ӘҺЛЮ-С-СУННА УӘЛ-ЖАМА‘А ҚҰРАНДЫ СҮННЕТТЕН БӨЛЕК ТҮСІНБЕЙДІ
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ أَطِيعُواْ اللَّهَ وَأَطِيعُواْ الرَّسُولَ وَأُولِي الأَمْرِ مِنكُمْ فَإِن تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُولِ ﴾
«Әй, иман келтіргендер. Аллаһқа бойсұныңдар, Пайғамбарға бойсұныңдар әрі өздеріңнен болған ықпал иелеріне де. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар» («ән-Ниса» сүресі, 59-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):
﴿ وَأَنزَلْنَا إِلَيْكَ الذِّكْرَ لِتُبَيِّنَ لِلنَّاسِ مَا نُزِّلَ إِلَيْهِمْ ﴾
«Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Зікірді түсірдік» («ән-Нәхл» сүресі, 44-аят).
Сондай-ақ (былай деп те):
﴿ فَلْيَحْذَرِ الَّذِينَ يُخَالِفُونَ عَنْ أَمْرِهِ أَن تُصِيبَهُمْ فِتْنَةٌ أَوْ يُصِيبَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ ﴾
«Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын» («ән-Нур» сүресі, 63-аят).
Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген: «Маған Құран және соған ұқсас бір нәрсе сый етілді! Бірақ жуық арада адам тоқ күйінде өз төсегінде жатып: «Құранды ғана ұстаныңдар: онда нені хәлал деп тапсаңдар, соны хәлал деп санаңдар, ал онда нені харам деп тапсаңдар, соны харам деп есептеңдер!», - деп айтатын сондай бір уақыт келіп жетеді» (Ахмад, 4/139; Абу Дауд, 3804, 4604; әт-Тирмизи, 2664 және басқалар).
Әл-‘Ирбад ибн Сарийадан оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «(Бірде) бізге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құтпа айтты, әрі сол (құтпадан) біздің жүректеріміз тітіреніп, көздеріміз жасқа толды. (Сонда) мен: "Уа, Аллаһтың елшісі, бұл құтпа қоштасып тұрған адамның құтпасындай ғой, ендеше, бізге насихат беріңіз", - дедім. Ал ол болса: "Мен сендерге Аллаһтан қорқуды, әмірге құлақ салуды және мойынсұнуды өсиет етемін, тіпті ол эфиопиялық құл болса да! Ақиқатында, сендердің араларыңдағы ұзақ өмір сүретіндерің көп келіспеушіліктерді көреді, сондықтан да менің Сүннетімді және тура жолдағы ізгі халифалардың сүннетін ұстаныңдар. Оған азу тістеріңмен жармасып алыңдар, әрі бидғаттардан (діндегі жаңалықтардан) сақтаныңдар, ақықатында, әрбір бидғат адасушылық болып табылады", - деп жауап берді» (Ахмад, 4/126-127; Абу Дауд, 4607; әт-Тирмизи, 2678 және басқалар).
Сондай-ақ Хузәйфаның былай деп айтқаны хабарланады: «Уа, Құранды (жатқа) оқушылар, тура жолды ұстаныңдар, әрі сонда басқалардан озасыңдар! Бірақ егер оңға, не солға ауытқысаңдар, онда алыс адасушылықпен адасасыңдар!» (әл-Бухари, 7282).
Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:
─ Бұл ережеде Сүннет дәлел болып табылатынына нұсқау бар. Ол – дәлел, әрі Құран Кәрімді ұстану уәжіп болғандай, оны да ұстану уәжіп болып табылады. Сүннет Құраннан кейінгі екінші дәрежеге ие, өйткені Аллаһ Тағала Өзінің Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды түсіндіруді тапсырды:
﴿ وَأَنزَلْنَا إِلَيْكَ الذِّكْرَ لِتُبَيِّنَ لِلنَّاسِ مَا نُزِّلَ إِلَيْهِمْ وَلَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ ﴾
«Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Зікірді түсірдік. Бәлкім, олар ойланар» («ән-Нәхл» сүресі, 44-аят).
Сүннет Құранды түсіндіріп береді, оны түсінуге нұр төгеді, оған нұсқайды. Сондықтан да дәлел үшін Құранмен қоса Сүннетке де жүгіну уәжіп болады! Мысалы, Аллаһ Тағала намаз оқуды, оған тұруды, оны сақтап жүруді және үнемі намазда болуды бұйырды. Ол өздерінің көңіл қалауларына еріп, намазды тастағандарды қорқытып ескертті. Бірақ Құран Кәрімде намаздың орындалу тәртібі, онда қанша ракағат жасау керек, не айту керек, қиямда тұрғанда не айту қажет, ал рукуғқа барғанда не айту керек екендігі түсіндірілмейді. (Ендеше,) намаздың егжей-тегжейлі түсіндірімесі қайда? Мұның барлығы Құранда жоқ, бірақ Сүннетте бар. Пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген: «Намазды мен сендердің көздеріңше қалай орындаған болсам, солай орындаңдар!» (әл-Бухари 1/155, Муслим 1/295).
Тура осы Құранда төленуі бұйырылған зекетке де қатысты. Бірақ Құранда оны қанша мөлшерде төлеу және қандай мал-мүліктен төлеу туралы түсіндірілмеген. Зекет жалпылама бұйырылған:
﴿ وَأَقِيمُواْ الصَّلاةَ وَآتُواْ الزَّكَاةَ وَارْكَعُواْ مَعَ الرَّاكِعِينَ ﴾
«Намазды орындаңдар, зекет төлеңдер және рукуғ жасаушылармен бірге рукуғ жасаңдар» («әл-Бақара» сүресі, 43-аят). Ал зекеттің түсіндірмесі Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде келген. Сүннетте зекетті қашан, қандай мал-мүліктен, қандай нисаб-мөлшерден төлеу керек екендігі т.б. түсіндіріледі. Тура осы оразаға да (сыйам), қажылыққа да және құлшылықтың басқа барлық түрлеріне де қатысты.
Міне, осы - әһлюс-Сунна уәл-жама‘аның мәнһажы! Олар дәлел үшін Құранға жүгінетініндей Сүннетке де жүгінеді. Оларда бірінші орында Құран, одан кейін Сүннет, одан кейін бірауызды келісім (ижма‘), ал содан соң ұқсастық бойынша салыстыру (қияс) тұрады.
Бірақ Сүннетке жүгінбейтін адасқан топтар пайда болды. Олардың қатарына Сүннетті тәрк етіп, тек Құранмен ғана шектелетін хауариждер (және жолын қуғандар) жатады. Оларды «құраншылар» деп атайды. Олар Құранға ғана сүйенеміз деп мәлімдейді және сонысымен өтірік айтады. Егер олар Құранға сүйенгенде, онда Құран Сүннетке ілесуді бұйыратынын білер еді. Өйткені Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانتَهُوا ﴾
«Сендерге Елші не берсе, соны алыңдар да, ол сендерге нені тыйым салған болса, содан тыйылыңдар» («әл-Хашр» сүресі, 7-аят). Шын мәнісінде, олар Құранды ұстанбайды. Өйткені Аллаһ Пайғамбар туралы (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:
﴿ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ ﴾
«Ол оларды Кітап пен Даналыққа үйретеді» («әл-Жума» сүресі, 2-аят). Кітап – бұл Құран, ал Даналық – бұл Сүннет. Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:
﴿ مَّنْ يُطِعِ الرَّسُولَ فَقَدْ أَطَاعَ اللَّهَ ﴾
«Кім Елшіге бойсұнса, сол Аллаһқа бойсұнды» («ән-Ниса» сүресі, 80-аят).
(Ол) тағы да (былай деп айтты):
﴿ وَمَا أَرْسَلْنَا مِن رَّسُولٍ إِلاَّ لِيُطَاعَ بِإِذْنِ اللَّه ﴾
«Біз елшілерді Аллаһтың нұсқауымен оларға бойұсынулары үшін ғана жібердік» («ән-Ниса» сүресі, 64-аят).
Сондай-ақ (былай деп те):
﴿ وَأَطِيعُواْ اللَّهَ وَأَطِيعُواْ الرَّسُولَ ﴾
«Аллаһқа бойсұныңдар әрі Елшіге бойсұныңдар» («әл-Мәида» сүресі, 92-аят).
Әрі былай деп:
﴿ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ ﴾
«Елшіге бойсұныңдар, - бәлкім, рахым етілерсіңдер» («ән-Нур» сүресі, 56-аят).
Бұл туралы аяттар өте көп. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Маған Құран және соған ұқсас бір нәрсе сый етілді!» (Ахмад, 4/139; Абу Дауд, 3804, 4604; әт-Тирмизи, 2664 және басқалар).
Әһлю-с-сунна уәл-жама‘аның мәзһабы (бойынша) Сүннет – бұл оған амал ету қажет болған дәлел болып табылады. Ал Құранның өзі ғана жеткілікті болып табылады деп айтып, осы орайда Сүннетті тәрк ететіндерге қатысты айтар болсақ, олар - адасушылар. Мұның үстіне, олар осындай мәлімдемелері себепті тіпті кәпір де болып табылуы мүмкін.
Сондай-ақ Сүннетті жіктейтін де топ бар. Бұл - му‘тазилилер және соларға ілесушілер. Олар: «Біз тек мутауатир хадистерді ғана аламыз, ал ахад хадистерге келер болсақ, олар ақида мәселелерінде дәлел болып табылмайды», - деп айтып, сахих Сүннеттің бір бөлігін дәлел деп санамайды. Егер сахих Сүннет ахад хадис түрінде келген болса, олар оны ақида мәселелерінде дәлел деп есептемейді. Осы орайда олар өздері ойдан шығарған логика ережелеріне, ақыл-ой қағидаларына сүйенеді. Егер Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (екені) бекітілген сахих хадис олардың ақыл-ой ережелеріне қайшы келсе, олар оны, не мағынасын бұрмалап, не бұл хадисті өтірік деп айтып, не оны жеткізушілерін бір нәрселермен айыптап, тәрк етеді. Олар да Сүннетті тәрк еткендерге жатады. Олар бүкіл Сүннетті тәрк еткен жоқ, бірақ оның басым бөлігін қабыл алмады. Күмәнсіз, бұл жол (мәзһаб), өтірік және адасқан болып табылады. Олар Пайғамбар Сүннетінің бір бөлігін тәрк етеді. Осы Сүннетті тәрк ету арқылы олар шариғаттың басым бөлігін бұзып-қиратады. Онда Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бағынудың мәні неде?! Бұл (ұстаным) Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді түрде бекітілген барлық нәрсеге ілесетін ақиқатты ұстанатын адамдардың мәнһажына қайшы келеді. Бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері нұсқайды:
﴿ وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانتَهُوا ﴾
«Сендерге Елші не берсе, соны алыңдар да, ол сендерге нені тыйым салған болса, содан тыйылыңдар» («әл-Хашр» сүресі, 7-аят).
Сондай-ақ (мына сөздері де):
﴿ مَّنْ يُطِعِ الرَّسُولَ فَقَدْ أَطَاعَ اللَّهَ ﴾
«Кім Елшіге бойсұнса, сол Аллаһқа бойсұнды» («ән-Ниса» сүресі, 80-аят).
Тағы (мына аят та):
﴿ وَإِن تُطِيعُوهُ تَهْتَدُوا ﴾
«Егер оған бойсұнсаңдар, тура жолға ілесесіңдер» («ән-Нур» сүресі, 54-аят).
Дәлел үшін Сүннетке жүгіну әһлюс-сунна уәл-жама‘аның негіз қалаушы ұстанымдарының бірі болып табылады. Ал Сүннетті тәрк ету – бұл бидғат пен адасушылық иелерінің негіз қалаушы ұстанымы.
Бүл күндері өздерін рационалисттер (‘акләниййун) деп атап жүрген және му‘тазилилердің ізбасарлары болған (қауым) бар. Олар өздерінің адасқан мәнһажымен жүреді. Егер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі олардың ақыл-ойларымен және идеяларымен үйлеспесе, олар оны тәрк ете салады. Олар: «Біз не үшін ақыл-ойымыздың дәлелдерін біреу жеткізген хадиске бола тастауымыз керек?», - дейді. Олар имам әл-Бухаридің сахих жинағында келген хадистерді де күмәнді деп шығаруға дейін барды. Олар бұл туралы өздерінің кітаптарында ашық жазады. Әрі өздерін ақылдың ілесушілері (‘акләниййун) деп атайды! Іс жүзінде олар ақылды емес, өйткені өздерінің ақылдарын Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен нәрселерден бұрын қойды. Сүннеттен озып, алға шығып кететін бұл нендей ақыл?! Егер білсеңіздер еді, бұл – бар болғаны адамдардың мардымсыз ақылдары ғана! Сүннетке келер болсақ, ол қателіктерден қорғалған. Ал олардың шектеулі ақылдарына келер болсақ, олар күмәнның шырмауында. Бұл – адасушылық, Аллаһ бізді мұндайдан сақтасын! Бұл – оларды опат ететін адасушылық. Бұл топ бүгін де бар, олар өз іс-әрекеттерін жасап жүр әрі осы тақырыпқа арналған еңбектер жазады. Сондықтан да олардың адасушылығы мен мәнһажынан міндетті түрде сақтандыру қажет! (Шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).
Алынған дереккөз: АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің «Сәләфтардың тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» (шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен) кітабы, 3-ереже.
Араб тілінен орыс тіліне аударған: Арсен Абу Яхъя.
Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |