Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы



Дата27.06.2016
өлшемі321.18 Kb.
#160795
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 19.09.2012 11:09:17
Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 27 қазандағы № 382 қаулысы

(2007.28.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)



 

Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР ҚҚА  Басқармасының 2010.29.03. № 50 қаулысын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін (осы қаулыға 1-қосымша).

2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына жіберсін.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.



Ұлттық Банк

Төрағасы

Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

«Эмиссиялық бағалы қағаздардың

мемлекеттік тізілімін жүргізу

ережесін бекіту туралы»

2003 жылғы 27 қазандағы

382 қаулысына



1-қосымша

 

 

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу

 ережесі

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізудің (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) шарттары мен тәртібін белгілейді.

2. Эмиссиялық бағалы қағаздардың тіркелген шығарылымдары, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы бекітілген есептер, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздардың жойылған шығарылымдары туралы мәліметтерді бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Мемлекеттік тізілімге енгізеді.

3. Мемлекеттік тізілімді жүргізу электрондық және қағазға басылған нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттік тізілім:

1) шығарылымға нөмір беруге және бағалы қағаздарға ұлттық бірегейлендіру нөмірін беруге арналған тізілім-журналдан (бұдан әрі тізілім-журнал);

2) Мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізу туралы тізілім-журналдан (бұдан әрі - өзгерістер журналы);

3) акциялар тізілімінен (электрондық нысан);

4) облигациялар журналынан (электронды нысан);

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) пайлар тізілімінен (электрондық нысан);

5) қазақстандық депозитарлық қолхаттар тізілімінен (электронды нысан) тұрады.

2-бөлім. Эмиссиялық бағалы қағаздар және олардың эмитенттері туралы

мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге есепке алу

4. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарын, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы бекітілген есептерді және эмиссиялық бағалы қағаздардың жойылған шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу және олардың эмитенттері туралы мәліметтер эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы бекітілген есептерді және эмиссиялық бағалы қағаздардың жойылған шығарылымын тіркеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік тізілімге енгізіледі.

5. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары және олардың эмитенттері туралы мәліметтер Мемлекеттік тізілімге:

1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес толтырылған акциялар шығарылымының карточкасындағы;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) осы Ереженің 18-тармағының 1), 2), 5)-11), 13)-15), 20), 21), 23), 27)-30) және 37) тармақшаларына сәйкес мәліметтер бар бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер карточкасындағы;

3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес толтырылған облигациялар шығарылымының карточкасындағы;

4) осы Ереженің 18-тармағының 1)-19), 23), 25), 28), 41) және 42) тармақшаларына, 20-тармақтың 1) тармақшасының үшінші-алтыншы абзацтарына ( қазақстандық депозитарлық қолхаттар эмитенті үшін) және 18-тармақтың 1), 2), 5), 9), 25), 29), 36) және 37) тармақшаларына және осы Ереженің 20-тармағының 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарына (қазақстандық депозитарлық қолхаттардың негізгі активтерінің эмитенті үшін) сәйкес мәліметтер бар қазақстандық депозитарлық қолхаттар карточкасындағы;



ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) осы Ереженің 2-1-қосымшасына сай толтырылған пайлар шығарылымының карточкасындағы;



ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

5) осы Ереженің 18-тармағының 1), 2), 28), 29), 31), 32), 34), 35), 36), 37) тармақшаларына сәйкес мәліметтер бар акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп карточкасындағы;



ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

6) осы Ереженің 18-тармағының 1), 2), 28), 29), 31), 34) тармақшаларына сәйкес мәліметтер бар облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп карточкасындағы;



ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) осы Ереженің 18-тармағының 32), 34) және 35) тармақшаларына және 20-1-тармағының 9)-11) тармақшаларына сәйкес мәліметтер бар пайларды орналастыру қорытындылары туралы есептің карточкасындағы;

7) осы Ереженің 20-тармағының 1) тармақшасының жетінші-он төртінші абзацтарына сәйкес мәліметтер бар қазақстандық депозитарлық қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есеп карточкасындағы деректер негізінде енгізіледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

6. Эмиссиялық бағалы қағаздар және олардың эмитенттері туралы мәліметтер осы Ереженің 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес жасалған өтінімдер негізінде тізілім-журналға енгізіледі.

7. Акциялар, облигациялар және қазақстандық депозитарлық қолхаттар бойынша тізілім-журнал жеке жүргізіледі.

8. Акциялар шығарылымдарына нөмірлер беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: нөмір латын алфавитінің бір әрпінен (нөмірдің бірінші позициясы) және төрт араб санынан (нөмірдің екінші, үшінші, төртінші және бесінші позициясы) тұрады. Нөмірді беру нөмірдің бірінші позициясындағы латын алфавитінің бірінші әрпінен және бесінші позицияда бір санынан басталады. Келесі нөмірлерді беру соңғы нөмірдің жүйелі түрде өсуімен жүргізіледі және нөмірдің позициясы бесінші позициядан бастап солдан оңға жүргізіледі және нөмірдің позициясы бесінші позициядан бастап солдан оңға қарай толтырылады. А9999 нөміріне жеткеннен кейін латын алфавитінің келесі әрпіне көшеді және нөмірді санау бір санынан қайта басталады.

9. Облигациялар шығарылымдарына нөмірлер беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: нөмір латын алфавитінің бір әрпінен (нөмірдің бірінші позициясы) және екі араб санынан (нөмірдің екінші және үшінші позициясы) тұрады. Нөмірді беру нөмірдің бірінші позициясындағы латын алфавитінің бірінші әрпінен және үшінші позиция бірлігінен басталады. Келесі нөмірлерді беру соңғы нөмірдің жүйелі түрде өсуімен жүргізіледі және нөмірдің позициясы екінші позициядан бастап солдан оңға қарай толтырады. А99 нөміріне жеткеннен кейін латын алфавитінің келесі әрпіне көшеді және нөмірді санау бір санынан қайта басталады.

10. Қазақстандық депозитарлық қолхаттар шығарылымдарына нөмірлер беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: қазақстандық депозитарлық қолхаттар шығарылымының нөмірі екі араб санынан тұрады. Қазақстандық депозитарлық қолхаттарының бірінші шығарылымы кезінде белгілібір негізгі активтің біреуіне «01» нөмірі беріледі. Осы эмитенттің осындай қазақстандық депозитарлық қолхаттардың келесі шығарылымдарының осындай белгілібір негізгі активіне осы «01» нөмірі беріледі. Осы эмитенттің осындай қазақстандық депозитарлық қолхаттарының келесі шығарылымдарының басқа негізгі активіне «02» нөмірі беріледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды

10-1. Пайлар шығарылымына тіркеу нөмірлерін беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: пайлар шығарылымының тіркеу нөмірі бес позициядан тұрады; нөмірдің бірінші және екінші позицияларында әрбір басқарушы компания үшін бірегей және өзгеріссіз болып қалатын Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінде инвестициялық пай қорының пайларын шығарудың бастамашысы болған басқарушы компанияның реттік нөмірін білдіретін араб цифрлары көрсетіледі; үшінші позицияда»/»деген белгі көрсетіледі; төртінші және бесінші позицияларда оны құрған басқару компанияның инвестициялық пай қорының реттік нөмірін білдіретін араб цифрлары көрсетіледі.

11. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

12. Тізілім-журналы беттеледі, тігіледі және уәкілетті органның тізілім-журналды жүргізуді жүзеге асыратын қызметкерінің қолымен бекітіледі.

13. Тізілім-журнал біткеннен кейін оның титул парағына «Тізілімде бар эмиссиялық бағалы қағаздар туралы жазбаның барлығы (шығарылым туралы соңғы жазбаның реттік нөмірі)»деген жазба жүргізіледі және еркін форматта тізілім-журналдың аяқталған күні көрсетіледі.

14. Жаңадан ашылған тізілім-журнал бағалы қағаздардың шығарылымы туралы реттік нөмірі бұрынғы тізілім-журналдағы соңғы жазбадан бір санға асатын эмиссиялық реттік нөмірді жазудан басталады.

15. Эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы туралы аяқталмаған жазбаны бір тізілім-журналдан екіншісіне көшіруге тыйым салынады.

16. Бір эмитенттің әрбір эмиссиялық бағалы қағаздары туралы мәліметтер, барлық өзгерістерді ескере отырып, Мемлекеттік тізілімде жеке ескеріледі.

17. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектілеріне тіркелген өзгерістер (толықтырулар) туралы мәліметтер және эмитент туралы деректер шығарылым проспектісіне өзгерістерді (толықтыруларды) тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бір мезгілде өзгерістер журналына және Мемлекеттік тізілімге енгізіледі.

18. Акциялар тізілімі мынадай мәліметтерден тұрады:

1) эмитенттің атауы;

2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) эмитенттің мәртебесі (қаржы агенттігі);

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05. № 155 Қаулысымен 4) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

 4) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

5) эмитент қызметінің түрлері;

6) Қазақстан Республикасының резидент еместерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысуы жазбалардың біреуінде көрсетіледі: «Шетелдің қатысуынсыз» немесе «Шетелдің қатысуымен»;

7) жазбалардың біреуінде эмитенттің мамандануы көрсетіледі: «Банк», «Сақтандыру қоғамы», «Инвестициялық қор», «Зейнетақы қоры», «Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары» немесе «Басқалары»;

8) жазбалардың біреуінде эмитенттің жарғылық капиталында мемлекеттік үлестің болуы көрсетіледі: «Мемлекеттің үлесі жоқ», «Мемлекеттің үлесі бар»;

9) эмитент орналасқан облыс немесе аймақ;

10) эмитенттің почта индексі көрсетілген мекен-жайы, орналасқан елді мекені, көшесі (массив) және құрылыстың нөмірі;

11) эмитенттің байланыс телефондары, факс және электрондық почтасының адресі;

12) жазбалардың біреуінде эмитенттің құрылу тарихы көрсетіледі: «жаңадан құрылған», «қосылған», «бөлінген», «біріккен», «қайта құрылған» немесе «басқалары»;

13) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

14) [«дд.мм.гг.»форматында] эмитенттің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;

15) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі;

16) эмиссиялық бағалы қағаздардың тіркелген шығарылымының нөмірі;

17) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

18) [«дд.мм.гг.»форматында] эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеу күні;

19) [«дд.мм.гг.»форматында] эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымының проспектісін тіркеу күні;

20) эмитенттің жарғылық капиталының мөлшері;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

21) жазбалардың бірінде көрсетілетін эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі: «жай акциялар», «артықшылықты акциялар», «ипотека облигациялары», «агенттік облигациялар», «эмитенттің мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілген купондық облигациялар», «банктің кепілдігімен қамтамасыз етілген купондық облигациялар», «қамтамасыз етілмеген купондық облигациялар», «инфрақұрылымдық облигациялар», «эмитенттің мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілген дисконтты облигациялар», «банктің кепілдігімен қамтамасыз етілген дисконтты облигациялар», «қамтамасыз етілмеген дисконтты облигациялар» (облигация бағдарламасын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді қоспағанда), пайлар;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 22) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

22) эмиссиялық бағалы қағаздардың нақтылы құны (акционерлік қоғам құрылтайшыларының арасында орналастырылатын облигациялар мен акциялар, бастапқы орналастыруға жататын пайлар);

23) эмиссиялық бағалы қағаздардың түрлері бойынша саны;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 24) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

24) артықшылықты акциялар бойынша кепілдік берілген дивидендтердің мөлшері;

25) ұлттық бірегейлендіру нөмірі;

26) жазбалардың бірінде эмиссиялық бағалы қағаздардың айырбасталымдық мүмкіндігі көрсетіледі: «Иә» немесе «Жоқ»;

27) аты-жөнін, бар болса әкесінің атын көрсете отырып, эмитенттің басқару органдары (директорлар кеңесінің төрағасы, директорлар кеңесінің мүшелері, атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға), атқарушы органның мүшелері және қоғамның бас бухгалтері);

28) эмитенттің төлем агентінің атауы;

29) эмитенттің тіркеушісінің атауы;

30) эмитенттің қаржы есебіне аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның атауы;

31) бекіту үшін [«дд.мм.гг.»форматында] эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;

32) бекіту үшін [«дд.мм.гг.»форматында] эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті бекіту күні;

33) жазбалардың бірінде көрсетілетін эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру жағдайы: «Орналастырылатын», «Толық орналастырылған», «Орналастыру тоқтатылған»;

34) эмиссиялық бағалы қағаздардың түрлері бойынша орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті бекіту күніне орналастырылған (өтелген) эмиссиялық бағалы қағаздардың саны;

35) [«дд.мм.гг.»форматында] эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған (аралық) күн (есепті күн);

36) ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)



ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

37) оларға тиесілі акциялардың эмитенттің, қоғам сатып алғанын қоспағанда, орналастырылған акцияларының жалпы санына проценттік ара қатынасты көрсете отырып, эмитенттің орналастырылған акцияларының 10 және одан астам процентіне иелік ететін акционерлер, сондай-ақ оларға тиесілі дауыс беруші акциялардың эмитенттің дауыс беруші акцияларының жалпы санына проценттік арақатынасын көрсете отырып ірі акционерлер;

38) акция шығарылымдарын жоятын органның атауы;

39) [«дд.мм.гг.»форматында] акция шығарылымын жою күні;

40) акция шығарылымдарын жоюдың себебі;

41) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеу үшін ұсынған эмитенттің құжаттарын қараған уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің аты-жөні, әкесінің аты;

42) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы және олардың эмитенттері жөніндегі ескертулер.

19. Облигациялар тізілімі мынадай мәліметтерден тұрады:

1) осы Ереженің 18-тармағының 1)-30), 41) және 42) тармақтарында көрсетілгендер;

2) облигациялар шығарылымының көлемі;

3) облигациялар айналысының мерзімі;

4) жазбалардың бірінде көрсетілетін облигациялар шығарылымының нысаны: «Құжаттандырылмаған» немесе «Құжаттандырылған»;

5) облигациялар бойынша купондық сыйақының мөлшері;

6) облигациялар бағдарламасын мемлекеттік тіркеу күні (шығарылған кезде осындай болса);

7) ипотекалық және қамтамасыз етілген облигациялардың ұстаушылары өкілдерінің атауы;

8) осы Ереженің 18-тармағының 31)-40) тармағында аталғандар.

20. Қазақстандық депозитарлық қолхаттар тізілімінде мынадай мәліметтер бар:

1) мыналарды көрсете отырып, қазақстандық депозитарлық қолхаттар эмитенттері туралы мәліметтер;

осы Ереженің 18-тармағының 1)-19), 23), 24), 25), 28) және 38)-41) тармақшаларында аталған мәліметтер;

бір қазақстандық депозитарлық қолхаттың негізгі активін құрайтын бағалы қағаздардың саны;

қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыру бағасы;

қазақстандық депозитарлық қолхаттың айналыс мерзімі;

андеррайтердің атауы;

[«дд.мм.гг.»форматында] қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;

[«дд.мм.гг.»форматында] қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні;

жазбалардың бірінде көрсетілетін қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыру жағдайы: «Орналастырылатын», «Толық орналастырылған», «Орналастыру тоқтатылған»;

қазақстандық депозитарлық қолхаттың түрлері бойынша орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күніне орналастырылған қазақстандық депозитарлық қолхаттың саны;

[«дд.мм.гг.»форматында] қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыру аяқталған (аралық) күн (есепті күн);

[«дд.мм.гг.»форматында] бекіту үшін қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыруды өтеу қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;

[«дд.мм.гг.»форматында] қазақстандық депозитарлық қолхатты өтеу аяқталған (аралық) күн (есепті күн);

[«дд.мм.гг.»форматында] қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыру қорытындылары туралы есепті назарға алу күні;

2) мыналарды көрсете отырып, қазақстандық депозитарлық қолхаттың негізгі активтерінің эмитенттері туралы деректер:

осы Ереженің 18-тармағының 1), 2), 5), 9), 24), 28), 36) және 37) тармақшаларында аталған мәліметтер;

негізгі активтің түрлері мен санаттары;

негізгі активтің айналыс мерзімі;

негізгі активтің рыноктық бағасы.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды



20-1. Пайлар тізілімінде мынадай мәліметтер бар:

1) осы Ереженің 18-тармағының 16)-18), 21), 22), 25), 32), 34), 35), 41) тармақшаларында санамаланғандар;

2) қордың атауы;

3) қордың түрі;

4) басқарушы компанияның атауы;

5) облысты, межелі жерді, көшені (массивті) және ғимарат нөмірін көрсете отырып басқарушы компанияның мекен-жайы;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05. № 155 Қаулысымен 6) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)



6) басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

7) тіркеушінің атауы;

8) кастодианның атауы;

9) орналастырылған пайлардың жалпы санында оларға тиесілі пайлардың үлесін көрсете отырып пайлардың меншік иелерінің атауы;

10) пайларды орналастырудың аяқталу күніне қордың таза активтерінің құны;

11) пайларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуге ұсынылған құжатты қараған уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің фамилиясы, инициалдары.

21. Акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде акциялар тізілімінде осы Ереженің 18-тармағының 1)-30), 36), 37), 41) және 42) тармақшалары толтырылады.

22. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде облигациялар тізілімінде осы Ереженің 19-тармағының 1)-7) тармақшалары толтырылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 22-1-тармақпен толықтырылды

22-1. Пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде осы Ереженің 18-тармағының 16)-18), 21), 22), 25), 41) тармақшалары және 20-1-тармағының 2)-8) тармақшалары толтырылады.

23. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті бекіткен кезде акциялар мен облигациялар тізілімінде осы Ереженің 18-тармағының 31)-37) тармақшалары толтырылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды

23-1. Пайларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту кезінде пайлар тізілімінде осы Ереженің 18-тармағының 32), 34), 35) тармақшалары және 20-1-тармағының 9)-11) тармақшалары толтырылады.

24. Эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымдарын жойған кезде акциялардың, облигациялардың және қазақстандық депозитарлық қолхаттардың тізілімінде осы Ереженің 18-тармағының 38)-40) тармақшалары толтырылады.



3-бөлім. Қорытынды ережелер

25. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-қосымша өзгертілді

 

Эмиссиялық бағалы қағаздарды

Мемлекеттік тізілімін жүргізу

ережесіне

1-қосымша

 

АКЦИЯЛАРДЫ ШЫҒАРУ КАРТОЧКАСЫ

 

Эмитенттің атауы __________________________________________________________________.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуі __________________

Қызмет түрі ______________________________________________________________.

Мамандану: (қажеттісін көрсету) банк ____; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы____; зейнетақы қоры____; инвестициялық қор ____; бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары___; басқалары ____

Мемлекеттік үлес: Иә __; Жоқ __.

Облыс ___________ Мекен-жайы ___________________________________________________________.

телефоны _________________ факс ______________ электрондық почтаның

адресі __________________.

Эмитенттің тарихы: (қажеттісін көрсету) құру ____; қосу ____, қайта ұйымдастыру ____; бөліну ____; біріктіру ____; қайта құру ____; басқалары ____.

Заңды тұлғаны  тіркеу (қайта тіркеу) органы ____ тіркеу күні ________ нөмірі ________.

Жарғылық капитал мөлшері ________, құрылтайшылар төлейтін акциялардың нақтылы құны__

Тіркеушінің атауы ______________________________________,

Төлем  агенті___________________ Аудиторлық ұйым  _______________

Шығарылымның құрылымы:

 

 

акцияның

  түрі  

         


 Саны 

       


       

айырбасталымдылық

   мүмкіндігі   

                 


  артықшылықты акциялар       

   үшін дивидендтердің        

 кепілдік берілген мөлшері    


 

Акциялардың 10%-нен астамын иеленетіндер акционерлер (шығарылым проспектісі бойынша)

 


  №

 р/с


   

    


    

    


 

 

 



 

 

 



  Акционер  

             

             

             

             

             

 

 

 



 

 

 



   Мекен-жайы  

                

                

                

                

                

 

 

 



 

 

 



қоғамның орналастырылған акцияларының 

он және одан астам процентіне иелік 

ететін әрбір акционер акцияларының, 

қоғам сатып алғанын қоспағанда, 

орналастырылған акциялардың жалпы 

санына проценттік ара қатынасы, 

сондай-ақ қоғамның дауыс беруші 

акцияларының он және одан астам 

процентіне иелік ететін акционерге 

тиесілі акциялардың қоғамның дауыс 

беруші акциялардың жалпы санына 

проценттік ара қатынасы

     

              

                 

                                  

 

    Лауазымы    

                 

                 

                 

                 

                 

                 

                 

                 

            

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

   Аты-жөні,  

   бар болса  

 әкесінің аты 

               

               

               

               

               

               

             

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

қоғамның орналастырылған 

акцияларының он және одан 

астам процентіне 

иелік ететін әрбір 

акционер акцияларының, 

қоғам сатып алғанын 

қоспағанда, орналастырылған 

акциялардың жалпы 

санына проценттік 

ара қатынасы, сондай-ақ 

қоғамның дауыс беруші 

акцияларының он және 

одан астам процентіне 

иелік ететін акционерге 

тиесілі акциялардың 

қоғамның дауыс 

беруші акциялардың 

жалпы санына проценттік 

ара қатынасы

 


  Қай күннен

    бастап  

  лауазымды 

   қызметте 

             

             

             

             

             

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

            



Директорлар                                                       

кеңесінің Төрағасы                                                 

                                                                   

Директорлар                                                       

кеңесінің мүшелері                                                

                                                                   

Атқарушы органның                                                 

басшысы немесе                                                    

атқарушы органның                                                  

функцияларын жеке                                                 

дара орындайтын                                                   

тұлға                                                             

                                                                   

Атқарушы органның                                                 

мүшелері                                                          

                                                                   

Бас бухгалтер                                                      


 

Атқарушы органның орындаушысы _____________ Қолы ______ күні_______

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



 

                                      Эмиссиялық бағалы қағаздардың

                                       мемлекеттік тізілімін жүргізу

                                             ережесіне 2-қосымша

 

Облигацияларды шығару карточкасы



 

Эмитенттің атауы____________________________________________________

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуi___________________________

Қызмет түрi_________________________________________________________

Мамандану: (қажеттісін көрсету) банк______; сақтандыру (қайта

сақтандыру) ұйымы_____; зейнетақы қоры______; инвестициялық қор____;

бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы_____; басқалары______

Мемлекеттік үлес: Иә___; Жоқ____.

Облыс___________Мекен-жай__________________________________________.

телефоны__________ факс___________электрондық почтаның адресi______.

Эмитенттің тарихы: құру_____; біріктіру________, бөлу______________;

бөліп шығару______; қосу_______; өзгерту_______; басқалары_________.

Заңды тұлғаны тіркеген орган________________________________________

тіркелген күнi_____________нөмірi________________.

Шығарылым көлемi___________теңге, номиналды құны____________________

Тіркеушінің атауы:__________________________________________________

Облигациялар шығарылымының (облигация бағдарламасының) тіркелген күні:

Өлшем бірлігін көрсете отырып облигациялардың айналыс мерзімi

____________________________________ (жылдар, айлар, апталар, күндер)

Купондарды төлеу кезеңділігi________________________________________

Шығарылым құрылымы:

 

Облигация-

лар шыға-

рылымының

нөмірі

және түрі

Шығарылым

көлемі

Номиналды құны

Саны

Ұлттық

бірегей-

лендіру

нөмірі

Айыр-

бастау

мүмкін-

дігі

Купон-

дық

ставка

мөлше-

рі

 

Эмитенттің лауазымды тұғалары туралы мәліметтер:

 


Лауазымы

фамилиясы,

аты, әкесінің

аты

Қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан астам процентіне иелік ететін әрбір акционер акцияларының, қоғам сатып алғанын қоспағанда, орналастырылған акциялардың жалпы санына проценттік ара қатынасы, сондай-ақ қоғамның дауыс беруші акцияларының он және одан астам процентіне иелік ететін акционерге тиесілі акциялардың қоғамның дауыс беруші акциялардың жалпы санына проценттік ара қатынасы

Бірінші басшы

 

 

Бас бухгалтер

 

 

 

Уәкілетті органның орындаушысы_________Қолы_________күні_________.

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 2-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05. № 155 Қаулысымен 2-1-қосымша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)



 

                                      Эмиссиялық бағалы қағаздардың

                                       мемлекеттік тізілімін жүргізу

                                             ережесіне 2-1 қосымша

 

Пайлар шығарылымының карточкасы

 

Пайлар шығарылымының тіркеу нөмірi__________________________________

Пай қорының түрі:___________________________________________________

Пай қорының атауы:__________________________________________________

Пайлар шығарылымының тіркелген күні:________________________________

Пай қорының қызмет ету мерзімі:_____________________________________

Пайдың номиналды құны:______________________________________________

Пайларға берілген ұлттық бірегейлендіру нөмірі:_____________________

Пайларды орналастырудың басталу шарттары:___________________________

Басқарушы компанияның атауы:________________________________________

Басқарушы компанияның мекен-жайы:

облыс:______________________________________________________________

мекен-жайы:_________________________________________________________

Басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі:_______

Кастодианның атауы:_________________________________________________

Тіркеушінің атауы:__________________________________________________

Уәкілетті органның орындаушысы_________Қолы_________күні____________

 

Эмиссиялық бағалы қағаздарды



Мемлекеттік тізілімін жүргізу

ережесіне

3-қосымша

Акцияларды шығару нөмірін және ұлттық

бірегейлендіру нөмірлерін алу үшін

ӨТІНІМ

  


 1   Эмитенттің толық атауы                                        

 2   Толық почталық мекен-жайы                                    

 3   Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) органы                   

 4   Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) күні                     

 5   Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі                   

 6   Акцияларды шығаруды мемлекеттік тіркеу                       

     немесе акция шығарылымын мемлекеттік                         

     тіркеу туралы куәлікті ауыстыру                              

 7   Шығарылым нөмірі                                             

 8   Жай акциялардың ұлттық бірегейлендіру                        

     нөмірі                                                       

 9   Артықшылықты акциялардың бірегейлендіру                      

     нөмірі                                                       

 10  Орындаушы                                                    

 11  Өтінім берген күн                                            


 

Эмиссиялық бағалы қағаздарды

Мемлекеттік тізілімін жүргізу

ережесіне 4-қосымша

 

Облигацияларды шығару нөмірін және ұлттық



бірегейлендіру нөмірлерін алу үшін

ӨТІНІМ

  1    Эмитенттің толық атауы                                      

  2    Толық почталық мекен-жайы                                   

  3    Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) органы                  

  4    Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) күні                    

  5    Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі                  

  6    Жарғылық капиталдың нөмірі                                  

  7    Облигациялардың түрі                                        

  8    Облигациялардың айналыс мерзімі                             

  9    Шығарылым нөмірі                                            

  10   Облигацияның ұлттық бірегейлендіру нөмірі                    

  11   Орындаушы                                                   

  12   Өтінім берген күн                                           



 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 76 Қаулысымен 5-қосымшамен толықтырылды



                                       Эмиссиялық бағалы қағаздардың

                                       мемлекеттік тізілімін жүргізу

                                             ережесіне 5 қосымша

 

Пайлар шығарылымын тіркеу нөмірін және ұлттық бірегейлендіру



нөмірін алу үшін өтінім

 


1

Пай қорының атауы

 

2

Пай қорының түрi

 

3

Басқарушы компания

 

4

Басқарушы компанияның толық почталық мекен-жайы

 

5

Қордың қызмет ету мерзімi

 

6

Басқарушы компанияның нөмірi

 

7

Пай қорының нөмірi

 

8

Шығарылымның тіркеу нөмірi

 

9

Пайлардың ұлттық бірегейлендіру нөмірі

 

 

Уәкілетті органның орындаушысы_________Қолы_________күні_________.

 

     Қазақстан Республикасының



     Ұлттық Банкі Басқармасының

     «Эмиссиялық бағалы қағаздардың

     мемлекеттік тізілімін жүргізу

     ережесін бекіту туралы»

     2003 жылғы 27 қазандағы

     № 382 қаулысына

     2-қосымша

 

Күші жойылды деп танылған нормативтік



құқықтық актілердің тізбесі

Мынадай құқықтық нормативтік актілердің:

1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының «Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінде тіркеу тәртібі және оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін беру туралы ережесін бекіту жөніндегі» 1997 жылғы 8 қазандағы № 159 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 460 тіркелген, Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілердің жинағына 1998 жылы жарияланған, 2-том);

2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының «Қазақстан Республикасында шаруашылық субъектілерінің облигацияларын бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінде тіркеу тәртібі және оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін беру туралы ережесін бекіту жөніндегі» 1997 жылғы 8 қазандағы № 162 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 459 тіркелген, Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілердің жинағына 1998 жылы жарияланған, 2-том);



3) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының «Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінде тіркеу тәртібі және оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін беру туралы ережесін бекіту жөніндегі» 1997 жылғы 8 қазандағы № 159 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2001 жылғы 11 қаңтардағы № 97 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1393 тіркелген, Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілердің жинағына 1998 жылы жарияланған, 3-том) күші жойылды деп танылсын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет