Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмыстарының жиынтығы 2011 жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы»



Дата04.03.2016
өлшемі41.93 Kb.
#37289
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмыстарының жиынтығы

2011 жыл.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес, 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36-2 мәслихат шешімімен бекітілген Орал қаласын 2011-2015 жылдарға дамыту Бағдарламасы (одан әрі Бағдарлама) әзірленді. Іс-шаралар Жоспары әзірленіп, қала әкімінің 2011 жылғы 25 ақпандағы №15 шешімімен бекітілді.

2011 жылдың 1 жартыжылдығына Бағдарламаның жүзеге асырылуына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша оған өзгерістер енгізіліп, ол 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №43-8 сессия мәслихатының шешімімен қаралып, бекітілді. Өзгерістер есепті жылдағы бюджеттік қаражаттардың жеткіліксіз бөлінуіне байланысты болды. Осыған байланысты жоспарланған іс-шаралардың орындалу мерзімдері жылжытылды. Сондықтан Бағдарламаның 2015 жылға түпкі нәтижелері өзгертілмей қалып отыр.

Бағдарламаның өзгертулері бекітілгеннен кейін Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспары түзетіліп, қала әкімінің 2011 жылғы 15 ақпандағы №15 шешімімен бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251қаулысымен бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамының Ережелеріне сәйкес, жылжымалы негізде стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы есебімен бес жылдық кезеңге қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленді. Осыған байланысты қала әкімдігінің 27 қазандағы №2639 қаулысымен Орал қаласының 2012-2016 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы (одан әрі Болжам) мақұлданды.

Аталмыш құжатта мақсатты индикаторлар мен қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, 2012-2014 жылдарға негізгі бюджеттік параметрлер мен үш жылдық кезеңге (қосымша түрінде) басымды бюджеттік инвестициялар тізбесі айқындалды.

Берілген Болжам параметрлері шеңберінде 20 желтоқсандағы №43-3 қалалық мәслихат шешімімен 2012-2014 жылдарға қалалық бюджет бекітілді. 2012 жылға бюджет 17 264 942 мың теңгені құрады.

2011жыл бойына қала бюджеті мәслихат сесиясында 4 рет нақтыланып, 6 рет түзетілді, қала бюджеті барлығы 9 080 887 мың теңгеге өсті. Жыл соңында ол 22 106 930 мың теңгені құрады.


2012 жыл

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі №100 бұйрығына сәйкес, 2011-2015 жылдарға Орал қаласын дамыту Бағдарламасының 2011 жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылуын мониторингілеу жүргізілді.

Бағдарламаның жүзеге асырылу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен өкілді салаларда стратегиялық мақстаттармен міндеттерді жүзеге асыру мен тиімділік жетістігі бағаланды.

Алдын-ала берілген бағалау нәтижелері бойынша 3 позиция бойынша бағалау коэффициенттерін қайта қарау ұсынылды. Нәтижесінде 2 позиция бойынша қарсылық білдіріп, және жалпы бағалау балы 88,83 тен 90,70 баллға дейін көбейді.

Стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің жетістік нәтижелерінің қорытындысы бойынша Орал қаласы әкімдігі облыс аудандарының арасында 1 орынды иеленді.

2011жылға және 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына жүргізілген Бағдарламаның жүзеге асырылуын мониторингілеу қорытындысы бойынша Бағдарлама көрсеткіштерін оңтайландыру мақсатында Экономиканы дамыту және сауда министрлігі жергілікті атқарушы органдар үшін мақсатты индикаторлармен бірыңғай көрсеткіштер тізбесін (БКТ) бекітті.

Бірыңғай тізбеге сәйкес, бекітілген Бағдарламаның 4 тармағына негізгі міндеті мен мақсаты және олардың көрсеткіштеріне төмендегі 5 бағыт бойынша өзгерістер енгізілді:

1. Экономика

2. Әлеуметтік сала

3. Инфрақұрылым

4. Ауыл аумақтарын дамыту, экология

5. Мемлекеттік қызметтер

Жылдар бойынша көрсеткіштер мағынасы тиісті салалық басқармалармен және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келісілді.

Бекітілген Бағдарламада 42 мақсат пен 92 міндетке мағынасы сәйкес келетін 74 мақсатты индикаторлар мен 414 міндеттер көрсеткіштері айқындалды. Жүргізілген оңтайландырудың нәтижесінде мақсаттар саны 21, міндеттер саны -29 болды. Сәйкесінше мақсатты индикаторлар 32 дейін, міндеттер көрсеткіштері 72 бірлікке дейін қысқарды.

Түзетілген Бағдарлама қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 23 қаңтардағы №10-2 шешімімен бекітілді. Қала әкімінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы №4 шешімімен Бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар Жоспары бекітілді.

2013-2017 жылдарға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы қала әкімдігінің 25 қазандағы №2713 қаулысымен мақұлданды.

Болжам параметрлеріне сәйкес, 2012 жылғы 14 желтоқсанда қалалық мәслихат сессиясының №9-10 шешімімен 2013-2015 жылдарға қала бюджеті бекітіліп, 2013 жылға қала бюджеті 17 518 341 мың теңге сомасында анықталды.

2012 жылғы қала бюджеті қалалық мәслихат сессияларында сәуір, қараша және желтоқсан айларында нақтыланып және 5 рет түзету енгізілді.

Барлығы қала бюджеті 17 261 942 мың теңгеден 21 477 656 мың теңгеге дейін, яғни 7 215 714 мың теңгеге өсті.

2013 жыл
2011-2015 жылдарға қаланың даму Бағдарламасын жүзеге асырудың 2012 жылға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарының бағыттайтын салалардағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерінің тиімділік жетістігі бағаланды.

2012 жылға жалпы 97 балды құрады. Ол өткен жылдармен салыстырғанда 6,3 балға өсті (2011жылы -90,70 бал).

Аталған бағыт бойынша жергілікті атқарушы органдарды бағалау бойынша Орал қаласы облыс аудандарының ішінде 2011 жылдағыдай 1 орынға шықты.

Жергілікті бюджет жобаларын әзірлеу Ережелері мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2013 жылдың 25 сәуіріне 2014-2018 жылдарға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму Болжамының жобасы және 2014-2016 жылдарға қала бюджетінің жобасы дайындалды.



2017-2018 жылдарға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы Үкіметпен мақұлдануы есебімен (2013 жылғы 28 тамыздағы №33 хаттама) басымды бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін жасау жұмысы жүріп жатыр. Батыс Қазақстан облысының 2014-2017жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы мақұлданып және бюджет параметрлері бойынша лимиттер жеткізілгеннен кейін Болжам мен қала бюджетінің соңғы нұсқасы алдағы жылдарға кейіннен енгізуімен қалыптастырылып, қалалық мәслихат депутаттарының қарауына 1 қарашаға дейін ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет