Әлеуметтану: Ғылымға кіріспе және ұғымдарды тұжырымдау



Дата05.04.2023
өлшемі0.78 Mb.
#471772
Әлеуметтану2 Бож !!!

Қоғамның әлеуметтік құрылымы және стратификациясы

Орындаған: Утебаев Бахтияр

Әлеуметтанудың анықтамасы: оның обьектісі, пәні, категориялары

Әлеуметтану – әлеуметтік топтың жеке индивидтің жүріс-тұрысына ықпалын түсінуге тырысу. Латын тілінен аударғанда “socius”- қоғам, “logos”-ғылым, “қоғам туралы ғылым”.

Әлеуметтану - әлеуметтік топтарды, әлеуметтік өзара әрекеттесуді және қоғамды жүйелі түрде зерттейтін ғылым.


1.Әлеуметтану дегеніміз не?

-Огюст Конт

Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Әлеуметтанудың негізін салушылар-Герберт Спенсер, Карл Маркс, Эмиль Дюркгейм, Макс Вебердің және әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы Огюст Конт болды (Ритзер, 2003). Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. 1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгізген де осы ғалым.

Конт - әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі. Ол қалыптастырған позитивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіздеді. Оның пайымдауынша, ғалымдар әлеуметтік мінез-құлықтың заңдарын анықтағаннан кейін оны болжай алады және басқара алады. Алайда молекулярлық мінез-құлықты болжай алатынымыздай, адам мінез-құлқын дәл болжай алатынымызға сенетін ғалымдар аз екеніне қарамастан, ғылыми әдіс әлеуметтанудың негізгі ұғымы болып қала береді.


Әлеуметтанудың пайда болуы

Социялогия пәні жөнінде ғалымдар арасында жүздеген асқан түрлі пікірлер бар. Оларды екі топ пен бағытқа сыйғызуға болады.

Социология пәнінің ғылымилығын аньқтауды, ғылымның түпкі ұғымын анықтаумен байланыстырып қарастыратын ғалымдар тобының бағыты. Мысалы, П. Сорокин социологияның пәні тек адамдардың өзара қатынасын, Н. Смелзер - әлеуметтік қатынастырды, В. Ядов - қауымдастықты, Г. Осипов - әлеуметтікті қарастыру керек дейді.

Социология пәнін өздерінің ғылыми зерттеу жұмысының нақты қорытындысымен байланыстырған ғалымдардың пайымдайтын тобына жататындар. Мысалы, Э. Дюркгейм -социология пәніне өз зерттеуінің нәтижесі болып табылатын - әлеуметтік фактіні неміс ғалымы М. Вебер - адамның мінез-құлқын, К. Маркс - әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғамды және оның құрылымдық элементтерін қарастырған.

Социология категориялары

Категория-әлеуметтік болмыстың мәнді жақтарын,қасиет белгілерін, құрылымдық элеметтерін бейнелендіретін негізгі ғылыми ұғымдар.


“Әлеуметтік жүйе”
“Әлеуметтік құрылым”
“Әлеуметтік әрекет”
“Әлеуметтік топ”
“Әлеуметтік мінез-құлық”

Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі әлеуметтану

Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен - экономикамен, саясаттанумен, этнографиямен және т.б. байланыс теориялары салалық деп аталады. Бұл теориялар қоғам өмірінің әр түрлі салаларындағы әлеуметтік заңдар мен заңдылықтардың көрініс табу нысандары мен әрекет ету механизмдерін зерделейді. Олардың объектісі болып табылатындар: экономика, саясат, құқық және т.с.с. қоғамның жеке “бөліктері”. Олар әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысын жалғастырады. Олардың айырмашылығының негізін зерттеу объектісі атқарады, ол әлеуметтанушылық оқу пәнінің атауында көрсетіледі: “экономикалық әлеуметтану”, “саяси әлеуметтану”, “құқық әлеуметтануы”. Бұл теориялар ерекшеленген әлеуметтанушылық категорияларды: әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым және т.б. пайдалана отырып, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларын олардың әлеуметтік қарым-қатынастары тұрғысынан зерделейді. Аталған оқу пәндеріндегі “әлеуметтану” термині қоғам өмірінің әлеуметтану пәнімен және әдісімен шарттастырылған тиісті салаларына ерекше көзқарастарды көрсетеді.

Әлеуметтанудың құрылымы мен функциялары


Нақты социологиялық зертеулер
Орта деңгейлі социология
Жалпы теориялық социология
1) танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады;
2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;
4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді;
5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет