Әрекет алгоритмі


Тақырып № 8 Ми ісіктері. Клиникасы, тексерудің, емдеудің, шұғыл көмек көрсетудің негізгі принциптері. Мидың ісік тәріздес аурулары. Оқытудың міндеттері



бет5/7
Дата22.02.2024
өлшемі2.02 Mb.
#492892
1   2   3   4   5   6   7
Тақырып 8

Тақырып № 8 Ми ісіктері. Клиникасы, тексерудің, емдеудің, шұғыл көмек көрсетудің негізгі принциптері. Мидың ісік тәріздес аурулары.
Оқытудың міндеттері:

  • фельдшер еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау;

  • ағзаға дәрілік заттарды енгізу;

  • ағзаның әр түрлі қызметтері бұзылған кезде фельдшерлік процессті ұйымдастыру және іске асыру;

  • реабилитациялық шараларды ұйымдастыру және іске асыру;

  • пациенттерді аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау;

  • шұғыл жағдайларда көмекті ұйымдастыру және жүзеге асыру ;

  • қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу.



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Неврологиялық аурулармен ауыратын науқастардың сырқатнамасын талқылау.

  • Тексеруді жоспарлау және емдеу сызба нұсқасын құру.

  • Қосымша зерттеу тәсілдерін қолдану.

  • Науқасқа тиімді шұғыл көмек көрсетуді жүзеге асыру.

Стандарт Бас ми ісіктерінің классификациясы
Классификациясы екі принцип бойынша бөлінеді:

  • топографо-анатомиялық, яғни бас сүйек пен мидағы пайда болған жаңа түзілістің локализациясы бойынша;

  • патоморфологиялық, ісіктің биологиялық дамуы мен құрылысы, гистогенезі бойынша.

Екі классификациялық принцип клиникада да, диагностикада, болжамында, хирургиялық емі мен ақыры кезінде маңызды орын алады.
Супратенториалды ісіктер барлық ісіктердің ересек адамдарда 2/3, ал балаларда 1/3 алып жатыр.
Оларға үлкен жарты шар ісіктері және гипофизарлы аймақтың ісіктері (гипофиз аденомасы, краниофарингиома, хиазма ісіктері)
Субтенториалды ісіктер артқы бас сүйек шұңқырында орналасқан, барлық ісіктердің ішінде ересектерде 1/3, ал балаларда 2/3 құрайды. Оларға құрт тәрізді дене және мишықтың жарты шарының ісіктері, мишық-көпір бұрышы және ми бағаны (варолиев көпірі мен сопақша ми) ісіктері
Жүйке жүйесінің біріншілік ісіктері

  1. Нейроэпителиалды ісіктер. Барлық ісіктердің 55% құрайды. Олар бұрын нейроэктодермалды деп аталған, яғни барлық жүйке жүйесі секілді сыртқы қабатынан пайда болады. Бұл ісіктер – жүйке тінінен – глиядан дамығандықтан глиома деп аталады.


Қатерсіз ісіктер
1.Астроцитома
2.Олигодендриоглиома,
олигоастроцитома
3.Эпендимома, субэпендимома
4.Хориоидты өрімнің паппиломасы
5.Ганглиоцитома, орталық нейроцитома, ганглиоглиома
6.Пинеоцитома
Қатерлі ісіктер
1.Анапастикалық астроцитома
2.Глиобластома
3.Олигодендриоглиома
4.Хориоидты өрімнің карциномасы, ганглионейробластома
5.Медулабластома, нейробластома, медуллоэпителиома
2.Ми қабаттарының ісіктері – бас миы қабаттары мен қантамырларының жетілмеген элементтерінен дамиды, және барлық ісіктердің 30% құрайды. Олар арахноэндотелиома және ангиоретикулома деп аталады.
Ісіктер ми жарты шарының беткі қабатында, ми негізінде және ми ішінде де орналасады.
Қатерсіз

  • Менингиома (менинготелиалды, аралас, фибробластикалық, ангиоматозды)

  • Гемангиома(ангиоретикулома)

Қатерлі

  • Апластикалық менингиома

  • Ми қабаттарының саркомасы

3.Бас сүйек нерв қабатының ісіктері
Қатерсіз

  • Шваннома (невринома)

  • Нейрофиброматоз

Қатерсіз

  • Апластикалық шваннома

  • Нейрофибросаркома

4. Герминативті жасушалы ісіктер және тератомалар
Қатерсіз

  • Тератома

Қатерлі

  • Қатерлі тератома

  • Герминома

  • Эмбрионалды карцинома

  • Эндодермалды синус ісігі

5. Гемопоэтикалық тіннің ісігі
Қатерлі

  • Қатерлі лимфома

  • Плазмоцитома

6. Гипофиз және гипофиз қатарының ісіктері
Қатерсіз

  • Гипофиз аденомасы және краниофарингиома

Қатерлі

  • Гипофиз карциномасы

  • 7. Бас сүйегінің ішіне өсетін ісіктер

Қатерсіз

  • Остеома, остеобластома, остеобластокластома, хордома, хондрома, амелобластома, параганглиома, фиброма.

Қатерлі

  • Остеосаркома, саркома, хондросаркома, рабдомиосаркома, фибросаркома, меланома скальпа, қатерлі параганглиома, цилиндрома (аденокистозды рак), эстезионейробластома.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет