ӘӨЖ 338.48(574)
ЭКСПО тарихы және ЭКСПО 2017 Қазақстан республикасының туризм кластерін дамытудагы орны
Сулейменова Г.Н., М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Орал қ.
Бүкіләлемдік көрмелер тарихы 1851 жылы Лондонда өткізілген «Барлық халықтардың өндірістік жұмыстарының ұлы көрмесінен» басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда.
1928 жылы Парижде көрме қызметін реттеу мақсатында Халықаралық көрме бюросы (ХКБ) құрылды. Бүгінгі күні ол өте ежелгі және өкілетті халықаралық құрылымдардың бірі.Халықаралық көрме бюросы халықаралық көрмелер принциптері мен мақсаттарының сақталуын, халықаралық қызметтесу шеңберінде білім беру, инновациялар саласында, жалпыадамзат мәселелері бойынша пікір алмасу жөніндегі ғаламдық сұқбат-кездесулер ұйымдастыруды қадағалайды.
Көрнекті ғимараттар. Экспериментальды қалалар
1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы барлық экспонаттар сыятын БІР ҒИМАРАТТА өткізілді.
1855 жылдан бастап Бүкіләлемдік көрмені бір ғимаратта өткізу концепциясы ескіріп, көрме кеңістігін ұйымдастырудың жаңа нысаны – көрме алаңдары туындады. Сөйтіп, халықаралық көрме қалашықтары пайда болады. 1893 жылғы Чикагодағы “Ақ қала” осындай қалалардың алғашқы қарлығашы. Көрмелеуді бұлай ұйымдастыру салынған нысанарды келешекте де пайдалануға мүмкіндік береді: экспозициялар көлдің айналасынағы ареналар мен салаларда орналасты.
Көрмені қабылдаған қалалар заманауилықтың,техникалық прогрестің, және бүкіл әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы …
«Экспо көрмесінің» өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар ретінде орын алып жатқан «әлемдік денгейдегі театр сахнасы» іспетті.
Көрермен Бүкіләлемдік көрмелерге ғылыми сабақ және жаңа біліммен қатар, көңіл көтерудің жаңа түрлерімен танысуға, ғажайып заттарды тамашалауға деген құлшыныспен келетін. Осылай XIX ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде қазіргі аттрациондардың алғашқы нұсқалары пайда болды.
Көрмелердің пайда болуы және қалыптасуы қарқынды ғылыми-техникалық прогрес жылдарына келді.Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары, сондай-ақ телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш қондырғылар, роботтар – заманауи адамға үйреншікті өнертабыстар - әр жылдары көрмелерде алғаш рет ұсынылған болатын.
Көрмелерге қатысуға дарынды ақындар, суретшілер, мүсіншілер тартылды. Вагнер, Штраус, Верди көрмелерге арнайы музыкалық шығармалар жазды. 1867 жылы Мане Париждегі Бүкіләлемдік көрменің суреттерін салса, 1939 жылы Дали Нью-Йоркте сюрреализм павильонын рәсімдейді, ал 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың сиволына айналған «Герниканы» ұсынды. Байқасаңыз, көрсетілімдегі ән Әмре Қашайбаевтің Балқадишасы, автордың орындауында, Парижде откен ЭКСПОда осы ән куміс жүлдегері атанган екен.
Қабылдаушы қалалар үшін көрмелер – болашаққа қадам жасаудың тамаша мүмкіндігі : жаңа технологиялар, құрал-жабдықтар, көлікпен тасымалдау жүйелері және қызмет көрсету, қалақұрылысы және сәулет салаларындағы алдыңғы қатарлы өнертабыстар. Бұлардың барлығы қала тарихында осында өткен көрме туралы өшпес із қалдырады.
Көрмелер – өзінің масштабы, жаңашылдығы және келушілер саны бойынша бірегей оқиғалар. Бүгінгі күні 166 мемлекет мүше, олардың барлығы өз елінде Экспо-ны қабылдап осындай елеулі оқиғаны өз жерінде өткізгісі келеді. Болашаққа белгіленген көрмелер: Бүкіләлемдік әмбебап көрме 2015 жыл Милан - “ Планетаны тамақтандыру, өмірге арналған энергия ”; Халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жыл Астана (Казахстан) – «Болашақ энергиясы».
Архитектор Джозеф Пакстонның туындысы Хрусталь сарайы – викториандық Англияның кәсіпкерлік рухының көрінісі. Осы алып өнер туындысында, оның әйнекпен толтырылған металл конструкцияларында адам өмірін қайта оралмастай өзгерткен механизмдер мен өнертабыстар көрсетілді. Алып «машиналар галереясы» оның ең жақсы жарнамасы және сенсациясы болды.
Эйфель мұнарасы XIX ғасырдағы Бүкіләлемдік көрмелердің символына айналды. 300 метрлік зәулім биіктікке көтерілген көрермен нақты өмірден қол үзіп, қиялға шырқауға және инженерлік өнерге шынайы баға беруге мүмкіндік алды.
Париж көрмесі 1937 жыл, замануи өнердің салтанатына айналды: Рауль Дюфи «Электричество Феясы» панносын ұсынды, ал Роббер Делоне авиация павильонын рәсімдеді.
1904 жылы Сан-Луисте келушілер алғаш рет мұз салынған шәйдің, ыстық бұршақтың, орама балмұздақтың дәмін татып, жаңа туған сәбилерге арналған инкубаторларды тамашалауға мүмкіндік алды. 1939 жылы Нью-Йоркте алғаш рет телевидние саласында жетістіктері мен алғашқы су турбинасы ұсынылды.
Бүкіләлемдік көрмелер көңіл көтеру мен демалыстың мекеніне айналды: Монреальдағы “Ла Ронд” паркі, Осакадағы “EXPOland”. 1967 жылы Монреальде Роман Кройтердің “Лабиринт”фильмі көрсетілді, оны түсіруге және экранға шығаруға 4,5 миллион доллар жұмсалды.
Брюссель Атомиумы, Фуллера геодезиялық күмбезі және 1967 жылы Монреальде израильдік сәулетші Моше Сафди жасаған «Хабитат 67», Сиэтлдегі «Ғарыш инесі» және Осакадағы «Күн мұнарасы» адамзаттың жаңалыққа және замануилыққа ұмтылысының көрінісі болды.
1962 жылғы Сиэтлдегі Бүкіләлемдік көрменің тақырыбы - “Ғарыш дәуіріндегі адам". 1967 жылғы США-тың Монреаль қаласындағы павильонда көрермендерге ғарыш кемелері ұсынылды. Көрмелердің арқасында, ядролық апат қауіпі жылдарында халықтар арасындағы байланыс қалпына келтіріліп, ынтымақтастық нығая түсті.
1970 жылғы Осакадағы EXPO-да Жапония өзін жаңа әлемдік держава ретінде жариялады.
Оқиға орталығы – көрме символы – Күн мұнарасы орнылған Фестивальдер алаңы. АҚШ павильонында көрермен назарына «Аполлон-12» ғарыш кемесінің астронавтары әкелген ай тасы ұсынылды.
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДӘУІРІ
Жетпісінші жылдардағы әлемдік мұнай дағдарысы қоршаған орта мен энергоресурс мәселелерін қайта зерделеудің кезекті кезеңіне айналды.
Ең өзекті деген тақырыптарды талқылауға деген ұмтылыс анықталды: тұрақты даму, экологиялық проблемалар, табиғи ресурстарды тұтыну мәселесі.
Жаңа мыңжылдықтың Бүкіләлемдік көрмелері заманауи қоғамның талаптарына жауап береді: оларда жаңа технологиялар, дизайн жетістіктері, демалыс және ойын-cауық саласы,жаңа сәулет нысандары ұсынылған; сонымен қатар көрмелер жаңа маңызды жаңалықтар мен түсініктерді талқылайтын орын: экология, пацифизм, өзара сыйласымдық және мәдениеттер мен халықтар арсындағы диалог.
Тұрақты даму, қалыпты өсім, қоршаған орта проблемалары, технология шекаралары – онжылдық көрмелерінің өзекті мәселелері. 2000 жылғы Ганновердегі көрменің тақырыбы «Адамзат, табиғат және технологиялар»”, 2005 жыл Айчи – «Табиғат даналығы», 2008 жыл Сарагоса – «Су және көңілге қонымды даму», 2010 жыл Шанхай - «Жақсы қала – жақсы өмір».
Ынтымақтастық және білім беру басымды бағыттарға айналды. «Адамзат, табиғат және технологиялар» тақырыбымен Ганноверде өткен көрме ынтымақтастық бойынша жобалардың бүкіл әлемде, Аляскадан Гаваяға дейін дамуына әсер етті. Шанхайдағы көрмеде бүкіл әлем қалаларының өкілдері қаладағы өмір сапасын арттыру бойынша тәжірибе алмасты.
2010 жылғы Шанхайдағы Бүкіләлемдік көрме және 2008 жылғы Пекиндегі Олимпиада ойындары Қытайдың қуатын растады.
2005 жылғы Жапония «Табиғат даналығы» тақырыбындағы Бүкіләлемдік кезекті көрмені қабылдады. Павильон түрлі экспериментальды технологияларды пайдалана отырып жарақтандырылған; онда энергиямен қамтамасыз етудің инновациялық жүйесі орнатылды, ол кондиционерлердің үнемді жұмыс істеуіне мүмкіндік берді, шатыр фотокаталитикалық элементтерден тұрды. Павильон концепциясы үш маңызды принципке негізделген: утилизация, шығынды үнемдеу және қайта өңдеу.
Павильон конструкциясы табиғаттың жапондықтар өміріндегі орны, табиғатты, білімді және технологияларды біріктіріп, қарым-қатынасты жолға қою, бұрынғыдай адам мен табиғат арасындағы тұрақты қатынасты орнату. Экспонаттар арасында - «Жерді көру» - 360° сфералық экрандағы жер шарының моделі.
125 елдің және халықаралық ұйымдардың экспозициялары 6 «жалпы аймақта» орналасты. Жапонияның көптеген жеке павильондарында келушілер ең озық технологиялармен танысты. Осы павильондардың кейбіреулері көрменің бетке ұстар экспонаттары – мәселен, роботтар спектаклін қойған «Тойота» компаниясының паильоны.
Көрме 185 күнге созылды.Осы уақыт ішінде спектакльдер бір сәт толастамады.
2008 жылғы Испанияның маңызды қалаларының бірі Сарагоса "Су және тұрақты даму" тақырыбындағы Бүкіләлемдік көрмені қабылдады. Үш ай бойы барлық назар су тақырыбына аударылды.
Көлемі 25 га гектар көрме павильонын көрнекті сәулеттші-авангардистер дайындады. Мұнда түрлі сиқырлықтар мен тосынсыйлар болды; мұнда цунамиді шақыратын имитаторлар және Европадағы ең үлкен аквариум орнатылды. Келушілер ұлттық асхана тағамдарынан дәм татуға барлық әлем халықтарының мерекесіне қатысуға мүмкіндік алды.
Сарагосадағы 2008 жылғы EXPO-да, Қазақстан 104 қатысушы елдер арасында "С" санатындағы павильондар арасында павильон рәсімдеудің ішкі және сыртқы критерийлері бойынша қола марапатқа ие болды.
Осы Бүкіләлемдік көрмеге қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай көрмені Астанада өткізудің мүмкіндігі туралы айтты.
2010 жылы 184 күн бойы Қытай Халық Республикасында Бүкіләлемдік көрме өтті. Көрме тақырыбы - “Жақсы қала – жақсы өмір”. Көрме жұмысына 198 ел және 27 халықаралық ұйымдар қатысты. Көрмеге 70 млн. жуық адам келді.
«Қалақұрылысының үздік тәжірибесі» аймағы алғаш рет дәл осы Шанхай көрмесінде ашылды. Осы жерде қаладағы өмір сапасын жақсартудың бірегей жобалары ұсынылды. Аймақ қала тұрғындары қалаларды салу және дамыту саласындағы тәжірибемен алмасу жөніндегі алаң ретінде ойластырылған болатын.
Қазақстан павильоны "Азия" аймағында Жапониия мен Оңтүстік Кореямен көршілес орналасқан. Шанхай EXPO-2010-дағы Қазақстан павильонының басты мақсаты – Астананы халықаралық деңгейде әлемдегі ең жас және қарқынды дамып келе жатқан елдің астанасы ретінде таныстыру. Қазақстан ұлттық экспозициясының тақырыбы "Астана – Еуразия жүрегі". Павильонға 1 млн.жуық адам келді.
2012 жылғы Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласы «Жанды мұхит және жағалау» тақырыбындағы Халықаралық мамандандырылған көрмені қабылдады.
EXPO көрмесінен басқа аумағы 250,000 шаршы метр көрме аумағында EXPO қалашығы, көлік қоятын орын (парковка), саябақтар (парк), жасыл желектер, мейрамханалар, мұражайларжәне дәмхана орын тапті.
Көрмебұлжергекездейсоқорналастырылмаған. Көрме өзінің тақырыбына толық сәйкес келетін мұхиттың көрікті жағалауына орналасқан.
Көрме аумағы Халюсидо Ұлттық Паркімен және Одонг аралымен шектесіп, табиғи жағдайы EXPO тақырыбын жандандыра түсетін 317 шағын аралдармен қоршалған.
Ёсу EXPO-2012 халықаралық қауымдастықтың әлемдік мұхиттың және жағалаудың қызметі мен құндылықтары туралы танымын кеңейтіп, теңіз саласында қызметтесуді жолға қою қажеттігін көрсетті.
Қазақстан өз павильонын мәдениет пен ғылымдағы, бизнес пен туризмдегі дәстүрлерге және инноваицяларға сәйкес құрды. Қазақстан павильоны ол кезде «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге үміткер қала Астанаға ерекше назар аударды. Қазіргі таңда дүние жүзінде энергияның тапшылығы айрықша сезілуде. Электр қуаты шикізатының азайып бара жатқандығы әлем халқын аса алаңдатып отыр. Адамзат бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіре бастағанына да біразжылдыңжүзіболды. Барлық саналы тіршілік иесін алаңдатып отырған осы бір жаһандық зо рмәселені шешуде Қазақстанның үні де айрықша шығуда. Оған 2017 жылы Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесінің негізіне «Болашақтың энергиясы» тақырыбының алынуы да дәлел болып табылады. Бүкіләлемдік көрме немесе ЭКСПО (ЕХРО) – индустрияландыру символы және техникалық, технологиялық жетістіктерді көрсету үшін ашық халықаралық алаң болып табылады.
ЕХРО Халықаралық көрмелер бюросының өкілдері өтінім түсірген мемлекеттерге алдын ала келеді, елін көреді, жерін көреді, мүмкіндігіне, дайындығына баға береді, содан кейін барып, көңілдерітолыпжатсадауысқатүсуіне бата береді. Оның әртүрлі өлшемдеріне сәйкес келмейтін талай елдер іріктеу кезеңінде ақбәйге жолынан шығып қала береді. Қазақстан тұлпары солсынақтың бәрінен өтіп, мәреге Бельгияның Льеж қаласы мен қатар жетті. Еуропаның қақ төрінде орналасқан, сонысымен де туристер үшін тартымды, оның үстіне кезінде ЭКСПО көрмесін өткізген тәжірибесі де бар Льеж жеме-жемге келгенде халықаралық көлік дәліздерінен шалғайда жатқан, елорда атанғанына коп жылдар толмаған Астанаға жолбосатуға мәжбүр болды. Дауыс беруге қатысқан 161 мемлекеттің 103-і Қазақстан қаласына, тек 44-і ғана Бельгия шаһарына дауыс берді. Осының өзі-ақ Қазақстан беделінің әлемдік аренада қандайлық деңгейге көтерілгенін көрсетіп тұрсак ерек. Айналасы 20 жылдың ішінде Қазақстан әлемдегі сенімді, демократиялық құндылықтарды қастерлей білетін тәуелсіз ел екенін таныта алды.
ЭКСПО жағынан Қазақстанәліигерілмегентыңныңалдындатұрғандай. 365 күнніңшамамен 300 күні бұлтсыз болатын қазақ жерінде күн энергиясын пайдаланудың мүмкіндігі ересен. Электр қуатын өндіретін шикізат қоры шектеле түскен кезде энергияның осындай баламалы көздерін іздеп, қолдану маңызы зор мәселе екенін EXPO-2017 көрмесі тақырыбы болуы танытып та отыр. Ол қазірдің өзінде қазақ даласының алыстағы түкпірінде бастау алып отыр. EXPO-2017 үш ай бойы өтеді. Осы мерзім ішінде бас қаламызға дүние жүзінің жүзден астам мемлекетінен 5 миллионға жуық туристер келеді. Бұл халықаралық ауқымды шараны өткізу үшін елордамыз алдазор шараларды іс жүзіне асыруы керек. Қазір Астанада қонақтарды қабылдайтын 171 қонақ үй бар. Оларға 7 мыңнан астам мейманды жайғастыруға мүмкіндік бар. Көрме кезінде қолда бар қонақүйлерге шамамен 45 мың адамды жайғастыра аламыз деген күннің өзінде, бұл меже мүлде аздық етеді. Сондықтан Астанада 4 және 5 жұлдызды қонақүйлердің саны еселей көбейтілуі керек. Жолдар жаңарты-лып, инфрақұрылым жаңғыртылады. Жаңадан көптеген еңселі ғимараттар бой көтереді. Бұл дегеніңіз мыңдаған қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орны мен негізгі табыс,туризмнын даму көзі болып табылмақ. Көрме өткізетін алаңда жаңа құрылыстар бой көтереді. Яғни еліміздің экономикасына қосымша капитал құйылады. Көрмеге бөлінген жер көлемінің жалпы аумағы 113 гектар болса, оның 25 гектары көрме кешені орналасатын негізгі аумақ, ал қалғаны болашақ EXPO-2017 қалашығының инфрақұрылымдық аумақтары болмақ.
Ғалымдардың дерегі бойынша, табиғат қазыналары азайып, 35 жылдан кейін жер қойнауындағы мұнай қоры толық түгесіледі деген болжам бар. Бұл ғаламшар тұрғындарын энергияның балама түрлерін табуға мәжбүр ететіндігі сөзсіз. Меніңше, энергияның балама көздеріне көшу – бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбы. Себебі, әлем халқы ғаламдық экология ластануының зардабын шегіп отыр.EXPO-2017 көрмесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Орталық Азияда тұңғыш рет өткізілгелі тұрған бірегей шара болмақ. ЕХРО ауқымында салынатын нысандар болашақта Қазақстанды және оның астанасын ірі халықаралық, көрме және ақпараттық-таныстырылымдық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Елге шетелдік инвестициялар тартылып, бизнес-туризмнің дамуына жол ашады. Әсем Астана қарыштап өсіп, бұрынғыдан да өршіл мақсаттарды жүзеге асыруға жаңа серпін алады.
Туризм кластері тарапынан Қазақстан өркениет қайнары бастау алған қос құрлықтың алтын көпірі, Еуразия кеңістігінің Ұлы кіндігі болып табылады. Ол өзінің ғасырлар қойнауынан сыр шерткен шерлі шежіресімен бірге ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлы мұра – халықтық дәстүрлерге де шексіз бай. Ұшқан құстың қанаты талар Қазақ даласы қазба байлықтарымен бірге, көнеден сыр шерткен ескерткіш 139 жәдігерлерден де кенде емес. Біздің егемен еліміз осындай мол мұраларымен өткенді болашаққа жалғаған жасампаз өлке болып табылады. Өзінің жиырма жылдық тәуелсіздік кезеңінде Қазақстан әлемнің саяси картасында «терраинкогнито» болуданқалды. Бүгін төрткүл дүниеде Қазақстанды білмейтін ел жоқ. Қазір Қазақ елі өзінің әлеуетті экономикасымен, тұрақты саяси көзқарасымен қай мемлекетке болса да сенімді әріптес болып табылады. Қазақстанда салтанат құрған кепілді тұрақтылықтың өзара пайдалы ынтымақтастық тұғыры болатындығын барлық әлем мойындаған. Біздің республикамыз қазір Орталық Азияның экономикалық локомотивіне айналған.
Міне, ғасырға пара-пар осы даму жолынтәуелсіз Қазақстан Республикасыөзінің Ұлткөшбасшысы, Елбасы, Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен өткеріпкеледі.
ЕХРО көрмесінде әлемнің барлық мемлекеттері өздерінің технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін паш етеді. Осы көрме шеңберінде жаһандық дамудың жаңа бағыттары айқындалады. Оған барлық құрлықтардың жүздеген мемлекеттерінен миллиондаған адамдар қатысады. Үлкен бәсекемен өткен бұл байқауда Астана қаласының жеңіске жетуі тегін емес. Біріншіден, бұл біздің елордамыздың әлемдік ауқымдағы үлкен шараларды өткізе алатындығына берілген сенім. Екіншіден, бұл Қазақстанның әлемдік дәрежеде экономикалық және әлеуметтік жетістіктерінің толық мойындалғандығының куәсі.
Үшіншіден, көрменің жалпы тақырыбы болып таңдалған «Болашақтың энергиясы» атты мәселенің маңыздылығының нәтижесі болса керек. Айта кеткенде Астана қаласы өзінің саусақпен санарлықтай шежірелі жылдарында әлемнің талай-талай түйінді мәселелері шешілген орталыққа айналып үлгерді Еліміздің бас қаласы – Астанада тарихы үш ғасырға созылып келе жатқан ЕХРО халықаралық көрмесі салтанат құратын аймағына айналады.
Астана ЭКСПО 2017 көрмесінің түйінді ұғымдары –
• Қалпына келтірілетін қуат көздерін және энергияның басқа да баламалы түрлерін пайдалануға ынталандыру.
• Энергияны тұтыну тиімділігі және ұтымды пайдалану.
• Көлікті электрлендіру.
• Көпшіліктің экологиялық таза энергияға қолжетімділігі.
• Энергиямен қамтамасыз етілгендік.
• Энергия мен материяның, тіршілік пен адамның бөлінбеушілігі.
Қоршаған ортаға қатысты:
• Басты электр энергиясы ретінде пайдаланудағы шектеулі және қоршаған ортаны қатты ластаушы қазбалы қуат көздері.
• Жаһандық жылыну және ауа-райының өзгеруі.
• Қоршаған ортаның ластануы және денсаулыққа қауіп-қатері.
• Қазбалы жанармайды пайдалану және көмірқышқыл газының шығарылуын азайту.
Осылайша:
«БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ» тақырыбына халықаралық көрме өткізу біздің тіршілігіміздегі басты мағынаға ие болатын және біздің өміріміздің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруда шешуші рөл атқаратын мәселе туралы ойлануға мәжбүр етеді.
Астана ЭКСПО 2017 көрмесі бізге біздің денсаулығымыз бен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтумен қатар экономикалық және әлеуметтік дамуды тездетуге қатысты адамзат алдындағы міндеттер мен мәселелерді ескере отырып, қуат тасымалдаушыларына жалпы, жаһандық көзқараспен қарауға көмектеседі. Осы міндеттер мен мәселелердің сәтті шешімін табу көптеген факторларға, оның ішінде біздің әрқайсымыздың жеке қатысуымызға да байланысты болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |