«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» акционерлік қОҒамы



бет9/9
Дата24.02.2016
өлшемі0.91 Mb.
#16224
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Валюталық тәуекелді басқару
Топ шетел валюта сомасымен іске асыру және сатып алу жөніндегі кейбір операцияларды жүргізеді. Осыған байланысты валюта бағамындағы өзгерістердің тәуекелі туындайды. Топтың сондай-ақ шетел валютасында ірілендірілген активтері мен міндеттемелері бар. Сондықтан, Топ валюта бағамындағы тәуекелді азайтады.
Топтың 2008 және 2007 жылдардағы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша валютадағы Топтың ақшалай активтері мен ақшалай міндеттемелерінің теңгерімдік құны былайша жасалды:





Активтер

Міндеттемелер




2008

2007

2008

2007




мың теңге

мың теңге

мың теңге

мың теңге

АҚШ доллары

1,974,574

1,912,442

28,078,492

30,785,152

Евро

985

1,013

874

774,193

Фунт стерлингі

-

-

-

195,487

Ресей рублі

823

93

-

588

















Шетел валютасына қатысты сезімталдықты талдау
Топ АҚШ доллары бағамының өзгеруіне байланысты негізінен тәуекелге ұшырайды. Топтың сондай-ақ АҚШ доллары мен еврода ірілендіріліп берілген авансы бар, ол АҚШ доллары мен Евро бағамының өзгеруіне байланысты айтарлықтай тәуекелге Топты ұшыратпайды.
Келесі кестеде тиісті шетел валютасына қатысты теңгенің құнын 5٪ арттыруға және төмендетуге Топтың сезімталдығы көрсетіледі. 5٪ - негізгі басшылық үшін валюталық тәуекел бойынша ішкі есептемені жасау кезінде пайдаланылатын сезімталдықтың үлесі және басшының валютаның бағамдарында болуы мүмкін өзгеріске берген бағасын көрсетеді. Сезімталдықты талдауға шетел валютасындағы реттелмеген ақша ұстанымы ғана емес, және олардың сол кезеңнің соңында валюталарды айырбастау бағамдарындағы өзгерістің 5٪ есепке ала отырып жасалған түзетілім де кіреді. Сезімталдықты талдауға а) сыртқы заемдар және кредиторлық берешек, сондай-ақ б) Топтың дебиторлық берешегі, заем немесе кредиторлық/дебиторлық берешегі валютамен болса, кредитордың немесе дебитордың валютасынан өзгеше болса, кіреді. Төменде келтірілген кестеде тиісті валютаға қатысты 5 пайызға теңге артқан кезде қаржылық активтер мен міндеттемелердің өзгеруі көрсетілген. Оңды сан есептік кезеңдегі пайданың өсуін, ал теріс сан - пайданың азаюын көрсетеді. Тиісті валютаға қатысты теңгенің 5 пайызға құнсыздануы пайдаға тең және қарама-қарсы әсерде болғандығын көрсетеді.


АҚШ долларының әсер етуі

Евроның әсер етуі

2008

2007

2008

2007

Қаржылық активтер

(74,458)

(120,299)

(49)

(40)

Қаржылық міндеттемелер

1,956,942

1,515,705

43, 712

30,618

Бұл негізінен ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттері бойынша тәуекелге, сондай-ақ 2008 және 2007 жылдардағы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша АҚШ доллары мен Евродағы Топтың кредиторлық берешегіне жатады.


Топтың шетел валютасына деген сезімталдығы ағымдағы жылдың ішінде, негізінен АҚШ долларындағы заемдарды қосымша игеруге байланысты ұлғая түсті, бұл 2008 жылдың 31 желтоқсанында АҚШ долларындағы заем қалдығының өсуіне әкеп соқты.
Пайыздық мөлшерлемелердің тәуекелін басқару
Топ пайыздық мөлшерлеменің тәуекеліне ұшырау ықтималы бар, өйткені Топ қарыз қаражаттарын тартады. Тәуекелді Топ қарыз қаражаттарын құбылмалы ретінде, сол сияқты тіркелген пайыздық мөлшерлеме ретінде қарыздарды тарту жолымен басқарады. Топ осы тәуекелді айтарлықтай шама деп қарайды.
Топтың қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеру тәуекеліне ұшырауы осы Ескертудегі өтімді тәуекелді басқару жөніндегі бөлімде көрсетілген.
Пайыздық мөлшерлемелергеа қатысты сезімталдықты талдау
Төменде ұсынылып отырған сезімталдықты талдау есеп берілетін күнге туынды емес құралдар бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекеліне ұшырауына қатысты жасалған болатын. Құбылмалы мөлшерлемелермен бірге міндеттемелер бойынша талдау есеп берілетін күнге жыл бойы төленбей қалып қалған өтелмеген міндеттемелердің сомасына сүйене отырып жасалды. Ішкі есептемені жасауда басшылық міндеттемелер бойынша құбылмалы пайыздық мөлшерлемелердің 100 базистік тармақтарда көбейеді немесе азайады деген болжамды пайдаланады және ол басшының пайыздық мөлшерлемелерде болуы мүмкін өзгерістерге берген бағасын білдіреді.
Егер міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер 100 базистік тармақтар бойынша көбейсе/ азайса және барлық басқа өзгерістер тұрақты болып тұрса, онда Топтың пайдасы 2008 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл ішінде 62, 490 мың теңгеге (2007: 50, 116 мың теңгеге азаю/өсу) азайған/көбейген болар еді. Бұл негізінен Топтың құбылмалы пайыздық мөлшерлемелермен бірге қарыз қаражаты бойынша пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеру тәуекеліне Топтың ұшырауы жатады.
Топтың пайыздық мөлшерлемеге деген сезімталдығы ағымдағы кезең ішінде негізінен 2008 жылдың 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша 2007 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда заемдардың көбеюіне байланысты ұлғая түсті.
Басқа бағалар тәуекелі
Топ үлестік инвестицияларға байланысты баға тәуекелдеріне ұшырайды. Үлестік инвестициялар сауда-саттық мақсаттарына емес, стратегиялық мақсаттарға құрылады. Топ осы инвестициялармен белсене түрде саудаласа алмайды.
Кредиттік тәуекелді басқару
Кредиттік тәуекел егер контрагент өздерінің келісім-шарттық міндеттемелерін орындамаса, ол Топты қаржылық шығындарға әкеліп соқтырса, онда ол тәуекелмен байланысты болады. Топ кредиттік қабілеті бар контрагенттермен ғана және міндеттемелерді орындамаудың салдарынан қаржылық шығынның тәуекелін азайту құралы ретінде әрі ыңғайлы болатын толық қамтамасыз ету жөніндегі істі жүргізу саясатын қабылдады. Топтың ұшырағыштығы және оның контрагенттерінің кредиттік қабілеттілігі үнемі бақыланады.

Кредиттік тәуекел, ең алдымен, дебиторлық берешекпен және басқа ағымдағы активтермен (10 және 12-ескертулерді қараңыз) байланысты. Топтың күдікті берешектер бойынша құрған резервтері бойынша контрагенттерін қоспағанда, Топ қандай да болмасын контрагенттерінің өз міндеттемелерін өтей алмайтын жағдайын күтіп отырмайды.


Өтімділік туәекелін басқару
Өтімділік тәуекелін басқарудағы нақтылы жауапкершілік Топ акционеріне жүктеледі, ол өтімділікті және қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландыруды басқару талаптары бойынша Топтың басшылығы үшін өтімділікті басқарудың қажетті жүйесін құрды. Топ өтімділік тәуекелін барабар резервтерді, банктік заемдар мен қол жетімді кредиттік желілерді қолдау жолымен, ақшалардың болжамды және нақтылы қозғалысының және қаржылық активтер мен міндеттемелер бойынша өтеу мерзімдерін салыстырудың тұрақты мониторингісін жүргізу жолымен басқарады.
Өтімділік тәуекелі мен пайыздық мөлшерлеме тәуекелі бойынша кестелер
Келесі кестелерде Топтың туынды емес қаржылық активтері мен міндеттемелері бойынша келісім-шарттық мерзімдері көрсетіледі. Кесте ең алғашқы күнгі қаржылық активтер мен міндеттемелер бойынша ақша ағындарының дисконттық емес қозғалысы негізінде жасалған болатын а) Топтөлемді алу күтеді және б) Топтан ақы төлеуді талап етеді. Кестеге ақша ағыны пайыздар бойынша, сол сияқты борыштың негізгі сомасы ретінде кіреді.


2008

Орташа өлшенген тиімді пайыздық мөлшерлеме

1 жылға дейін

1-5 жыл

5 жылдан астам

Қорытынды

Қаржылық активтер
















Қызметкерлерге берілген заемдар (8-ескертуді қараңыз)

10,86٪

8,804

44,023

35,219

88,046

Сауда дебиторлық берешек (10-ескертуді қараңыз)

-

8-911,183

-

-

911,183

Басқа дебиторлық берешек (12-ескертуді қараңыз)

-

38,964

-

-

38,964


Қаржылық міндеттемелер


Заемдар құбылмалы пайыздық мөлшерлемесімен (16-ескертуді қараңыз)


5,18٪

3,997,212

17,966,445

13,861,074

35,824,731

Заемдар тіркелген пайыздық мөлшерлемесімен (16-ескертуді қараңыз)


7,93٪

9,82٪

551,630

3,134,952


4,615,193


8,301,775



Сауда кредиторлық берешек (17-ескертуді қараңыз)

-

4,295,618

-

-

4,295,618



Басқа кредиторлық берешек және есептелген міндеттемелер (19-ескертуді қараңыз)

-


652,648


-


-


652,648




2007

Орташа өлшенген тиімді пайыздық мөлшерлеме

1 жылға дейін

1-5 жыл

5 жылдан астам

Қорытынды

Қаржылық активтер
















Қызметкерлерге берілген заемдар (8-ескертуді қараңыз)

8,33٪

1,751

7,005

8,756

17,512


Сауда дебиторлық берешек (10-ескертуді қараңыз)

-

544,879

-

-

544,879


Басқа дебиторлық берешек (12-ескертуді қараңыз)

-

24,171

-

-

24,171




Қаржылық міндеттемелер


Заемдар құбылмалы пайыздық мөлшерлемесімен (16-ескертуді қараңыз)


7,93٪



2,498,883

16,753,313

8,319,035

27,571,231

Заемдар тіркелген пайыздық мөлшерлемесімен (16-ескертуді қараңыз)


7,93٪

9,82٪

250,939

4,583,902


1,921,352


6,756,193



Сауда кредиторлық берешек (17-ескертуді қараңыз)

-

3,596,011

-

-

3,596,011



Басқа кредиторлық берешек және есептелген міндеттемелер (19-ескертуді қараңыз)

-


652,016


-


-


652,016



Топтың қаржылық қаражаттарға рұқсаты бар, жалпы пайдаланылмаған сома 2008 жылдың 31 желтоқсанында 24,621,867 мың теңгені (2007 жылдың 31 желтоқсанында: 23,161,765 мың теңге) құрады. Топ басқа барлық міндеттемелерді өтелетін мерзім келген кезде операциялық қызметтен түскен ақшалай ағындар мен қаржылық активтерден түскен түсімдер есебінен өтеуді жорамалдайды. Топ қарыздың каптиалға қатынасы 40-50٪ деңгейінде сақталады деп күтеді.


Қаржы құралдарының әділ құны
Басшылық қаржылық есептемедегі амортизацияланған құн бойынша есепке алынған қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің теңгерімдік құны олардың әділ құнына тең келеді деп есептейді.
2008 2007




Теңгерімдік құны

Әділ құны

Теңгерімдік құны

Әділ құны


Қаржылық активтер

Басқа ұзақ мерзімді активтер (8-ескертуді қараңыз)


88,046

88,046

17,512

17,512





Қаржылық міндеттемелер

Басқа ұзақ мерзімді заемдар (16-ескертуді қараңыз)


43,471,513


43,471,513


34,136,676


34,136,676



2008 және 2007 жылдардағы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша барлық басқа қаржылық активтер мен қаржылық активтердің теңгерімдік құны шамамен олардың әділ құнына тең келеді.



30. ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Операциялық орта
Топтың негізгі экономикалық қызметі Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы экономикалық жағдайға әсерін тигізетін заңнамалар мен нормативтік құжаттар жиі өзгертулерге ұшырайды, соған байланысты Топтың осы активтері мен операциялары саяси және экономикалық жағдай төмендеген жағдайда тәуекелге ұшырауы мүмкін.
Топтың қызметі «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі, өйткені ол электр энергиясын жеткізу және техникалық диспетчерлеу саласындағы монополист болып табылады. Заңға сәйкес Топтың электр энергиясын жеткізу және техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтеріне арналған тарифы Агенттіктің келісуіне және бекітуіне жатады. Топ Агенттіктің барлық талаптарын сақтап келеді деп есептейді.
Салық салу
Қазақстан Республикасының Үкіметі нарықтық экономикаға өту үдерісінде іскерлік және коммерциялық инфрақұрылым реформасын жалғастырып келеді. Компаниялардың қызметін реттейтін заңдар мен ережелердің нәтижесінде жағдай тез өзгеруде. Бұл өзгерістер қанағаттанғысыз баяндаулармен, әр түрлі түсіндірулерімен және өкімет органдарының еркі бойынша қолданумен сипатталады.
Соның ішінде салықтарды бірнеше органдар тексереді, заң бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша жазаға тартады. Дегенмен, Топ салық заңнамасын егжей-тегжейлі түсіне отырып, барлық салықтық міндеттемелерді барынша орындап келеді, жоғарыда көрсетілген фактілер Топ үшін салықтық тәуекелдермен байланысты болуы мүмкін.
Кредиттік келісімдердің талаптары
Топ Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен («ЕҚДБ»), Халықаралық Қайта құру және Даму Банкімен («ХҚДБ») және Қазақстан Даму Банкімен («ҚДБ») жасалған келісімдердің барлық талаптарын сақтауға міндетті. Топ 2008 жылдың 31 желтоқсанымен аяқталған кезеңде және осы күнгі жай-күй бойынша ЕҚДБ, ХҚДБ және ҚДБ жасалған кредиттік келісімдердің барлық талаптарын сақтады деп есептейді.
Әлемдік және қазақстандық нарықтардың құбылмалығы
Соңғы айлары әлемнің ең ірі экономикасының нарық капиталы мен кредиттік нарықтары айтарлықтай құбылмалы болуымен сипатталады. Бірқатар ең ірі ғаламдық қаржы мекемелері өздерін банкрот етіп жариялады, басқа қаржылық мекемелерге сатылды және/немесе мемлекеттен қаржылай көмек алды. Жағдайды тұрақтандыру үшін қазақстандық үкіметтің қабылдаған шараларына қарамастан әлемдік және қазақстандық капитал нарықтарының тұрақсыздығы салдарынан осы шоғырландырылған қаржылық есептеме бекітілген күнге Топ үшін, сол сияқты оның контрагенттері үшін кредиттеудің қол жетімділігі мен оның құнына қатысты экономикалық көмескі жағдай орын алған. Экономикалық көмескі жағдай таяу уақытта сақталатын болады. Осыған байланысты Топтың активтерінің орнын толтыру құнына байланысты тәуекел орын алады және олардың теңгерімдік құнынан төмен болады, бұл Топтың пайда табуына айтарлықтай әсерін тигізеді.
Негізгі қаражаттар
1992 жылғы 9 қазанда қол жеткізілген келісім бойынша ТМД елдері басқа мемлекеттерде орналасқан тиісті елдердің кәсіпорындарына мүліктің меншіктік құқығын беру жөніндегі өздерінің міндеттемелерін мойындады. KEGOC өзінің негізгі қаражаттарын Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасын қоса алғанда, басқа елдерде орналасқан электр жеткізу желілеріне салды. Топ пен “ФСК ЕАС» ОАО, Ресей Федерациясы арасындағы 2005 жылғы 26 қаңтардағы келісімге сәйкес Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы бойынша халықаралық электр жеткізу желілерін шектеу туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ Топ пен «Қырғызстан ҰЭТ» ААҚ, Қырғыз Республикасы арасындағы келісімге сәйкес 2008 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасы бойынша халықаралық электр жеткізу желісін шектеу туралы келісімге қол жеткізілді. Осы шоғырландырылған қаржылық есептеме жасалған күнге Топтың теңгеріміндегі активтерді Өзбекстан Республикасын беру жөніндегі нақтылы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған жоқ. Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемесінде осы активтерді беру мүмкіндігіне байланысты қандай да болмасын шығыстарды жабу үшін резерв құрылған жоқ, сондықтан Топ осы мәселе Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемесіне айтарлықтай әсерін тигізе қоймайды деп есептейді.
Табысталатын жабдықтар объектілерінің сақталуы
Топ энергетикалық жабдықтардың ұрлануы мен шығын келтірілген фактілерімен үнемі бетпе-бет келіп жатады.Ұрлануға қарсы күрес жөніндегі әзірленген бағдарламаға қарамастан Топ энергетикалық желілердің осалдығынан осы объектілердің толығымен сақталуына кепілдік бере алмайды. Соның салдарынан Топ жыл сайын электр жеткізу желілерінің жекелеген учаскелерін жөндеу және ауыстыру жөніндегі шығыстарды көтереді. Топ толық көлемде шығындарға баға беруді жүргізген жоқ және шоғырландыпылған қаржылық есептемеде тиісті резерті құрған жоқ, өйткені осы мәселе Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемесіне айтарлықтай әсерін тигізе қоймайды деп есептейді.
Сақтандыру
2008 және 2007 жылдардағы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Топ теңгерімдік құны тиісінше 18,144,406 мың теңге және 14,333,385 мың теңге сомасындағы өндірістік активтерді сақтандырды. Топ қалған өндірістік активтерге сақтандыру жүргізбеді. Сондықтан сақтандырудың болмауы активтер құнының төмендеуін немесе міндеттемелердің туындауын болдырмайды, шоғырландырылған қаржылық есептемеде осындай активтердің бүлінуіне немесе жоғалуына байланысты күтпеген шығыстарға арналған ешқандай резерв құрылмаған.
Авариялық қор
Топ магистралды электр жеткізу желілері бойынша электр энергиясын үзіліссіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін авариялық қордың қажетті қорын ұстауы тиіс. Авариялық қорға авариялық жағдайлар туындаған жағдайларда дереу пайдаланылуы мүмкін қосалқы бөлшектер, жабдықтар мен материалдар кіреді. Авариялық қордың мөлшері өндірістік-техникалық талаптарға (5 және 9-ескертуді қараңыз) сәйкес белгіленеді. Топтың басшысы авариялық қор 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жай-күй бойынша толық жеткілікті көлемде құрылды деп есептейді.
Келісім-шарттық міндеттемелер
Ұлттық электр торабы жабдықтарының бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Топ капиталдық инвестициялар жоспарын әзірледі. 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жай-күйі бойынша Топтың осы жоспар шеңберінде жасаған ашық келісім-шарттары бойынша міндеттемелерінің сомасы 21,721,202 мың теңгені (2007ж. 31 желтоқсан: 35,996,498 мың теңге) құрады.
Бірлесіп қаржыландыру
«Ұлттық электр торабын жаңғырту» жобасы бойынша ЕҚДБ және ХҚДБ жасалған кредиттік келісімдерге сәйкес Топтың бірлесіп қаржыландыру жөніндегі міндеттемесі 185,411,887 АҚШ долларын құрайды. 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жай-күй бойынша Топ осы жобаға 177,327,397 АҚШ доллары сомасында (2007ж.31желтоқсанда:157,651,886 АҚШ доллары) қаржыландыруды жүзеге асырды. Топтың нақтылы қаржыландыруына қарамастан, 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жай-күйі бойынша оның жоспарлаған міндеттемелері аз болды. Топтың осыған байланысты ХҚДБ және ЕҚДБ тарапынан алған қарсылықтары жоқ. Тиісінше, Топ басшысы 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы бірлесіп қаржыландырудың жоспарланған деңгейден төмен болуы Топтың шоғырландырылған қаржы есептемесіне айтарлықтай әсерін тигізбейді деп есептейді.
«Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісінің құрылысы» жобасы бойынша ЕҚДБ, ХҚДБ және ҚДБ жасалған кредиттік келісімдерге сәйкес Топтың бірлесіп қаржыландыру жөніндегі міндеттемесі 89,585,938 АҚШ долларын құрайды. 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жай-күйі бойынша Топ осы жобаға 82,301,289 АҚШ доллары сомасында (2007ж.31 желтоқсанда: 53,661,139 АҚШ доллары) қаржыландыруды жүзеге асырды. Топтың нақтылы қаржыландыруына қарамастан, 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жай-күй бойынша оның жоспарлаған міндеттемелері аз болды. Топтың осыған байланысты ХҚДБ, ЕҚДБ және ҚДБ тарапынан алған қарсылықтары жоқ. Тиісінше, Топ басшысы 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы бірлесіп қаржыландырудың жоспарланған деңгейден төмен болуы Топтың шоғырландырылған қаржы есептемесіне айтарлықтай әсерін тигізбейді деп есептейді.
ЕСЕПТІ КҮННЕН КЕЙІНГІ ОҚИҒАЛАР
2009 жылғы 4 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – «Ұлттық Банкі») 1 АҚШ долларына 117-125 теңге болған теңгенің алмастыру бағамын ұстаудан кетті, бұл теңгенің 25٪-ға құнсыздануына (жаңа алмастыру бағамы 1 АҚШ долларына 145-155 теңге) әкеп соқты. Ұлттық Банктің осы әрекеті алтын валюталық резервтің ағымдағы деңгейін ұстау, отандық өндірушілердің бесекеге қабілеттілігін қолдау, сондай-ақ Ұлттық Банктің валюталық саясатына деген ұстанымын қайта қарау қажеттілігіне байланысты болды.
32. ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕНІ БЕКІТУ
Осы шоғырландырылған қаржылық есептемені Топ басшысы қолдады және 2009 жылғы 27 наурызда шығару үшін бекітілді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет