«Өнер көзі-халықта » Бегалиева Гульшат Шынболатқызы. 1970 жылы 13 тамызда дүниеге келді



Дата16.06.2016
өлшемі84.28 Kb.
#139904
түріСабақ
« Өнер көзі-халықта...»




Бегалиева

Гульшат

Шынболатқызы.

1970 жылы 13 тамызда дүниеге келді.

1993 жылы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтын бітірді.

1993 жылдан бері Жаңажол ОЖББ мектебінде технология ,сурет және сызу пәнінен сабақ беріп келеді.

Сабақтың тақырыбы:Қолөнер технологиясы.Кестелеу.Айқаспа тігісті кесте.9-сынып

Білімділік мақсаты: қолөнер,кестелеу туралы өткен сыныптардағы ұғымдары мен түсініктерін жинақтау,кестелеу мен айқаспа кесте тігілуі жайлы білімді қалыптастыру;

Дамытушылық мақсаты:оқушының танымдық қызығушылығын арттыру,ой-өрісін,қабілеттілігін,өз бетінше жұмыс жасау шеберлігін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты:салт-дәстүрді құрметтеуге,жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін ескере отырып,жұмыс тәртібін сақтауға,ұқыптылыққа,жауапкершілікке,шыдамдылыққа,әсемділікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену,сарамандық.

Сабақтың көрнекілігі:шағын көрме,Қазақ халқының ұлттық киімдері энциклопедиясы,кесте түрлері,кесте жинағы.

Құрал –жабдықтар:канва матасы,жіптер,зығыр,мақта-мата,ине,қайшы,көшірмеқағаз,калька,кергіш түрлері.

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,сызу,тарих.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Адамдар тұрмыс халдерінің үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени - тұрмыстық тілектері де өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімін қазіргі сән үлгісімен сәйкестендіре отырып, адам өзінің талғампаздығын, қайталанбас әсемдік ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне осындай өнердің бірі "кесте тігу" өнерін қолға алып , оқушылармен жұмыс жасаймыз.

Тоқумен, тігумен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін ғана жасамайды, тоқу, тігіс әдісінің өзі оған қуаныш әкеледі, өзінің сондай жұмысты аяқтаудың өзі бір жеңіске жеткендей керемет сезімде болады.     Себебі, түрлі - түсті бояулар әлемнің үйлесімділігі, алуан модалар мен фасондар, түрлі тоқу әдістері оның тоқу, тігу шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Қолөнерімен айналысқан кезінде адамның көңіл күйі сабасына түсіп, бір сәт өзімен - өзі болып шаршағаны басылып, миы тынығады.   Әрі еңбек, әрі ермек. Ата – бабаларымыз қызы мен ұлына өнердің түрлерін үйретіп бір сырлы, сегіз қырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді  үйретсе, ұл балаларға таспа бау жасау, өрім өру, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қол өнер түрлері де сан алуан. Енді біз бүгінгі сабағымызда соның ішінде кесте тігу өнеріне тоқталамыз.

Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей. Кесте тігудің алуан әдісі бар



Сұрақ:Көркем тігіс түрлерін ата?

Тор тігіс Айқас тігіс Таңдай тігіс

Тышқан із Көркем тігіс Қабырға тігіс

тігісі


Түйін тігіс Жіп салып тігу Жұлдызша тігіс

Жоғарыда аталған көркем тігістер арқылы қандай кесте түрін тігуге болады?



Моншақ кесте Әредік кесте Біз кесте

Айқас кесте Кесте Баспа кесте

Оюластырған кесте

Біз бүгінгі сабағымызда кесте түрлерінің ішінен айқаспа кестеге тоқталамыз.

Айқаспа кесте-тор көзді матаға жіпті айқастыра отырып кестеленеді.Айқаспа кестенің көлденең немесе тік тоқылу ерекшеліктері бар.

Әлемнің әр елінде ерлер де,әйелдер де айналысқан.Кестелеу үшін адамға үлкен шыдамдылық керек.

Кестелеу –киімнің ең негізгі танымал,сәнді бөлігі.

Кестені үлкен 2 топқа бөледі.

Еркін және санап кестелеу.

Еркін кестелеуге:бір жақты шым кесте

Атласты кесте

Түйіндеу

Рококо


Сабақты

Тамбурлы т.б.жатады.



Санап кестелеу:

Жай кесте

Күрделі

Гобеленді

Қауіпсіздік ереже.

Оқушылар оқулықтан және интерактивті тақтадан Қауіпсіздік ережесімен танысады.



Сарамандық жұмыс.




1.Канваға тігіп үйрену.

2.Нұсқау карта

Айқаспа кесте тігістерінің түрлерін әр оқушы өз қалауы бойынша таңдап орындайды.



І тәсіл:көлденең тігу.

ІІ тәсіл:тігінен тігу.

Кестеленген бұйымның күтімі.

1.Оны суға салып қайнатуға болмайды.

2.Жылы суда жуу керек.

3.Жуғаннан кейін сығып,5-6 минут түкті орамалға орап қою керек.

4.Дымқыл күйінде астар жағынан үтіктеу керек.

 Айқас тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отырады. Бұл қазір кесте тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр.


Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы түрлі өрнек салады. Тесік аралығын кереге көздеу әдісінде кестенің тесік аралығындағы жіптерін өрмелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұндай тесіп, торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек жапқыштар әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш төсеніштер, дастарқандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп қоятын маталар кестеленеді.
Кестелеу технологиясы.

1.Мата дайындау.

2.Суретті белгілеу.

3.Суретті матаға көшіру.

4.Бұйымды кергішке керу.

5.Кестеленетін эскиз суретіне байланысты жіптердің түсін дұрыс таңдай білу.

Қол инемен,қайшымен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

«Туған өлкем-қандай көркем» тақырыбына жұмысты бастау.

Сабақтан алған әсерлері бойынша оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табады.

1.Оймақтың себі инеге тиеді,

Иненің себі.....(түймеге тиеді).

2.Кестені көңіл сызады,

Қол тігеді,.....(көз сынайды).

3.Ұшын түймегеннің

Үш шаншым....( ісі қалар).

4.Жасында салақ болсаң,

Өскенде ......(олақ боларсың).

5.Кенересіне қарап бөзін ал,

Өнегесіне қарап .....(сөзін ал).



Сабақты қорытындылау.

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолында.

Өнерлінің ырысы-

Жарқырап жатар жолында,-деп,сабақты қорытындылаймыз.

Бағалау:оқушыларды шығармашылық жұмыстарына қарай бағалау.

Үйге тапсырма:схема бойынша кестелеуді жалғастыру,кестелеу туралы реферат,презентация дайындау.



Нұсқау карта




Жұмыстың орындалу түрі

Керекті заттар

1

Матаны кергішке керу

Кергіш мата

2

Кестеге арнап эскиз құру

Мата ,қарындаш

3

Матаға сурет салу

Жіп ,ине,қайшы

4

Матаға салынған суреттерді кестелеу




5

Ішкі жағын түрлі өнді жіптермен толтыру.

Жіп ,қайшы,ине


Күтілетін нәтиже

Қолөнер туындыларын жарыққа шығару



Оқушы өзінің қажеттілігін қамтамасыз етеді

Оқушылардың іскерлігін,

дүниені тануға ұқыптылығын

дамытады

Өнер-мінсең ат,

Ұшсаң-қанат,

Кисең –жанат,

Ішсең –тамақ.

«Берекені көктен тілеме,еткен еңбектен тіле»

АБАЙ

Еңбекке баулу оқушыларға техникалық,технологиялық білім мен білік беретін,оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын,оқушыларды перспективалық технологиялармен таныстырып,олардың политехникалық көзқарасын қалыптастыратын пән.

Бұл пән оқушыларды тұрмыстық және өндірістік қызмет түрлерімен таныстырып,экономикалық өзгерістерге бейімдеп,келешек өмірге дайындап,жанында жүрген үлкендердің қызметін дұрыс сезінуге,түсінуге мүмкіндік береді.

Шашақ шешен өз сөзінде

«Дәулетің,ұлым өнерің,

Өнермен артар беделің.

Өнерің болса бойында,

Халқыңа тиер көмегің» деген екен.

Біздің міндетіміз оқушының бойында жасырынып жатқан дарынды ашып көрсету.Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы,ең алдымен,оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ.Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру.Баланың білімін терендетіп,шығармашылық еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту барысында қолөнер үйірмесінің мүмкіншілігі мен артықшылығы зор.Өзім жетекшілік ететін «Өрелі өрнек»қолөнер үйірмесіне қатысатын оқушылар алған теориялық білімдерін іс жүзінде пайдаланып,түрлі бұйымдар жасауына мүмкіндіктер алады.Оқушының танымдық қызығушылығы артып,әр түрлі пәндерден алған білім-білік дағдыларын пайдаланып,бейнелеу өнері,сызу,математика,тарих,химия пәндерімен тығыз байланыс жасайды.Олар мұғалім көмегімен әр түрлі бұйымдар жасаумен бірге,ол бұйымға,өнделу технологиясына талдау жасап,өзіндік пікір айтуға жаттығады.Осылайша оқушылар әр түрлі шығармаларды зерттей отырып,баға беру арқылы өз бойларында келешек кәсіби іске қажетті бағалау,саралау қасиеттерін де қалыптастырады. Мұғалім міндеті баланың ерік жігерін дамыту,өзіне деген сенімен қалыптастыру.Осы мақсатта «Өрелі өрнек» үйірмесіне жетекші болып келемін.Пән сабағы және үйірме жұмыстары арқылы мектеп оқушыларын шеберлікке дағдыландырып келемін.Нәтижесінде оқушыларым кесте,тықыр,түкті гобелен тоқудан және жаңа үлгідегі квиллинг атты өнермен шұғылданып көптеген аудандық,облыстық көрмелерге,байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.

ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры.Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.Ұлттық педагогиканы насихаттауда қай пәннің де ыңғайы мен мүмкіндіктері мол.Соның ішінде технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрену ұлттық тәрбиенің қайнар көзі десе де болады.Қолөнерді үйрену арқылы шығармашылықпен ұштастырып білім алу,еңбек етуге баулумен қатар салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы.Кез келген бұйымның тарихын ашып,жасау құпиясын білу,қосымша әдебиеттерден мағлұмат алу,жасалу технологиясымен танысу оқушының шығармашылықпен іске кірісуіне жол ашады.Халық өнерінің шығармашылығын игеру жсасөспірімдер үшін сәндік-қолданбалы өнердің алуан түрлерің,дәстүрлі техникалық әдістері мен шеберлік дағдыларын жеңіл меңгеруге,өз бетінше жобалар дайындауға дағдыландырады.



Жалпы технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрену арқылы ұлттық тәрбиенің артықшылығын байқаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет