Экономика және бизнес факультеті



бет1/2
Дата30.03.2024
өлшемі54.1 Kb.
#497071
  1   2
Сөж психология


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Экономика және бизнес факультеті

Тақырыбы: “Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт”


Орындаған:Советханқызы Айнұр


Тексерген:Тленчиева Н.C
Логистика К2
Пәні:Психология


Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт

МАЗМҰНЫ:

1.Кіріспе……………………………………………….2бет
2.Агрессия түсінігі………………………………..3бет
3..Агрессиялық мінез-құлық……………….4бет
4.Конфликт түсінігі……………………………….5бет
5.Конфликт туралы көзқарастар…….……7бет
6.Агрессия/конфликттің алдын алу……..8 бет

1.КІРІСПЕ


Қазіргі қоғам да ,қоғамдық көзқарастар да күннен күнге өзгеру үстінде.Әрі бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулер алынып тасталып,ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы жастардың сана-сезімі мен рухына кері әсер тигізіп отырғанын біз жақсы білеміз.


Соңғы уақытта қоғам жасөспірімдердің,үлкен кісілердің ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік,агрессия,жағымсыздық ассоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етуде.Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу-психология ғылымының негізгі мәселесі.
Барлық уақытта көрнекті философтар мен ойшылдар агрессия құбылысына қызығушылық танытқан.Көптеген ірі теориялық зерттеулер осы тақырыпқа арналған агрессивті мінез-құлықтың себептері туралы білімді жүйелейді.Агрессия саласындағы атақты зерттеушілер-Р.Барон,А.Назаретян,Э.Фромм,Б.Крайхи,Д.Доллард,А.Бандура,Л.Берковиц,К.Лоренц,К.Изард,Д.Ричардсон,А,Реан.
2.АГРЕССИЯ ТҮСІНІГІ

АГРЕССИЯ (лат. aggressio – қаз. шабуыл жасау) – әлеуметтегі адамдардың арақатынас тәртібінің талаптарына қарама-қайшылықты себептенген деструктивтік қылық.Агрессия объектілерге зиян келтіреді немесе психологиялық қолайсыздықтар (қайғыру, қорқыныш, басымдық, басқаның пікірін күшпен басып тастау т.с.с) туғызады. Агрессия бірнеше түрге бөлінеді:


1) басқаларға күш көрсететін;
2) вербалдық агрессия. – айқай, шу, қорқыту, табалау, ұрысу сияқты вербалды реакцияның мазмұны арқылы жағымсыз сезімдермен танытатын негативті сезімдер.
Олардың түрлері (ұрыс-керіс, шыңғыру) арқылы да, сондай-ақ мазмұны арқылы да (қорқыту, қарғау, балағаттау) шығару;
3) тікелей агрессия – нақты объектіге немесе біреуге бағытталған; жанама агрессия – басқа адамға жанама жолмен бағытталған.(жаман өсектер, қалжың- дар және т.с.с.);
4) Агрессия сондай-ақ бағытсыз, ретсіз жүзеге асатын әрекеттер – айқай, аяқпен топырлау, үстелді жұдырықпен соғу және т.б. түрінде көрінетін ашу;
5) инструменталды агрессия– қандай да бір мақсатқа жетуге құрал ретінде көрініс береді;
6) аутоагрессия – өзін-өзі кінәлау, өзін- өзі қорлау, өз денесіне физикалық қиянат жасау, өзін кемсіту, тәнін зақымдау, кейбірде өзін өлтіруге дейін баруынан көрінеді;
7) қастандық (қастық) агрессия– біреуге әдейі зиян келтіру немесе объектіні зақымдау мақсатымен жасалады;
8) альтруистік агрессия – басқалардың шабуылынан қорғау мақсатымен сипатталады.
Агрессия– адамдар қауымдастығында бірлесіп өмір сүру нормалары мен ережелеріне қарама-қайшы келетін, өзі бағытталған өлі немесе тірі объектіге нұқсан келтіретін, біршама мақсатты түрде жүзеге асатын деструктивті мінез-құлық. Әдетте агрессия салдарынан тірі объектілерде қорқыныш, үрей, қы- сылу туады. Агрессия жаман қалжыңдар, өсек, тіптен кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіруге дейін және т.б. баратын қиялдағы қастық ойдан шығарылған түрлі қиянатты әрекеттер. Агрессия әрекеттер қандай да бір мақсатқа жету тәсілі (инструменталдық А.), психикалық кернеуді босату амалы, сана астында тұншыққан қажеттілікті қанағаттандыру жолы, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі бекіту түрі ретінде көрініс.

3.АГРЕССИВТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ


(лат. aggressio – қаз. шабуыл жасау) – адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субъекттің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік, жақтырмаушылықтан – тіл тигізуге («вербалдық агрессия») және дөрекі түрде күш қолдануға («физикалық агрессия») дейін түрленеді. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан келгенде: жекелеген адамдардың агрессивті мінез-құлықтары жиынтығының, бұқаралық сипаттағы құбылыс ұғымының шеңберіндегі тұлғааралық агрессияның – топтық агрессияға айналуының мәні бар. Шетелдік психологияда агрессивті мінез-құлықтың пайда болуының, себеп-салдарларының сан алуан түсіндірмелері кездеседі. Агрессивтік мінез құлық нақты көріністерін түсіну үшін тұлғалық және ұжымдық әрекеттің жалпы құрылымындағы оның орнын айқындап алған жөн. Мысалы:агрессивтік акт субъекттің қорғаныстық жауабына ұқсамауына, аффекттің салдары еместігіне немесе агрессивтік мінез құлық өзіндік мақсат-мүдде мен мәнге ие болып, ерекше тұлғалық және ұжымдық іс-әрекетке (ауытқыған, теріс мінез-құлық) көшуіне және т.б. баса назар аудару қажеттігі.


4.КОНФЛИКТ ТҮСІНІГІ

Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.


Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін.
Конфликті анықтамасының бір варианты оның философиялық мағынасына негізделген, осыған сәйкес ол «қарама-қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі» деп сипатталады. Онда әлеуметтік конфликт «қызығушылықтарының, мақсаттарының, даму тенденцияларының қарама-қайшылықтарына немесе арасындағы айырмашылықтарына байланысты әр түрлі әлеуметтік бірліктердің – кластар, ұлттар, мемлекеттер, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттардың қақтығыстарынан көрініс беретін әлеуметтік қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі».
Конфликтідегі мінез-құлықтың 12 ережесі:
1. Егер серігің соншалық ашу-ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін төмендетуге көмектесу керек. Өйтпейінше, онымен келісу өте қиын немесе мүмкін емес. Оның ашулы сәтінде өзіңді сабырлы, сенімді ұста. Бірақ өзіңді жоғары қойма. Егер адам ашуға қатты берілсе, ойы теріс пікірлер мен сеззімдерге толады. Сондықтан, қалайда оның өз-өзіне келуі үшін әрекет ету керек.
2. Серігіңнен өзінің тілек, талабын сабырмен түсіндіруін талап ет. Осы жағдайға байланысты тек қана нақты дәлелдер мен мысалдарды ғана негізге алуын түсіндір. Адамдарға тән қасиет дәлел мен сезімді шатастырады. Сондықтан, серігіңнен «айтып тұрғаның нақты дәлел ме, әлде пікірің бе?»-деп сұрап ал.
3. Ашуды күтпеген әдістермен қайтар. Серігіңнен сенімді түрде басқа бір кеңестер сұра, бірақ бұл кеңестер оған маңызды болуы тиіс. Оған әр түрлі әзіл-қалжыңдар айт. Ең бастысы, сенің өтініштерің, еске түсірулерің, қалжыңдарың оның ашуын қайтаратындай болу керек.
4. Серігіңе қарсы баға берудің орнына өз сезімдеріңді айт. «Сен мені алдап тұрсың-ау?» дегеннің орнына «Мен өзімді алданғандай сезініп тұрмын».
5. Қиындық туғызған мәселе мен өзің қалаған соңғы шешімді мақұлдауын сұра. Шешілмеген мәселенің қалайда шешімін табу керек. Серігіңмен бірге қандай мәселені шешу керегін анықта, одан соң бірге күш салыңдар. Өзіңді сезімге, ашуға билетпе.
6. Серігіңе шешімін таппаған мәселелер жөніндегі ойын және одан шығудың жолдарын айтқызып көр. Бұл жағдайда кінәлі адамды іздеп, болмаса түсіндіріп әуре болмай, одан шығудың жолын ізде. Бір ғана нұсқамен тоқтап қалма. Ең соңында көңіліңдегі бірнеше пікірдің біреуіне тоқта. Алайда, серігіңмен келісуді есіңнен шығарма. Өйткені жетістікке, жеңіске бірге жетулерің керек.
7. Қандай жағдай болмасын серігіңе өз пікірін сақтауға мүмкіндік бер. Өзіңді еш уақытта өз қолыңнан шығарма, ашуға ашумен жауап беруге мүлде болмайды. Оның ар-намысына тиме. Тіпті сенімен амалсыздан келіскен жағдайдың өзінде сені еш уақытта кешірмейді. Сондықтан оның өзіне емес, іс-әрекетіне ғана жауап бер.
8. Оның талап-тілектері мен айтқандарының мағынасын дұрыс қабылда. «Сіз осыны айтқыңыз келді ме? Мен сізді дұрыс түсіндім бе?-деп жиі-жиі сұраңыз.» Бұл әдіс дұрыс түсінбей қалудан сақтандырады және оны ықыласпен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді.
9. Өзіңді тең ұста. Өзіңді сенімді, сабырлы ұста. Ол серігіңді ашу-ызаға берілуден сақтап, екеуіңді де абыройсыз жағдайға қалдырмайды.
10. Кінәлі болсаң, кешірім сұрауға ұялма. Біріншіден, ашудың алдын аласың. Екіншіден, саған көзқарасы өзгереді. Өзіне сенімді, өзін жетілдірген адам ғана кешірім сұрай алады.
11. Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға тырыс.
12. Серігіңе сыйластық сезіміңді көрсете отырып, түсініспеушіліктен болған арадағы жағдайға қиналатыныңды айт. Егер арадағы қарым-қатынасты дұрыс сақтасаң, оның сенімен алдағы уақытта да бірге жұмыс істейтіні даусыз.

5.КОНФЛИКТ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАР


Әлеуметтік конфликті мәселесіне байланысты фундаментальді отандық монографияның авторы А.Г.Здравомыслов «конфликт – қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттерінің маңызды жағы, әлеуметтік тұрмыстың клеткасы», - деп жазған. Бұл әлеуметтік іс-әрекеттің потенциалды және актуалды субъектілерінің арасындағы қатынастардың формасы, қарама-қайшы құндылықтар және нормалар, қызығушылықтар мен қажеттіліктерге негізделген мотивация. Әлеуметтік конфликтіні зерттеуші, танымал, батыстық Р.Дарендорф оған «объективті («латентті») немесе субъективті («айқын») қарама-қайшылықтар арқылы сипаттауға болатын элементтер арасындаға кез келген қатынас» деген анықтама береді. Яғни, қарама-қайшылықтардың объективті-субъективтілігі, саналы-санасыздығы маңызды емес, дегенмен де «кез келген қатынас» деген түсініксіздеу. А.Я.Анцупов және А.И.Шипилов келесідей анықтаманы ұсынады: «Конфликт дегеніміз конфликті субъектілерінің қарама-қарсы әрекеттері мен әдетте негативті эмоциялармен жүретін өзара әрекеттерінің үрдісінде пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің өткір жолдары». Егер қарсы әрекеттер болып, негативті сезімдер болмаса, немесе керісінше негативті эмоциялар болып, қарсы әрекеттер болмаса, онда мұндай ситуациялар конфликтінің аллды болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет