Әлеуметтік мемлекеттегі адам қҰҚЫҚтарын қОРҒау мәселелері әож 341. 211∕. 214: 343,211. 3 Қындыбаева Римма Раушанбекқызы



Дата13.06.2016
өлшемі58 Kb.
#133857
ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ӘОЖ 341.211∕.214:343,211.3

Қындыбаева Римма Раушанбекқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қындыбаева Жанна Раушанбекқызы

Қызылорда медициналық колледжі
Адам мен оның құқықтары қазіргі өркениетті деп танылған қоғамның ең жоғары игілігі болып табылады. Сондықтанда адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін құқықтық нормалар ең маңызды жүйені құрайды. 1995 жылғы еліміздің Конституциясы «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1] деп басталуының өзі бекер емес. Бұл адам өмірінің, құқықтары мен бостандықтарының мемлекетті демократиялық және құқықтық ел ретінде тануы үшін басты себеп болып отыр.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік мемлекет бұл-адамзаттың ойы мен тәжірибесінің құқықтық мемлекет құрудағы ең маңызды жетістіктерінің бірі. Оған мысал, дүние жүзі мемлекеттерінің көбісінің Конституциясындағы әлеуметтік мемлекет құру идеялары, ТМД елдерінің барлығының Конституциясындағы қандай бір формада болмасын әлеуметтік мемлекет құру идеяларының бекітілуі жатады.

Көптеген мемлекеттердің бұл идеяны заңды мамандауларына қарамастан, әлеуметтік мемлекет-осы уақытқа дейінгі қайшылықтардың бірі болып келді, яғни бұл идеяны толық қабылдау мен мақтаудан бастап, оны керексіз етумен, жоққа шығаруға дейінгі қайшылықтар.

Әлеуметтік мемлекет құру идеялары әр уақытта айтыстар туғызумен қатар, оның шектен шығуына дейін барып, бұл мәселе саясатқа да ұласып, оның шешімі революцияға келіп тірелген. Ал революция болса партиялармен, класс аралық және басқа да әлеуметтік құрылымдар арасындағы қайшылықтарды үдетіп, таптық күрестермен, соқтығыстарға әкелген. Бұған XX-ғасырдағы құқықтық мемлекеттердің даму дәлелдері мен көріністері мысал бола алады.

Ол тек қана КСРО көлеміндегі жағдайларға ғана емес, басқа да Еуропа елдеріндегі қазіргі заманғы демократиялық, әлеуметтік дамудың нақты көріністерімен белгілі. Тіпті, сәтті деп табылатын әлеуметтік мемлекет құрудағы идеяның Шведтік экономикалық-әлеуметтік моделінде де қайталанып отыратын тоқыраулар, кризистер әлеуметтік мемлекет идеяларының қайшылықтарын көрсетеді.

Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп-қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты–саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады. Бұл меншік түрінің әр алуандығына байланысты. Әрбір адам нақты қандай да болсын кәсіпорын қызметін пайдалануға ерікті: мемлекеттік, кооперативтік немесе жеке меншіктік.

Қазіргі кезеңде демократиялық мемлекет бәсекелестікті шектеу мен оны қайта қалпына келтіру арасындағы тәсілді ұстануға, өз іс-әрекеттерінде құқылық және әлеуметтік принциптердің тиімді мөлшерін табуға ұмтылуда. Кез келген қоғам тіршілік құрылымының ғылыми тұрғыда дәлелденген үлгісіне, нақты белгіленген мақсатқа сүйене отырып, дами алады.

Қазақстан Республикасының конституциясында біздің еліміздің әлеуметтік мемлекет қатарында екендігі ерекше көрсетілген. Алайда, әлеуметтік құқықтық мемлекеттің идеясын конституциялық бекітуден оны шын мәнінде жүзеге асыруға дейінгі аралықта ұзақ та қиын жол жатыр. Сол үшін де саяси реформалар жасау, қажетті әлеуметтік-саяси базаны құру, мәдениетті өркендету және басқа да алғы шарттарды дамыту қажет.

Жасалып жатқан реформалардың басты бағыты – құқықтық мемлекет қалыптастырып, адам құқығын қамтамасыз ету. Дегенмен де, көптеген себептердің негізінде адам құқығы жөніндегі көптеген реформалар тиісті нәтижесін бермей отыр. Сондықтан да арнайы қабылданған декларациялармен, орындалуға тиісті іс–шаралардың арасындағы алшақтық одан әрі тереңдей түсуде. Сондықтанда ол адам құқығы жөніндегі сферада шарасыздық танытып, әр істің басын бір шалып, логикалы тұжырымға келе алмай отыр. Соның әсерінен адам құқығы жөніндегі сұраққа жауап табу үшін және өмірге ендіру барысында тегеурінді қажеттілік туындап, ол жөнінде әртүрлі идеялармен, логикалық ойларды зерттеу, игеру қолға алынуда.

Жалпы алғанда XX-ғасыр әлеуметтік мемлекеттің құндылығымен оның қоғамдық прогресстің дамуына оң әсерін тигізетінін көрсетті. Дегенменде, әлеуметтік мемлекет әсерлі де, орнықты болу үшін оның қалыптасу механизмін ойластырып, іске асыру керек.

Әлеуметтік мемлекетті оқып, үйренудегі тиімді методиканың бірі, оның адам құқығымен мәнді өмір сүруіне деген түсінігінде. Алайда адам құқығына, адамның мәнді өмір сүруіне деген көзқарастың үлкен маңыздылығына қарамастан осы күнге дейін, адамның мәнді өмір сүруіне және құқыққа деген бірыңғай нақты түсініктемесімен оның заңды анықтамасы жоқ.

Сондықтанда, бүгінгі таңда адам құқығымен, оның мәнді өмір сүруі үшін ұлттық және халықаралық деңгейде нақы анықтаманы бекітуге деген талпыныста жүзеге асыру қарастырылып отыр.

«Әлеуметтік» деген сөзді латын тілінен аударғанда «ортақ», «қоғамдық» мағынасын береді екен. Ол дегеніміз, мемлекет игілігі мен табиғат байлығы сол мемлекетте тұратын халық үшін ортақ болуы керек деген ұғымды білдіреді. Ал ғасырлар бойы қазақ халқының бойында қалыптасқан ұжымдық-қоғамдық психологиясы мен менталитеті біздің мемлекетіміздің әлеуметтік негізінің тарихылығын айқындап тұрса керек. Бұл аса құнды фактор екенін ескеруіміз қажет. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуымен дамуы азаматтық қоғам, демократия, құқықтық мемлекет, еркіндік пен теңдік сияқты құндылықтарға тығыз байланысты. «Әлеуметтік мемлекет» идеясының насихатталу тарихы аса тереңде емес. Бұл идея ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында объективті әлеуметтік- экономикалық даму үрдістері нәтижесінде дүниеге келген. Оның қайнар көзі Жан Жак Руссо, Адам Смит, Джон Локк және т.б.ойшылдар ілімдерінде негізделген.

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси және экономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет [2, 30б.].

Әлеуметтік мемлекетке тән белгілерге Қазақстан Республикасы мысалында қысқаша талдау жасағанда біздің аңғарғанымыз, мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін сезініп отырғандығы. Әлеуметтік жауапкершілік саясаттағы өте маңызды шарт. Өйткені, әлеуметік жауапкершілік пен әділеттілік қоғамның әлеуметтік еркіндігінің өлшемі болып табылады. Сондықтан да қоғамда әлеуметтік еркіндік орнауы үшін, жеке адамдардың дамуына бірдей жағдай жасалу үшін биліктегі саяси элита әрдайым әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, оны үнемі нақты істермен дәлелдеп отыруы қажет. Жалпы, жоғарыда келтірілген деректер мен дәйектерге талдау жасай отыра, бүгінгі күні Қазақстан республикасы әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасу жолында деген қорытындыға келуге болады.

«Адамның лайықты өмір сүру құқығы» әлеуметтік мемлекет идеясының бір қыры. Осы екі ұғым арасындағы байланысты қазақстандық зерттеуші А.К. Абдрахманова жақсы көрсете білген. Оның айтуы бойынша «әлеуметтік мемлекетті зерттеу үшін ең пайдалы әдістемелік тәсіл оны адамның лайықты өмір сүру құқығы арқылы қарастыру болып табылады». Ал «өмір сүру құқығы» болса әлеуметтік мемлекетке тікелей қатысы жоқ.

Лайықты өмір сүру құқығының түсінігін қысқаша анықтама арқылы белгілеу мүмкін емес, ­ дейді А.К. Абдрахманова, өйткені адамның бұл құқығы оның (адамның) қоғамнан, мемлекеттен қанағаттандырылуын талап ете алатын құқықтық талаптар кешенінен тұрады. Адамның лайықты өмір сүру құқығының заңи мазмұнының бірінші құрамдас бөлігі материалдық қамтамасыз етілуді, қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды және т.с.с. талаптау­құқықтары болып табылады. Екінші бөлігі ­ еңбек ету саласындағы талаптау­құқықтары, үшіншісі ­ рухани игіліктерді иемдену, мәдениеттің, ғылымның, білім берудің жетістіктерін пайдалану бойынша талаптау­құқықтар болып табылады [3, 1].

А.К. Абдрахманованың зерттеуінің негізгі нәтижелерін түйіндейтін болсақ олар келесі қорытындылардан тұрады:

- Адам баласына лайықты болып табылатын өмір сүру дегеніміз ­ адамның еркін де иманды дамуына көмектесетін өмірлік деңгей.

- Адамның лайықты өмір сүру құқығының заңи мазмұны құқықтардың келесі кешенін қамтиды:

­ еңбек ету саласындағы құқықтар; жоғары материалдық ахуалға қол жеткізу құқықтары; рухани игіліктерді иемдену құқықтары.

а) Адамның лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету жағынан нарықтық экономиканың ең маңызды кемшілігі ­ азаматтардың әлеуметтік қорғалуын, әлеуметтік әділдікті кепілдендірмеу болып табылады.

б) Әлеуметтік мемлекет ­ кедейлерге көмектесетін мемлекет емес, кедейлері жоқ мемлекет және халықтың жақсы ахуалы байлықты бөлу арқылы емес азаматтардың белсенді де ынталы қызметі арқылы құрылған мемлекет.

Жүргізілген зерттеулер мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Адам құқығы-өмір, бостандық, қадір-қасиет, ар-ождан, жеке автономия сияқты адамзат өркениетінің басы құндылығына біріктірілген маңызы жағынан ерекше құқық саласы болып табылады. Осындай құндылықтар адам құқығында нормативті түрде бекітіліп, құқықтық құралдар мен институттар арқылы оның жүзеге асырылуы үшін кепілдікке ие болады.

Әлеуметтік мемлекет ­ кедейлерге көмектесетін мемлекет емес, кедейлері жоқ мемлекет және халықтың жақсы ахуалы байлықты бөлу арқылы емес азаматтардың белсенді де ынталы қызметі арқылы құрылған мемлекет. Адамның әлеуметтік­экономикалық құқықтарын жүзеге асыру әлеуметтік мемлекеттілік қызметінің мән­мағыналық мазмұнын құрайды.

Адамның өмір сүру құқығы­ адамның биологиялық өміріне қатысты; лайықты өмір сүру құқығы­ адамның әлеуметтік өміріне тән.

Біріншіден, адамның лайықты өмір сүру құқығын негіздеу адам бостандығы мен беделін зерделеу барысында шықты. Бостандық-адам тұлғасына бастапқы және сөзсіз тәуелді. Адам бостандығы абсолютті- құндылық, әркімге тумысынан жазылған барлық құқықтарының алғышарты болып табылады.

Адам бостандығы оның өнегелілік субъектісі болуымен сипатталады, тұлғаның жүріс-тұрысы жануарлар сияқты сыртқы жағдайлармен шектелмеген. Адамның жүріс-тұрысы ең алдымен ішкі әмірмен, талаппен реттеледі. Қатаң императивті талаптарға бағынатын, еркіндігі мен дамыған санасы бар индивид-тұлға болып табылады. Қоғам, мемлекет үшін адамзат беделінің ауыспайтын құндылығы өзін-өзі сыйлайтын, қатаң императив талаптары бойынша әрекет ететін адам басқаларға да құрметпен қарайтынын көрсетеді.

Адамзат беделі- адамның өз жүріс-тұрыс түрін таңдауынан, қатаң императивті талаптар, өнегелік қағидалар мен санаса отырып өзінің ішкі ар-ұятының даусымен әрекет етуінен көрінеді. Осы жерден адамзат тұлғасы мен адамзат өмірінің ауыстырылмайтын ерешелігі айқындалады, себебі адам барлық тіршілік иелеріне қарағанда- «өзін өзі қожайын болуға» мүмкіндігі бар еркін тіршілік иесі. Осыған байланысты қазіргі азаматтық құқықта беделді өзі немесе айналадағы адамдар қалай қабылдап, тұлға ретінде қалай бағалайтынына қарамастан оған тәуелді болатын адамның ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Адамның мінез-құлқының еркін «дербес» сипаты болады, өзінің рухани «мен» дегенімен тұлға болып қалыптасады, таңдау жасауда (мінез-құлық, өмір сүру жағдайы және т.б.) еркі бола алады және өзінің әлемді тануына сәйкес өз өмірін қалыптастыра алады. Дәл осы кезде адамның бүкіл ерекшеліктері айқындалады, және ол өмірдегі өзінің орнын табады.

Адамның өмір сүру құқығы дегеніміз жаратылыстан біткен өзгелердің қол сұғуынан мемлекет тарапынан кепілдендірілген адамның өз еркімен билік ететін қоғамда тіршілік ету мүмкіндігі. Өмір сүрудің биологиялық және әлеуметтік тұстарын бөлек қарастыру керек.

Адам құқықтары мен бостандықтарын буындарға бөлетін сыныптамада өмір сүру құқығы бірінші буынды құрайтын жеке құқықтар қатарына жатады. Бұрын жеке құқықтардың сақталуы үшін мемлекеттің араласпауы жеткілікті болып танылса, қазіргі кезде бұл құқықтардың жүзеге асырылуы үшін мемлекеттің белсенді әрекеттері қажет етіледі. Адам құқықтары мен бостандықтарын жеке және саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық құқықтарға бөліп қарастыратын сыныптамада өмір сүру құқығы жеке құқықтар қатарына жатқызылады, бірақ өзге жеке құқытарға қарағанда мұның қорғайтын объектісі ерекше – ол адамның өмірі. Басқа бірде бір жеке құқық өмір сияқты игілікті қорғауға бағытталмаған. Адамның басқа жеке құқықтары оның еркіндігі мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған. Осыған байланысты өмір сүру құқығының жеке құқықтар қатарына жатуын мойындай отырып, жеке құқықтар тобын екіге бөліп қарастыру керек деп ойлаймыз. Жеке құқықтардың бірінші тобына өмір сүру құқығын, ал екінші тобына басқа жеке құқықтардың барлығын жатқызу керек деген ұсыныс жасағымыз келеді. Мұның себебі жеке құқықтардың қорғайтын объектілері (игіліктері) әртүрлі.

ҚР­ң демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде орнығып, одан әрі дамуы өмір сүру құқығын қамтамасыз ету мәселесіне, оның жүзеге асырылу механизмдерін жетілдіруіне үнемі көңіл бөлініп отыруын талап етеді.

Сонымен, адамның өзіне лайықты өмір сүру құқығының түсінігін қысқаша анықтама арқылы белгілеу мүмкін емес, өйткені адамның бұл құқығы оның (адамның) қоғамнан, мемлекеттен қанағаттандырылуын талап ете алатын құқықтық талаптар кешенінен тұрады. Адамның лайықты өмір сүру құқығының заңи мазмұнының бірінші құрамдас бөлігі материалдық қамтамасыз етілуді, қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды және т.с.с. талаптау­құқықтары болып табылады. Екінші бөлігі ­ еңбек ету саласындағы талаптау­құқықтары, үшіншісі:

­ рухани игіліктерді иемдену, мәдениеттің, ғылымның, білім берудің жетістіктерін пайдалану бойынша талаптау­құқықтар болып табылады. Осыдан келіп келесідей қортыныдылар шығаруға болады:

- Адам баласына лайықты болып табылатын өмір сүру дегеніміз ­ адамның еркін де иманды дамуына көмектесетін өмірлік деңгей.

- Адамның лайықты өмір сүру құқығының заңи мазмұны құқықтардың келесі кешенін қамтиды:

­ еңбек ету саласындағы құқықтар;

­ жоғары материалдық ахуалға қол жеткізу құқықтары;

­ рухани игіліктерді иемдену құқықтары.

- Адамның лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету жағынан нарықтық экономиканың ең маңызды кемшілігі ­ азаматтардың әлеуметтік қорғалуын, әлеуметтік әділдікті кепілдендірмеу болып табылады.

Адамның құқықтары- құқықтық мемлекеттегі ең жоғарғы құндылық. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында жатыр.

Пайдаланған әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы: Юрист, 2014.

2Сапаргалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан: Академический курс.- Алматы: Жетi жарғы, 2004, 158б.

3 Абдрахманова А.К. Право человека на достойную жизнь как высшая ценность социального государства: Автореф. дисс. …канд.юрид.наук: 12.00.01. – Алматы, 2006. – 27 с.

РЕЗЮМЕ

В статье, обширно рассматривается проблема защиты прав человека в социальном государстве, и соответствующая жизнь самому человеку.



В нынешнем цивилизованном обществе, высшая благом является человек и его права. Поэтому обеспечивающие жизнь человека правовые нормы, скомбинирывают самую главную систему среду, обеспечивает возможность брать знание и на высшем уровне формирует систему здравохранения.

Социальное государство - это государство которое тратит формированию все богатство, придерживаются внутренего имущества, политических и экономических принципов, улучшает быт жителей страны, защищает окружающую.


Resume

In the article, widely considered the problem of protection of human rights in the social state, and the corresponding life of the person.



In this civilized society, the highest good is the man and his rights. Therefore, ensuring the rule of law a person's life, the most important combining system.

The social state - a state that spends formation of all the wealth, hold Internally the property, political and economic principles, improves life of inhabitants of the country, protects the environment, provides an opportunity to take the knowledge and high-level forms a system of healthcare.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет