друзьями по парку.

С) Я очень ценю всех своих друзей.

85. Пейіліңізге рақмет деген тіркес қай кезде қолданылады?

a) сәлемдесу

b) тілек білдіру

C) алғыс айту





    86. С Шын жүректен алғыс айтамын! Өте қайырымды екенсіз! тіркестерінің орыс тіліндегі аудармасы қандай?

    a) Благодарю вас! Большое спасибо!

    b) Я должен поблагодарить вас! Спасибо за помощь!

    c) Искренне вас благодарю! Вы очень добры!



87. Дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз.

a) силық

b) сйлық

c) сыйлық



88. Қазақ тілінде неше септік бар?

a) 6


b) 7

c) 8


89. Аударыңыз: Олар бұрын Алматыда тұрған.

А) Они раньше жили в Алматы.

В) Они недавно переехали в Алматы.

С) Мы когда-то жили в Алматы.

90. Тәңір жарылқасын! деп қай кезде айтамыз?

a) Танысу

b) Алғыс

c) Өтініш



91. Қазақ тілінде екпін сөздің қай буынына түседі?

а) алдыңғы буынға

b) ортаңғы буынға

c) соңғы буынға



92. «Выразить благодарность. Благословение» тіркестерінің қазақ тіліндегі аудармасы қандай?

а) Алғыс айту. Бата.

b) Қайырымдылық. Жақсылық.

c) Көмек көрсету. Дәстүр



93. Пусть растет и процветает твое потомство! тіркесінің қазақ тіліндегі аудармасы қандай? .

a) Бақытты бол!

b) Алла жар болсын!

c) Өркенің өссін!



94. Сөз мағынасын түсіндіретін сөздік түрі қайсысы?

А) Аударма сөздік;

В) Түсіндірме сөздік;

С) Орфографиялық сөздік;



95. Аударыңыз: Мамандық, оқырман

А) Специалист, читать;

В) Специально, читальный;

С) Специальность, читатель;

96. Ризалығын білдіретін сөзді көрсетіңіз.

a) ғапу етіңіз

b) көмегіңізге рақмет

c) амансыз ба?



97. Аударыңыз: ремесленная школа, навыки

a) қолөнер мектебі, дағды

b) өнерпаздер мектебі, ықылас

c) кәсіптік мектеп, сана



98. Промышленность сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

а) пайдалы

в) асыл

с) өнеркәсіп



99. Қайран қалдым! Таң-тамаша болып тұрмын тіркестерінің орыс тіліндегі аудармасы қандай?

a) Как красиво! Замечательно!

b) Я был удивлен! Я в восторге!

c) Приятный! Здорово!



100. Қуанышты хабарды қандай сөздермен бастаған дұрыс?

a) Сүйінші!



b) Көп жаса!

c) Көрімдік!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет