Элективті пәндердің каталогы



бет1/8
Дата05.07.2016
өлшемі172.74 Kb.
#179412
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

3 деңгейлі СМЖ құжаты

20 __ жылдың «__» ____

№ 1 редакциясы

Ф 042-05.1.10.03-2011-01

Элективті пәндерің катологы








Бекітемін

Оқу ісі бойынша проректор ________Б.А.Рскелдиев

«___»_______________20__жыл


5В070100 – Биотехнология мамандығына арналған

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕРДІҢ КАТАЛОГЫ

.




Пән коды

Пәннің және циклдың атауы.

Пәннің қысқаша мазмұны.



1

2

3

Жалпы білім беру пәндері – 2 кредит

1

Pci 0101

Психология

Кредит саны-2 (1+1+0), ECTS -3



Пререквизит- жоқ.

Постреквезит- «Философия», «Әлеуметтану».

Оқыту мақсаты: Студенттерде психологияда айналысатын негізгі мәселелер туралы жалпы түсінік қалыптастыру: адам психикасының феномені, есті және ессіздіктің қатынасы, психикалық үрдістердің заңдылықтары және механизмдері, қасиеттері және жағдайлары, тұлғалық және адами арақатынас мәселелері.

Қысқаша мазмұны: Психология пәні, міндеттері және әдістері. Психология объектілері және заты. Субъективті және объективті ақиқаттың қатынасы. Қазіргі кездегі психологияның құрылуы. Психология және басқа да ғылымдар. Қызметтік және танымдық үрдістер психологиясы.жеке тұлға психологиясы. Қабілеттілік. Темперамент. Мінез-қылық. Эмоциялар және сезімдер. Еркіндік.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Психология ғылымының жалпы негіздерін, оның пәнін, зерттеудің міндеттерін және әдістерін; адамның психикасын және қылығын түсіндіретін ұғымдардың ғылыми мазмұнын біледі.

Іскерлігі: Адам психологиясындағы ғылыми білімдерге негізделіп, психикалық ақиқатқа бағдарлай алады; тұлға құрылымын талдай алады, және де оның негізгі компонеттерін белгілей алады (бағыттылығы, мотивация, өзін-өзі бағалау және т.б.); өзі меңгерген білімін болашақта кәсіби қызметінде, әрі күнделікті өмірінде қолдана алады.

Дағдысы: Ғылыми әдебиеттерін теориялық талдау; арнайы әдебиеттермен, монографиялармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан.

Құзіреттілігі: Студенттер өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсетулері керек.

Бағдарлама жетекшісі: психология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Гизатуллина А.Г.

2

Cam 0102

Өзін-өзі тану

Кредит саны-2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны-3



Пререквизит-жоқ.

Постреквизит- жоқ.

Оқыту мақсаты: Тұлғаның және ортаның көпқырлы сапаларының мүмкіндіктерін, жеке және әлеуметтік өмірдің мәнінің потенциалын ашу.

Қысқаша мазмұны: Студенттік өмір қайталанбас сәт. Менің жан дүнием. Болашақ бүгінненн басталады. Тілдесу мәдениеті. Өзара түсіністік және достық. Казақстан – ортақ үйіміз. Қазіргі кездегі жалпы мәдениет. Табиған жанары. Шығармашылық ләззаты.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Адамның тұлғалық-психикалық спаттамаларын және өзін-өзі тану жолдарын, шығармашылық тұрғыдан өзін жетілдіруді біледі.

Іскерлігі: Кәсіби және тұлғалық ортада өзін жетілдіру әдістерін өздігінен таба алады.

Дағдысы: Өзін-өзі тану аясында алған білімін тәжірибеде қолдану дағдысы қалыптасады.

Құзіреттілігі: Коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеттіліктерді көрсетеді, оқуда, өмір және кәсіби жағдайларда адамгершілік тәртібін көрсететін тәжірибесін қалыптастырады.

Бағдарлама жетекшісі: психология кафедрасының оқытушысы, педагогика магистрі Сергеева К.С.

3

Kul 0103

Мәдениеттану

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS–3

Пререквизиттер – жоқ.

Постреквизиттер –жоқ.

Оқыту мақсаты: Негізгі мәдениеттік категорияларды, теорияларды, концепцияларды ашу. Мәдениеттік білімнің негізін құрау.

Қысқаша мазмұны: Мәдениеттанудың заты және әдістері, мәдениет маңызы және тұлғасы, мәдениет тілі, адам өмірі мәдениет сияқты. Бірінші быталық мәдениет, Ежелгі шығыс мәдениеті, Ежелгі Грек және Рим мәдениеті, ортағасырлық мәдениет, Қайта жаңғыру дәуірімен Реформация мәдениеті, жаңа дәуірдің европалық мәдениеті, ХХ ғасыр мәдениеті. Қазақ мәдениетінің шығуы, қазақтардың салт-дәстүр мәдениеті, қазіргі қазақстандық мәдениет, Қазақстанның Евразиялық мемлекет ретінде әлеуметмәдениеттік жетістіктері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Мәдениеттанудың негізгі категорияларын және түсініктерін біледі.

Іскерлігі: Өздігінен мәдениеттік өзгерістердің мәнісінің және мағынасының отандық және әлемдік қоғам ішінде талдай алады.

Дағдысы: Мәдениет және ұлт аралық қатынаста білімін іс жүзінде қолдана алады.

Құзіреттілігі: Негізгі және жалпы білімдік білімі бар, конфликтті жағдайларды өздігінен шеше алады. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін түсіне алады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы С.Кудратова.

4

DGYa 0104

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS – 3 кредит



Пререквизит – жоқ.

Постреквизит – жоқ.

Оқыту мақсаты: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы» (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасы» (2011), «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2011), т.б. да заңнамалық актілерді игеру мен жүзеге асыруға оқу – тәжірибелік негіз жасауды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі. Іс жүргізу технологиясы және құжат айналымын ұйымдастыру. Іс қағаздарының нақты түрлері. Құрылтай құжаттары. Ұйымдық құжаттар. Бұйрық-жарлық құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Еңбек қатынастарын құжаттау. Жеке құжаттар. Коммерциялық хат алмасу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Құжат, оның түрлері мен үлгілерін дұрыс толтыра біледі.

Іскерлігі: Маңызды нормативтік әдістемелік құжаттарды бірізге келтіру, стандарттау, рәсімдеу ерекшеліктері мен оларды қозғалысқа келтіру тәртібін игеру нәтижесінде құжаттама қызметінің құрылымын, міндеттерін, лауазымдық құрылымын іс қағаздарын толтыруда дұрыс жазуға икемділік қалыптасады.

Дағдысы: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып, игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзіреттілігі: Іс жүргізу қағаздарын атқарушы қызметкерге құжаттардың келіп түскенінен бастап, оның толық іске асуына дейінгі аралықтағы іс жүргізу жұмысының тәртібін орындаудың жолдарын үйренеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к. Секей Ж.

5

Val 0105

Салауаттану

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS кредиті - 3



Пререквизиттері – жоқ.

Постреквизиттері – жоқ.

Оқыту мақсаты: Денсаулық біртұтас құрылым, салауатты өмір салтының негіздері, ауырулардың алдын алу және нығайту жолдарын, салауатты өмір салтын қалыптастырудың үрдістерін зерделейді.

Қысқаша мазмұны: Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік медицина. Денсаулықтың бұзылуының әлеуметті-гигиеналық мәселелері Денсаулық және өмір салты. Медициналық көмектердің ұйымдастырылуының негізгі бағыттары. Медико-әлеуметтік патронажды ұйымдастыру. Физиология және патология репродукциясы. Валеологиялық қызметтерді ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Валеологияның теориялық және әдістемелік негіздері, денсаулық, оларды қалыптастыратын, нығайтатын және бұзатын факторлар туралы білімін жетілдіреді. Қоршаған орта және ағза дамуындағы заңдылықтарының тығыз байланысын анықтайды. Студенттердің физикалық және психикалық жетілу заңдылықтарын оқып зерттейді.

Іскерлігі: Жеке бас гигиена ережелерін білу, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалытастыру үрдістерін анықтай алады. Студенттердің еңбек және демалыс тәртібінің оптимизациясы және түзетілуі бойынша ұсыныстар әзірлейді, олардың денсаулығына санды және сапалы баға береді.

Дағдысы: Студенттер мен ата-аналарының салауатты өмір салты мотивациясын қалыптастыру, студенттер мен ата-аналарын дені саулыққа баулу дағдысын қалыптастырады.

Құзіреттілігі: Денсаулықты сақтау және нығайту тәсілдері, олардың сарқылмас жолдарын жасау, денсаулықты қайта қалпына келтіру, адам өміріне әсер ететін факторлар жөнінде білімін қалыптастырады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А. Нурсафина

6

MEOR

EAZES 0106



ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастар

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.



Пререквизит-31 кредит.

Постреквизит-мамандық бойынша профильді пәндер.

Оқыту мақсаты:«ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» теориялық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибелік мәнін зерттеу болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Еуразиялық экономикалық қауымдастық: мақсаттары,құрамы,құрылымы. ЕурАзЭҚ

шеңберіндегі еркін сауда режимі. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру.Ортақ экономикалық кеңістік ұғымы. Өзара келісілген экономикалық саясат жүргізу. Экономиканың нақты секторындағы өзара әрекет. Энергетикалық нарықты қалыптастыру және бірлесіп дамыту. Агроөнеркәсіптік сектордағы өзара әрекет. Қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық.ЕурАзЭқ және БҰҰ. ЕурАзЭҚ және Еуропалық одақ. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік кеден ұйымы. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік банк, Еуропалық даму және реконструкция банкі арасындағы қарым-қатынас. ЕурАзЭҚ және ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы.

ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық. ЕурАзЭҚ елдерінің ғылыми ұйымдарының өзара әрекеті. Интеграциялық мәселелерді ғылыми–теориялық негіздеу. Интеграция мәселелері бойынша кадрлар дайындау.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: еурАзЭҚ идеясымен, оның іске асу барысымен, оған мүше елдерін, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі әртүрлі салалар бойынша қарым-қатынас мәселелерінбіледі.«ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» негізгі теориялық тұжырымдамаларын және нормативті –құқықтық базасын біледі.

Іскерлігі: өз бетімен экономикалық ойлау мен талдау қабілетіне ие болады, экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін зерттеуге ұмтылады.

Дағдысы: халықаралық экономикалық қатынастар аясындаалған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыланады.

Құзіреттілігі: базалық және жалпы білімін, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану қабілеттілігін,халықаралық экономикалық қатынасты ұйымдастыру мен басқару мәселелерінде біліктілігін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Темиргалиева А.С.


7

Shak 0107

Шәкәрімтану

Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS – 2 кредит

Пререквизит – жоқ.

Постреквизит – жоқ.

Оқыту мақсаты: Шәкәрімтану пәні Абайдың ақын шәкірті, ойшыл, философ, композитор, тарихшы, шежіреші Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын таныту. Ақын мұрасының әлі ашылмай келе жатқан жаңа қырларын айқындай түсу. Шәкәрім шығармашылығындағы руханилылық мәселесіне ерекше зер салу. Қазақ әдебиетінің бас ақыны, ұлы тұлға Абаймен тамырластығы ой сабақтастығына назар аудару. Көптің бірі емес, бірегей ақынды танып қана қоймай, әлемдік деңгейде танытуға ынталандырып, талаптандыруды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы. Ақын шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырдағы әдеби процеспен үндестігі. Әдеби мұраларының тарихпен, әдебиетпен, руханиятпен байланысы.

Шәкәрім – ақын, философ. Ақынның қайраткерлігі. Шәкәрім туралы ой-пікірлер, көзқарастар. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі. Зерттеушілердің қозғаған басты тақырыптары, проблемалары. Ұлттық айшық, бейнелілік.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және көркем туындыларының мәтінімен танысып, олардағы көркемдік, эстетикалық, танымдық, әдеби-тарихи, т.б. да құндылықтарды біледі.

Іскерлігі: Шәкәрімнің дарыны мен нәр алған рухани өзегімен танысып, Шәкәрімтанудың тарихы, өзекті мәселелері мен салалары жайлы мағлұмат алады. Шәкәрімнің шығармашылық өмір жолын оқып білу арқылы зерттеушілік қабілеттері ашылады.

Дағдысы: Шәкәрімтанудың салаларын меңгеруге, әдебиет тарихындағы Шәкәрім мұраларының алар орнын жан-жақты оқып игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзіреттілігі: Шәкәрімнің Абай дәстүрін жалғастырудағы және өзіндік әдеби тағылым қалыптастырудағы кемеңгердің әдебиетте алар орнын танып біледі. Теориялық білімді практикамен ұштастыруға үйреніп, әдеби-зерттеу жұмысын меңгереді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к., доцент Ж.М.Әубәкір



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет