Экономика секторларының және
төлемдер белгілеу кодтарын қолдану
және төлемдер бойынша оларға сәйкес
мәліметтер ұсыну қағидаларына
1-қосымша
ЭКОНОМИКА СЕКТОРЛАРЫНЫҢ КОДТАРЫ
────────────────────────────────────────────────────────────────
1 Орталық Үкiмет
────────────────────────────────────────────────────────────────
2 Аймақтық және жергiлiктi басқа органдары
────────────────────────────────────────────────────────────────
3 Орталық ұлттық банктер
────────────────────────────────────────────────────────────────
4 Басқа депозиттiк ұйымдар
────────────────────────────────────────────────────────────────
5 Басқа қаржылық ұйымдар
────────────────────────────────────────────────────────────────
6 Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар
────────────────────────────────────────────────────────────────
7 Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар
────────────────────────────────────────────────────────────────
8 Үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық
емес ұйымдар
────────────────────────────────────────────────────────────────
9 Үй шаруашылығы
────────────────────────────────────────────────────────────────
Ескерту:
Секторлар бойынша экономикалық қызметті бөлу өндiрiстiк немесе тұтыну аясының қарапайым бiрлiктерiн бiлдiретiн мекемелік бiрлiктердi атап көрсету арқылы жүзеге асады және олар экономикалық шешiмдердi (өндiрiс және тұтыну мәселелері бойынша) дербес қабылдайды және қаржы есепшоттарының қажетті жиынтығын жүргізумен ерекшеленеді. Әрбір жеке мекемелік бiрлiктiң өзiнiң негiзгi қызмет түріне сәйкес тұтастай бір экономика секторына қатысы бар. Жіктеу принциптері экономиканың қызметтің негiзгi түріне сәйкес секторлар бойынша топтастырылатын айқын көрсетiлетiн мекемелік бiрлiктерден тұратынын негізге алады.
Сектор қызметтiң негiзгi бiр түрiмен айналысатын мекемелiк бiрлiктер бiрiктiрiлген экономика секторының негiзгi бөлiмшесi болып табылады. Әрбiр сектор экономиканың талдауға бейiм маңызды бөлiгi болып есептеледi және оның басқа секторлардан ерекшеленетiн экономикалық сипаттамалары бар.
Мекемелік бiрлiк активтерге ие болатын, өзіне міндеттемелер қабылдайтын және басқа экономикалық секторлармен шаруашылық қызметпен және операциялармен айналысатын экономикалық бiрлiктi бiлдiредi.
Қағидаларда экономиканың мынадай секторлары қолданылады: мемлекеттік басқару органдары; қаржылық ұйымдар: қаржылық емес ұйымдар; үй шаруашылығына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар; үй шаруашылығы.
Мемлекеттік басқару органдары
«1» Орталық Үкімет;
«2» Аймақтық және жергiлiктi басқару органдары;
Қаржылық ұйымдар
«3» Орталық (ұлттық) банктер;
«4» Басқа депозиттiк ұйымдар;
«5» Басқа қаржылық ұйымдар;
Қаржылық емес ұйымдар
«6» Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;
«7» Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;
Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар
«8» Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар;
Үй шаруашылығы
«9» Yй шаруашылығы.
«Мемлекеттік басқару органдары» секторы - ел аумағында орналасқан басқа мекемелiк бiрлiктерге қолданылатын заң, сот немесе атқарушы билiкке ие мекемелiк бiрлiктер. Мемлекеттік басқару органдарының негiзгi қызметiне мыналар жатады: тұтастай алғанда қоғамды және жеке үй шаруашылығын тауарлармен және қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге жауапкершiлiк: салық салу арқылы немесе басқа кiрiстер есебiнен осыған қажеттi қаржы қаражатын жинақтау; трансферттер арқылы кiрiс пен байлықты қайта бөлу және рыноктық емес өндiрiстi жүзеге асыру. Осы секторға орталық үкiмет («1» коды), аймақтық және жергiлiктi басқару органдары («2» коды) кiредi.
«1» коды республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын министрлiктер, ведомстволар мен агенттiктер, ғылыми-зерттеу институттары, мекемелiк бiрлiктер - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агенттерi, мемлекеттік басқару органдары бақылау жасайтын және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қорлар, сондай-ақ мемлекеттiң бақылауындағы, мемлекеттік органдарға тән мiндет атқаратын және рыноктық өндiрiспен айналыспайтын басқа ұйымдарды бiлдiредi;
«2» коды облыс, қала және аудан деңгейiнде басқару қызметiн жүзеге асыратын мекемелiк бiрлiктердi және аймақтық (жергiлiктi) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдарды бiлдiредi.
«Қаржылық ұйымдар» секторы - негiзгi қызметi қаржылық делдалдық немесе қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты қосалқы қаржылық қызмет болып табылатын мекемелiк бiрлiктер. Осы секторға орталық (ұлттық) банктер («3» коды), басқа депозиттiк ұйымдар («4» коды) және басқа қаржылық ұйымдар («5» коды) кiредi.
«3» коды қаржы жүйесiнiң негiзгi аспектiлерiне бақылау жасайтын және ұлттық валютаның эмиссиясы, халықаралық резервтерді басқару сияқты қызмет жүргiзетiн мекемелік бiрлiктi бiлдiредi. Қаржылық қызметпен айналысатын халықаралық ұйымдар «Орталық (ұлттық) банктер» экономика секторына есепке алынады. Барлық басқа халықаралық ұйымдар «Орталық Үкімет» деген экономика секторына есепке алынады.
«4» коды негiзгi қызмет түрi қаржылық делдалдық болып табылатын және мiндеттемелерi депозиттердiң немесе сол сияқтылардың (қолданыстағы ақшаның ұлттық сипаттауына кiретiн депозиттердiң жақын алмастырушылары) нысаны бар мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi. Осы топқа банктер жатады.
«5» коды түрлi делдалдық не қосалқы қаржылық қызмет көрсететiн немесе қызметi қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты болатын, бiрақ өздерi делдалдардың қызметiн атқармайтын осы сектордың қалған барлық мекемелiк бiрлiктерiн бiлдiредi. Осы топқа кредиттік серіктестіктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, ломбардтар, айырбастау пункттері, ипотекалық компаниялар, брокерлік және дилерлік компаниялар, арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар, инвестициялық қорлар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдар жатады.
«Қаржылық емес сектор» - негiзгi қызмет түрi көбiнесе рыноктық тауарлардың және қаржылық емес қызметтiң өндiрiсi болып табылатын мекемелiк бiрлiктер. Осы секторға мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар («6» коды) және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар («7» коды) жатады.
«6» коды көбiнесе рыноктық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттік басқару органдары бақылау жасайтын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi.
«7» коды көбiнесе рыноктық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттік басқару органдары бақылау жасамайтын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi.
Бұдан басқа осы топқа қызметі негiзгi қызметінен кiрiс табуды көздемейтін, қосалқы болып табылатын және негiзгi корпорацияның қызмет көрсетуімен қатаң шектелген, екiншi кезектегі (қосалқы ұйымдар) болып табылатын мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың өкiлдiктерi мен филиалдары жатады.
«Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» секторы («8» коды) - тауар шығаратын немесе қызмет көрсететiн, бiрақ осындай ұйымдарға бақылау жасайтын мекемелiк бiрлiктерге кiрiс немесе өзге қаржылық үлес түсiрмейтiн мекемелiк бiрлiктер - және оларға мынадай мекемелiк бiрлiктер жатады:
1) осындай ассоциациялардың мүшелерiн тауарлармен немесе қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшiн тұлғалардың ассоциациялары құратын бiрлiктер. Бұндай қызмет әдеттегiдей тегiн көрсетiледi немесе жүйелi мүшелiк жарналардың есебiнен қаржыландырылады. Оларға саяси партиялар, кәсіподақтар, мешiттер, шiркеулер (храмдар) және дiни қоғамдар, қоғамдық, мәдени, ойын-сауық және спорттық клубтар және басқалары жатқызылады.
2) негiзгi қызмет түрi қайырымдылық көмек көрсету болып табылатын бiрлiктер. Оларға қоғам мүшелерiнiң мүдделерiне қызмет көрсету үшiн қайырымдылық мақсатында құрылатын, зардап шеккендерге немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсету жөніндегі қайырымдылық ұйымдар мен агенттiктер жатады. Осындай үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар рыноктық емес негiзде өздерiне мұқтаж үй шаруашылықтарына тауарлар беру немесе қызмет көрсетумен айналысады. Yй шаруашылығына қызмет ететiн осындай коммерциялық емес ұйымдардың қаражаты жұртшылықтан, мемлекеттік басқару органдарынан және резидент еместердiң трансферттерiнен түсетiн ақшалай немесе заттай нысандағы қайырмалдық есебiнен құралады (Мысалы, Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі қоғамдық қор, «Бөбек» балалар қоры).
«Үй шаруашылығы» секторы («9» коды) жеке тұлғалардан, сондай-ақ бірге тұратын, өздерiнiң кiрiсi мен мүлкін (түгелдей немесе ішінара) бiрiктiретiн және тауарлар мен қызметтің (тұрғын үйді, тамақ өнiмдерiн және басқасын) белгiлi бір түрлерін бірге пайдаланатын жеке тұлғалардың (отбасылардың) шағын топтарынан құралатын мекемелік бiрлiктердi бiлдiредi. Осы топқа заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар кіреді.
Қазақстанның резидент еместерiнiң экономика секторларын анықтаған кезде мынадай секторларды атап көрсету маңызды болып табылады:
«1» Орталық Үкімет;
«3» Орталық (ұлттық) банктер;
«4» Басқа депозиттiк ұйымдар;
«9» Yй шаруашылығы.
Басқа ұйымдарды (басқа қаржылық ұйымдарды; мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдарды; үй шаруашылығына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдарды), сондай-ақ аталған ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн, егер экономика секторын ұйымның атауы бойынша осындай анықтау мүмкін болмаса, «7» секторының кодын белгілей отырып, экономиканың бір секторына - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар жатқызады.
Бұндай келісім халықаралық шарттың мәртебесiне ие. Халықаралық ұйымдар құрудың мақсаты осы ұйымдар мүшелерiнiң ұжымдық пайдалануы үшiн рыноктық емес қызмет көрсету және/немесе қаржылық делдалдықты жүзеге асыру немесе түрлi елдердiң кредиторлары мен заемшылары арасында қаржылық ресурстарды қайта бөлу болып табылады. Халықаралық ұйымдарға белгiлi бiр артықшылықтар мен жеңiлдiктер бекітіледi; бұндай ұйымдарға өздерi аумағында орналасқан елдердiң заңдары мен нормалары қолданылмайды. Осыған орай, осындай мекемелер, өздерi аумағында орналасқан немесе олардың қызметi қолданылатын елдi қоса есептегенде, қандай болса да елдiң резиденттерi болып саналмайды.
Экономика секторларының және
төлемдер белгілеу кодтарын қолдану
және төлемдер бойынша оларға сәйкес
мәліметтер ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Төлем белгілеу кодының жан-жақты кестесі
ТБК
|
Операциялардың атауы
|
|
0 - Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар
|
001
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бюджеттік қаражат есебінен судьяның ай сайынғы табысының он пайызы мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналары
|
002
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері сомасынан, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының оның активтері сомасынан түскен комиссиялық сыйақы;
|
003
|
Инвестициялық шотқа қайтарым
|
004
|
Зейнетақы төлемдері шотына аударым
|
005
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған өсімпұл сомаларын қайтаруы
|
006
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушының комиссиялық сыйақысы
|
007
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақысы
|
008
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы
|
009
|
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл;
|
010
|
Міндетті зейнетақы жарналары
|
011
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері»;
|
012
|
Міндетті әлеуметтік аударымдар
|
013
|
Ерікті зейнетақы жарналары
|
014
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысы сомасынан міндетті зейнетақы жарналары уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл
|
015
|
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
|
016
|
Банктің қаржыландырылған зейнетақы қаражатын және базалық зейнетақы төлемдерін қайтаруы
|
017
|
Міндетті әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл
|
018
|
Инвестициялық кіріс
|
018
|
ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2013.11.12. № 271 Қаулысымен алып тасталды
|
018
|
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының инвестициялық қызметінен алынған инвестициялық кіріс
|
019
|
Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл
|
020
|
Зейнетақылардан және жәрдемақылардан сомаларды ұстау, зейнетақылардан және жәрдемақылардан ұстау сомаларды қайтару
|
021
|
Қате есептелген төлемдерді «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына қайтаруы
|
022
|
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы
|
023
|
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыны қайтару
|
024
|
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында аудару
|
025
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысы сомасынан аударылатын міндетті зейнетақы жарналары уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұлды қайтаруы;
|
026
|
Қате есептелген немесе міндетті әлеуметтік ақша аудару бойынша артық төленген сомаларды «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қайтаруы
|
027
|
Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайға арналған әлеуметтік сақтандыру төлемдері
|
028
|
Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайға арналған әлеуметтік сақтандыру төлемдерінің сомаларын қайтару
|
029
|
Жергілікті бюджеттен трансферттер
|
030
|
Республикалық бюджеттен трансферттер
|
030
|
Зейнетақы төлемдерін алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын алушының зейнетақы төлемдеріне құқығын иелену кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерінің сомаларын төлеу
|
030
|
Бір жасқа жеткенге дейін бала күтуге байланысты табысты жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау;
|
031
|
Банктің қате төлемдерді қайтаруы, оралмандарға бір жолғы төлемдерді, банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдерді қайтару
|
032
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы, ерікті зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы;
|
033
|
Зейнетақы
|
034
|
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы
|
035
|
Мүгедектігі бойынша жәрдемақыны қайтару
|
036
|
Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша жәрдемақы
|
037
|
Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша жәрдемақыларды қайтару
|
038
|
Жасы бойынша жәрдемақы
|
039
|
Жасы бойынша жәрдемақыларды қайтару
|
040
|
Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдерді алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақылар
|
041
|
Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдерді алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды қайтару;
|
042
|
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істегендерге мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақы
|
043
|
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар және жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істегендерге мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыны қайтару
|
044
|
Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды төлеу
|
045
|
Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды қайтару
|
046
|
Асыраушысынан айрылған жағдайға арналған әлеуметтік сақтандыру төлемдері
|
047
|
Асыраушысынан айрылған жағдайға арналған әлеуметтік сақтандыру төлемдерін қайтару
|
048
|
Жұмысын жоғалтқан жағдайға арналған әлеуметтік сақтандыру төлемдері
|
049
|
Жұмысын жоғалтқан жағдайға арналған әлеуметтік сақтандыру төлемдері сомаларын қайтару
|
|
050 - Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар
|
051
|
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына
|
052
|
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне
|
053
|
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға
|
054
|
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға
|
055
|
Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердің жесірлеріне
|
056
|
Қайтыс болған әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлерінің отбасыларына
|
057
|
Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (ерлеріне)
|
058
|
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғаларға
|
059
|
Анасына немесе әкесіне, баланы (қызды) асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақылар»;
|
|
060 - Арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару
|
061
|
Ұлы Отан соғысының қатысушылары бойынша
|
062
|
Ұлы Отан соғысының мүгедектері бойынша
|
063
|
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар бойынша
|
064
|
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар бойынша
|
065
|
Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердің жесірлері бойынша
|
066
|
Қайтыс болған әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлерінің отбасылары бойынша
|
067
|
Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың әйелдері (ерлері) бойынша
|
068
|
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғалар бойынша
|
069
|
Анасына немесе әкесіне, баланы (қызды) асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақыны қайтару»;
|
|
070 - Азаматтардың басқа санаттарына арнайы мемлекеттік жәрдемақылар
|
071
|
1 және 2-топтағы мүгедектерге
|
072
|
3-топтағы мүгедектерге
|
073
|
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға
|
074
|
Көп балалы аналарға
|
075
|
Ақталған азаматтарға
|
076
|
Қазақстан Республикасының алдында ерекше
еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға
|
077
|
Басқалары
|
078
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының аударым сомаларын қайтаруы
|
079
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының республикалық бюджеттің қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табыс сомасынан аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруы;
|
080 - Азаматтардың басқа санаттарына арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару
|
081
|
1 және 2-топтағы мүгедектер бойынша
|
082
|
3-топтағы мүгедектер бойынша
|
083
|
16 жасқа дейінгі мүгедек балалар бойынша
|
084
|
Көп балалы аналар бойынша
|
085
|
Ақталған азаматтар бойынша
|
086
|
Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар бойынша
|
087
|
Басқалар бойынша
|
088
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтары бойынша кредиторлық берешегін өтеу»;
|
089
|
Орналасқан жері белгіленбеген бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналары
|
090
|
Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақы
|
091
|
Бір жасқа дейінгі баланы күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақы
|
092
|
Бір жасқа дейінгі баланы күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару
|
093
|
Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыны қайтару
|
094
|
Міндетті әлеуметтік ақша аударымдарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұлдың қате есептелген сомаларын «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қайтаруы;
|
095
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін қате есепке алынған айыппұл сомаларын қайтаруы»;
|
096
|
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы қаражатынан жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлем
|
097
|
Банктердің «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы қаражатынан жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлемді қайтаруы
|
098
|
Орналасқан жері белгіленбеген бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл
|
099
|
Басқа төлемдер
|
099
|
Оралмандарға берілетін бір жолғы төлемдер
|
Достарыңызбен бөлісу: |