19. Сүзгі.
Электроникадағы сүзгі - бұл электрлік сигнал спектрінің қажетті компоненттерін бөлуге және/немесе қажетсіздерді басуға арналған құрылғы.
Сүзгі түрлері
Сигналдарды өңдеуде қолданылатын сүзгілер:
Тасымалдау функциясының реті (теңдеу дәрежесі) бойынша бірінші, екінші және жоғары ретті сүзгілер ажыратылады. Басу жолағындағы 1-ші ретті сүзгінің құлдилығы декадаға 20 дБ, 2-ші ретті фильтр декадаға 40 дБ және т.б.Қандай жиіліктер сүзгіден өтетініне (бөгеуіне) сәйкес сүзгілер бөлінеді:
төменгі жиіліктер сүзгілер (ТЖС)
жоғары жиіліктер сүзгілер (ЖЖС)
жолақтық өткізгіш сүзгілері (ЖӨС)
жолақ-бөгеуші (режекторлық) сүзгілері (ЖБС)
фазалық сүзгілер
|