Экономика және экономикалық жүйелердің типтері Экономикада «көрінбейтін қол»


§42-43. Жазу және кітап басып шығару–адамзаттың ең жоғары жетістігі



бет29/32
Дата03.09.2024
өлшемі128.4 Kb.
#503340
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
11 ДТ 1-60 тақырыптық тест

§42-43. Жазу және кітап басып шығару–адамзаттың ең жоғары жетістігі.
1. Б. з. б. 4–1-мыңжылдықтарда Таяу Шығыс пен Кіші Азия аумағында кең таралған жазба жүйесі:

  1. руна жазуы

  2. пиктография

  3. сына жазу

  4. иероглифтік жазу

2. Пиктографияның ерекшелігі:

  1. тасқа ғана салынды

  2. бәріне түсінікті болды

  3. папирусқа салынды

  4. абыздарға ғана түсінікті болды

3. Б. з. б. 4-мыңжылдықта сына жазуын ойлап тапқан халық:

  1. шумерлер

  2. египеттіктер

  3. қытайлықтар

  4. кәрістер

4. Финикиялықтың алфавитіне дауыссыз дыбыстармен қатар дауысты дыбыстарды да белгілеу жетістігін енгізген халық:

  1. гректер

  2. нубиялықтар

  3. элламдықтар

  4. германдықтар

5. Герман-скандинав алфавит жазбасының белгісі:

  1. руна жазуы

  2. пиктография

  3. сына жазу

  4. фонограмма

6. Б. з. б. 4–3-мыңж. иероглифтік жазу пайда болған ел:

  1. Ежелгі Нубия

  2. Ежелгі Үндістан

  3. Ежелгі Египет

  4. Ежелгі Грекия

7. Сына жазу әртүрлі тілде сөйлейтін халықтарда жүрді:

  1. 1,2 мың жылға жуық

  2. 3 мың жылға жуық

  3. 4 мың жылға жуық

  4. 2 мың жылға жуық

8. Б. з. б. 2-мыңжылдықтың аяғында әріптік-дыбыстық алфавит құрған ежелгі халық:

  1. финикиялықтар

  2. гректер

  3. нубиялықтар

  4. элламдықтар

9. Идеограмманың ең жоғары түрі:

  1. руна жазуы

  2. пиктограмма

  3. иероглифтік жазу

  4. фонограмма

10. Әңгіме болып отырған бір затты, оқиғаны және көріністі бейнелейтін сұлбалық сурет:

  1. руна жазуы

  2. пиктограмма

  3. иероглифтік жазу

  4. фонограмма

§44–46. Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін.
1. Ежелгі Грекияда балаларды 12 жастан бастап оқытатын оқу орны:

  1. Лицей

  2. Мектеп

  3. Гимнасия

  4. Палестра

2. XIX ғ. жетекші Еуропа елдері мен оларда жалпыға ортақ міндетті білім беру заңының қабылданған уақытын көрсетіңіз.
1. Германия
2. Франция
3. Англия
А. 1870 ж.
В. 1872ж.
С. 1882 ж.

  1. 1-А, 2-В, 3-С

  2. 1-А, 2-С, 3-В

  3. 1-В, 2-А, 3-С

  4. 1-В, 2-С, 3-А

3. Грек қалалары мен эллиндік шығыста б. з. б. V–ІV ғасырларда кеңінен таралған 16–18 жастағы жас өспірімдерге арналған мемлекеттік оқу мекемесі:

  1. Лицей

  2. Мектеп

  3. Гимнасия

  4. Палестра

4. Арабияда VII–VIII ғасырларда пайда болған бастауыш діни мекеме:

  1. Лицей

  2. Мектеп

  3. Гимнасия

  4. Палестра

5. Академиялар дәуірі:

  1. ХVІ ғасыр

  2. ХІV ғасыр

  3. ХVІІ ғасыр

  4. ХІІІ ғасыр

6. Б. з. б. 387 жылы Платон негізін қалаған Ежелгі Грекиядағы философиялық оқу орны :

  1. Колледж

  2. Университет

  3. Академия

  4. Медресе

7. «Педагог» ұғымының мәні:

  1. «баланы жетектеуші»

  2. «білімдар»

  3. «төраға»

  4. «қабілетті»

8. 859 ж. мешіт жанындағы алғашқы медресе пайда болды:

  1. Мароккода

  2. Сирияда

  3. Алжирде

  4. Хорезмде

9. 1603 жылы қазіргі Ғылым академияларының прототипі болған Академия пайда болған қала:

  1. Рим

  2. Париж

  3. Берлин

  4. Дублин

10. Ежелгі Грекиядағы Академия атты оқу орнының негізін қалады:

  1. Платон

  2. Демокрит

  3. Фалес

  4. Ньютон

§47-49. Жоғары білім беру жүйесі: өткені мен бүгіні.
1. 1209 жылы ашылған университет:

  1. Кембридж университеті

  2. Краков университеті

  3. Варашава университеті

  4. Вена университеті

2. Факультет жетекшісі:

  1. декан

  2. студент

  3. доктор

  4. магистрант

3. Археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған Александрия университетінің сыйымдылығы:

  1. 5 мың адам

  2. 4 мың адам

  3. 3 мың адам

  4. 1 мың адам

4. 859 жылы Қарауин университеті салынған қала:

  1. Фес қаласында (Марокко)

  2. Каир қаласында (Египет)

  3. Дамаск қаласында (Сирия)

  4. Исфахан қаласында (Иран)

5. 1167 жылы салынған университет:

  1. Оксфорд университеті

  2. Краков университеті

  3. Вена университеті

  4. Кембридж университеті

6. 855 жылы «грек ғылымы мен мәдениеті орталығы» - Магнавр жоғары мектебінің негізі қаланды:

  1. Адрианопольде

  2. Каирде

  3. Константинопольде

  4. Кордовада

7. Б. з. V ғасырдан VІІ ғасырға дейін жұмыс істеген әлемдегі ең ежелгі университет:

  1. Александрия университеті

  2. Кордова университеті

  3. Болонья университеті

  4. Салоники университеті

8. Мәскеу университетінің алғашқы кураторы:

  1. И. И. Шувалов

  2. А. М. Аргамаков

  3. М. В. Ломоносов

  4. А.П.Чехов

9. Орта ғасырларда пайда болған жоғары білім берудің өзегі болған білім беру мекемелері:

  1. университеттер

  2. шіркеулер

  3. гимнасиялар

  4. агелалар

10. 1088 жылы университет пайда болған италиялық қала:

  1. Краков

  2. Варшава

  3. Белград

  4. Болонья

§50-51. Ғылыми-техникалық прогрестің тарихи кезеңдері.
1. 1807 жылы бірінші дөңгелекті кемені жасады:

  1. Р.Фултон

  2. Л. Даггер

  3. С.Морзе

  4. Д.Хатон

2. Микросхемалары бар, бірақ салмағы ауыр әрі қолдануға ыңғайсыз компьютерлердің алғашқы тобы жасалды:

  1. 1961 жылы

  2. 1942 жылы

  3. 1957 жылы

  4. 1922 жылы

3. 1829 жылы тігін машинасын жасады:

  1. Б. Тимонье

  2. Р.Фултон

  3. Л. Даггер

  4. Д.Хатон

4. 1952 ж. транзисторды бірінші болып алуан түрлі аппаратурада қолданған ел:

  1. АҚШ

  2. Жапония

  3. КСРО

  4. Оңтүстік Корея

5. 1839 жылы фотоаппаратты ойлап тапты:

  1. Р.Фултон

  2. Б. Тимонье

  3. Л. Даггер

  4. Д.Хатон

6. 1947 жылы электрондық технологияның негізі–транзистор жасалған ел:

  1. Жапония

  2. Ұлыбритания

  3. АҚШ

  4. Оңтүстік Корея

7. 1844 жылы АҚШ-та бірінші телеграф желісін салуға мүмкіндік берді:



  1. Р.Фултон өнертабысы

  2. Л. Даггер өнертабысы

  3. С. Морзе өнертабысы

  4. Д.Кинг өнертабысы

8. Қол еңбегінің машинаға, мануфактурадан фабрикаға, аграрлық қоғамнан индустриялық қоғамға өту процесі:

  1. буржуазиялық революция

  2. социалистік революция

  3. реконкиста

  4. өнеркәсіптік революция

9. 1850 ж. ыдыс жуатын машинаны ойлап тапты:

  1. Р.Фултон

  2. Б. Тимонье

  3. С.Морзе

  4. Д.Хатон

10. 1961 жылы ғарышқа алғаш рет ұшырылған адам:

  1. Ю.Туполев

  2. К.Циолковский

  3. А.Калашников

  4. Ю.Гагарин



§52–54. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық проблемалары.
1. 2006 жылы 8 қыркүйекте Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт қол қойылған қала:

  1. Семей

  2. Алматы

  3. Павлодар

  4. Ерейментау

2. Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өз күшіне енді:

  1. 1970 ж.

  2. 1991 ж.

  3. 1986 ж.

  4. 1975 ж.

3. Жаһандық проблема (-лар):

  1. кибернетикалық ашылулар

  2. дамушы елдердің экономикалық артта қалушылығы

  3. экологиялық дағдарыс

  4. өндірісті автоматтандыру

  5. өндірісті ақпараттандыру

  6. ғаламшардағы демографиялық жағдай

4. Aуылшаруашылығында ҒТР жетістіктерінің қолдану нәтижесінде аграрлық өндірісте пайда болған жаңа құбылыс:

  1. гумус

  2. қызыл раушан революциясы

  3. жасыл революция

  4. екі танапты әдіс

5. Бүкіл адамзаттың өмірлік мүдделеріне қатысты және оны шешу үшін дүниежүзілік қоғамдастық ауқымында іс-қимылдар жасауды талап ететін проблемалар:

  1. аймақтық проблемалар

  2. халықаралық проблемалар

  3. ұлттық проблемалар

  4. жаһандық проблемалар

6. 2019 жылғы ғаламшар халқының саны:

  1. 1,7 млрд

  2. 5,7 млрд

  3. 4,7 млрд

  4. 7,7 млрд

7. Aзық-түлік проблемасын шешуде ҒТП жетістіктерімен байланысты технология (-лар):

  1. робототехника

  2. гендік инженерия

  3. ақпараттық технология

  4. биотехнология

  5. өндірістік революция

  6. агротехнология

8. Бес ядролық державаға (АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай) қосылған мемлекет (-тер):

  1. Үндістан

  2. Пәкістан

  3. КХДР

  4. Қазақстан

  5. Қырғызстан

  6. Өзбекстан

9. ҒТР-дің ықпал етуімен қоғамның әлеуметтік құрылымында орын алған өзгеріс (-тер):



  1. әлемде әйелдер саны өсті

  2. әлемде жастар саны өсуде

  3. қала халқы санының өсуі жеделдеді

  4. жұмыспен қамтылған халықтың үлесі жоғары қарқынмен өсуде

  5. ауылшаруашылығында жұмыспен қастылғандардың саны өсуде

  6. ауыр дене еңбегінің жоғары үлесі бар салада жұмыспен қамтылғандар санының қысқарды

10. Aуылшаруашылығында ҒТР жетістіктерінің қолдану нәтижесінде аграрлық өндірісте пайда болған жаңа құбылыс:

  1. эрозия

  2. қызыл раушан революциясы

  3. жасыл революция

  4. екі танапты әдіс

  5. бактериологиялық жаңалық

  6. микромолекулалық әдіс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет