Әл -фараби атындағы ҚазҰу -нің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу



Дата10.06.2016
өлшемі129.42 Kb.
#126444
Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ -нің

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу

және криминалистика кафедрасының

доценті,з.ғ.к. М.Қ.Бисенова


ЕКІ НЫСАНМЕН ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШЛІКТІ БЕЛГІЛЕУДЕГІ МАҢЫЗЫ

Кінә туралы түсінік қылмыстық құқықтық теориясында кінә ретінде көрсетіледі. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстардың субъективтік жағын терең зерттеу объективтік белгілері бойынша ұқсас қылмыстарды дұрыс ажыратуға және қасақана немесе абайсызда жасалған қылмыс құрамын талдауда дәл анықтау

Түйін сөздер: кінә, абайсызда, қасақаналық, кінә дәрежесі, кінә институты, жауапкершілік, қылмысты саралау.

Bissenova Meruert Kylyshbaevna

Candidate of jurisprudence, lecturer of chair of

criminal law, criminal trial and criminalistics

of law department of the Kazakh National

University of a name of Al-Farabi

About guilt a concept is shown on criminal metatheory of legal on time of guilt. guilt two object does crime subjective side investigates deeply objectivity sign according to alike crime correct separates and intentionally or does unexpectedly crime composition discusses exposes exactly

Knot is words: guilt, unexpectedly intentionally, degree of guilt, guilt institute, responsibility, criminally to take away.

Қылмыстық әрекеттердің көпшілігі тек кінә нысанының бір түрімен ғана жасалады. Бірақ кей жағдайда бір қылмыста кінәнің екі нысанының да қатар болуы мүмкін. Алайда, заңшығарушы кей жағдайда заңда қоғамға қауiптi əрекетке жəне оның зардабына қатысты кiнəнiң нысанын жеке анықтау қажет болып табылатын қылмыс құрамдарын да қарастырады. Мұндай жағдайларда бiр қылмыста кiнəнiң екi түрлi нысаны қатарласып қатысады. Мұндай жайттар құқық қорғау органдарында жиі кездеседі, тұлғаның жасаған қылмысы қасақана болғанымен, келтірілген зардап абайсызда жасалады. Бұл қылмысты талдау кезінде заңды сұрақ туындайды: жалпы алғанда қылмысты қасақана немесе абайсызда жасалды ма? Егер қылмысты субъектінің қылмыстық әрекетке деген қарым-қатынасы бойынша қарайтын болса, бұл жағдайда ол қасақана болып саналады, ал егер келтірілген зардапқа қатысты абайсызда болады. Әртүрлі кінә нысанының үйлесіп «екі нысанды кінәлілікті» құрауы қылмыстық құқық теориясында бұрыннан белгілі. Бірақ алғашында оның түсінігі кең болғаны соншалық, барлық «күрделі типтегі»қылмыстардың барлығын қамтыды: екі немесе одан көп қасақаналық, екі немесе одан да көп абайсыздық, қасақаналық пен абайсыздықтың үйлесімділікте болуы. Сонымен қатар екі нысанды кінә ретінде қылмыстардың жиынтығын да жатқызып отырды, мысалы, абайсызда үйді өртеу мен онда адамның қаза болуы немесе өлтірілген адамды тонау.

Субъективті жауапқа тарту теориясының дамуы кеңестік кезеңде кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстық құқық концепциясының дамуына әкелді. 60 жылдары заң басылымдарында авторлардың арасында дискуссия қыза түсті, олардың бірі әрекет пен оның салдарына деген психикалық қарым-қатынасты кінә нысанынының ерекшелігі ретінде қараса, келесілері кінәнің өзге нысаны жоқ деп санады. Бірақ олардың ешқайсысы қылмыс жасаушы тұлғаның өз әрекетіне (әрекетсіздігіне) деген әртүрлі қарым-қатынаста болуы мүмкіндігін жоққа шығармады. Мысалы, Г. А. Кригер «ерікті немесе еріксіз әрекеттің салдармен өзара байланыстылықта болуы жасалған әрекетті күрделі объективтік және субъективтік жақтардан құралған бір қылмыстың түрі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайды субъективті жағын сипаттағанда күрделі немесе «екі нысанды» (кінәнің жеке нысанын емес) атауға болады» деп жазды. А.Б. Сахаров, екі нысанды кінәнің қарсыласы ретінде аралас кінәні мойындау абайсыз және қасақана кінә нысанының бір бөлігін құрайтын психикалық процесінің екіге бөлінгендігін білдіреді, ал бұлардың әрқайсысы өз кезегінде жеке мазмұнда танылады.

70 жылдардың басында аралас кінә нысаны туралы диссертациялық зерттеудің жасалуы қылмыстық құқықта А.Д. Горбузеге келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік әкелді: а) аралас кінә нысаны екі жеке компоненттен құралады, олардың әрқайсысының қасақана және абайсыздық құрылымына ұқсас болып келетін өзіндік құрылымы мен мазмұнға ие; б) аралас кінә нысанындағы компаненттердің байланысы шектелген және олардың бірлесуі ғана аралас кінә нысанының жүйесін құрайды; в) аралас кінә нысаны оның компаненттерінің ортақ бірлігін қалыптастырмайды, тек белгілі бір сапалық құбылыс болып табылады» [1].

Қылмыскердің әрекет пен оның нәтижесінде туындаған салдарына психикалық қарым-қатынасына өткен ғасырдың 80-жылдарында да өзінің ғылыми дисскуссиялық мәселенің бірі болып қала берді. В.В. Лукьянов, күрделі құрамды қылмыстардағы кінәнің «қосарлануын» сараптай отырып, бұл өзекті мәселенің негізгі қиындығын жасалған құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілік деңгейіне деген барлық әсер ету шараларын тиісті деңгейде қолданып, әділеттілікті қамтамассыз етудегі жалпы алғанда құқық қолданушылық қызметті гуманизациялау мүмкін емес [2].

Қылмыстық құқық теориясы мен практикасында бiр қылмыста қасақаналық пен абайсыздықтың мұндай қатысуын «кiнəнiң екi нысаны», «кiнəнiң аралас нысаны», «қос кiнə» деп атау қалыптасқан. Аталған терминдер нақты емес, себебі қасақаналық пен абайсыздық бір қылмыста үшінші кінә нысанын құрамайды және азара араласпайды [3 С. 99.]. Демек кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар деп айтқан заңды болады. Аталған зерттеулер мен талқылаулардың нәтижесінде кінәнің екі нысаны паралельді түрде тек қылмыс құрамында ғана болуы мүмкін: ниет қасақаналықтың негізгі құрамдас элементі ретінде және оларды саралау кезінде салдарына деген абайсыздықтан көрінетіндігі байқалады. Бұл жөнiнде Қазақстан Республикасы ҚК 22-бабында «Егер қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға əкеп соқтыратын жəне адамның ниетiмен қамтылмаған ауыр зардаптар келтiрiлсе, мұндай зардаптар үшiн қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың пайда болатынын алдын ала бiлсе, бiрақ осыған жеткiлiктi негiздерсiз оларды болдырмауға менмендiкпен сенген жағдайда немесе егер адам бұл зардаптардың пайда болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлмесе, бiрақ болжауға тиiс жəне болжай алатын болған жағдайда ғана пайда болады. Тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана жасалған деп танылады» – деп нақты көрсетiлген.

Сонымен, кiнəнiң екi нысаны деген бiр қылмыста қылмыс құрамының субъективтiк жағының екiге бөлiнуiн сипаттайтын екi жеке кiнə нысандарының қатар келуi. Мұнда субъектiнiң жасаған қоғамға қауiптi əрекетi қасақаналықпен, ал одан туатын қоғамға қауiптi зардап абайсыздық кiнəмен сипатталады. Мысалы, ҚК 187 бабының 3 бөлiгiнiң «а» тармағы бойынша «Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру абайсызда адам өлiмiне əкеп соққан жағдайда», байқап отырғанымыздай, кiнəнiң екi нысанымен жасалатын қылмыстар белгiлi бiр қылмыстың ауырлататын белгiлерiнде ғана кездеседi. Яғни, мұндай қылмыстардың субъективтiк ерекшелiктерi сонда, субъектiнiң психикалық қатынасы қылмыстың негiзгi құрамына қатысты тiкелей немесе жанама қасақаналықты, ал ауырлататын белгiнi құрайтын қылмыс зардабына қатысты менмендiк немесе немқұрайдылық түрiндегi абайсыздықты құрайды. Заңның өзiнде тiкелей айтылғандай, тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана қылмыстардың қатарына жатқызылады. Себебi, қылмыстың негiзгi құрамын құрайтын қоғамға қауiптi əрекетке деген субъектiнiң психикалық қатынасы белгiлi бiр қылмысты қасақана не абайсыз деп тану кезiнде негiзге алынады. Бір қылмыста абайсыздықтың және қасақаналықтың қатар болуы ҚР ҚК 19-бабына сəйкес болады. Осыған байланысты бiр қылмыстар тек қасақаналықпен, екiншiлерi тек абайсыздықпен жасалуы мүмкiн.

Кiнəнiң екi нысанымен жасалатын қылмыстардың субъективтiк мазмұнын зерттеу мұндай қылмыстарды қасақана жəне абайсыз қылмыстардан, сонымен қатар объективтiк белгiлер бойынша ұқсас қылмыстардан ажырату үшiн жəне қылмыстарды дұрыс саралау үшiн маңызды болып табылады. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар қылмыстық заңнамада көп кездеспейді және олардың барлығы келесі екі үлгінің бірі бойынша құрастырылған:

Бірінші түрі заңда аталған екі нысан құрайды және олардың салдарының заңдылық маңыздылығының әр түрлі болуы. Мәселе материалды құрамды қылмыс құрамын саралау жөнінде, ал саралаудың негізгі белгісі ретінде міндетті құрамның негізгі белгісі болып табылатын аса ауыр зардап тигізушілік маңызды орынды алады [4. С. 205-209.]. Аталған қылмыста қол сұғушылық тікелей объектіге емес,саралатанын зардаптың өзге біреуге келтіруімен сипатталады. Мәселен денсаулыққа қасақана зиян келтіруде (ҚК 103 б. 1 т.) объект ретінде адамның денсаулығы саналады, ал егер де ол абайсызда адам өліміне әкелсе (ҚК 103 б. 3 т.), онда абайсызда қол сұғушылықтың объектісі адам өмір болады.

Кейбір авторлар кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмысты заң шығарушы абайсызда орташа немесе ауыр денсаулыққа зиян келтірсе немесе өлімге душар ететін, заңды құрылымында белгілі бір ауытқушылықтар байқалған (өтр қауіпсіздігі, атомдық энергетика қауіпсіздігі, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздікті және т.б.) жағдайға тән деп есептейді. Мысалы жол көлігінде жасалатын қылмыстарда «күрделі кінә нысанын ерекшелеудегі сұрақ тудыратын жайт тәжірибенің жеткіліксіз болуы. Зиянды салдардың орын алуына қасақана жол жүру ережесін бұзып оның салдарына деген абайсыздық қарым-қатынаста болады». П.С. Дагеля и Д.П. Котовтың ойына, «тек автотранспорттық қылмыстардың субъективті жағын кінәнің екі нысанының құрылымы бойынша қарастырғанда, бұл қылмыстарды тұлғаға қарсы қасақана қылмыстан, кінәсіз әрекеттен, сонымен қатар зиянды салдардың орын алуына әкелген жол қауіпсіздігі ережесін қасақана немесе абайсызда бұзушылықты ажыратуға болады» [5]. Дегенмен бұл көзқараспен толық келісуге болмайды, себебі жол қауіпсіздігі ережесін сақтамаған адамның құқық бұзушылық жасаған сәттегі қоғамдық қауіпті әрекетке (әрекетсіздікке) және одан туындаған зардапқа деген қатынасын анықтау қажет.

Кінәнің екі нысаны арқылы жасалатын қылмыстардың екінші түріне әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыстық әрекеттің салдары мен оны саралауға байланыссыз, психикалық қатынасы біртекті болмауы арқылы сипатталады. Сонымен қатар сараланатын салдар қылмыстың негізін құрайтын қылмыстық-құқықтық нормамен қорғалатын объектті емес, келтірілген зиянды зардаптан құралады. Бұндай қылмыс түрлерін саралауға жататын салдарға аса ауыр зардаптардан тұратын формальды құрамды қылмыстар тән. Олар нақтылы түрде диспозицияда көрсетіледі (заңсыз аборт жасау арқылы адамның өліміне әкелу; әуе немесе су көлiгiне жылжымалы темiр жол составын айдап әкету, сонымен бiрдей қолға түсiру – ҚК 117 б. 4 т.; 239 б. 3 т.) немесе келтірілген зардаптың ауырлығы бойынша бағаланады.

Қазіргі кезеңдегі оқу әдебиеттерінде кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстардың екі түрге бөлу ұсынылады. Біріншісіне қылмыс құрамын саралауда қылмыстық әрекет қасақаналықпен, ал оның салдарының орын алуына абайсыздықпен сипатталады. Мәселен, ҚР ҚК 117 б. заңсыз аборт жасау, абайсызда адам өліміне немесе денсаулыққа аса ауыр зиян тигізген жағдайда. Аталған типке жататын ҚР ҚК 120 б. зорлау және 121 б. нәпсiқұмарлық сипатындағы күш қолдану қылмысын саралау кезінде зорлау немесе жыныстық күштеу сипатындағы әрекетті қолданған жағдайда: (қасақана немесе абайсызда) венрикалық ауруға душар етіп, абайсызда (жәбірленушінің) кісі өліміне, денсаулыққа ауыр зиян тигізге, ЖҚТБ ауруына немесе өзге де ауыр зардап орын алған жағдайда туындайды.

Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмысты қасақана жасалатын қылмыстық әрекет екі салдардың орын алуына әкеліп, олардың бірі кінәлінің қасақаналықпен жасалса, ал екіншісі ауыр зардап абайсызда болады. Мысалы, ҚР ҚК 103 б. 3 т. денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізу абайсызда кісі өліміне әкелсе, қасақана әрекет ретінде денсаулыққа ауыр зиян тигізушілік қасақаналықпен жасалса, ал одан туындаған кісі өлімі кінәлінің әрекетінде абайсыздықпен орын алады. Мысалы 1999 ж. 12 маусымда Т. деген азамат қатты деңгейдегі алкоголдік ішімдік салдарынан себепсізден бұзақылық ниетте қолмен және аяқпен Б. деген азаматтың басы мен денесіне көптеген соққы жасайды. Соққының салдарынан жәбірленушіге бас-сүйегіне сынып, миының оң жақ бөлігіне ауыр зардап келіп, нәтижесінде жәбірленушінің өліміне әкеледі. Бұл мысалдан көрініп тұрғандай саналы түрде денсаулыққа қасанақа зиян келтіру мен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеледі. Тағы бір мысал ретінде 187-бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жойып немесе бүлдiріп, нәтижесінде абайсызда адам өліміне немесе ауыр дене жарақатын тигізуден көрінеді. Әтүрлі нысанда жасалған бір әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту ҚР ҚК екі түрлі жолмен жүзеге асырылады: біріншісі – ҚК белгілі бабында қасақана және абайсызда жасалған әрекет үшін нақты жауапкершілік көзделсе, екіншісі – бір қылмыстық әрекет үшін кінә нысанының түріне қарай ҚК Ерекше бөлімінде әртүрлі баптарында жауапкершіліктің белгіленуі. Мысалы қылмыстағы альтернативті кінә түрі ретінде жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру (ҚР ҚК 98 б.), мемлекетке опасыдық (ҚР ҚК 165 б.) және т.б.

Кінәнің екі нысанымен жасалатын мұндай қылмыстарда іс-әрекеттің нәтижесінде туындайтын зардап жөнінде кінәнің тек абайсыздық нысаны орын алатыны айқын. Сол себепті де кінәнің екі түрімен жүзеге асырылатын іс-әрекет қылмысқа оқталу сатысында орын алуы мүмкін емес. Өйткені, қылмысқа оқталғанда онда туындайтын зардап болмайды. Зардап жоқ жерде кінәнің екі түрлі нысаны туралы сөз болмайды [4. 104 б.]. Мұндай қылмыстар үшін жауапкершілікті белгілеу қылмыстық құқық теориясы мен тәжірибесінде әртүрлі таластар тудырады, себебі мұндай нормаларды тәжірибе жүзінде қолдануда әртүрлі болғандықтан, ол кінә қағидасына қайшы келіп, қылмыстық заңнамада айқындауды қажет етеді.

Кінә нысанының қасақана немесе абайсызда жасалуына қарау жауапкершіліктің ҚР ҚК әртүрлі баптарында айқындалып көрсетілуі негізді болып табылады, мысалы: адам өлтіру (ҚР ҚК 96 б.) және абайсызда кісі өлтіру (ҚР ҚК 101 б.), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103 б.), денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111 б.).

Мұндай мысалдардың көп болуы заң шығарушы мен құқық қолданушының кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстарды дұрыс саралау мен айқындауда маңызды. Ал ҚР ҚК белгіленген кінәнің екі нысанына берілген анықтама мен оның заңды түрде бекітілуі көп жылғы пікір-таластың тоқтауына әкелгені сөзсіз.

Жоғарыда аталған екі нысанды қылмыстарды қарастыра отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады:

а) ол кінә нысанының екі түрінің, яғни қасақаналық пен абайсыздықтың үйлесуімен сипатталады;

ә) бұл кінә нысандары қоғамға қауіпті әрекеттің заңды маңызы бар белгілеріне әртүрлі қарым-қатынас арқылы анықталады;

б) қылмысты жасау нəтижесiнде екi түрлi зардап туады;

в) осы екi зардапқа қатысты кiнəнiң екi түрлi нысаны қатысады;

г) кiнəнiң екi нысаны тек ауырлатылған қылмыс құрамдарында ғана кездеседi;

д) кiнəнiң екi нысанымен жасалатын қылмыстар қасақана қылмыстардың қатарына жатқызады.

Екі нысанды қылмыстардың субъективті жағын зерттеу бұл объективті белгілері ұқсас, бірақ бір жағынан – қасақана, ал екінші жағынан – абайсызда жасалатын қылмыстардың ара жігін ажырату үшін қажет. Егер кінәлінің қасақана ниетімен, қасақана денсаулыққа зиян келтіру салдары жәбірленушінің өліміне әкелсе, әрекетті бір нысанмен жасалған өлтіру ретінде сараланады. Және де керісінше, егер де денсаулыққа ауыр зиян келіп жәбірленушінің өмірі қиылған жағдайда әрекетте қасақана ниет анықталмаса, екі нысанды қылмыс ретінде емес, абайсызда адам өлтіру ретінде сараланады. Тек денсаулыққа қасақана ауыр зиян келітрудің салдарынан абайсызда адам өлтіруге әкелсе ғана әрекет екі кінә нысанмен жасалған болып табылады (ҚР ҚК 103 б. 3 т.).

Қолданыстағы ҚР ҚК қылмыстық жауапкершілікті дифференциациялауға кінә нысанының ықпалы төмендегі жолмен жүзеге асырылады:

– Қасақана және абайсызда жасалған қылмыстық әрекет үшін әртүрлі жаза түрлерін белгілеу;

– кінә нысанына қарай қылмыстық әрекеттерді әртүрлі категорияларға жатқызу;

– ҚР ҚК Ерекше бөлім баптарында бекітілген негізде жауапкершілікті абайсызда немесе қасақана жасалған әрекет үшін немесе екі нысанды қылмыстарға жауапкершілікті белгілейді.

Қасақана немесе абайсызда жасалған қылмыстарда ең алдымен кінә нысанының түріне қарай қылмыстық жауапкершілікті дифференциациялауды жүзеге асады. Мысалы, абайсызда жасалған қылмыстық әрекет үшін жоғары деңгейдегі бас бостандығынан айыру көлемі 5 жыл (ҚК 10 б. 2 т.), қасақана қылмыстық әрекет үшін – өмір бойы бас бостандығынан айтыру мен өлім жазасы (10 б. 5 т.) белгіленген. Қасақана немесе абайсызда жасалған қылмыстардың мазмұнын салыстырар болсақ, мысалы кінә нысанының абайсыздық түрі арқылы денсаулыққа немесе адам өміріне қарсы жасалған әрекет үшін бас бостандығынан айыру мерзімі қасақана жасалған жағдайдағы әрекетке қарағанда әлдеқайда төмен. Қылмыстық Кодекстің санкциясында абайсызда жасаған қылмыстық әрекет үшін жазаның төменгі шегі нақты көрсетілмейді, ал қасақана жасалған әрекет үшін минимальды жазалау мөлшері шектелген түрде болады. Кейбір жаза түрлері (мысалы, бас бостандығынан өмір бойы айыру мен өлім жазсы) абайсызда жасалған әрекет үшін мүлдем белгіленбейді.

Абайсызда немесе қасақана жасалған әрекет үшін жауапкершілікті дифференцияциялау қылмысты әртүрлі санаттарға бөлгенде анық байқалады (ҚР ҚК 10 б.). Қылмысты ауырлығы бойынша категорияларға бөлетін болсақ, абайсызда жасалатын қылмыстар олардың тек алғашқы қатарына – жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстар құрайды. Қасақана жасалған қылмыстарды әртүрлі категорияларға бөлу арқылы оларды бас бостандығынан айыру мерзімі айқындалады және төрт мерзімге бөліп қарастыруға болады: екі жылдан, бес жылдан жоғары, бес жылдан он жылға дейін, он жылдан жоғары. Ал абайсызда жасалған қылмыстарда екі мерзім белгіленген: екі жылға дейін және екі жылдан жоғары.

Тұлғаның жасалған қылмысының қандай категорияға жататынына сай, заңда қылмыстық жауапкершілікті даралап жазаны тағайындағанда әртүрлі ережелер белгіленген, қылмыстық жазаны өтеу мен жазадан босату. Абайсызда және қасақана жасалған қылмыстар үшін жауапкершілікті дифференциялауға субъектінің жас мөлшері де ерекше орын алады, себебі заңда белгіленгендей тек қасақана қылмыстық әрекеттер үшін жас мөлшерін төмендету көзделген (ҚР ҚК 15 б.). Ал абайсызда жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік тек 16 жастан басталады.

Абайсызда және қасақана жасалған қылмыстар үшін жауапкершілікті дифференцияциялау рецидив болған кезеңде байқалады. Себебі рецидив ретінде бұрын қасақана жасалған қылмысы үшін соттылығы бар, тұлғаның қасақана жасалған әрекеттері ғана танылып, жазаға ықпал етеді (ҚР ҚК 13 б.). Аяқталмаған қылмыстық әрекеттер үшін жауапкершілікті дифферцияциялауға кінә нысаны мен түрі елеулі ықпал етеді. Аяқталмаған қылмыстық әрекет үшін жауапкершілікке тарту кінәлінің тек қасақана жасалған әрекеті орын алған сәтте ғана мүмкін болады. Сонымен қатар қылмыстық құқық теориясы мен сот тәжірибесі көрсеткендей, аяқталмаған қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік тек қылмыс кінәнің тікелей қасақаналық түрімен жасалған сәтінде ғана жүзеге асырылады.

Кінә қылмыстық жауапкершілікті дифференцияциялауға ғана емес, сонымен қатар қылмысты саралауға да ықпал етеді, ол:

- бір әрекеттің кінәнің әртүрлі нысанында жасалуына байланысты заңда жауапкершіліті белгілеу;

- ҚР ҚК бойынша жауапкершілік тек кінә нысанының белгілі бір түрімен жасалған сәтінде ғана жүзеге асуы;

- тұлғаның әрекетін саралау кінәлінің саналы түрде жасауына бағыныштылықта болады;

- қылмысты кінәлінің соңына дейін белгілі бір себептерге байланысты аяқтамауы немесе өз еркімен бас тартуы.



Жалпы алғанда кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстардың субъективтік жағын терең зерттеу объективтік белгілері бойынша ұқсас қылмыстарды дұрыс ажыратуға және қасақана немесе абайсызда жасалған қылмыс құрамын талдауда дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Горбуза А.Д. Смешанная форма вины по советскому уголовному праву: Автореф. дис. канд. юрид. наук. - М., 1972.- 15 с.

  2. Лукьянов В.В. К вопросу о «раздвоении» вины в преступлениях со сложным составом // Сов. гос-во и право. – 1988. - № 10.- С 12-15.

  3. Дагель П.С., Котов Д.П. Субъективная сторона преступления и ее установление. – Воронеж, 1974.- 242 с.

  4. Макашвили В.Г. Уголовная ответственность за неосторожность. С. 180;


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет