Эксперимент психологиялық зерттеудің әдісі ретінде Жоспары: Эксперименталдық зерттеудің ерекшеліктері. Экспери- менттің типтері мен жүргізу алгоритмі


Эксперимент мақсатына қарай төрт сатыға бөлінеді



бет3/7
Дата19.12.2023
өлшемі78.18 Kb.
#486888
1   2   3   4   5   6   7
ҒЗН Эксперимент

Эксперимент мақсатына қарай төрт сатыға бөлінеді :
  • анықтаушы эксперимент;
  • қалыптастырушы экспериемнт;
  • бақылаушы эксперимент;
  • реттеуші эксперимент.
  • Анықтаушы эксперимент – күнделікті өмірдегі психологиялық құбылыстарды зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
  • Қалыптастырушы эксперимент - жаңа психологиялық құбылысты ғылыми идея негізінде қалыптастыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
  • Бақылаушы эксперимент – психологиялық мәселені пайымдау үрдісінде жасалған ғылыми болжамды бақылау, тексеру мақсатында жүргізілетін эксперимент.

  • Реттеуші эксперимент – психологиялық үрдісті зерттеу барысында алынған нәтижелерді өңдеп рәсімдеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.

Сонымен қатар, экспериментке мынадай талаптар қойылады:
-эксперименттің мақсаты нақты, айқын болуы тиіс;
-эксперименттің оңтайлы нәтижелі болуы үшін зерттеу әдісіне сәйкес эксперименталдық база ұйымдастырылуы тиіс;
-зерттелетін мәселе жан-жақты қарастырылып, талданып, өңделуі тиіс;
-эксперименттік топ қатысушылары оның мақсаты мен міндеттерін анық білуі тиіс;
-экспериментке ғылыми болжам жасалуы және оның негізделуі анық болуы керек;
-экспериментті жүргізуде жоспарлы, жүйелі іс-әрекет ұйымдастырылуы тиіс;
-экспериментті ұйымдастырушылар экспериментті жүргізуде әрбір қадамын бақылап, үнемі талдау жүргізіп отыруға тиісті;
-экспериментке қатысушы сараптаушылар тобы зерттеушіге және зерттеу мәселесіне тәуелсіз болуға тиіс;
-эксперимент барысында алынған мәліметтер мен нәтижелер нақты қағазға жазылып алынуы тиіс;
-эксперимент барысында алынған нәтижелер мұқият талдануы тиіс;
-эксперимент нәтижесі бойынша соңғы қорытынды пікір нақты, жан-жақты сипатталынып берілуі тиіс.
Эксперименталдық зерттеудің алгоритмі :

1 А мен В себептік байланысы жайлы болжамды алға тартады.
2 Ізденуші эксперимент жүргізіледі.
3 Болжамдар шеттетілген жағдайда басқа болжам алға тартылады және ізденуші жаңа эксперимент жүргізіледі; егерде сапалы болжам расталса, сандық функционалдық болжам алға тартылады.
4 Расталушы эксперимент жүргізіледі.
5 Айнымалылардың арасындағы байланыстың түрі жайлы болжам қабылданады (немесе жоққа шығарылады) және нақтыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет