Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер


 Банктер және қызметтері. Ұлттық және коммерциялық банктер



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

2. Банктер және қызметтері. Ұлттық және коммерциялық банктер 
Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды 
жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі 
экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар 
жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып 
жинақтайды, ал активтік операциялар арқылы соларды орналастырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-
әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі 
дәрежеден құралады: 
- І дәрежеде – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі; 
- ІІ дәрежеде- мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік 
банктер.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері: 
- мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім 
әрекет атқаратын заңды тұлға; 
- Қазақстан Республикасының ақша несие жүйесін басқару; 
- Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі
тұрақтылығын сақтау; 
- Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау; 
- Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету; 
- Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу; 


39 
- ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу
- Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің 
іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; 
- Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету. 
3. Мемлекеттің ақша - несие саясаты. Ақша - несие саясат түрлері 
және құралдары 
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие 
көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында 
қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.
Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік 
шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие 
саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып 
табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың 
тұрақты дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету.
Ақша-несие саясатының негізгі субъектісі – Орталық банк (Ұлттық 
Банк). Ол үкіметтік институт болмағанымен оның нұсқауларын 
орындайды. Алайда Ұлттық Банктің мемлекеттік саясатты жүзеге 
асырудағы рөлі мен маңызына көңіл аударатын болсақ, ол өз алдына 
дербес ұйым болып табылады. Сондықтан оның өздігінен шешім 
қабылдауға толық құқы бар. 
Ұлттық банктің міндеттері екі бағытта атқарылады. 
- Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету. 
- Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық 
банктердің несие қызметіне әсер ету. 
Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
 
- өндіріс көлемін өсіру; 
- толық жұмысбастылық; 
- инфляцияны төмендету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет