Элективті пәндердің каталогы



бет6/8
Дата05.07.2016
өлшемі172.74 Kb.
#179412
1   2   3   4   5   6   7   8

Күтілетін оқу нәтижелері:

Білімі: Ағынды суларды тазалаудың аэробты және анаэробты үрдістерін, ағынды суларды тазалаудың түрлі сұлбаларында микроағзаларды қолдану пирнциптерін, ауаның экологиялық биотехнологиясынвң мәселелерін, түрлі ағынды сулардың сипаттамасын біледі; табиғатта заттардың айналу шеңберінде белсенді қатысуының нәтижесінде микроағзалардың табиғаттың тепе-теңдігін сақтаудағы маңызын біледі; биотехнологияның негізгі принциптерін, сыртқы ортаның объектілерін тазалауда қолданылатын биореакторлардың типтерін біледі; ағыны суларды тазалау, биогаз алу және қоршаған ортаның сауықтыру үшін биотехнологияда микроағзалардың мүмкіндіктері және қолданылуын біледі.

Іскерлігі: Ағынды суларды түрлі әдістермен тазалайтын тазалағыш қондырғыларды жобалауды жүргізе алады, нақты бір экологиялық мәселелердішешу бойынша страгегияларды құрастыру үшін алған білімін қолдана алады.

Дағдысы: Ағынды суларды және топырақты тазалау бойынша іс-шараларды спттау және жүргізу үшін түрлі әдістерді қолдану бойынша жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан.

Құзіреттілігі: Экологиялық биотехнология аумағында маманның базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О., б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К.

Профильді пәндер – 19 кредит

Білім беру траекториясыАуыл шаруашылық биотехнология

18

BPZhPS 0318

Мал шаруашылық өнімдерді және шикізатты өндеу биотехнологиясы

Кредит көлемі – 3 (2+0+1), ECTS кредитте – 4,5



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер – «Ауыл шаруашылығындағы биотехнологиялық альтернативалар», «Микробиотехнология».

Оқыту мақсаты: Тағам өндірісінің маманы аймағында білім алу, алған білімін тәжірибеде қолдана алу.

Қысқаша мазмұны: Сүт және сүт өнімдерінің биотехнологиясы. Сүт технологиясының физико-химиялық және биохимиялық негіздері. Әртүрлі мал түрлерін сауу биотехнологиясы. Мал шикізатын биотехнологиялық өндеу және консервирлеу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Өндірістік және зерттеуге арналған міндеттерді шешу үшін қажетті толық көлемде мал шаруашылығының өнімдерін және шикізатын өндеу биотехнологиясының негіздерін, сонымен қатар сүт, ет өнімдері және олардың жеке компоненттерінін бақылаудың заманауи әдістерін біледі.

Іскерлігі: Мал шаруашылық өнімдері мен шикізатының сапасын бағалай алады және оларды өндірісін ұйымдастырады.

Дағдысы: Зертханада жұмыс істеуді дағдыланады, мал шаруашылық өнімдер мен шикізаттарын өндеудің технологиялық режимдерін меңгереді.

Құзіреттілігі: Мал шаруашылық өнімдер мен шикізаттарын өндеудің биотехнологиясы аумағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: доцент Нуржанова Г.Х.

19

OGI 0319

Генетикалық инженерия негіздері

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS кредитте – 4,5



Пререквизиттер – 31 кредит.

Постреквизиттер–«Ғылыми зерттеу негіздері», «Жануарлар биотехнологиясы мен селекциясы», «Өсімдіктердің ген инженериясы», «Өсімдік шаруашылығындағы гендік инженерия».

Оқыту мақсаты: Ғылыми зерттеу жобаларында студенттердің зерттеу компетенцияларының қалыптасуы, ғылыми зерттеу методологиясының теориялық және тәжірибелік негіздерінің қалыптасуы, генетика аумағында білімнің тереңдеуі мен кеңеюі, ақпараттық технологияларды қолдануды жетілдірілуі және зерттеу жұмысының өздігінен ұйымдастыру.

Қысқаша мазмұны: Молекулалық биология –генетикалық инженерияның фундаменті, рекомбинантты ДНҚ құрастыру, гендерді бөліп алу, гендер экспрессиясы, сүтқоректілер клеткаларына гендерді еңгізу, қоршаған ортаның әртүрлі қолайсыз факторларына төзімді трансгенді өсімдік алу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Ген инженериясының жалпы ережелері мен жолдарын, рекобинантты ДНҚ алу принциптерін, ген инженериясының тәжірибелік аспектілерін біледі.

Іскерлігі: Іn vitro ДНҚ фрагменттерін қалыптастыру негізінде организмдерді құрастыру сұлбасын құра алады, мутация алуда қандай да бір ақуыз синтезіне жауап беретін нақты генді анықтай алады.

Дағдысы: Генетикалық құрастыру әдістерін игереді, оларға мутагенез, гибридизация, конъюгация, трансдукция, трансформация және протопластардың бірігуі кіреді.

Құзіреттілігі: Генетикалық инженерия аумағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д. Арынова Р.А.

20

BKPSHZH

0320


Ауыл шаруашылық жануарлар үшін азықтық препараттар биотехнологиясы

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте -3



Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер – «Микробиотехнология», «Фитобиотехнология», «Ауыл шаруашылығындағы биотехнологиялық альтернативалар».

Оқыту мақсаты: Ауыл шаруашылық жанурларға арналған азықтық препараттар биотехнологиясы аумағында базалық білімді қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Азықтық ақуыздарды алу, ауыстырылмайтын аминқышқылдар өндірісі, азықтық дәруменді препараттар өндірісі, азықтық липидтер, ферментті препараттар.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Азықтық препараттар өндірісіндегі биотехнологияның жалпы ережелері мен жолдарын біледі.

Іскерлігі: Технологиялық процестердің сұлбаларын құрай алады, сонымен қатар оларды тәжірибеде ала алады.

Дағдысы: Зертханада жұмыс істеу дағдысы қалыптасады және де алынған нәтижелерді сараптай алады.

Құзіреттілігі: Ауыл шаруашылық жанурларға арналған азықтық препараттар биотехнологиясы аумағында базалық білімді қалыптастырады және кәсіби сапаны көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.д. Искаков М.М.

21

ONI 0321

Ғылыми зерттеу негіздері

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS кредитте – 4,5



Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер – «Микробиотехнология», «Зообиотехнология», «Иммунды биотехнология», «Жануарлар биотехнологияы мен селекциясы».

Оқыту мақсаты: Ғылыми зерттеу методологиясы аумағында білім алу, түйсіктің теориялық және эксперименттік әдістерін қолданбалы аспектілерін тереңдетіп нақтылау.

Қысқаша мазмұны: Қоршаған орта туралы ғылыми білімді жинақтау және қолдану. Таным процесінің объектілері мен субъектілері. Ақиқат туралы білім базасының кеңеюіне бағытталған адам әрекетінің сферасында ғылыми зерттеулердің рөлі. Мамандарды дайындау кезінде пәннің құрылымы мен оқыту мақсаты. Ғылыми білім ұғымы. Таным теориясы- философияның фундаментальды бөлімі, ғылымның барлық салаларының әдістемелік негізі. Ақиқатты тану процесінің диалектикасы. Қоршаған орта туралы ғылыми базаны құру- қоғамның заманауи даму кезеңінің негізгі ғылыми мәселесі. Білімнің ғылыми базасын жасаудың принциптері. Ғылыми зерттеу- таным процесіндегі негізгі әрекет. Ғылыми зерттеулердің кезеңдері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Зерттелетін жүйенің элементтерін бөлу және қосу әдістерін біледі.

Іскерлігі: Зерттеу гипотезасының қалыптасуы үшін және физико- математикалық моделін жасауға арналған алынған білімді қолдана алады.

Дағдысы: Іздеудің, ақпаратты өңдеу, эксперимент жоспарының элементтерін өз бетімен сараптау және экспериментті жүргізудің инструменталды базасының методологиялық және әдістемелік дағдыларын меңгереді.

Құзіреттілігі: Ғылыми зерттеулерді құрастыру аумағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Құндызбаев Д.К.

22

FitB 0322

Биотехнологиядағы фитогормондар

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS кредитте – 4,5



Пререквизиттер – 31 кредит.

Постреквизиттер–«Фитобиотехнология», «Ауыл шаруашылығындағы биотехнологиялық альтернативалар».

Оқыту мақсаты: Биотехнологиядағы фитогормондар аймағында білімді қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Өсімдіктердің гормоналды жүйесі. Өсімдіктердің өсуінің және дамуының синтетикалық реттеуіштері. Фитогормондар және өсімдік биотехнологиясындағы синтетикалық реттеуіштер. Фитогормондар және фитореттеуіштерді алудың биотехнологиялық әдістері. Өсу реттеуіштерін қолданудың экологиялық және генетикалық қауіпсіздігі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Өсімдік фитогормондарының негізгі түрлерін, сонымен қатар оларды алудың биотехнологиялық әдістерін біледі.

Іскерлігі: Алған білімдерді тәжірибеде қолдана алады.

Дағдысы: Зертханада жұмыс істеу дағдысы және алынған нәтижелерді сараптай алу дағдысын қалыптастырады.

Құзіреттілігі: Фитобиотехнология аймағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к. Арынова Р.А.

23

BSZh 0323

Жануарлар биотехнологиясы мен селекциясы

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте - 3



Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер –«Зообиотехнология», «Ауыл шаруашылығында биотехнологиялық альтернативалар».

Оқыту мақсаты: Жануарлардың ген және клеткалық инженерия мүмкіндіктері туралы білімді, биотехнологияда жануарлар клеткаларын қолдану әдістері мен тәсілдері туралы білімді студенттерде қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Жануар биотехнологиясының дамуының негізгі бағыттары. Биотехнология –бағалы генотип тұқымының жылдам көбеюі әдісі ретінде. Жануарлар селекциясында әлемдік генофонд және оның маңызы. Биотехнологияда көп гетеросизті және цетоплазмалық ер серильділігін қолдану мал шаруашылығында клеткалық және эмбриогенетикалық инженерия. Трансплантаттарының өнімділік сапаларының қалыптасуының биологиялық және биотехникалық мәселелері. Жануар биотехнологиясымен селекциясында генетикалық трансформацияның қолданылуы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жануарлар биотехнологиясының жалпы биологиялық негіздерін, клеткалық эмбриологиялық инженерияның эксперименталды жол, жануарлардың сомалық және жыны клеткаларын клондау және генетикалық трансформация принциптерін біледі. Мал шаруашылығы және медицина ғылымы мен тәжірибелік биотехнологиялық әдістерді қолдану туралы мәлімет біледі.

Іскерлігі: Ғылым және тәжірибеге енуі үшін теориялық білімді қолдана алады, жануар биотехнологиясы эксперименттерін дұрыс жоспарлай алады.

Дағдысы: Негізгі жануар объектілерімен –тышқан, кроликтер, және қоймен жұмыс істеуді тәжірибелік дағдыланады, микроскопты техникамен, (микроскоптар әртүрлі құрылымды, микроманипуляторлар, микроиъекторлар), зертханалық құрал-жабдықпен (термостаттар, центрифугалар, анализаторлар, арнайы приборлар), сонымен қатар хирургиялық құралдармен жұмыс істеуді дағдыланады.

Құзіреттілігі: Жануарлар биотехнологиясымен селекциясы аумағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.д.Искаков М.М.

24

OsImg 0324

Иммуногенетика негіздері.

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте - 3



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер–«Микробиотехнология», «Ауыл шаруашылығындағы биотехнологиялық альтернативалар», «Иммундық биотехнология».

Оқыту мақсаты: Иммундық жүйенің құрылымдық функцияналдық қасиетін детерминациялайтын генетикалық жүйелерді ұйымдастыру және функциялануы туралы мағлұматты қалыптастыру және алынған біліммен дағдыны кәсіби міндеттерді шешуде қолдану.

Қысқаша мазмұны: Жануарлардың цитогенетикалық сипаттамасы. Корреляцияның генетикалық коэффициенті. Селекциялық дифференциал. Генетиканың иммунологиялық алғы шарттары. Иммунитеттің қалыптасуында гендердің рөлі. Генетикалық полиморфизм. Иммуноглобулиндердің генетикалық және физиологиялық ерекшеліктері. Жануарлар әлемінің иммунологиялық ерекшеліктері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Иммунология туралы, жануарлар және құстардың иммунитет жүйелерінің мүшелік –ұлпалық құрылымы туралы, клетканың иммуно компотенттері және олардың рецепторлары, организм және клетка деңгейінде иммунды процестерді реттеу механизмі, антигендер және антиденелер, олардың әрекет етуі, гистосәйкестік басты комплекс және оның биологиялық мәні, генетикалық әртүрлілік және Т-және В-лимфоциттер рецепторларын анықтайтын антигендердің қалыптастыру ерекшеліктері, иммунды статусты бағалауының әдістемелік негіздерін біледі.

Іскерлігі: Иммунологиялық реакцияларды бағалайды, өз әрекетінде есептеуіш техниканы қолданады, анатомиялық белгілер бойынша түрлік иелікті анықтайды, жалпы биологиялық және экологиялық ғылымдарының көзқарас тұрғысынан организмде өтетін процестерді дұрыс түсіндіреді, жануар күйін бағалау кезінде иммунология білімін қолданады, иммунологиялық сараптама жүргізеді, иммунология зерттеулер үшін материалды таңдап алады.

Дағдысы: Негізгі физикалық, химиялық және биологиялық заңдарды біледі және оларды ветеринарияда қолдана алады, зертханалық құрал-жабдықпен жұмыс істеуді, организмнің иммундық статусын бағалау әдістерімен, иммунитеттің жүйелерін зерттеу бойынша бақылау және эксперимент әдістерімен жұмысты дағдыланады.

Құзіреттілігі: Жануарлар аруларының дамуында табиғи және әлеуметтік шаруашылық факторларды бағалау әдістерін қолдана алады, олардың коррекциясын жүргізеді, инфекциялық паразиттік және инфекциялық емес потологиялық алдын алу бойынша профилактикалық шараларды жүргізе алады.

Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.д.Искаков М.М.

25

Mik 0325

Микробиотехнология

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте -3



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер –«Ауыл шаруашылығындағы биотехнологиялық альтернативалар», «Зообиотехнология», «Фитобиотехнология».

Оқыту мақсаты: Ферменттерді, тағамдық ақуызды, полисахаридтерді, гликосидтерді, аминқышқылдарын, тағамдық қышқылдарды, дәрумендерді және әртүрлі функционалды мәні бар басқа биологиялық белсенді заттарды өндіруде техникада және өндірістік жағдайда биотехнологиялық процестерді қолдану туралы қажетті теориялық білімнің қалыптасуы; генномодифицирленген тағам көздерін жасау негіздерін білу, биотехнологияны қолданатын өндеу өндірісін ұйымдастырылуына тәжірибелік дағды алу.

Қысқаша сипаттама: Микроорганизмдерді культивирлеу принциптері, ферментацияның соңғы өнімдерін алу, микробиологиялық процестер, антимикробты заттар алу, микробты препаратар, топырақ тыңайтқыштары, өсімдіктің өсуін стимулдаушылар және реттеуіштер, микробты полимерлерді алу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Биотехнологиялық өндірісті технологиялық және техникалық қамтамасыздандырудың негізгі принциптерін, процестер және биообъектілер арасындағы байланыс, негізгі биотехнологиялық өнімдер өндірісінің технологиялық кезеңдерін мәнін біледі.

Іскерлігі: Биотехнологиялық өндірісті ұйымдастыру үшін тәжірибелік дағдыны қолдана алады, ауыл шаруашылық өнімдерін өндеу технологиясында биологиялық белсенді заттар, адам үшін қауіпсіз өндеу өндірістерін интенсификация мақсаты мен генномоодифицирленген организмдерді қолдана алады. Биотехнологиялық процестердің сапасын бақылауды жүргізе алады.

Дағдысы: Микроорганизмдердің әртүрлі түрлерінің ерекшеліктерін сараптамасы және оларды белгілі бір биотехнологиялық процестерде қолдану нәтижесін сараптауды дағдыланады.

Құзіреттілігі: Микробиотехнология аумағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Кәкімова Ж.Х., б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К.

26

Fit 0326

Фитобиотехнология

Кредит көлемі– 2 (1+1+0), ECTS кредитте - 3



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер –«Өсімдіктердің генетикалық инженериясы», «Ауыл шаруашылығында биотехнологиялық альтернативалар», «Биотехнологиядағы фитогормондар».

Оқыту мақсаты: Дәстүрлі емес жер және өсімдік шаруашылығының заманауи әдістері- жоғары өсімдіктердің клеткаларын, ұлпаларын, мүшелерін культивирлеу жолымен шаруашылыққа пайдалы өнім алу туралы студенттерге мағлұмат беру. Бұл пән студенттерді биотехнологияның молекулярлы-биологиялық негіздермен, биотехнологиялық әдістерді тәжірибеде қолданумен таныстыру. Курс барысында әртүрлі елдердегі биотехнологияның даму жағдайына сипаттама беріледі.

Қысқаша мазмұны: Ұлпа культуралар әдісімен өсімдіктердің вегетативті көбеюі, тереңдік әдіспен өсімдік клеткаларын культивирлеу, өсімдіктерді қолдану негізінде биогаз және тыңайтқыштарды алу, өсімдіктер генофондын сақтаудың коллекциялық орталықтары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Фитобиотехнология аумағында білімді кеңейтеді, ұлпаның гормонға тәуелсіз клеткалары, цитокининдер, ауксиндер туралы біледі.

Іскерлігі: Екіншілік метаболизм өнімдерін алу әдістері мен өндірісте жаңа биотехнологиялық тәсілдерді меңгереді, өсімдік шаруашылығы және АӨК басқа салаларының өнімділік, төзімділік және экономикалық эффективтілігінің жоғарылауы, биотехнологиялық әдістер арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жаңа гибридтері мен сорттарын жасауға қатысу, генетикалы модифицирленген организмдерді, биологиялық белсенді заттарды, қарапайым және трансформалық өсімдіктердің тұқымдық материалын қолданудың нақты тиімділігін тексеру үшін өндірістік эксперименттерді жоспарлай алады және жобалайды.

Дағдысы: Генетикалы модифицирленген организмдердің, биологиялық белсенді заттардың биоқауіпсіздік мониторингін жоспарлауды және ұйымдастыруды; өсімдік шаруашылық өнімдерінің сапасын жақсарту және екіншілік метаболизм өнімдерін алу мақсатымен өсімдік текті ресурстарды қолдану тиімділігін жоғарылату әдістерін жетілдіруді, өсімдік текті өнімдердің сапасын жақсартуды дағдыланады.

Құзіреттілігі: Зиянды организмдерге және абиоттық стресстерге төзімді жақсартылған қасиеттері бар өсімдіктердің жаңа формаларын, линияларын, сорттарын және гибридтерді алуда клеткалық, генетикалық және хромосомдық инженерия әдістерін қолдана алады; өсімдіктердің вируссыз үлгілерінің стерильді ұлпалық культуралардың егіс материалдарын алу, сынамалардың нәтижелерін жалпылау және олардың статистикалық өндей алады және қорытынды жасай алады.

Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.д. Искаков М.М.

27

Zoo 0327

Зообиотехнология

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте - 3



Пререквизиттер –65 кредит.

Постреквизиттер – «Медициналық және ветеринарлық биотехнология».

Оқыту мақсаты: Жануарлардың ген және клеткалық инженерия мүмкіндіктері туралы білімді, биотехнологияда жануарлар клеткаларын қолдану әдістері мен тәсілдері туралы білімді студенттерде қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Жануарлар клеткаларын өсіру әдістері, вирустардың репродукциясы үшін эмбрионалды және басқа ұлпаларды өсіру әдістері және вирусты препараттар алу, клеткалы культураларда инсектопатогенді вирустарды алу, трансгенді жануарлар, иммуномодуляторлар.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жануарлар биотехнологиясының жалпы биологиялық негіздері, клеткалық және эмбриологиялық инженерияның эксперименталды жолдары, жануарлардың сомалық және жыны клеткаларын клондау және генетикалық трансформация принциптері туралы; студенттер мал шаруашылығы мен медицинада ғылым мен тәжірибеде биотехнологиялық әдістерді қолдану туралы мәлімет алып, оны біледі.

Іскерлігі: Ғылым және тәжірибеге еңдіру үшін теориялық білімді қолдана алады, жануар биотехнологиясы эксперименттерін дұрыс жоспарлай алады.

Дағды: Негізгі жануар объектілерімен –тышқан, кроликтер және қоймен жұмыс істеуді тәжірибелік дағдыланады, микроскопты техникамен, (микроскоптар әртүрлі құрылымды, микроманипуляторлар, микроиъекторлар), зертханалық құрал-жабдықпен (термостаттар, центрифугалар, анализаторлар, арнайы приборлар), сонымен қатар хирургиялық құралдармен жұмыс істеуді дағдыланады.

Құзіреттілігі: Зообиотехнология аумағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.д. Искаков М.М.

28

BASH 0328

Ауыл шаруашылығында биотехнологиялық альтернативалар

Кредит көлемі: – 2 (1+1+0), ECTS кредитте - 3



Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер– «Зообиотехнология», «Жануарлардың биотехнологиясы мен селекциясы», «Ғылыми зерттеу негіздері».

Оқыту мақсаты: Студентте ауыл шаруашылығында биотехнологиялық альтернативалар туралы, бактериалды препараттар жасау әдістері туралы білімді дамыту.

Қысқаша мазмұны: Биопестицидтер, бактериалды препараттар, саңырауқұлақ препараттары, вирустық препараттар, биогербицидтер, биологиялық тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығында өнімділікті жоғарлату үшін биотехнологияның жаңа әдістері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Ауыл шаруашылығында өнімділікті жоғарлату үшін биотехнологияның жаңа әдістерін біледі.

Іскерлігі: Тәжірибеде алған білімдерін қолдана алады.

Дағдысы: Зертханада жұмыс істеуді, алған нәтижелерді сараптауды дағдыланады.

Құзіреттілігі: Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы аумағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К., т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О.

29

PTT 0329

Тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар (курстық жұмыс)

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS кредитте -4,5



Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер – «Ғылыми зерттеу негіздері», «Микробиотехнология», «Зообиотехнология», «Ауыл шаруашылығындағы биотехнологиялық альтернативалар».

Оқыту мақсаты: Химиялық токсикологияның негізгі ұғымдарын оқу,берілген биологиялық қасиеттері бар қосылыстардың әртүрлі класстарының құрылысын белгілейтін және синтездерін жоспарлауға мүмкіндік беретін, олардың мүмкін болатын биологиялық (соның ішінде токсикологиялық) белсенділікті болжауға мүмкін беретін білімді студенттерде қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет