ӘОЖ 7.01126
ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНДЕГІ ОЮ-ӨРНЕКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМДАР
Нышанбаева Ғ.
"Сырдария" университетінің магистранты
Резюме: В статы рассматриваются вонрось о видовых понятиях орнамента в казахском прикладном искусстве.
Summary: The guestions about the kind of ornaments in the Kazakh applied ats are examined in this article.
"Ою мен өрнек қазақтың қосалқы екі ұғымынан пайда болған. Екі ұғым бірге келіп, ою- өрнек аталып, латынның" орнамент" деген ұғымына сәйкес келіп, яғни " әсемдеу", "сәндеу" деген мағынаны береді. Сонда ою дегеніміз –белгілі бір затты, ол матадан, киізден, тастан, теріден, ағаш пен сүйектен және қағаздан ою, кесу, т.б. тәсілдер арқылы жасалады.
Ал өрнек өру немесе тоқу, кестелеу, торлау, термелеу, зерделеу, көмкеру және т.б. түрінде берілуі мүмкін" делінеді.
Т.Тілеубекұлының" Қазақтың ою-өрнектері мен зергерлік бұйымдары" атты еңбегінде [1].
Еңбекте автор ою-өрнектердің шығу тегі, түрлері, атаулары мен мағыналарын қазақ қолөнерінде қолданылатын түрлерін талдап, жіктеп бере алған.
Негізінен қол-өнер, этнографиялық бұйымдарды, заттарды айтқанда қазақтың ордасы, өнер көшінің басы-Қазақ-үйдің ішіндегі үй мүліктері ыдыс-аяқ, жүк жиһаздарынан бастан киім- кешек, зергерлік бұйымдары, ат әбзелдері, аяқ-киім, қару-жарақ және де күнделікті тұрмысына қолданылатын заттарды зерттеп, іздеп тауып оларды танып, оқып талқылап бастағанымыз жөн [2]. Өйткені қазақтың киіз үйі барлық қол өнердің негізін құраушы, бастаушы-өнер, барлық өнердің түрлерінің негізін өз бойына жинаған киелі ұлы көшпенділердің, ошақты ордалы отауы, панасы.
Киіз үйдің құрылысынан ағашты өңдеи жонуды, июді, бояуды шаңырақ, уық, керегеден көрсек, темірді ұстаның есікке темірден жасағанын байқасақ, жүннен, сырып, тоқып, ойып және оюмен басылған текемет, сырмақ, бау-басқұрларды, тұырлық пен үзікті кездестіреміз.
Сонда киіз үйде жүннен -киіз, арқан, бау-басқұр, алаша, текемет, сырмақ, кілем, түскиіз, сүйектен кебеже, ағаш сүйек төсек, жүкаяқ, әбдіре -сандық теріден суйретпе, торсық, түскілем, тері сандық, қобди және ағаштан жоғарыда айтылған үйдің ағаш сүйектерінің аса шеберлікпен өңделіп жасалғанын дәлелдеуші ретінде айтуға болады [2, 279 б.].
Киізден жасалған қол өнер туындыларына ғалымдар төмендегілерді жатқызады. Киіз үй баулары – аяқ бау (көшер кезде уықтардың аяқ жағынан буып байлайтын өрмелі жіп), басқұр (керегелердің бастарын байлайтын тоқымалы жіп),тегеріш (шығыршық)- (үй іргесі мен уықтарын және киіз үйдің ішкі жағын байлайтын бау).
Киізден жасалған бұйымдар, төсектер (сырмақ, текемет), көшкенде ыдыс-аяқ қаптайтын киіз бұйымдары (аяққап, қазанқап, төсекқап, тұтқыш-қазан құлағын ұстайтын кесек киіз, киізден жасалған аяқ киімдер: байпақ-етіктің ішінен киілетін, кебенек–қозы жүнінен жасалған киіз етік, киіз қалпақ, пима және т.б).
Киіз үйге арналған бұйымдар мыналар: туырлық-шаңырақтан бастап керегені толық жабатын киіз, үзік-шаңырақтан бастап керегенің басын жауып тұрады туырлықтың үстінен жабылады, түндік-төрт бұрышты, ұштарында төрт бауы бар, жел мен жанбырда түнде шаңырақты жауып қояды, киіз есік-күзгі суықта үйге жел кірмеу үшін, үй жылы болу үшін сырттан жабылады және т.б.
Ағаштан жасалған үй-жиһаздарына мыналарды жатқызуға болады:
абажа-ас, тағамға арналған сандық;
бөгіре-шай жабдықтарын сақтайтын қол сандық;
абдыра-киім-кешек сақтайтын сандық;
адылбақан-киім ілетін ілгіш;
жүк аяқ-сандықтың астына қоятын ағаш;
асадал-тамақ салатын шкаф;
бесік-нәресте жататын орын және т.б.
Өрілген тоқылған бұйымдар өз алдына жіктеледі:
Алаша- киіздің үстіне жайылады;
шидем шапан-тоқылған, өрілген жүннен жасалады;
қоржын-өрмектен тоқылады;
Теріден жасалған бұйымдар өз алдына бір топты құрайды. Мысалы: тақыр шалбар-жаз айларында киеді, бас киімдер: бөрік, құлақшын, малақай, тақия, тымақ, бөстек-терісі иленбеген мал терісі, тулақ-ірі малдың иленбеген терісі төсеніш, ат әбзелдері–айыл,жүген, құйысқан, шылбыр , қанжыға және т.б. торсық, күбі , қауға-қымыз дайындайтын, су таситын ыдыс.
Металдан жасалған бұйымдар қолөнерде баршылық:
батырлар қаруы: айбалта, дұлыға, қалқан, қылыш, найза, сауыт, семсер, шоқпар, мылтық және т.б.
Ас үйде қолданылатын ыдыс аяақтарға самаурын және шәйнек, қазан, шелек және т.б. жатады.
Қыз келіншектерге арнайы істелген зергерлік бұйымдары алқа, сақина, жүзік балдақ, сәукеле, сырға, білезік, түйме, шашбау, шолпы және т.б.
Қолданбалы қол өнер, дәстүрлі салтты қолданбалы қол өнер,сәндік қолданбалы қолөнер, деп адамның қолының таңбасын, белгісін туынды шығармада көрсетілген образдар бейнесін, ою өрнектер бір материалық затқа қондыру, көшіру, болмаса жеке туынды шығарманы әр түрлі нақышты формаларда, пішіндерде орындауды әр түрлі шейкізаттарды көркемдеп өңдеп компюзициялық ойдың жүйелі қортындысын алуды айтады.
"Қол өнер" –деген сөзі мен сөйлемнің этимологиялық түбірі, мәтін –мағанасы бір болғанымен техстологиялық ұғымы, қол өнерді істе қолдану, тұрмыста пайдалану аясы әртүрлі, әдістеме –технологиялық дайындау жолдары бір-бірінен айрықша.
Қолданбалы қол өнер салалары әртүрлі шикізаттардан (ағаштан, темірден, жезден, мыстан, алтын-күмістен, теріден, киізден, шыныдан, балшықтан, гипстен, жүннен, қағаздан, боялып, ойылып иленіп, тоқылып, кестеленіп шебер өңделіп) көркемдестік шикізат формасына қол өнер туындысына, творчестволық шығармаға айналады.
Халықтың рухани, мәдени әлемі оның дәстүрлі өнерінен көрінеді және тиісті өз орнын алады. Ұлттық өнер, халқымыздың қолданбалы өнерінің ең биік жетістіктерінің бірі.
Бүгінгі күнге дейін өмірде пайдаланылып келген ою өрнектер, сәндік әшекейлік өнерлер талай ұрпақтың ақыл ойы мен шеберлігінің жемісі.
Бүгінгі жағдайда оқушылардың санасында, ой өрісінде жалпы азаматтық адамзаттық рухани құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оның даралық ерекшеліктерін танып дұрыс бағытта дамыту, қолдау көрсету жаңа әлеуметтік жағдаида жаңа азаматты қазақтың өнері арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейтестілігі күннен күнге артып отыр.
Жоғарыда келтірілген қол өнер туындыларының барлығы да қазақтың ою-өрнектерімен ұлы шеберлер қолынан көркемделген әсемделген, эстетикалық мән-мазмұнға ие болған халық туындылары.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Тілеубекұлы Т. Қазақтың ою өрнектері мен зергерлік бұйымдары - Оқу құралы Астана "Фолианг" 2008, -136 бет.
2. Әмірғазин Қ. Қазақ халқының сәндік қолданбалы қол өнері негізінің ғылыми теориясы. Конференция материалдары. Қазақстан білім қоғамы жолында білім жүйесін жаңғырту білім қоғамының басты бағыты "Сырдария" университеті. Жетісай қаласы. 2013 ж. 19-20. қазан, -279 б.
Достарыңызбен бөлісу: |