Қ.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Экономика және құқық факультеті
Өсөж
Тақырыбы: Маркетинг ортасы
Орындаған: Ш.Ә.Жөкеш
Тексерген: Э.Ш.Дүйжанова
2021-2022 оқу жылы
Маркетинг ортасы дегеніміз –ол фирманың маркетинг бөлімінің клиенттермен тиімді байланыс орнатып, оған әсер ететін белсенді субъектілердің және күштнрдің жиынтығы. Маркетинг ортасы келесі түрлерге бөлінеді: макроорта, микроорта, мелиаорта.
Макроорта кәсіпорынның әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды немесе қолайсыз жақтарын сынайды (кесте).
Микроорта фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді. Солардың қатарындағы аса маңыздылары мыналар: жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, бәсекелестер, клиенттер.
Жабдықтаушылар дегеніміз –фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үрдісіне қажет материалдық ресурстарымен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар. Маркетинг тұрғысынан жабдықтаушылардың келесі түрлері болады:
«эксклюзивті» жабдықтаушылар –тек қана бір фирмамен жұмыс істейді;
«адал» жабдықтаушылар –фирмаға және оның бәсекелестеріне бірдей адал қызмет көрсетеді;
«сырттағы» жабдықтаушылар –тек қана бәсекелестерге қызмет көрсетеді.
Жабдықтаушыларға әр түрлі маркетингтік талаптар қойылады. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |