-
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
|
«Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызмет:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетімен және оның аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
«электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – он жұмыс күні ішінде;
осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсыру үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты – жиырма минуттан артық емес;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін ең ұзақ уақыты – жиырма минуттан артық емес;
2) портал арқылы өтініш берген кезде:
көрсетілетін қызметтi алушы электрондық сұрау салуды жіберген сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін – он жұмыс күні ішінде.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде – асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану (бұдан әрі – асыл тұқымдық куәлікті тану) туралы қағаз жеткізгіштегі қорытынды;
2) порталда – экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану туралы уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған қорытынды қоса берілген хабарлама.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде – еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi;
2) порталда – тәулік бойы.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде:
жеке тұлғалар үшiн – асыл тұқымды өнiм (материал) әкелудi жоспарлаған жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын және тұратын жерін;
заңды тұлғалар үшiн – асыл тұқымды өнiм (материал) әкелудi жоспарлаған заңды тұлғаның атауын, мекенжайын және қызмет түрін;
экспорттаушы елдiң атауын, малдың санын, түрiн және тұқымын, ұрықтың немесе эмбриондардың саны олардың қай түрге және тұқымға жататынын көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді;
импорттаушы өтінішке экспорттаушы елдің құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктердің немесе оған балама құжаттардың көшірмелерін қоса бередi.
2) портал арқылы:
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық нысандағы құжатқа сұрау салу;
экспорттаушы елдің құзыретті органы берген асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың электронды көшірмелері.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырылады.
Қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға онда:
1) құжаттарды қабылдау нөмірі және күні;
2) сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда);
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда) (жеке тұлға үшін) немесе атауы (заңды тұлға үшін) көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауға жәрдемдесуді Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 710-кабинет мекенжайы бойынша, телефоны: 8 (7172) 55-59-59, көрстілетін қызметті берушінің заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына немесе пошта арқылы:
1) 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй мекенжайы бойынша, телефоны: 8 (7172) 55-57-63, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін Министрліктің кеңсесіне;
2) www.minagri.gov.kz. Министрліктің интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогына;
3) порталға беріледі.
Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеледі. Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талонды беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші кенсесінің лауазымды тұлғаларынан 8(7172) 55-58-13 телефоны немесе Министрліктің 8(7172)55-57-63, 55-59-95 телефондары арқылы алуға болады.
12. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 703-кабинет мекенжайы бойынша, электрондық мекенжайы: priemnaya.kgiapk@minagri.gov.kz, телефон: 8 (7172) 55-59-61 жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды тұлғаның атына жолданады.
Шағымда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым жасалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарау нәтижесі туралы белгі) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» қолжетімді болады.
Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің атына көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе порталға көрсетілетін қызмет алушыдан келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарау мерзімін:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажеттілігі жағдайында он жұмыс күнінен артық емес ұзартады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
17. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындары қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен) жарақталады, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделеді.
18. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
19. Портал арқылы өтініш берген кезде қызмет алушының ЭЦҚ болуы қажет.
20. Қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алу портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш берген кезде мүмкін болады.
21. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан – 1414 немесе көрсетілетін қызметті берушінің 8(7172) 55-59-61 телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |