Қоздырғыштардың түрлеріне қарай олар төмендегідей топтарға бөлінеді: жұқпалы аурулар



Дата08.12.2023
өлшемі21.2 Kb.
#485998
түріСабақ
№10 сабақ. микробтарға және паразиттерге қарсы заттар


10 сабақ. Микробтарға және паразиттерге қарсы заттар
Жұқпалы аурулар организмге әртүрлі патогенді қоздырғыштардың енуі нәтижесінде пайда болады. Қоздырғыштардың түрлеріне қарай олар төмендегідей топтарға бөлінеді:
1.жұқпалы аурулар (қоздырғыштары - микробтар),
2.протозойлы аурулар (қоздырғыштары - протозойлар)
3.гельминтоздық аурулар (қоздырғыштары - гельминттер)
4.экотопаразитарлық аурулар (қоздырғыштары - шыбын-шіркейлер мен кенелер).
Бұл ауруларға қарсы күрестегі негізгі шаралардың бірі - ол
қоздырғыштарды жою болып табылады. Мұндай мақсаттар
үшін бактерицидті, протозоацидті, инсектицидті және гельминтоцидті дәрілік заттар қолданылады.
Бактерицидтік (Ьасtеrіа- таяқша, соеdо - өлтіру)- деп бактерияларды жоятын әртүрлі дәрілік заттарды атайды.
Бактерицидгік заттар микробтардың тіршілігіне әртүрлі
дәрежеде әсер етеді:
олардың кейбіреулері микробтарды толықмен өлтіреді де, ал баска біреулері тек қана олардың өсіп-өнуін тоқтататындықтан, біріншілерін бактерилитикалық (немесе бактерицидтік), ал екіншілерін-бактериостатикалық деп атайды.
Қоздырғыштарды жануарлардың сыртқы бөліктерінде жоюды антисептика, ал сол үшін қолданылатын заттарды антисептикалық, организмде жоюды химиотерапия, сол үшін қолданылатын заттарды химиотерапевтік заттар деп атайды
Микробтарға қарсы қолданылатын дәрілік заттардың жалпы заңдылықтарын ескере отырып , оларды үш топқа бөлуге болады: 1) бейорганикалық қышқылдар, 2)ерітінділер, 3)хлор препараттары
бейорганикалық қышқылдар сыртқы ортаны дезинфекциялау үшін кеңінен қолданылғанымен, антисептикалық мақсаттар үшін қолданылуы шектеулі келеді .
ерітінділер препараттары органикалық заттарды ыдыратпайды және бейорганикалық қосылыстармен де байланыспайды. Олар тек кана торша
цитоплазмасының тіршілігін бәсеңдетеді (фенолдар, крезолдар
және баскалары), бірақ торшаға қарағанда аурудың қоздырғышына әсері күштірек болады (мысалы, гемолитикалық стрептококты фенолдың 0,125 % концентрациясымен жоюға болатын болса,лейкоцитті осы затгың 0,5 % концентрациясымен ғана жоюға тура келеді).
хлор препараттары микробтар үшін өте маңызды, ал жануарлар үшін онша маңызды емес, дегенмен, олар биохимиялық құбылыстардың жүруін бұза отырып микробтарға қарсы әсер етеді. Мұндай заттарға антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар және басқалары жатады.
Дезинфекция (франц. des -қарама-қарсы жалғау және лат.
іnfectio-инфекция) дегеніміз-жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын адамдар мең жануарлар мекендеген қоршаған ортада қырып-жою әдісі.
Дезинфекция үшін сілтілер, қышқылдар, карбонаттар, хлор, йод және формальдегид препараттары, күшті тотықтырғыштар, фенолдар мен қрезолдар, ауыр металдардың тұздары және басқа да заттар қолданылады.
антисептика дегеніміз (грек –аntі қарсы, sepsis - шіру, шіруге қарсы әсер) жануарлардың терісіндегі, кілегейлі қабықтарындағы және жаракаттарындағы патогенді микроорганизмдерді жою. Антисептика – жергілікті және жалпы инфекция мен интоксикацияның алдын алуға
арналған шаралардың жиынтығы.
Антисептикалық заттар ретінде йод ерітіндісін, антибиотиктерді, сульфаниламидтерді, нитрофураңцарды, кейбір органикалық қышқылдарды, креозолдарды, тотықтырғыштарды, формалинді және тағы да басқа заттарды қолданады.


Сабақ жоспары № 10 тақырып.

Пән: Фармакология және рецептурасымен.


Сабақ тақырыбы: «Микробтарға және паразиттерге қарсы заттар».
Сабақ мақсаты:

  1. Білім берушілік: Организге әртүрлі патогенді қоздырғыштардың енуі нәтижесінде пайда болатын аурулар. Негізгі шаралардың қоздырғыштардың оның жою және қолданылатын дірлік заттар.

2. Тәрбиелік: Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Жауапкершілікке тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық: студенттердің ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту. Салыстыру мен қорыту біліктілігін арттыру.

Сабақ түрі: Зертханалық сабақ.
Сабақ өткізу әдісі: Түсіндіру, материалдармен жұмыс жасау.
Пән аралас байланыс: Анатомия, физиология, биологиялық химия.
Сабақтың жабдықталуы: Фармакология оқулығы.
Сабақтың барысы:



  1. Үйымдастырушылық кезең: сәлемдесу, студентердің сабаққа қатысуын тексеру.

  2. Өткен тақырып бойынша сабақ сұрау:

1. Дірлік заттардың таралуы, заңдылықтары жеке заттардың сипат-
тамасы.
2.Дірілік заттардың организмнен бөлініп шығуы.
3. Тақырып бойынша білім өзектілігі сабақ сұрау:
1. Организге әртүрлі патогенді қоздырғыштардың топтың бөлінуы.
2. Микробтарға қарсы қолданатын дәрлік заттардың, олардың үш топ-
қа бөлінуы: биорганикалық қышқылдар, ертінділер препараттары,
хлор препараттары.
4. Инструктаж.Сабақ жүргізетін әдіс.
Түсіндіру, сұрақ қою, әдістемелік нұсқаулық беру.
5.Өқушылардың өздік жұмысы; Өтілген сабақты қайталап оқып, конспекті жазу.
6. Сабақтың қорытындысы: Түсінбеген мазмұндарды түсіндіру, өтілген жаңа сабақтан қорту мақсатында сұрақ қою.
7. Студенттерді бағалау,қорытынды жасау.
8.Үйге тапсырма беру: Жаңа сабақты қайталау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет