Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Абай сыпайылатпай ашық айтты. «Пайда ойлама, ар ойла»



Pdf көрінісі
бет64/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

Абай сыпайылатпай ашық айтты. «Пайда ойлама, ар ойла», - деген ұлы Абай: «Адам деп есеп 
қылма Ағыбайды» деп басталатын бір шумақ өлеңінде 9 бидің бірі Ағыбай құлқынның құлына 
айналып пара бергендердің сөзін сөйлейтін екіжүзді Ағыбайды қатты түйреп өтеді.
Билік құмарлар арасында белең алу арқылы пара беру, парамен іс бітіру тәсілі басталды. 
«Ел бұзылса құрады шайтан өрмек» деген Абай сол кезде-ақ «Өздеріңді түзелер дей алмаймын» 
қайта, параларың ұшығып сыбайлас жемқорлыққа ұласып қоғамдық дертке айналатынын біліп 
қайғырады. «Бас басына би болған өңкей қиқым» (Абай) Патшаның төңерегіндегі уезді 
басқаратын ұлық пен ояздан бастап болыстар мен елубасы, жүзбасыларды айтып отырғанмен, 
бүгінгі біздің қоғамдағы бейкүнә періште балалардың бақшасынан басталатын пара, мектепті де 
аралап кәмелетке жетпегендердің бойына сіңіп алғанын көз көріп, құлақ есітіп жүрек сезіп жүр. 
Алармандар - бай, би болысқа мал беріп, оның күшін сатып алып, «қазақтан кегін» алса, би, 
болыс та сайлау кезінде «жетпей тұрған жеріне жеткізетін» байдан «мал» алады.  
Жарлының малы жоқ, жанынан басқа несін берсін, жанын жалдайды, сұмдық-қулық, өсек 
сатып, ең болмағанда «сайлауда шар салам» деп аларман болады.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.- деген ұлы 
Абай «Алса қоймас араны тағы тоймас» ебін тауып еселеймін дегендерді осылай түйреп 
өтетіні бар. Көпті алдап жем ететіндерді ақын шығармаларында әшкерелеп отырғандығын 
көреміз.  
Бойдағы мінді санасам, Тау 
тасынан аз емес.  
Жүрегімді байқасам 
Инедейін таза емес.- деп, бар шынын ақтарып салады.
Қолдан келгенде қонышынан басып қалатын, табыс көзі деп ұғатын алғыштардың астында 
тағы, қолында қармары бар дөкейлер мен әкім қараларға бағыттады. Халықтық бағытты 
ұстанған, болашаққа көз тіккен ұлы ақын халықтың өнер, білімге ұмтылуын, іргелі ел 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет