Сонымен, инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың осы ұғымға берген анықтамаларын талдай келе, біз инновация -бұл белгілі бір уақыт аралығында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп анықтама бергенді жөн көрдік. Осыны негізге ала отырып, инновацияны - «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», ал инновациялық үдерісті - «жаңа әдістеме енгізу құралы» деп анықтауды дұрыс деп ойлаймыз.
Біздің зерттеу мәселесінің тағы да бір негізгі ұғымы- «инновациялық технологиялар». Ғылыми әдебиеттерде қазір «технология» ұғымына мынадай анықтама беріледі: «Технология – бұл қоғамдағы практикалық прогрестердің техникамен реттеліп отыратын және материалдық дүниенің заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдар мен объектінің өзара әрекеттесуінен туындайтын үдеріс». «Технология» термині үш түрлі аспектіде қарастырылады: 1) технология – материалдық игіліктер өндірудің тікелей үдерісі; 2) технология – технологиялық үдеріс; 3) технология - осы үдерістің заңдары туралы ғылым. В.М.Монаховтың пікірінше: «Педагогикалық технология дегеніміз – оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үдерісін жобалаудың, ұйымдастырудың және өткізудің соңына дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі».
Оқу үдерісінің әдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады. Мысалы, В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованың оза оқыту идеясы, П.Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, Л.В.Занковтың дамыта оқыту идеясы, Л.С.Выготскийдің «жақын даму аймағы» және т.б. Қазақстанда Ғ.Құсайыновтың, Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбековтың, М.Жанпейісованың және т.б. ғалым-педагогтардың деңгейлеп оқыту, жүйелік негізде оқыту, шоғырландырып-қарқынды оқыту, блоктық-модульдік оқыту сияқты инновациялық оқыту технологияларын пайдалану кеңінен қолдау табуда.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше, білікті маман болу мүмкін емес. Қазіргі нарық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарды құзыретті тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын пайдаланып, оны онан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет. Ондай мамандар әрқашан өзгеріп отыратын әлеуметтік –экономикалық үдерістерді талдай білуге, нарықтың бәсеке жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге дайын болып, өндіріс пен жеке адам арасындағы ықпалдастықтың бағытын таптаурындардан арылта білуге тиіс. Осыған байланысты жоғары оқу орнының қазіргі уақыттағы ең бір маңызды міндеті- кәсіби білікті, құзыретті мамандар даярлау.
«Құзыреттілік» ұғымы адамның мәселеден жақсы хабардарлығы, танымдар мен тәжірибелерді меңгеру аумағын білдіреді. Белгілі бір сала бойынша құзыретті болу – осы салаға негіздемелік талдау жасау және ондағы тиімді іс-әрекет етуге мүмкіндік беретін лайықты білім мен қабілетке ие болу. Н.С.Розов құзыреттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, оның бірінші жағын танымдық және практикалық жаңалық енгізуді ассимиляциялау мүмкіндігімен, ал екінші жағын білім беру жүйелерінің әралуан түріне, типіне, саласына, сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады. Б.Т.Кенжебеков кәсіби құзыреттіліктің мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: арнайы құзыреттілік, әлеуметтік құзыреттілік, жеке тұлға құзыреттілігі, дара құзыреттілік. М.Чошанов кәсіби құзырлылықты «...кәсіби шеберлік деңгейі жүйесінде орындаушылық пен жетілдірушілік арасында аралық мәнге ие болу» деп түсіндіреді. В.А.Сластенин «...кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқару мақсатында теориялық және практикалық дайындығы мен қабілеттерінің бірлігі» деп есептейді. Зерттеулер барысында біз В.А.Сластенин ұсынған кәсіби құзыреттілік ұғымына негізделеміз.
Соңғы жылдары мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігіне байланысты С.И.Ферхоның «Мұғалімдердің оқу процесінде электронды оқу басылымдарын пайдалануға байланысты кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», Г.Т.Ахметованың «Болашақ мұғалімдердің валеологиялық құзыреттілігін қалыптастыру», Н.Р.Шаметовтың «Үздіксіз білім беру «Колледж-ЖОО» жүйесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», Ш.К.Жантілеуованың «Педагогикалық іс-тәжірибе процесінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», Е.В.Набиеваның «Бірегей проблема бойынша арнайы курс жүйесі арқылы педагогикалық университет студенттерінің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру», Г.О.Рахимбекованың «Тілді емес ЖОО-ның студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасуын бақылау» атты тақырыптарындағы зерттеулері жүзеге асырылды.
Осы ғылыми әдебиеттерге талдау жасау негізінде біз кәсіптік құзыреттілікті маманның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне сай белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы, яғни жеке тұлғаның кәсіптік іс-әрекетті атқаруға теориялық білімі мен практикалық қабілеттерінің бірлігі негізіндегі даярлығы деп түсінеміз.
Осылайша, болашақ физика мұғалімін кәсіптік даярлау мәселесіне байланысты зерттеу жұмыстарына талдау жасау болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыру бойынша кәсіптік құзыреттілігінің құрылымын дайындауға мүмкіндік берді (cурет 1).
Біз жоғары оқу орнындағы оқу - тәрбие үдерісінде болашақ физика мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау мақсатында 050110 - «физика» мамандығының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен танысып, маман даярлау барысында студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге
Сурет 1 - Болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігінің құрылымы
асыру құзыреттілігін қалыптастыруға қаншалықты жағдай жасалғандығын анықтауға тырыстық (кесте 1). Мамандықтың білімдік-кәсіптік бағдарламасының міндетті минимумында барлық пәндер үш топқа бөліп көрсетілген. Олар: жалпы білім беру пәндері; негізгі пәндер; кәсіптендіру пәндері.
Кесте 1 – «Физика» мамандығы бойынша оқу пәндерінің болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға (БФМИТЖА) кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндігін анықтау кестесі
Топтастырылған пәндердің аталуы
|
БФМИТЖА
кәсіптік құзырет- тілігін қалыптас- тыруға жанама әсер ететін пәндер
|
БФМИТЖА кәсіптік құзы- реттілігін қа- лыптастыруға тікелей әсер ететін пәндер
|
БФМИТЖА кәсіптік
құзыреттілігінің компоненттері
|
мотивациялық
|
танымдық
|
процессуал-
дық
|
Жалпы білім беру пәндері
|
1. Қазақ (орыс) тілі
2. Шет тілі
3. Информатика
4. Экология
|
Қазақстан тарихы (3кредит)
|
ҚР-дағы иннова- циялық саясат
|
|
|
Философия
(3 кредит)
|
Даму және білім, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы, оқу-білімдегі шығармашылық
|
|
|
Базалық пәндер
|
1.Элемен. матем.
2.Механика
3.Молек. физика
4.Электр және маг
5. Оптика
6. Атом яд.физ.
7. Клас.механика
8.Э-динам ж/е АСТ
9. Квант. мех.
10.Стат.физ.ж/е ФК
11.Атом яд. ж/е эл.бөл.
12.Зат.элек.теория-сы
|
Педагогика
(4 кредит)
|
|
Оқытуды ұйымдасты-рудың фор- малары, қа- зіргі сабақ.
Оқыту әдіс- теріне сипат- тама.
|
Топтық сабақ әдіс- тері, проб- лемалық оқыту, бағ- дарлама-лық оқыту.
Білім беру технологиялары.
|
Психология
(2 кредит)
|
Жеке тұлғаның қалыптасуы, түй- сікті қалыптасты- ру.
|
|
|
Кәсіптендіру пәндері
|
1. Астрономия
2. Радиоэлектроника
3. Матем-лық талдау
4. Матем.физика әдістері
5. Аналит. геом-рия және сыз. алгеба
6. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
|
Физиканы оқыту әдістемесі
(4 кредит)
|
Жаңа педагогика- лық оқыту техно- логиялары
|
Физикадан оқу сабақта- рын ұйымдас тыру форма- лары. Физика дан оқушы- лардың білім- дерін, дағды ларын тексе- рудің әдістері
|
Физика пә- нінен ұйымдас-тырылатын оқу сабақ- тарының түрлері және олар- ды жүргізу әдістері
|
Мектептегі фи- зикалық экспе- римент техни- касы (1 кредит)
|
Физикадағы оқу-эксперим. жүйесі және оларды ұйымдастыру
|
|
|
|
Физиканың компьютерлік әдістері
(1 кредит)
|
|
Физика есеп терін ком- пьютер арқы- лы шешу. Теор. физика- дағы комп. эксп. әдістері
|
Физиканың комп.тех-нологиялармен өзара байланысы, зертханада-ғы комп-лер
|
Бұл пәндердің барлығын оқыту барысында болашақ физика мұғалімдері үшін қажетті білімдер беріліп, олардың кәсіби біліктіліктері, инновациялық технологияларды жүзеге асыру құзыреттіліктері қалыптастырылады. Дегенмен бүгінгі жас мамандардың іс-әрекеттерін бақылау бұл дайындықтың жеткіліксіз екендігін көрсетеді. Осылайша, болашақ маманның кәсіптік білімдеріне қойылатын нормативтік стандарттар мен талаптарды сақтау негізінде олардың кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру міндеттерін шешудің күрделілігі болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыру бойынша кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық моделін дайындауға мүмкіндік берді (сурет 2).
Сурет 2 - Болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың моделі
Болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыру бойынша кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық моделінің құрылымын мотивациялық, танымдық, процессуалдық компоненттер құрайды (кесте 2).
Кесте 2 - Болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың компоненттері, критерийлері және көрсеткіштері
Компоненттері
|
Критерийлер
|
Көрсеткіштер
|
Мотивациялық
|
-студенттердің инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы, иннова- циялық технологияларды қолда- нуға қажеттілігінің болуы, оған деген қызығушылықты ояту;
-сабақта инновациялық техноло-гияларды қолданудың маңызын, мәнін, ерекшеліктерін түсінуі.
|
-кәсіби біліктілік деңгейін жетіл- діруге бағытталғандығы;
-инновациялық іс-әрекетке деген қызығушылығының болуы;
-инновациялық іс-әрекеттің барлық мүмкіндіктерді қолданғанда нәтижелі болатындығына деген сенімінің болуы.
|
Танымдық
|
-жаңа технологиялар туралы білімінің болуы;
-сабақ түріне қарай жаңа технологияларды дұрыс таңдап, қолдана білуі.
|
-кәсіби іс-әрекетті жүзеге асырудың инновациялық технологиялары туралы білімінің болуы;
-сабақ түріне қарай инновациялық технологияларды дұрыс таңдай білуі.
|
Процессуалдық
|
-инновациялық технологиялар- ды сабақта қолдану дағдысы- ның, іскерлігінің және қабілетті- гінің болуы.
|
-педагогикалық үдерісті жоспарға сай жүзеге асыра алуы;
-инновациялық технологияларды сабақта іскерлікпен қолдана білуі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |