Есте сақтайтын сөздер
Ұлттық тағам
Дайындау әдісі
Сусын
Дертке шипа
Сүт тағамдары
Кептіру
Малдың төлдеуі
Алғашқы сүт
Қою
Төл
Әлсіз
15 сабақ. Автор сөзі. Төл сөз. Төлеу сөз. Стиль.
Төл сөз деп жазушының я сөйлеушінің сөздігі жағынан болсын, грамматикалық формалары жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған біреудің сөзін айтамыз.
Төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының я сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылады. Ол - автор сөзі деп аталатын.
Жазушының я сөйлеушінің біреудің сөзін өз сөзінде өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз.
-
Төл сөздің орын тәртібі және тыныс белгілері
|
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.
|
Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.
|
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.
|
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
|
«Төл сөз»,-автор сөзі
|
Автор сөзі: «Төл сөз».
|
Автор сөзі: «Төл сөз»,-автор сөзі.
|
«Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз».
|
«Балалармен ақылдасып көрейік»,-деді Ақылбай.
|
Балтабай былай деді: «Балалармен ақылдасып көрейік».
|
Балтабай: «Балалармен ақылдасып көрейік»,-деді.
|
«Балалармен,-деді Балтабай,-ақылдасып көрейік».
|
-Төл сөз, - автор сөзі
|
Автор сөзі:-Төл сөз.
|
Автор сөзі:-Төл сөз,-автор сөзі.
|
-Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз.
|
-Ол сенің інің бе?-деп сұрады Сағи.
|
Сағи былай деп сұрады: -Ол сенің інің бе?
|
Сағи: -Ол сенің інің бе?-деп сұрады.
|
-Ол,- деді Сағи,-сенің інің бе?
|
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары:
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың ең негізгі және жиі қолданылатыны - төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны (төл сөзді) автор сөзімен байланыстыру тәсілі. Алдымен, төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Кейде табыс септік жалғауы есімшеге –дық, -дік жұрнағы мен тәуелді жалғауы арқылы жалғанады. Мысалы: «Мен судан қорқамын»,-деді Омар. Омар өзінің судан қорқатындығын айтты.
Төл сөздің баяндауышы өткен шақты немесе нақ осы шақты білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің –қан, -ған, -кен, -ген жұрнақтары арқылы беріледі. Мысалы: «Автобус күтіп тұр»,-деді Омар. Омар автобус күтіп тұрғанын айтты.
Егер төл сөз етістіктің келер шақ (бұйрық түрінен басқа) немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, -атын,-етін, -йтын, -йтін жұрнақты есімше арқылы беріледі. Мысалы: «Ол ертең келеді»,-деді Омар. Омар оның ертең келетінін айтты.
Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтыласа, төлеу сөзде ол тұйық етістік формасына айналады. Мысалы: «Сен ертерек кел»,-деді Омар. Омар оған ертелек келуін айтты.
Баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан, я болмаса атау тұрғалы тұйық етістіктен болса, төлеу сөзге айналғанда, е етістігі көмекші болып келеді. «Кітап-білім бұлағы»,-деді Омар. Омар кітаптың білім бұлағы екенін айтты.
Стиль
1 Ғылыми стиль:
1.Қолданылу аясы: ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда, қолданылады.
2.Мақсаты: заттар ман құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру.
3.Стильдік ерекшелігі: дәлелді, зерттелген, тура мағынада алу.
4.Тілдік құралдары: ғалыми терминдерді қолдану, хабарлы сөйлемде, өткен осы шақтарда жиі қолданылады.
2 Ресми іс-қағаздар стилі:
1.Қолданнылу аясы: іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады.
2.Мақсаты: хабарлау, аңық мәліметтер беру.
3.Стильдік ерекшелігі: ресми, анық, дәл.
4.Тілдік құралдары: кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.
3 Публицистикалық стиль:
1.Қолданылу аясы: газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады.
2.Мақсаты: көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару.
3.Стильдік ерекшелігі: шақыру, үндеу, нақтылық.
4.Тілдік құралдары: риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдалану.
4 Көркем әдебиет стилі:
1.Қолданылу аясы: көркем шығармалада қолданылады.
2.Мақсаты: құбылыстар мен заттарды суреттеу, жанды, суретін көрсету, бейнелеу арқылы оқырманның сезіміне әсер ету.
3.Стильдік ерекшелігі: образды, эмоционалды, экспресивті.
4.Тілдік құралдары: ауспалы мағына, көркемдік тәсілдерің суреттеме құралдарын пайдалану (теңеу, метафора т.б).
5 Аузекі сөйлеу стилі:
1.Қолданылу аясы: адамдар мен еркін әңгіме кезінде қолданылады.
2.Мақсаты: қатынас жасау.
3.Стильдік ерекшелігі: сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілу.
4.Тілдік құралдары: қарапайым сөздерді еркін қолдану, диалогқа құрылу.
Мәтін тапсырмалары
Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз.
Мәтіндегі қиын сөздерді теріп жазыңыз.
Мәтінді әңгімелеп беріңіз.
Табиғатты қорғау
Адам қоғамының қазіргі кездегі дамуы, оның алдына көптеген күрделі мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері дүниежүзілік деңгейде биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді химиялық өндірісті дамыту, энергия көздерін және та-биғат байлықтарын ұқыпты пайдалану, ауаның, судың және топы- рақтың тазалығын сақтау өзекті мөселелердің бірі болып саналады. Бұл адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты. Сон-дықтан да табиғатты қорғау адамды қорғау деген ұғыммен тікелей үндесіп жатады.
1991 жылы Қазақстан Республикасының "Табиғи ортаны қорғау туралы" заңы, ал 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің иАрал өңірі халқының тіршілік жағдайларын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" арнайы қаулысы қабылданды.
Мұның бәрі де республикамызда табиғатты қорғау мәселесіне мемлекет тарапынан үнемі назар аударылып тұрғанына толық дәлел бола алады.
Ірі кәсіпорындарда қалдықсыз әдістерді енгізу, тұйық жүйе бойынша істеуге көшу, жанармайлардың ауаны ластамайтын түрлерін пайдалану да ғылымның алдында тұрған кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.
Өндіріс орындарында табиғатты ластауға жол бермейтін құрылыс материалдарын ойлап шығару, оларды пайдаланудың мер-зімін ұзартуға басты көңіл бөлінуде. Бұл салада Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі мол.
Қазақстандық өнертапқыш Ғ.Наурызалин ауа, су өткізбейтін құрылыс материалын жасаудың жаңа әдісін тапты. Оның ойлап тапқан құрылыс материалы дүниежүзілік деңгейдегі материалдардан ең берік деп саналатын "Бетон-20"-дан жүз мың есе сапалы болып шықты.
Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Ақындардың көп жырлаған тақырыптарының бірі - адам мен табиғат бірлігі.
Қазақ халқының ұлы кемеңгері Абай Құнанбаев та өз шығармаларында төрт түлікті шаруашылықты, аңшылық-саяткерлік өмірді табиғат лирикасымен ұштастыра жырлаған.
Адам өзінің іс-әрекеті арқылы табиғатта ұзақ уақыттар ара-лығында бір-біріне байланысты үйлесімді жүріп отыратын заңдылықтарға әсер етіп, кейде олардың бұзылуына жағдай жасайды. Ормандардың бей берекет қырқылуы, жерді қалай болса солай пай-далану, қырғын соғыс зардаптары, табиғатты талан-таражға салуы соған мысал бола алады.
Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның бірі Семей полигоны больш та-былады. Бұл 18 мың км аймақты алып жатыр.
1949 жылдан 1989 жыл аралығыңда бұл жерде 467 ядролық жарылыс болып, сынақтар өткізілген. Осындай жойқын әрекеттерден Семей аймағының табиғаты мен халқы өте ауыр зардап шекті. Халқының тағдыры толғандырған азаматымыз Олжас Сүлейменов Семей полигонына қарсы және халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыс ұйымдастырып, Семей полигонының жабылуына өз үлесін қосты. Мұндай сынақ аймақтары Қазақстанның 34 нүктесіңде су айдындары бейберекет пайдаланудан және түрлі минералды тыңайтқыштарды, түрлі зиянды жәндіктерге қарсы пайдаланған пестицидтер мен гербицидтерді қолданудан да су қорлары ластанып тартылады. Оны Арал теңізінің тартылуы жайынан, Балқаш көлінің суының азаюынан көруге болады.
("Тіршіліктану" кітабынан)
16 сабақ. Тыныс белгілері.
Нүкте, қос нүкте, көп нүкте, нүктелі үтір, үтір.
Мәтін тапсырмалары
Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз.
Мәтіндегі қиын сөздерді теріп жазыңыз.
Мәтінді әңгімелеп беріңіз.
Қорғалжың қорығы
Қорғалжың қорығы - құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың табиғат өзгерісіне бейімделінуін зерттеу үшін құрылған. ҚазССР Министрлік Советінің қаулысы бойынша 1968 жылы ұйымдастырылған. Бұл қорық Ақмола қаласынан оңтүстік батыста 140 км жерде орналасқан. Қорғалжың теңіз көлдерінің айдынын және олардың қамысты, нулы жағалауларындағы 2 мың км аумақты алып жатыр.
Қорықтың климаты құстар мен жануарлардың тіршілік етіп, өсіп-өнуіне өте қолайлы келеді. Жазда 40° ыстық, қыста 40° аяз болады, жылына 200 мм шамасында жауын-шашын болады. Жаз айларында мұнда Африка, Оңтүстік Еуропа және Үндістаннан мыңнан астам үйрек, қаз, аққу, қызыл қаз, ақ шіл, шағала, бірқазан, жапалақ, тырна, көкқұтан т.б. құстар келеді. Көктем айларында бұларға арнап көл жағалаулары мен шөпті, ағашты алаңдарға мыңдаған ұя салынады, жабайы күріш сияқты өсімдіктер себіледі. Қорықта жануарлардан ақ қоян, көртышқан, борсық, киік, жабайы шошқа т.б. аңдар кездеседі. Шортан, қызыл қанат, сазан т.б. балықтардың өсіп-өнуіне толық мүмкіндік жасалған.
Қорық - туристер мен өлке тану әуесқойларының саяхат орны.
Ақсу-Жабағылы қорығы
Батыс Тянь-Шанның солтүстігіндегі табиғи комплекстерді қорғау және зерттеу үшін құрылған Қазақстандағы тұңғыш мемле-кеттік қорық. Шымкент қаласынан 90 км жерде, Талас Алатауының батыс және солтүстік-батыс сілемдерін алып жатыр.
Қорық 1926 жылы құрылған. Жері 75 мың шаршы км. Қорықта өсімдіктердің 1 200 түрі бар. Мұнда ағаштың 25 түрі - талас терегі, қайың, тал, шырша, өрік, алма; бұталы өсімдіктен - арша, ырғай долана, қарақат т.б. өседі. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Онда жануарлардың 53 түрі: елік, марал, қабан, барыс, жайран т.б. кездеседі. Құстардың 238 түрі - бірқазан, қырғауыл, сары шымшық т.б. тіршілік етеді. Мұнда Орта Азия тауларының табиғи күйін сақтауға және жануар мен өсімдік дүниесін қорғауға бағытталған жан-жақты жұмыс жүргізетін ғылыми топ бар.
* * *
Тауды, орманды мекендейтін ірі тұлғалы мысық тұқымдас хайуанаттың бірі - сілеусін. Мұның караколдан айырмашылығы реңі біркелкі болмай, теңбіл-теңбіл болып келеді. Сілеусіннің құйрығы тіке, шауып тастағандай шолақ. Өте епті, ағашта жақсы өрмелеп, бірінен екіншісіне секіре алатын күшті жыртқыш. Дене тұрқы - 92-105 см, құйрығының ұзындығы- 20-30 см, салмағы- 8-15 килограмм.
Сілеусін жемін жасырып, өте сақтанып оңтайлы кездерді аңдып жүреді. Ол ешқашан азығын ағаш басынан секіріп түсіп олжаламайды. Көбінесе құрлар мен кемірушілер, ақ қоян қорегіне жатады. Кейде сілеусіндер елік, құдыр, бұғыларға шабуыл жасап, оларды азық етеді. Олар орман мысықтарын да аулайды.
17 сабақ. Аралық бақылау.
$$$ 1 D
Адамның көңіл-күйін білдіретін сөйлемді не дейді?
-
Толымды
-
Жақсыз
-
Сұраулы
-
Лепті
-
Жайылма
$$$ 2 Е
Лепті сөйлемді табыңыз.
-
Бірде-бір адамды көрмедім
-
Екі мәрте толтырыпты ма
-
Жеті саны қасиетті дейді
-
Төртеуі де төрт алған шығар
-
Бес деген қандай жақсы баға
$$$ 3 Е
Хабарлы сөйлемді табыңыз.
-
Быжырлаған құрт-құмырсқа
-
Қап, бар даусыңмен айқаласан ғой
-
Болжалдық сан есімнің жасауылы қандай
-
Былтырғы киімінді ки
-
Барымталасу үшін күш керек
$$$ 4 А
Қай сөздер лепті сөйлем жасауға қатысады?
-
Одағай сөздер
-
Есім сөздер
-
Көмекші сөздер
-
Атау сөздер
-
Жалғаулық сөздер
$$$ 5 А
Лепті сөйлемді табыңыз.
-
Табиғат қандай тамаша
-
Ол қандай машина айдайды
-
Қандай сөзі сұрау есімдігі емес пе
-
Қандай болса да табыңдар
-
Соны да әлдеқандай етті
$$$ 6 С
Қайсысы сұраулы сөйлем жасайды?
-
Не деген, не еткен
-
Әттең, бәрекелді
-
Сірә, шығар
-
Алайда, әйтеуір
-
Дейін, бірақ
$$$ 7 В
Сұраулы сөйлемді табыңыз
-
Оны ешкіммен сөйлеткіз (бе)
-
Жігіттің, қолы аттың тізгініне жабысты(ма)
-
Оқушылар саны жиырма бес екен
-
Күн ұясына батуға таяды
-
Өткен жылғы молшылықты ұмыт(па)
$$$ 8 С
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсетіңіз.
-
Жақты сөйлем
-
Толымды сөйлем
-
Сұраулы сөйлем
-
Жайылма сөйлем
-
Құрмалас сөйлем
$$$ 9 D
Сұраулы сөйлемді табыңыз.
-
Кейбіреулер түк істемей-ақ болдырып отырады
-
Сен меннен аулақ жүр
-
Таң қараңғысынан тұру Дәметкеннің өмірлік дағдысына айналған еді
-
Немене, бізді ақшасы жоқ кедей деп естіп пе едіңіз
-
Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез
$$$ 10 D
Қазақ тілінде сөйлем айтылуы мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?
-
5
-
6
-
7
-
4
-
2
$$$ 11 А
Лепті сөйлемді табыңыз.
-
Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай
-
Білім – адамның қанаты
-
Кімдер таратып, насихаттайды
-
Қарлығаш, не сонда, жалғыз жатпақ па иесіз үйде
-
Айналайын, жастық уақытты босқа өткізбе
$$$ 12 А
Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
-
Егіс көлемін ұлғайт
-
Тіл қандай
-
Сен енді бала емессің
-
Ал Жамал ше
-
Бұл – тарихи жер
$$$ 13 С
Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
-
Өкіну, қорқу, жирену, кекету мақсатында айтылатын сөйлем
-
Дауыс ырғағының бәсеңдеу сазбен айтылатын сөйлем
-
Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатында айтылатын сөйлем
-
Тек талап қою мағынасында айтылатын сөйлем
-
Сөйлемнің соңында нүкте қойылатын сөйлем
$$$ 14 Е
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
-
Айтылған ойдың тыңдаушыға түсінікті әсерлі болуы үшін айтылатын сөйлем
-
Қимыл иесінің күйін, қалын, іс-әрекетін айқындауға жауап күтетін сөйлем
-
Сұрау айтылған сөйлем
-
Адамның көңіл-күйін білдіру мақсатымен қолданылған сөйлем
-
Біреу я бірдеме туралы ойды екінші біреуге жай хабарлау мақсатында айтылған сөйлем
$$$ 15 С
Сұраулы сөйлемді табыңыз.
-
Балам, тоқташы
-
Апырай, желісінің қаттысын-ай
-
Сен болған шығарсың
-
Аспан ашық
-
Алматы - оңтүстік астана
$$$ 16 А
Хабарлы сөйлемді табыңыз.
-
Әне бір өрге шыққан немене
-
Тарт тілінді
-
Ауа райы суық
-
Мақтан қума, керек қу
-
Бұған кім кінәлі
$$$ 17 D
Лепті сөйлемді табыңыз
-
Бармағанда қайтем
-
Бақ кетпесін басыңнан
-
Сен әнші едің-ау, ә
-
Ой, байғұс бала-ай
-
Жаңбыр жауды
$$$ 18 А
Одағай сөз қатысқан лепті сөйлемді көрсетіңіз.
-
Ойпырым-ай, балаңның мінезі қандай жаман еді
-
Көрсетпе көз жасынды
-
Жүр, жарысайық
-
Балам, жөнінді айтшы
-
Амал нешік, пешенеме жазғаны осы болды
$$$ 19 Е
Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
-
Аспанда жапқан тұтас бұлт сиреп, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады
-
Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды
-
Аңсаған төлде су тапса, бас қоймай ма бастауға
-
Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған
-
Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті
$$$ 20 D
Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
-
Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ.
-
Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жориып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді
-
Сиырда аунамақ жоқ, жылқыда күсемек жоқ, суда қаймақ жоқ
-
Қуаты – ақындық, үміті – халық
-
Осы өткен қыс бойында, кітап соңында көп отырған Абай үй ішіне, Ербол мен Байманғаметке, кішкене молдаға және әңгіме тындауға жараған балалары: Әбдірахман, Қүлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір романдарын да қызықты хикая етіп айтып беріп отырамын
1 ӘДЕБИЕТТЕР
1 Негізгі әдебиеттер
1.1. З.Күзекова, Г. Қарақұсова Жоғарғы оқу орындарының эканомика факультеттеріне арналған. А.1997,1999.
1.2. Ш.Б Сейтова. Ана тілің –асыл қазынаң. Семей 2001.
1.3. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
1.4. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы
1.5. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
1.6. Қазақ тілі сөздігі. А. 1999 ҰТА
1.7. Ә. Болғамбаев. Қазақ тілінің синонимдік сөздігі. А.1976.
1.8. Б.Шалабай, В.Салагаев. Іс қағаздары. А. 2001.
1.9. Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2005.
1.10. Г.Қ Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш А-2000
1.11. З.Күзекова . Практикалық курс. Қазақ тілі –Алматы: 2002
1.12. Ш.Бектұров. Серғалиев М. Қазақ тілі А-1994
1.13. Жас техниктің энциклопедиялық сөздігі. Москва.1980.
1.14. Р. Сыздық Қазақ тілінің анықтағышы Астана, Елорда 2000.
2. Қосымша әдебиеттер
2.1. Жас толқын электронды оқулығы
2.2. Руханият электронды оқулығы
2.3. Зерде электронды оқулығы
2.4. Елтаным электронды оқулығы
2.5. Мәнерлеп оқу электронды оқулығы
2.6. Ахмет Байтұрсынов электронды оқулығы
2.7. Ыбырай Алтынсарин электронды оқулығы
2.8. Қазақ тілі электронды оқулығы
Достарыңызбен бөлісу: |