су организмге кіретін су мөлшерімен үнемі толықтырылып отыруы тиіс.
Адам сусыз бірнеше тәулік
қана өмір сүре алады.
Денеге минералды тұздар өте қажет. Солардың негізінде ортадағы тұрақтылық сақталады.
Мысалы, қанның ұюы үшін кальций тұздары қажет. Сүйек тканінің едәуір мөлшері осы тұздардан
тұрады. Организмге қажетті тұздардың бәрі дерлік күнделікті жейтін тағамдарда болады. Онда натрий
хлориді, ғана жетіспейді. Сондықтан ас тұзын қосады.
Массаждың әсерінен денеге сумен минералды тұздың алмасу аса қарқынды өтеді.
Массаж тіпті ішкі секция белгілерінің қызметінеде өз ықпалын тигізеді. Барлық ішкі секция
бездері зат алмасуды реттеу ролін атқаратыны белгілі.
Қалқанша безінің гармондары организмнің өсіп дамуны әсер етеді.
Ондағы тотығу процесін
реттейді. Қалқанша безі қызметінің бәсеңдеуі микседема ауруына әкеп соғады. Сол сияқты балдардың
өсуі мен дамуын баяулатады. Егер қалақша безінің қызметі шамадан тыс күшейіп кетсе, онда базедов
ауруы пайда болады. Мұндай адам ашушаң әрі тез шаршағыш келеді. Жүректің жиырылу жиілігі, қан
қысымы, нерв жүйесінің қозғыштығы артады. Безедов ауруына шалдыққан адам үнемі ашқарақтанып
тамақты көп ішеді. Бірақ бойға қонбайды, өте арық болады. Олардың қалқанша безі ұлғайып
мойнының сәнін кетіреді және көзі бадырайып сыртына теуіп кетеді.
Осындай ауруға душар болған адамдар үшін гармондардың түзілуін тежейтін дәрілер мен бірге
массаж қолданылады. Массаж денедегі тотығу процессін реттуге нерв жүйесінің
қоғыштығы мен
тежелуін теңестіруге көмек жасайды.
Адам организмінде бүйрек безінің де орны ерекше. Ол бірнеше гармондар түзеді. Олар углевод,
белок, май алмасуына себепші болады, тұзбен судың алмасуын реттейді.
Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда массаждың әсер етпейтін жері жоқ. Ол орталық нерв
жүйесіне, гуморалды механизмге, бұлшық ет қан тамырларына организмнің өзге жерлеріне үлкен әсер
етеді. Массажды физиотерапия немесе емдік гимнастикамен қоса қабылдаса оның нәтижесі
бұрынғыдан да аса түседі. Өйткені ол адам денеіне жан – жақты күш түсіреді. Сондықтан массажды
қолдау әр – түрлі ауруларға пайдаланады. Өйткені науқастанған мүшенің орталық жүйесімен үзіліп
қалған байланысын жалғастырып жандандырады.
Көптегент ғалымдардың айтуынша, массаж
әлсіреген денеге әл береді. Шаршаған организмге күш қосады. Бұзылған мүшені қалпына келтіреді.
Тек методикасын дұрыс білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: