Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Көшбасшы.Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор»
Мақсаттары:
- Оқушылардың санасында тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа құрмет көрсету, саяси құндылық пен саяси мәдениеттің бір тірегі екенін қалыптастыру;
- бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет - қадірін, тұлғалық тұғырын түсіндіру;
- елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын,халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Іс-шара түрі: ғылыми - практикалық конференция.
Іс-шараның көрнекіліктері:
Слайдтар:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев портреттері.
Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, ЭКСПО, « Мәңгілік ел», сыртқы саясат тақырыбындағы суреттері.
буклеттер « Елбасы-сегіз қырлы,бір сырлы»және «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні»
«Балалық шағымның аспаны»» деректі фильм, 2010
«Елбасының еңбек жолы» атты көркем фильм, 2013ж
-«Елбасының студенттік шағы»» атты деректі фильм, 2012ж
«Нұрлы жол-болашаққа бастайтын Жол» атты бейнематериал.
Қазақстан Республикасының әнұраны «Менің Қазақстаным» әні: Ш.Қалдаяқов, сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.
«Отаным Қазақстан» атты әніне бейне ролик әні Б.Есебаевтікі, орындайтын Саят Медеуов.
ТОҚ: интерактивті тақта, слайдтар жазылған диск, видеокамера және фотоаппарат.
Іс – шара барысы:
I.Жүргізуші-оқытушы:
Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар мен шәкірттер!
Бүгінгі өткізіліп отырған ғылыми – практикалық конференциямыздың тақырыбы «Көшбасшы.Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор» Елдік дәрежедегі елеулі мерекеге айналған Тұңғыш Президент күні – Тәуелсіз, қуатты мемлекет қалыптастырған Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасын айшықтайтын маңызды мереке ретінде тарих көшіне жалғаса береді. «Тұңғыш Президент жолын көпке, әсіресе, жас ұрпаққа танытудың мәні зор. Өйткені, Елбасының жолы – Қазақстан тәуелсіздігінің жолымен ұштаса өрілген жол. Ел тарихында болған әр сәтте, қол жеткізілген әр жетістікте Елбасының шешімі, ықпалы, қолтаңбасы бар. Ендеше, Тұңғыш Президент жолы – бір адамның жүрген жолы ғана емес, ол – болашаққа ұмтылған қоғамның жолы. Ізденістің, еңбекқорлықтың, төзімділіктің, күрестің және жеңістің жолы. Елбасы жолын баршаға танытып, насихаттау Қазақстанды озық елдер қатарына апаратын жас буынды тәрбиелеу үшін керек. Бұл – туған жері, халқы алдындағы перзенттік парызын, азаматтық борышын өтеймін дегендер үшін баға жетпес сабақ.
«Қазақстан Елбасының жетекшілігімен аяғынан тұрған мемлекетке айналды. Менің айтарым, біріншіден, Елбасы әлем «қазақстандық жол» деп атаған Қазақстанды үш кешенді жаңартудың авторы және жүзеге асырушысы болып табылады. Екіншіден, Елбасының жетекшілігімен Қазақстан КСРО-ның шикізатты елінен заманауи, аяғынан нық тұрған мемлекетке айналды. Үшіншіден, біздің еліміз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің және орташа даму деңгейі бар елдердің тобына енді. Біздің еліміз әлемнің ықпалды және беделді ұйымдарының мүшесі болды. Сондай-ақ, ядролық ең қауіпсіз елдердің қатарында. Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық күн ретінде белгіледі. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткенде, ол Орталық Азия аумағы бойынша 10 жыл үзілістен кейін бірінші рет ЕҚЫҰ саммиті өткен ел болды. Қазақстан ТМД аумағындағы Халықаралық арнайыландырылған ЭКСПО көрмесін өз алаңында өткізген тұңғыш ел. Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстан 300 милиард доллардан артық шетел инвестициясын тартты. Мұның барлығы да Елбасы есімімен байланысты»
Достарыңызбен бөлісу: |