Эксперимент психологиялық зерттеудің әдісі ретінде Жоспары: Эксперименталдық зерттеудің ерекшеліктері. Экспери- менттің типтері мен жүргізу алгоритмі



бет1/7
Дата19.12.2023
өлшемі78.18 Kb.
#486888
  1   2   3   4   5   6   7
ҒЗН Эксперимент


Эксперимент психологиялық зерттеудің әдісі ретінде
Жоспары:
1. Эксперименталдық зерттеудің ерекшеліктері. Экспери-
менттің типтері мен жүргізу алгоритмі.

2. Психологиялық айнымалы, іріктеу, валидтілік негізгі
эксперименттің: сипаттамалары.
3. Валидтіліктің түрлері.
Эмпирикалық материалды алу үшін қолданылатын барлық әдістерді шартты түрде бөлуге болады:
белсенді (лабораториялық эксперименттің әртүрлі модификациялары, квазиэксперимент);
пассивті (бақылау, клиникалық әдіс, іс-әрекеттің өнімін талдау әдісі, өлшеу және корреляциялық әдістер, ақпараттарды жинау әдісі (servey research), «мұрағаттық зерттеулер» және т.б.).
Психологиялық зерттеу практикасында эксперименталдық зерттеудің әр түрлерін сипаттау үшін келесі ұғымдар пайдаланылады:
  • «сыни эксперимент»,
  • «пилотаждық зерттеу» («пилотаждық эксперимент»),
  • «өрістік зерттеу» («шынайы эксперимент»).


  • Сыни эксперимент бір уақыттағы барлық мүмкін болатын болжамдарды тексеру үшін жүргізіледі. Солардың біреуінің расталуы барлық басқа мүмкін болатын альтернативаларды жоққа шығарады. Психологияда сыни экспериментті алға тарту оны тек мұқият жоспарлауды ғана талап етіп қоймай, ғылыми теорияны жоғарғы деңгейде өңдеуде талап етіледі.
    «Пилотаждық зерттеу» термині сынаманың, негізгі болжам апробацияланатын бірінші экспериментті немесе эксперименттер сериясын, зерттеу тәсілдерін, жоспарын және т.б. түсіндіру үшін қолданылады.

«Өрістік» зерттеу күнделікті өмірді (мысалы, топтағы баланың беделі арасындағы және оның құрдастарымен ойындағы байланысқа түсу саны немесе ойын бөлмесіндегі территорияның маңызы) шынайы айнымалылардың арасындағы байланысты зерттеу үшін жүргізіледі.
«Өрістік», немесе шынайы, эксперимент – ғылыми ақпарат алудың мүмкін болатын жалғыз тәсілі (даму психологиясында, әлеуметтік психологияда, клиникалық психологияда немесе еңбек психологиясында және т.б.).
Экспериментті өткізудегі дайындық мына әрекеттерден тұрады. Эксперименттік объектілердің қажетті сандары таңдалады, эксперименттік объектілердің нақты жағдайын зерттеу үшін арнайы әдістерді таңдау іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет