Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау
Факультеті «химия және химиялық технология» СӨЖ Тақырыбы: Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау.
Алматы, 2021ж Әл–Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің барлығы бақыт, құрмет, сыйластық, сыйластық таныта білу жайлы жазылған өте маңызды дерек көздері болып келеді.
Менің көзқарасым бойынша, Әл-Фараби еңбектеріндегі бақыт ұғымы өте ауқымды мағынадағы, бірнеше құнды қасиеттердің басын біріктіретін ұлы нысана секілді. Олай деуіме бірінші себебі Әл-Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде басқаруды қайырымды және қайырымсыз деп екіге бөлді. Қайырымды, білімді, мәдениетті басқару – халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды, әділеттілікке бет бұрады. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Яғни, ұлы ойшыл бұл сөздері арқылы бақыттың бір кілті қоғамның әділетті басқарылуы мен құнды қасиеттерге бай болуында деп көрсетеді. Әрбір адам қоғамның бір бөлшегі. Қоғамның қайырымды болуы адамды жан тыныштығы мен шын бақытқа жетелейді. Ал қайырымды қоғам ұғымын екінші ұстаз: «Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын қойған қала – қайырымды қала, ал адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам – қайырымды қоғам» деп нақты көрсетеді.
«Бақытқа жету туралы кітап» еңбегінде
Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік.
Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік»- деген жолдармен адам мақсатының оның өмірлік жолын айқындайтынын суреттейді. Мақсатты білім алу, көркем мінез, ақыл, парасат, рухани болмыс, таза ниет дейтін игіліктерге бағыттасаң бақытқа жол көрсетеді.
Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді. Білімді болу деген – ең алдымен әр нәрсеге басқаша қырынан қарай отырып, жаңалық ашуға қабілетті болу. Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады. Шын білім – ақиқат, анық білім. Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды. Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат пен қызық іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек. Мінез – жанның айнасы. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады. Сұлу саз жан сергітеді. Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді. Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
Бақыт деген не нәрсе сонда? Ол – біртүрлі ішіңде қайнап жататын, оны тек жүректен тарап, барлық мүшелерің бір керемет күйді кеше алатын сәті. Бірақ сен оны мақсат етіп қоясың. Сол мақсатқа жету үшін көп талпынасың, еңбектенесің. Оны қолмен ұстай алмайсың, көзбен көре алмайсың, иіскейде, дәмін де тата алмайсың. Бірақ, оны сеземіз. Шынайы жүрекпен сеземіз. Маған біреу бақыт деген не? десе, ойланбай-ақ ең бірінші бақыт деген дене мүшемнің саулығы, денсаулығымның мықтылығы, он екі мүшемнің түгел болуы дер едім. Себебі, ең басты байлық – денсаулық. Оны бар кезінде күтіп, қадағалап отыру керек. Ал, екіншіден маған жаратқанның берген әрбір уақытын бақыт деп білер едім. Себебі, уақыт – мүмкіндік. Үшіншіден, ата-анам мен жақындарымның амандығы дер едім. Мені тоғыз ай құрсағында көтерген анамның, мен үшін терін төккен асқар тау әкемнің, аман – есен жүрген бауырларымның жүздеріндегі қуаныш атты әдемі бейнені көрудің өзі бақыт деп есептеймін. Ең, ең маңызды деген осы үш себеп. Алайды, бақыт дегенді түсідірудің ауқымы өте кең. Мен жеке тұлға ретінде маған берілген әрбір мүмкіндікті бақыт деп айта алар едім. Маған берілген әрбір қадірлі жанды бақыт деуші едім.
Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді.Әл- Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады.
Бақыт идеялары - адам дүниетанымының ең ежелгi элементi . Платоннан бастап бүгiнгi күнге дейiн бақыт категориясы философия , этика , саясат , психология , педагогика саласындағы қызу пікірталастардың орталығында болды және солай болды . Адамның бүкіл өмiрi - бақытқа деген табиғи ұмтылыс . Әл-Фараби «Бақытқа жету» еңбегiнде : «Бақыт дегенiмiз игiлiктердiң iшiндегi ең қадiрлiсi, ең үлкенi және ең жетiлгенi» . Оған ие болуға қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкiндiгi бар, сондықтан да қайырымды билеушiлер билеген қала тұрғындары ғана бақытқа жете алатындығын айтады. Мұндай қалалардың басқа қалалардан айырмашылығы жоғары тәртiп пен оның тұрғындарының мәдениеттiлiгi, сыпайылығы және билеушiлерiнiң қайырымдылығы, ақылпарасаты. Әл-Фараби ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш деп білген.
Қорытындылай келе бақыт — адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр. Арман сияқты Бақыт та мұраттың тылсымдық-эмоциялық көрінісі болып табылады. Мұрат тұлғаның болашаққа деген сенімін білдірсе, Бақыт оның іске асу деңгейін көрсетеді. Әл Фараби өз еңбегінде «Бақыт - оқығанда, сабақ алғанда, білімді игеру, әртүрлі өнерлерді үйренгенде, оларды игеру, жұмыстарды орындау сияқты игілікті істер арқылы қол жететін мақсат» деп жазған. Осы жазбалардан кейін адамның сүйікті ісімен шұғылдануы оған рахат алып келетінін, бақытқа жетудің кішкентай қадамдары екенін байқауымызға болады. Адам араласатын ортасын да байыппен таңдау керек. Қоғам жақсы болу үшін, адам жақсы болу керек деген. Әрбір тұлға әрдайым өзімен жұмыс жасап, жақсы және жаман қасиеттерін саралап, елге пайдасы тимесе де зиянын тигізбей жүрсе айналамызды қоршаған ортамызда керемет күйге бөленер еді. Әл-Фарабидің пікірінше, адам өмірінің мәні мен сәні, ең жоғарғы шыңы болып саналатын бақыт жанның байлығына, адамгершілікке негізделеді. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады».
Әл Фараби өмірге келген әрбір адам болу бақытты болу үшін өмір сүреді дейді. Өзінің еңбектерінде бақытқа жету жолында адам өз басынан үш түрлі деңгейді өткереді деп атап көрсетеді, олар: әрекет, жан эффектісі және ақыл парасат. Осы үш күйдің ішіндегі адамға бақытқа жетер жолда ең қажеттісі ақыл парасат. Адам ақылы жоғары, дүниетанымы кең болған сайын кейбір дүниелерді пайымдауға, ғылым мен өнерді ұғынуға, жақсы қылық пен жаман қылықты ажыратуға мүмкіндігі жоғары болады. Ал бұл қасиет адамның бойынан табылса, таптырмайтын күш. Сонымен қатар, Әл Фараби өз еңбегінде «Бақыт - оқығанда, сабақ алғанда, білімді игеру, әртүрлі өнерлерді үйренгенде, оларды игеру, жұмыстарды орындау сияқты игілікті істер арқылы қол жететін мақсат» деп жазған. Осы жазбалардан кейін адамның сүйікті ісімен шұғылдануы оған рахат алып келетінін, бақытқа жетудің кішкентай қадамдары екенін байқауымызға болады. Адам араласатын ортасын да байыппен таңдау керек. Қоғам жақсы болу үшін, адам жақсы болу керек деген. Әрбір тұлға әрдайым өзімен жұмыс жасап, жақсы және жаман қасиеттерін саралап, елге пайдасы тимесе де зиянын тигізбей жүрсе айналамызды қоршаған ортамызда керемет күйге бөленер еді. Әл-Фарабидің пікірінше, адам өмірінің мәні мен сәні, ең жоғарғы шыңы болып саналатын бақыт жанның байлығына, адамгершілікке негізделеді. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады». Жаны жайсаң, адамгершілігі мол адамдардың мінез-құлқы да жақсы келеді. Жақсы мінез-құлық білім алу, үйрену барысында көбіне тәрбиемен қалыптасады. Ал жақсы мінез құлық пен әрекет бақытқа апарар ең басты жол. Ал адамды барынша бақыттан алшақтататын адамның жаман мінез құлқы, пасық іс әрекеті, жаман ниет пен сұрқиялыққа негізделеді. Өмірдегі болып жатқан кезеңдер де Әл Фараби әрдайым тең орта шамасын ұстауды ұсынады. Расында да кей жағдайларда , балансты ұстай білу, әр нәрсенің шегін ұғыну деген сияқты даналық сөздер әрдайым бізге өз көмегін беріп жатады. Өз еңбегінде «Біз қандай әрекет, қандай іс істесек те содан рахат табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болады» дей келіп, «Сезімдік рахат бізді жақсы (әрекеттер) жасауға итеретінін көрсек, біз соны істеуге бейім тұрамыз дейді. Расында әрбір жасаған ісімізді махаббатпен жасасақ, ертең сол ісіміздің берекесін көрерімізде анық. Ал махаббатпен жасалған әрбір іс қашанда жанға рахат сыйлайды. Бақытты болу кез келген адамның қолынан келе берер оңай шаруа емес. Оған өмірді сүре білуге қажетті жан-жақты білімі бар, жаны бай, адамгершілігі, рухы жоғары, мақсатына жету үшін қиындықтарға шыдап, күресе білетін адамдар ғана қол жеткізе алады.
Әл-Фарабидың әрбір жасаған ой тұжырымдамасына қарай отырып, оның бақыт туралы көзқарасын оқи отырып быраз ой түйіндей алдым. Мүмкін шынында да біз өз жанымызда жүрген кішкене ғана бізді бақытты етер нәрсені байқамаймыз. Алайда ең құнды нәрселер өмірімізден жоғалған уақытта түсінетініміз өкінішті. Әл-Фараби жазып қалдырғандай бақыт пен қанағатшылдық ұштасып жатқан дүние. Әр нәрсеге қанағат ете білсек, бізден асқан бақытты жан болмас еді деп ойлаймын. Мүмкін бұл ойларды жазудың өзі бір бақыт шығар?!...