Элементы новых технологий на уроках математики. Практикум по решению заданий ент



Дата29.02.2016
өлшемі103.44 Kb.
#33684
түріСеминар
Директорам школ! 02.05.2012

4 мая 2012 года на базе ССШ №11 для молодых учителей- математиков проводится семинар-практикум на тему



«Элементы новых технологий на уроках математики.

Практикум по решению заданий ЕНТ»

Явка молодых учителей-математиков обязательна.

Регистрация 8.30 ч.-9.00 ч.

Начало 9.00 ч.

Методист Ескалиева Г.Т.
02.05.12 Мектеп директорларына!

Қалалық білім бөлімінің және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, АӘД пәнінің және әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысының 2011-2012 жылғы жоспарына сәйкес, облыстық «Жас Жауынгер-2012» және «Жас Ұлан-2012» әскери-спорттық жарыстарының ережесі ұсынылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ 20 ЖЫЛ, ҰОС ЖЕҢІСКЕ 67 ЖЫЛ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН

«ЖАС ЖАУЫНГЕР-2012» ӘСКЕРИ-ҚОЛДАНБАЛЫ СПОРТ ЖАРЫСЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ
ЖАРЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ:

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына және ҰОС Жеңістің 67 жылдығына арналған «қала мектептерінің оқушыларының әскери-патриоттық тәрбие беру деңгейін көтеру туралы» № 933 26.12.2011 жылғы бұйрығына байланысты, жарыстың 1-ші кезеңінен жеңіп шыққан мектеп топтары қатыстырылады. Жарыс 8- мамыр күні, сағат 10.00-14.00 аралығында № 51 гимназиясының территориясында өткізіледі.


ЖАРЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:

-өскелең ұрпақты отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу;

-жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру;

-салауатты өмір салтын насихаттау;

-Отан қорғаушы мамандығының мәртебесін арттыру.
ЖАРЫСТЫҢ МІНДЕТІ:

2012 жылы Ақтөбе қаласы мектептері арасындағы «Жас Жауынгер» әскери-спорттық сайыстарының үздік командасын анықтау және Республикалық «Отан қорғаушы» әскери-спорттық жарысына жіберу



ЕРЕЖЕ


Облыс мектептерінің арасында өткізілетін «Жас жауынгерлер-2012» әскери-қолданбалы спорт сайысының өткізілу ережесі

2. Өткізілетін уақыты және орыны

Финалдық сайыс- 2012 жылы 8- мамыры күні, сағат 10.00-14.00 аралығында № 51 гимназиясының территориясында өткізіледі.

Сайысқа 1-ші кезеңнен жеңімпаз атанған -№ 11 АОМ, № 24 ЛМГ, № 51 Г, Благодарный ОМ, № 17 ОМГ, № 30 ОМ, № 42 ОМ топтары жіберіледі.
3. Қатыстырылатын топтар және өткізілу тәртібі

Топ мүшелері 7 оқушыдан тұрады. Сайысқа қатысушы оқушыларды тууы туралы куәлігі және оқу орынынан анықтамасы болуы қажет. Сұраныста көрсетілмеген оқушы сайысқа жіберілген жағдайда, сайыстың барлық түрлерінен мектеп тобына ұпай есептелмейді. Топ мүшелері сайыстың барлық түрінде толық қатысуы қажет. Егер топ мүшесі жарақат алып сайысты жалғастыра алмайтын болса (дәрігердің тексеру нәтижесі бойынша), онда топ мүшесін алмастыруға рұқсат етіледі.



1. ӘСКЕРИ-САПТЫҚ ӨЛЕҢ БАЙҚАУЫ. Сайысқа қатысушы топ мүшелері, бірдей әскери киімде болуы шарт.

2. ҰЗЫНДЫҚҚА СЕКІРУ. Топтың барлық оқушылары орнынан ұзындыққа секіреді. Барлығының ұзындыққа секірген қашықтығы қосылып есептеледі.

3. БЕЛТЕМІРГЕ ТАРТЫЛУ. Әр топтан 2 (екі) оқушы белтемірге тартылу арқылы жарысқа түседі. Екеуінің ұпайы қосылып есептеледі. Ескерту: Белтемірге серпіліп тартылуға және қолын бір реттен артық алмастыруға рұқсат етілмейді.

4. ГІР ТАСЫН КӨТЕРУ САЙЫСЫ. Әр топтан 1 (бір) оқушы қатыстырылады. Ескерту: Гір тасын жұлқып көтеруге тиым салынады.

5. АРҚАН ТАРТУ САЙЫСЫ. Арқан тарту сайысы жеребе салу арқылы, екі топқа бөліну арқылы жүргізіледі.

6. ПНЕВМАТИКАЛЫҚ МЫЛТЫҚТАН НЫСАНА КӨЗДЕП АТУ САЙЫСЫ. Әр топтан 2 (екі) оқушы 5 (бес) оқпен пневматикалық мылтықтан атыс жүргізеді.

7. 100 (ЖҮЗ) МЕТРГЕ ЖҮГІРУ САЙЫСЫ. Команданың барлық 7 (жеті) оқушысы қатысады. Уақыт соңғы адаммен есептеледі.

Сайыстың барлық түрінде 1 орын алған топ-1 ұпай алады, 2 орынға-2 ұпай, 3 орынға-3 ұпай т.б. Ең аз ұпай санын жинаған топ жеңімпаз атанады.

Егер екі немесе бірнеше топты ұпай саны бірдей болса, онда «саптық даярлық байқауында» жоғарғы көрсеткішке жеткен топ жеңілдікке ие болады

4. Сайысты басқару

Сайысты ұйымдастыру Батыс аймақтық гарнизонынының әскери прокуратурасына және өткізуге басшылықты облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімі жетекшілікке алады. Финалдық сайысты өткізілуіне жауапкершілік бас төрешілер коллегиясына жүктеледі.


5. Марапаттау.

1-2-3 орын алған мектеп топтары Батыс аймақтық гарнизонынының әскери прокуратурасының мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.



ЖАРЫСҚА АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДА ЖАРЫҚ БЕРУ:

Жарыстың өткізілуі мен ұйымдастырылуы туралы хабар тарату үшін облыстық дәрежедегі «РИКА» телекомпаниясы, Ақтөбе газетінің тілшілері шақырылады.


ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ, ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР:

«Жас жауынгер-2012» әскери-спорттық сайысына қатысуға Ақтөбе облысының әскери-патриоттық клубтарының арасында өткізілген сайыстың 1-ші кезеңінен жеңіп шыққан мектеп топтары жіберіледі.

Жарысқа оқушылардың спорттың әскери-қолданбалы түрінен денсаулығы бойынша жарамды оқушылары қатыстырылады.

Жарыста қатысушының ауысуына, егер ол жарақат алған жағдайда болмаса, тыйым салынады. Ауысу жарыстың бас төрешісінің шешімі, Жарыстың бас дәрігерінің келісімі бойынша жасалынады.

- «Жас жауынгер-2012» әскери-спорттық ойынға қатысушылар саны –7 оқушы ер бала жоғарғы класс оқушылары қатысады.

- «Жас жауынгер-2012» сайысына қатысушы топтардың киім нысаны (әскери формасы) болуы қажет және атауы болуы міндетті.

Жеңімпаз-команда жарыстың бағдарламасының барлық түрінен көрсеткен нәтижесі бойынша анықталады.

ЖАРЫСТЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ:

Жарыстың ұйымдастырылуы және жалпы басшылығы Жарыстың Ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

Жарыстың тікелей өткізілуі жарыстың жетекшісіне және Бас төреші алқасына жүктеледі.

Жарысқа қазылық міндетін жүргізу үшін; Қалалық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық пәнінің әдіскері капитан С.Сраж, Ақтөбе облыстық әскери-спорттық клубтарының төрағасы А.Ботағарин, № 36 ОМ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы лейтенант М.Қожахметов, № 22 ОМ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы капитан А.Смирнов, Георгиевская ОМ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы А.Софронкин шақырылады.

Ұйымдастыру комитетінің Төрағасы, жарыстың жетекшісі және төрешілер алқасының құрамы білім және әскери басқару органдарының біріккен шешімімен анықталады.
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР:


  1. Жарысқа қатысушылар міндетті:

жарыстың бағдарламасын білу;

жарыстың өткізілу ережесін сақтау;

жарысқа өз уақытында келу;

хатшының шақыруы бойынша сап түзеу алаңына жылдам шығу;

мүмкін емес жағдайда жарысқа қатысуды жалғастыру, техникалық себептер бойынша төрешіге ақауды жою үшін (минутқа жеткізбей) уақыт беру өтінішімен жүгіну.


  1. Жарысқа қатысушыларға тыйым салынады:

төрешілер жұмысына араласуға, олардың іс-әрекетіне және шешімдеріне ренішін көпшілік алдында айтуға;

жарыстың жалғасуынан негізсіз бас тартуға;

Жарыс орнын жарыс жетекшісінің тиісті шешімінсіз тастап кетуге.


  1. Қатысушылар (команда); тиісті білім мекемесіне хабардар ету арқылы мына жағдайларда біліктіліктен айырыла алады:

жарыстың кез-келген қатысушысын дене немесе моральды қорлау;

жарыс ұйымдастырушыларының талаптарына бағынбау.


ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ КЕРЕК-ЖАРАҒЫ:

Команданың әр мүшесінде болу керек:

әскери нысандағы киім және бас киім;

әскери белдік;

жеке медициналық дәрі қобдишасы;

ЖАРЫСТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ:

жарыстың техникалық қамтамасыз етілуі; № 6655 ішкі әскер бөлімінің музыкалық аспаптарымен және тікелей жетекшісі жүргізеді..


МАРАПАТТАУ:

Бағдарламаның әр түрінен және жалпы сынақта орын алған командалар Ақтөбе аймақтық гарнизонының әскери прокуратурасының, Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Ақтөбе облыстық білім басқармасының, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 20 ЖЫЛ, ҰОС ЖЕҢІСТІҢ 67 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН

«ЖАС ҰЛАН-2012» ӘСКЕРИ-ҚОЛДАНБАЛЫ СПОРТ ЖАРЫСЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ
ЖАРЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ:

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына және ҰОС Жеңістің 67 жылдығына арналған «қала мектептерінің оқушыларының әскери-патриоттық тәрбие беру деңгейін көтеру туралы» № 716 25.10.2011 жылғы бұйрығына байланысты, жарыстың 1-ші кезеңінен жеңіп шыққан мектеп топтары қатыстырылады. Жарыстың басталу уақыты, 22- мамыр сағат 10.00-14.00 аралығында, № 35 ОМ базасы.


ЖАРЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:

-өскелең ұрпақты отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу;

-жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру;

-салауатты өмір салтын насихаттау;

-Отан қорғаушы мамандығының атағын шығару.
ЖАРЫСТЫҢ МІНДЕТІ:

2012 жылы Ақтөбе облысы мектептерінің әскери-патриоттық клубтарының арасындағы үздік команданы анықтау


ЖАРЫСТЫҢ ЕРЕЖЕСІ:

Спорттың әскери-қолданбалы түрі бойынша командалық жарысы:



1) - Жасақты қатарға тұрғызу (екі қатарлы сапқа)

- Командирдің мәліметі (жасақтың сайысқа дайындығы туралы мәліметі )

- Жасақтың, бас төрешімен амандасуы, жауап қайтаруы

- Жасақты тарқатып, қайта 1 (бір) қатарға тұрғызу

- Бір қатарлы саптан, екі қатарлы сапқа тұрғызу және

керісінше

- Орнында тұрғандағы бұрылыстар: «оң-ҒА!», «сол-ҒА!»,

«артқа-БҰРЫЛ!» (әр бұрылыстар 3-4 рет қайталануы тиіс)

- Саптық жүріс. Саптық жүрісте әскери сәлемдесу

- Жорықтық саппен ән айту (әскери-патриоттық әндер толық айтылуы міндетті)



2) - Орнында тұрып, ұзындыққа секіру (он оқушы). Ұпай он оқушының есебімен алынады.

3) - Биік кермеде (белтемірде) тартылу. Екі ер бала. Ескерту: Биік кермеге серпіліп тартылуға тиым салынады.

4) - Арқан тарту. Олимпиада тәсілі бойынша жүргізіледі. (жеті оқушы)

6) – Жүгіру (Эстафета) (5 оқушы әр клуб тобынан, 3 ер- 2 қыз бала). Уақыт соңғы оқушымен есептеледі.

7) - Допты торға тастау (айып алаңынан). Барлық оқушы қатыстырылады. Әр оқушыға екі мүмкіндік беріледі. Ұпай топтың торға түсірген доп мөлшерімен есептеледі.

8) - Капитандар жарысы (сұрақтарға жауап беру, билетпен). Топ капитанына Халықаралық гуманитарлық құқық негіздеріне, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және Ұлы Жеңіске байланысты 5 сұрақ беріледі.
ЖАРЫСҚА АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДА ЖАРЫҚ БЕРУ:

Жарыстың өткізілуі мен ұйымдастырылуы туралы хабар тарату үшін облыстық дәрежедегі «РИКА» телекомпаниясы, Ақтөбе газетінің тілшілері шақырылады.


ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ, ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР:

Жарысқа «Жас Ұлан» әскери-спорттық жарысының 1-2- кезеңінің жеңімпаздары № 35 ОМ, № 24 ЛМГ, № 50 ОМ, № 23 ОМЛ, № 32 ОМГ, № 6 ОМ командалары қатыстырылады.

Жарысқа оқушылардың спорттың әскери-қолданбалы түрінен денсаулығы бойынша жарамды оқушылары қатыстырылады.

Жарыста қатысушының ауысуына, егер ол жарақат алған жағдайда болмаса, тыйым салынады. Ауысу жарыстың бас төрешісінің шешімі, Жарыстың бас дәрігерінің келісімі бойынша жасалынады.

- «Жас ұлан» әскери-спорттық ойынға қатысушылар саны –15 оқушы. (10 ер бала және 5 қыз бала) 1998-1999 жылы туған оқушылар қатысады. Тапсырыспен қоса әр оқушының жеке іс қағазы (негізгі түпнұсқасы) және көшірмесі (мектеп мөрімен, бұрыштамасы басылған және директордың қолы) қоса тапсырылады. Тапсырыс; (тегі, аты-жөні, класы, дәрігердің сайысқа жіберілгендігі жөніндегі рұқсаты, қосымша беріледі)

- Жас ұлан жасақтарының киім нысаны (әскери формасы) болуы қажет және жасақтың эмблемалары және атауы болуы міндетті.

Жеңімпаз-команда жарыстың бағдарламасының барлық түрінен көрсеткен нәтижесі бойынша анықталады.
ЖАРЫСТЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ:

Жарыстың ұйымдастырылуы және жалпы басшылығы Жарыстың Ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

Жарыстың тікелей өткізілуі жарыстың жетекшісіне және Бас төреші алқасына жүктеледі.

Жарысқа қазылық міндетін жүргізу, Ауғаныстандағы әскери борышын өткерген жауынгер-интернационалистердің облыстық комитетінің төрағасы Е.Балқасыновқа, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының АӘД дайындық және жұмылдыру жұмысының бөлімінің бастығы Е.Байжановқа, облыстық педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтының АӘД және дене шынықтыру кабинетінің меңгерушісі Б.Бұхарбаевқа, облыстық білім басқармасының бас маманы Ы.Көшеровке, қалалық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық пәнінің әдіскері капитан С.Сражға, № 22 ОМ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы капиатн А.Смирновқа, № 9 ОМГ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы аға сержант М.Қазжановқа, № 51 Гимназиясының АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы сержант Ә.Көшербаевқа міндеттеледі.

Ұйымдастыру комитетінің Төрағасы, жарыстың жетекшісі және төрешілер алқасының құрамы білім және әскери басқару органдарының біріккен шешімімен анықталады.
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР:


  1. Жарысқа қатысушылар міндетті:

жарыстың бағдарламасын білу;

жарыстың өткізілу ережесін сақтау;

жарысқа өз уақытында келу;

хатшының шақыруы бойынша сап түзеу алаңына жылдам шығу;

мүмкін емес жағдайда жарысқа қатысуды жалғастыру, техникалық себептер бойынша төрешіге ақауды жою үшін (минутқа жеткізбей) уақыт беру өтінішімен жүгіну.


  1. Жарысқа қатысушыларға тыйым салынады:

төрешілер жұмысына араласуға, олардың іс-әрекетіне және шешімдеріне ренішін көпшілік алдында айтуға;

жарыстың жалғасуынан негізсіз бас тартуға;

Жарыс орнын жарыс жетекшісінің тиісті шешімінсіз тастап кетуге.


  1. Қатысушылар (команда); тиісті білім мекемесіне хабардар ету арқылы мына жағдайларда біліктіліктен айырыла алады:

жарыстың кез-келген қатысушысын дене немесе моральды қорлау;

жарыс ұйымдастырушыларының талаптарына бағынбау.


ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ КЕРЕК-ЖАРАҒЫ:

Команданың әр мүшесінде болу керек:

әскери нысандағы киім және бас киім;

әскери белдік;

жеке медициналық дәрі қобдишасы;

ЖАРЫСТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ:

жарыстың техникалық қамтамасыз етілуі; № 35 ОМ музыкалық аспаптарымен және тікелей жетекшісі жүргізеді..


МАРАПАТТАУ:

Бағдарламаның әр түрінен және жалпы сынақта орын алған командалар Ақтөбе облыстық «Қызыл Ай» қоғамының , Ауғаныстандағы әскери борышын өткерген жауынгер-интернационалистердің облыстық комитетінің және қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.



ҚББ АӘД пәнінің әдіскері капитан С.Сраж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет