Буын зақымданғанда массаждан бірден жасамайды. Алдымен ісікті қайтаратын, яғни
зақымданған жерден жоғары, мәселен білекті массаждайды. Массаж 10-15 минут жасалады. Ұзақтығы
10-12күн.
Білекке массаж жасау үшін оны 110 градус иіп ұстайды. Қолды қапсыра ұстап, іші-сыртын
шынтаққа дейін сипайды. Одан соң әрбір бұлшық етке жеке әсер етеді.
Массаж жасаушы бір қолмен аурудың
қолының басынан ұстап тұрып, екінші қолмен
саусақтың басынан иықтың ортасына дейін сипайды. Үздіксіз кідірмелі сипағаннан кейін, жарты
шеңбер жасап ысқылайды және көлденең жұмсартады. Сол сияқты білекке дірілдету тәсілінің де
бірнеше түрін қолданады.
Білек бұлшық еттерін жеке жеке екі қолмен бірдей массаждауға болады. Мұнда білезік буыннан
бастап шынтақ және кәрі жіліктің бойымен жоғары бағытпен сыртық
және ішкі айдаршыққа дейін
сипайды. Шынтақ буынына жеткенде қолдың саусақтары бір бірімен түйіседі. Сипағанда,
жұмсартқанда бұлшық еттердің талшықтарымен жоғары бағытталады, ал басқа тәсілдерде оны
ұстамай-ақ қойса да болады.
Достарыңызбен бөлісу: