«Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 Қаулысы
(2015.08.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының банк жүйесін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен бірлесіп (Шәріпов С.Б.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберіп, оларға осы қаулыны екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттесін.
3. Ақпарат технологиясы департаменті (Поликарпов О.Ю.):
1) «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (Абдулкаримов С.Х.) бірлесіп тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін және оны 2000 жылдың 1 шiлдесiнен бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізетін болсын.
2) Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасымен (Ғалиева Д.Т.) бірлесіп Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің 2000 жылға арналған шығыс сметасынан тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қаражат қарастыратын болсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
№ 388 қаулысымен бекітілген
Экономика секторларының және төлемдер
белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және ақша жіберуші мен бенефициардың қодтарын, төлемдер белгілеу кодтарын қою міндеттілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын төлем құжаттарына және басқа құжаттарға (бұдан әрі - төлем құжаттары) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қою тәртібін және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарына сәйкес төлемдер бойынша мәліметтерді (бұдан әрі - Мәліметтер) ұсыну тәртібін, нысанын және мерзімдерін белгілейді.
2. Төлемдердің кодын қою төлемдер бойынша берілген мәліметтер негізінде төлемдердің айқындылығын қамтамасыз ету, көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру және Қазақстан Республикасындағы ақша ағынын талдау үшін пайдаланылады.
3. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
1) валюта және бағалы металдар коды - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының және шет мемлекеттер валютасының‚ сондай-ақ бағалы металдардың шартты‚ қысқартылған белгісі (бұдан әрі - валюта коды);
2) төлем белгілеу коды - төлем белгілеудің шартты‚ қысқартылған цифрлық белгісі;
3) төлемдердің электрондық жүйесі - электрондық байланыс құралдары арқылы белгіленген электрондық форматта есеп айырысу, мәмілелер жасау, ақша аудару және ақпарат беру жүйесі;
4) төлем жүйесі - төлем жүйелерінің қатысушылары арасында ақша аударымы мен төлемін жүргізуді қамтамасыз ететін рәсімдер, технологиялар, инфрақұрылымдар, қағидалар мен стандарттар жиынтығы;
5) халықаралық төлемдер - елдер‚ түрлі елдер аумағында орналасқан қаржы институттары‚ ұйымдар және азаматтар арасындағы өзара төлемдер мен есеп айырысулар.
4. Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қою тәртібі төлемдердің электрондық жүйесінде, сол сияқты ішкі банктік және халықаралық төлемдерді қоса алғанда‚ банктің тікелей корреспонденттік шоттар бойынша операциялары үшін де қолданылады.
2. Төлемдердің кодын қою
5. Төлемдердің кодын қою цифрлық және әріптік символдар жүйесінің көмегі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйе төлем құжатының қосымша деректемелерінен және төлем белгілеу кодынан қалыптастырылады. Төлемдердің кодын қою жүйесі мынадай:
І II III IV V VI VII VIII IX Х,
мұндағы:
І - ақша жіберушінің резиденттік белгісі,
II - ақша жіберушінің экономика секторы,
III - бенефициардың резиденттік белгісі,
IV - бенефициардың экономика секторы,
V VI VII - валюта және қымбат металлдар коды,
VIII - операцияның түрі,
IX - төлем сипаты,
X - төлемді толық көрсету.
Сондай-ақ төлем белгілеу коды бар, төлем сипатының атауы болмайтын «Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылары» деп аталатын 0 бөлім бұған кірмейді.
6. I және II символдары төлем құжаттарында код - ақша жіберушінің коды қойылған жерге жасалады.
7. III және IV символдары төлем құжаттарында КБе - бенефициардың коды қойылған жерге жасалады.
8. Валюта және қымбат металдар коды (V VI VII символдары) - ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 «Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар» - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жiктеушiлерiне сәйкес белгіленеді.
9. VIII, IX, X символдарды төлем белгілеу коды жасалады.
10. Резиденттік белгі Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес белгіленеді және мынадай тәртіппен қойылады:
«1» - резидент
«2» - резидент емес
11. Экономика секторы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сай экономика секторының кодына сәйкес қойылады.
12. Төлемді белгілеу коды осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес қойылады.
3. Төлем құжаттарын толтыру тәртібі
13. Электрондық форматта және қағаз тасымалдауышта қалыптастырылған төлем құжаттарында ақша жіберушінің/бенефициардың резиденттік белгісі, экономика секторларының кодтары, төлем белгілеу коды, валюта коды арнайы бөлінген жерге қойылады.
14. Ақша жіберуші төлем құжатының «Төлемді белгілеу» бағанында орындалатын міндеттемені көрсете отырып нақты операциясының мазмұнын, сондай-ақ негізінде ақша аударымы және/немесе төлем жүзеге асырылатын құжаттардың деректемелерін (оның ішінде нөмірі, күні, тегі және инициалдары) көрсетеді.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу кезінде сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылған валюта көрсетіледі, егер оның төлем валютасынан айырмашылығы болса.
15. алынып тасталды
16. Төлем құжатына ақша жіберушінің коды қате қойылған жағдайда, ақша жіберушінің банкі төлем құжатын акцептеуден бас тартады.
Банк және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем бастамашысынан нұсқау қабылдаған кезде төлем белгілеудің цифрлық белгіленуі оның мәтіндік бөлігімен сәйкес келмеген жағдайда, төлем құжатын акцептеуден бас тартады.
17. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 267 Қаулысымен алып тасталды
18. Төлем құжаттарында төлем белгiлеу кодын біреуден артық қоюға болмайды.
Бiрнеше төлем белгiленген операцияларды жүзеге асырған кезде төлем құжатына негiзгi төлемдi белгiлейтiн код қойылады.
18-1. Егер операция түрiнiң тақырыбы немесе төлем сипаты болып саналатын төлем белгiлеу коды егжей-тегжейлi көрсетiлсе, онда қоюға болмайды.
18-2. Ұлттық Банкке мәліметтерді «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық), екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - банктер), «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын, оның ішінде еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып депозиторлардың бас банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген банк шоттары бойынша жүзеге асыруымен байланысты аударым операцияларын Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға (бұдан әрі - бұрын еншілес банк болған заңды тұлға) ұсынады және Ұлттық Банк Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес қалыптастырады.
Бенефициар банк Мәліметтерде бенефициар кодының және шет елден түскен төлемдер бойынша төлем мақсаты кодының дұрыстығын тексереді.
Банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы және бұрын еншілес банк болған заңды тұлға Мәліметтердің дәйектілігін растау үшін Ұлттық Банкке оның сұратуы бойынша жүргізілетін төлемдер бойынша ақпаратты, оның ішінде төлем құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
19. Мәліметтер Орталық белгілеген хабарлама форматына сәйкес электрондық түрде Ұлттық Банкке беріледі.
20. Мәліметтерді:
1) Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесі (бұдан әрі - банкаралық жүйе) және клиринг жүйесі (бұдан әрі - клиринг жүйесі) арқылы жүргізілген төлемдер бойынша Орталық ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 7-сінен кешіктірмей;
2) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға ұсынады және Ұлттық Банк есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей қалыптастырады;
3) бас банк пен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы заң) сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк, қосылатын банк, сондай-ақ Банктер туралы заңға сәйкес оған қатысты қосылу жүзеге асырылатын банк есепті айдан кейінгі айдың 21-інен кешіктірмей ұсынады.
Есепті кезеңде Мәліметтер болмаған жағдайда, банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы және бұрын еншілес банк болған заңды тұлға бұл туралы Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.
Егер Мәліметтерді ұсыну мерзімі жұмыс емес күніне сәйкес келсе, одан кейінгі жұмыс күні Мәліметтерді ұсыну күні болып саналады.
Ұлттық Банк
Достарыңызбен бөлісу: |